Сабақтың
тақырыбы: «Ұстазым-ардақтым»
Сабақтың
мақсаты:
А) білімділік
- оқушылардың білім шыңына
талпынуда
алғашқы қадам жасаулары үшін
бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі
жайлы ойларын білу, ой бөлісу;
Ә)
дамытушылық: жеке басының сапалық
қасиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын
кеңейту;
Б) тәрбиелік
– Оқушыларды тілдік норманы
сақтай отырып
дұрыс, анық сөйлеуге, өз ойын
толық жеткізуге тәрбиелеу;
Сабақтың
түрі: Тақырыптық кеш
сабағы.
Сабақтың өту
әдісі: Сұрақ - жауап, тақырыпқа
арналған кесте қағаздармен жұмыс, ой
талқы.
Сабақтың
көрнекілігі: Нақыл сөздер, мақал -
мәтелдер, слайд.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру;
1.Оқушылармен сәлемдесу,
түгендеу;
Бүгінгі біздің өтейін деп
отырған тәрбие сағатымыздың тақырыбы:
«Ұстазым-ардақтым». Бұл тәрбие сағатымыздың
мақсаты – біздердің білім шыңына талпынудағы алғашқы қадам
жасауларымыз үшін бойларымызда қандай қасиеттер болу керек, неге
бейімделу керектігі жайлы ойларымызды білу, ой
бөлісу.
Ұстаз деген - ұлылардың
анасы,
Ұстаз деген – ұлылардың
данасы.
Ұстаз деген – жақсылардың
жалғасы,
Ұстаз деген – ұлылардың
қаласы, - дей келе ұстаздар күніне
арналған
«Ұстазым-ардақтым» атты тәрбие сағатымызды
бастауға рұхсат етіңіздер!!!
Ұстаз! Осынау сөзде қаншама
мән – мағына жатыр десеңізші! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған
батыр да, тілінен бал тамызған ақын да, тегеуріні темір балқытқан
ұста да - бәрі – бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан, ұлағатты
ұстаздарға біздер өмір бойы қарыздармыз, борыштармыз, басымызды иіп
өтеміз.
« Жақсы мұғалім – мектептің
жүрегі» деген Ыбырай Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса,
мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірде қоғам
қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті
арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз.
Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды
тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да
ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ендеше, аяулы ұстаздар «
Бейнеттің де зейнеті бар» дейді ғой қазақ аталарымыз. Бүгін бәрін
ұмытып, шәкірттеріңіздің алғысы мен құттықтауларын қабыл алыңыздар!
Ортаға шәкірттеріңіз шығып тілектерін
білдіреді:
Ұстаз деген – жарық күні
ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол
адамның.
Бүкіл әлем мойындайды
еңбегін,
Сен де одан адам болып
жаралдың.
......................................................
Ұстазыңды түсінгін сен
тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен
еленген.
Сенің бағың өрге қарай
өрлесе,
Ол да бір қуанышқа
бөленген.
...............................................................
Ақылын ойдан сарп
етіп,
Ақ моншақ маңдай
терімен.
Қияннан сонау жарқ
етіп
Құздардан күнде
көрінген
Айналдым
ұстаздарымнан!
Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы Абай атамыздың:
«Ақырын жүріп, анық
бас,
Еңбегің кетпес
далаға.
Ұстаздық еткен
жалықпас
Үйретуден балаға» - деген
сөзінде үлкен мағына жатыр. Егер әр адамның жүрегінде ізгілік
сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің
жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды
тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар,
сірә?!
«Ұстаз болам
өзіңдей
Үйретер ақыл,
парасат,
Аянбай еңбек
етемін,
Болсыншы деп бала
шат!
Тілеймін саған мол
бақыт,
Еңбегің болсын
жемісті!
Тіліңді алып әр
уақыт,
Тындырамын көп істі» дей келе
ұстаздарға арналған « Ұстазым» өлеңін
шырқаймыз!..
Ұстазым
Тұлғаңды арманыма
ұқсатқанмын
Үлгіңді көңіліме
қыстатқанмын
Есімде әліппені
жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам
ұстатқаның
Қайырмасы:
Ұстазым менің,
ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс –
жазым,
Қалдырған ізің
мәңгілік,
Жадымда тұрар
жаңғырып,
Ұстазым менің
ұстазым!
Зердемді сен ашпасаң нетер
едім?
Өмірден сыбағасыз өтер
едім,
Ғажайып дүниенің сырын
жайып
Қияға қызықтырып,
жетеледің.
Қайырмасы: