Дені сау ұрпақ жарқын болашақ
Сабақ мақсаты:
-
Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды заттырдың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйренеді.
-
Ой-өрістерін, сана сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтырын дамыту;
-
Адамгершілікпен пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан-жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі: тренинг сабақ
Құрал-жабдықтар:
Психологиялық дайындық:
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Жоспар:
1. «Денсаулық – зор байлық»
2. Дәрумендер.
3. Мені жалғастыр (мақалдар)
4. «мен ғажаппын»тренинг
5. Көрініс «Ақырын жүріп анық бас»
6. . «Уланбасың өмірің»
7. Бекіту ой қортындылау.
Ал балалар бірінші біздің ұранымызды қайталап жіберейік
Салауатты өмір салтын қолдаймыз
Әрқашанда денсаулықты шыңдаймыз
1. «Денсаулық – зор байлық».
Д
енсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық
дегеніміз – адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың
арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір
сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әр бір адамның өзіне ғана
байланысты. Денсаулық салауатты өмір салты туралы
ғылым.
Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
Денсаулыққа не зиян? Күн тәртібін бұзу жеке гигенаны сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу.
Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.
Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз.
2. Дәрумендер.4-2013
Ал енді балалар Дәрумендер жайында не хабарымыз бар сол жайында айтайықшы:
1оқушы Адәрумені
2оқушы С дәрумені
3оқушы Р дәрумені
-
Мені жалғастыр (мақалдар)1-2008
-
Денсаулық – зор байлық
-
Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады
-
Жан ауырса, тән азады
-
Тәні саудың жаны сау.
-
Тәуіптің жақсысы – ауруға ауру қоспағаны
-
Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті
-
Ауруын жасырған өледі
-
Ауырып ем іздегенші, ауырмайтын жол ізде
-
Аурудың жақсысы жоқ дәрінің тәттісі жоқ.
-
«мен ғажаппын»тренинг45-5
«Мен ғажаппын» әр адам өзін қанщалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап не ғұрлым жақсы, жағымды жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді –өзің дұрыс бағалағаның жөн. Әр адам өзіне арнаған жақсы, жғымды қолдау, мадақтау сөздері болуы тиіс. Мысалы:
-мен ғажаппын, мен кереметпін
- менің күш жігерім көп, денсаулығым мықты
- мен тамаша жанмын.
- мен бақытты адаммын.т.б.
4. Көрініс «Ақырын жүріп анық бас»
Автор:
Кім мұндайды естіпті,
Есірткі жұртты есіртті,
Иіскеген жастардың жан-тәнін түгел кесіпті.
Сақ болайық, ағайын,
Қатерлі жау – есірткі!
(Сахнаға басы салбырап мұңлы жігіт шығады.)
Автор: Ей, жас жігіт,
жан едің сен гүл жүзді.
Солып қапсың, тынышыңды кім бұзды?
Жігіт: Өмір қатал,
Көңіліңе қарай ма?
Душар болдым қайғыға,
енді арылу оңай ма?
Автор: Не деп кеттің,
Қандай тағы айтқаның?
Қане, отыр да түсіндіріп айт бәрін!
Жігіт: Ізгілікті зұлымдыққа талаттым
Денсаулықтың барлық алтын-асылын
Пенделіктің орманында тонаттым.
Жастайымнан құлы болдым, қайтейін,
Наша менен арақтың.
Көрдей қара тұман жапқан көңілін,
Наша үшін қиған жас та өмірін
Ең сорлы жан мен боламын
Ең соңғы жан мен болайын, Тәңірім!
Автор: Жоқ, сабыр ет,
Әттең өзін жанбай жатып
Жақын тұрсың сөнуге.
Сені терең ойға тартар
Бір әңгіме шертейін.
Тыңда, кәне жарқыным!
Жігіт: Тыңдап тұрмын, айтыңыз.
Автор: Сонау ерте заманда
Қатерлі жау адамға,
«дерт» деген үлкен қамалға
Сырқат атты азулы хан басшы болыпты.
Хан тағына талас екен,
Кәрілік те, Еңжарлық та,
Темекі мен Арақ та,
Қатерлі де қатыгез хан Сырқаттың
Айбарынан сескеніпті бірақ та.
Дүниені жаулап алу арманы –
Хан сырқаттың қолы жетпей қалғаны.
Бір күн халқын жинады да
Сөз бастады байыппен.
(Сахнаға жүзі қаһарлы Сырқат хан шығады.)
Сырқат Хан: Уа, халайық!
Өз елімнің абыройын,
Қорғанысын, ақыл-ойын
Қайтсем биік көтерем деп ойламын.
Бірі болса бірігейі,
Хандығыма түбегейлі
Жана өзгеріс еңгізуге белді мықтап байладым.
Көп толғанып ойға келдім мынадай:
Хандығымның төрт тағандап
Тұруы үшін құламай,
Бар әлемді жаулау керек,
Кенде емеспіз күштен де,
Тағдыр біздің даңқымызды
Әлде келте пішкен бе?
Еңжарлық: (әрең сөйлеп)
Алдияр хан!
Қоя тұрғын әлем жаулап алуды,
Жойып салар жаныңды.
(Секіріп күліп, сахнаға Арақ шығады.)
Арақ: Тоқта, тоқта!
Мені көрсе ішіп алар адамдар бар, шыдамай,
Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:
Табысы мен атақ-даңқы, қолы жеткен маңсабы,
Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары.
Осы арқылы мен әлемді жаулаймын,
Ақырындап уақыт өте әлемді де қармаймын.
(Әдемі киінген Темекі жан-жағына қарап-жымия күліп келеді.)
Темекі: Уа, тақсырым!
Маған сен!
Барлық адам өмірін
Көк түтінге улатып,
Тәнін жаулап алам мен!
Хан: (Ызаланып) Тағы кім бар?
(Жарқылдап, жалтылдап сахнаға Наша шығады.)
Наша: Мына мен бар!
Уа, халайық, қараңдар,
Көз тоймайтын сиқырым бар
Еліктірер адамды.
Осы өнермен әп-сәтте-ақ
Жаулап алам ғаламды!
Сырқат Хан: Өзің маған ұнап қалдың,
Пері екенсің талапты.
Таңғы азанмен жолға шыққан,
Қосып берем Темекі мен Арақты.
Ал, туғандар,
Енді үкім тыңдаңдар:
Серік қосып жіберейін нашаны,
Денесіне еніп алса адамның
Саулық өзі-ақ қашады.
Автор: Ертеңінежолға шыққан үш пері,
Дүниені көтерердей күштері.
Үш күн, үш түн шарлаған соң ғаламды
Саулық ханның ақ сарайы көрінді.
Айналасы бау-бақшаға малынған,
Ақ сарай тұр мәрмәр тастан салынған.
Бұл сарайда тұрады екен адамдар
Ашық түсті жібек шапан жамылған.
Енді үшеуі жақындады сарайға
Жеңу керек осы өңірді қалайда
Аралады сарай ішін армансыз,
Ешкім көңіл аудармайды алайда.
Кезіккенге тиісті олар еріксіз.
Арақ: Ей Адамзат, неге жүрсің серіксіз?
Наша: Танысайық, жақындашы сен бізге.
Темекі: Біз достыққа әрқашан да берікпіз.
Жігіт: Бұрын көрген секілдімін бір жерден,
Кімсің өзің, неге жүзің түнерген?
Арақ: «Бұрын көргем» дейсіз бе?
Қатал сезім шекпенінде оралған
Білем сенің жүрегіңде налаң бар.
Мені талай көрсең дағы ұмыттың,
Тым ұмытшақ келесіңдер адамдар.
Темекі: Жас өмірің атқан кезде болып таң,
Есіңде ме мен де саған жолыққам,
Талай-талай бірге жүрдік серік боп.
Сонан кейін бір күні әкең өлгенде,
Наша қалмай мені менен еріп кеп,
Түнеп алдық сенің балғын кеудеңе.
Наша: Иә, мұнан кейін бір күннен соң бір күннен
Есігіңді жиі қағып тұрдым мен.
Жиі қақтым, келмейді оны жасырғым.
Кей күндері бірге жүрген досыңның
Баянсызын сезінгенде жолықтым
Автор: Айналаға асыл нұра шашылып,
Жетіп келді Саулық хан да асығып,
Айбарынан Саулықтың шошып кетті үш пері,
Жан-жағына қарамай қашып кетті шашырап.
Саулық Хан: (жылы жүзбен)
Жалыныңды сөндіріп,
Ей, ақымақ, ақымақ,
Жастығыңды күйдіріп,
Жақын болма жаманға,
Сезіміңді қорлатасың оларғв.
Жігіт: Алдияр хан,
Денсаулықтың басшысы!
Жан тәнімді өз қолыңа беремін,
Бір өзіңсің адамзаттың сақшысы,
Айтқаныңа көнемін.
Саулық Хан:(жылы жүзбен)
Жан екенсің жүрегіңнен жалын оты лаулаған,
Жарқыным-ау, кешірім ет, мен сенің
Назарыңды басқа жаққа аударам.
Ал, сен енді қарсы алуға әзірлен
Сен қадірлерқасиеттің барлығын
-
. «Уланбасың өмірің»тренинг «Қолшатыр»
Дүниеде дерт боп әр кез жетеді
Әдет болып жаман нәрсе кетеді.
Жаман әдетке жақ болсаң,
Өмірің қор боп өтеді
«Уланбасын өмірін» бөліміне кезек берейік.
-Сендер зиянды заттырдың қауіптілігін мына қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларыңды жазып ілесіңдер.
Ашуланшақ, ұрыншақ болады
Денсау лықты бұзады
![]()
Зиянды заттардың қауі
птілігі
Ұрпағына әсер етеді
![]()
Өмірді қысқар тады
![]()
Өмірді мағына сыз етеді

-
Бекіту ой қортындылау
Біз сабағымызды «Бақыт»атты тренингімен қорытындылаймыз
(Баяу әуен қосылып тұрады)
Денелеріңізді түзу ұстап ыңғайланып отырыңыздар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Бақытқа махаббат пен шаттыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңызға толғанын сезіңіздер.
(Оқушылар көздерін жүмыт сезімге бөлінеді) Осы айтылғандарды ой електен өткізіп, қорытынды жасаңдар. Бұл қорытындыны «Денсаулық кепілдері және денсаулықтың жаулары атты диаграмма түрінде көрсетесіңдер. Қане балалар екі топқа бөлініп постер қорғайды.
Бүгін денсаулық тақырыбына арналып көп мағлұматтар айтылды. Бұл саладағы білімдерің кеңейіп өзгелерге де ақыл-кеңес беретін дәрежеге жеттіңдер деп ойлаймын.
Мектебіміздің оқушыларына арнап тәрбиелік әсері мол үндеу жазуларыңызды сұраймын.
Достары: Ауа, еңбек, дене күтімі т.б.
Қастары: Арақ, темекі, насыбай,еріншектік, жалқаулық т.б.
Мұғалім: Оқушылар, бүгіні тәрбие сағатының барысында жас жандарыңды неден аулақ ұстауға керектігін білдіңдер
«Бірінші байлық – денсаулық» дейді қазағымыз. Екі кісі кездесе қалса да алғашқы сұхбат осы амандық, саулық болмақ. Ендеше сағат бойы талқыға салынған арақ, темекі, нашақорлықтан жандарыңды аулақ ұстаңдар. Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер!
Соңында шеңберде тұрып бір-бірлеріне денсаулыққа байланысты тілектерін білдіреді
Қарақойын жалпы орта білім беретін мектеп

2017-2018 о.ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаттар

шағым қалдыра аласыз