Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
№201 мектеп-лицейі
ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ
Сынып жетекшілерге арналған әдістемелік жинақ
№201 мектеп-лицейдің 2022 жылы 27 тамыздағы әдістемелік отырыстың №1 хаттама шешімімен мектепішілік таратуға ұсынылды.
Әдістемелік құралды құрастырушы №201 мектеп-лицейінің
7-сынып жетекшісі
Ерғалиева Ақбота Жомартқызы
Сынып жетекшілерге арналған әдістемелік құрал
Алғы сөз
«Адам білім үшін емес, білім, тәрбие адам үшін ұстанымын басшылыққа алып, оқу – тәрбие барысын жетілдіріп, дамыту арқылы ғана білім мен тәрбиенің беделін артыруға болатынын уақыт өзі дәлеледеп отыр. Еліміздің ертеңі – бүгінігі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында екені айқын. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне апат әкеледі»- деп әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы ғалым Әл – Фарабидің айтқан пікіріне қазақтың маңғаз ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Жас бала - жас шыбық, жас күнінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйі қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десең сындырып аласың» деген асыл сөздерін оқушыға тәрбие негізін қалайтын әрбір сынып жетекші өз ұстанымы ретінде қабылдауы керек. Бүгінде сынып жетекшісінің міндеттері өте көп. Дегенмен, мектепте сынып жетекшісі болудан қызық та қиын жұмыс жоқ. Жемісті де, жеңісті де әкелетін сынып ұжымымен жұмыс барысында туындайтын қиындықтар да жоқ емес. Сынып жетекшісі болу – бұл педагогикалық шеберлік пен жеке тұлға тәрбиелеуде жаңашылдықты, күш-жігерді талап етеді.
Қазіргі таңда құндылыққа негізделген білім мен тәрбие беру өзектілігі қоғам назарын аударуда. Әлеуметтік-тарихи тәжірибе әрбір жаңа ұрпақ өз халқының өткен тәжірибесін қайта ойлап, ұлттық дамудың мақсаттары мен міндеттерін айқындап, оның саяси, идеологтялық,экономикалық, мәдени бағдарлары арқылы қазіргі заманға сәйкес ұлттық сана-сезімді қалыптастыруды көздейді.
Бұл жинақта сынып жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Ерғалиева Ақботаның «Рухани жаңғыру» тәрбие тұжырымдамасында көрсетілген бағыттарға сәйкес құндылыққа негізделіп жинақтаған тәрбиелік шаралары енген.
Жоспар
|
№ |
Тәрбие бағыты |
Тақырыбы |
Формасы |
Сағат саны |
|
Жауапкершілік |
||||
|
1 |
Жаңа Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие |
«Біз – Мәңгілік елдің болашағымыз!» |
Ашық тәрбие сағаты |
1 |
|
«Рәміздер-елдігімнің белгісі» |
Топтық жұмыс |
1 |
||
|
«Біздің Елбасы» |
Пікіралысу |
1 |
||
|
«Тәуелсіздік -тірегім, Қазақстан- жүрегім» |
Мерекелік кеш |
1 |
||
|
«Ұлы жеңіс - жасасын!» |
Тарихи кеш |
1 |
||
|
«Біз сыбайлас-жемқорлыққа қарсымыз» |
Топтық жұмыс |
1 |
||
|
«Қауіпсіз интернет» |
Пікірталас |
1 |
||
|
Әдептілік |
||||
|
2 |
Ұлттық тәрбие |
«Сыпайылық – адамгершілік айнасы» |
Пікіралысу |
1 |
|
«Әдеп пен әдет» |
Әңгімелесу |
1 |
||
|
«Ұрлық түбі – қорлық» |
Сайыс |
1 |
||
|
«Ұлыс оң болғай» |
Мерекелік шара |
1 |
||
|
Ынтымақтастық |
||||
|
3 |
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие |
«Қазақстан - достықтың мекені» |
Мерекелік концерт |
1 |
|
«Қош келдің Жаңа жыл!» |
Мерекелік кеш |
1 |
||
|
«Қазақ халқының ұлттық өнері» |
Жазба жұмысы |
1 |
||
|
«Сыныптағы достық» |
Тренинг |
1 |
||
|
Кемелдену |
||||
|
4 |
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі |
«Білімді бала – ел ертеңі» |
Сайыс |
1 |
|
«Пайдалы кеңестердің сыры» |
Жазба жұмысы |
1 |
||
|
«Ұлылықтың бастауы – ұлы Абай» |
Саяхат сабақ |
1 |
||
|
«Қатыгездік қайдан шығады?» |
Пікірталас |
1 |
||
|
Сыйластық |
||||
|
5 |
Отбасы тәрбиесі |
«Отбасы – өмір аясы» |
Шығармашылық жұмыс |
1 |
|
«Менің бақытты жанұям» |
Топтық жұмыс |
1 |
||
|
«Анаға қарап қыз өсер» |
Мерекелік кеш |
1 |
||
|
«Менің отбасымдағы рөлім» |
Эссе |
1 |
||
|
Әділеттілік |
||||
|
6 |
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие |
«Экономика туралы не білемін?» |
Ой толғау |
1 |
|
«Судың сырын білесің бе?» |
Зерттеу жұмысы |
1 |
||
|
«Адам табиғаттың бір бөлігі» |
Сайыс |
1 |
||
|
«Бізді қоршаған әлем» |
Ой толғау |
1 |
||
|
Салауаттылық |
||||
|
7 |
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты
|
«Ұтымды тамақтану – денсаулық кепілі» |
Шығармашылық |
1 |
|
«Темекі және оның зияны» |
Сайыс |
1 |
||
|
«Денсаулықты баптаймыз, Өмірімізді сақтаймыз» |
Топтық жұмыс |
1 |
||
|
Имандылық |
||||
|
8 |
Рухани-адамгершілік тәрбие |
«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар...» |
Әдеби-музыкалық кеш |
1 |
|
«Адам болып туылған соң...» |
Пікіралысу |
1 |
||
|
«Тілім менің тірлігімнің айғағы» |
Пікіралысу |
1 |
||
|
«Қарты бар ел – қазыналы ел» |
Шығармашылық |
1 |
||
|
Барлығы |
34 сағат |
|||
І. Жаңа Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
|
Тақырыбы |
Біз – Мәңгілік елдің болашағымыз! |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Отанына адал қызмет ету ұғымын түсінеді. «Мәңгілік ел» қасиетті ұғым екеніне. |
||
|
Міндеттері |
Оқушылардың туған жеріне,
еліне деген құрметті
түсінеді. |
||
|
Құндылығы |
Жауапкершілік |
||
|
Тілдік құзіреттілік |
Мәңгілік ел |
||
|
Ресурстар |
интерактивті тақта, слайдтар, сөзжұмбақ, түрлі-түсті фломастерлер,жапсырма қағаз, плакат. |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Ашық тәрбие сағаты |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, ойын, «Шеңбер», «Болжау» «Ой қозғау» әдістері, . |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
|
Қонақтармен үш тілде амандасады. |
|
|
Шаттық шеңбері |
І.Ұйымдастыру
кезеңі: |
Топқа бөлінеді, тілектерін айтады. |
|
|
|
«Ой қозғау» әдісі Біз еліміздің болашағымыз! Оқушылар өз пікірлерін айтады. |
Сұрақтарға жауап береді. |
|
|
Ортасы |
Мұғалім сөзі. (Туған жер туралы слайдтар
көрсетіледі) Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен -
көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің
еліміз – пайдалы қазбалардың қоймасы. Әрине, біз Отанымыздың
осындай байлығы барына қуанамыз. Қуануға, мақтануға да тиіспіз.
Осының барлығыната-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен
қорғап,болашақ ұрпағына аманат
еткен.
Ал сендер өз туған жерге деген
сүйіспеншіліктеріңді қалай жеткізе
аласыңдар? Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік
екен... Отан дейміз - өсірген елімізді. Отан дейміз - туған жер, атамекен,
Биік тау, орман тоғай
көлімізді. Әлия: Аман өткен талай дүлей азаптан. Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін
Қазақстан?! Бекарыс:Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер
ем. Нұрай: Аяулым, алтын бесік, қара орманым да. Бір нәрсе жетпейді деу қате болар Өзіңдей ұлан байтақ далам барында. Гүл дала – Қазақстаным.
Болмаса да оқыған тарихшы атым, Жинадым ескілерден тарих хатын. Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса, Айтылған аталардың аманатын. Есімі ешадамның өшпейді екен, Артында ұрпақжүрсе жаңғыратын, Ұмыттырмау Жеті атасын парыз екен, Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті
атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезденбіздің ата -
бабаларымызтуған жерін қызғыштай қорғап, осы күнге жетуді арман
еткен. Мұғалім:
Енді сендердің Туған жер туралы қаншалықты
білетіндерінді тексеріп көргім
келеді. |
Өз ойларымен бөліседі. . Әңгімені мұқият тыңдайды, топта талдап, өз ойларымен аяқтайды. |
|
|
Соңы |
Хор: Жаса, Қазақстан!
Қорытынды:
Құрметті оқушылар! Біз бүгін "Біз – Мәңгілік
елдің болашағымыз!" атты ашық тәрбие сағатын өттік. Тәрбие сағаты
барысында біз өлкеміз туралы көптеген мәліметтер алдық, біраз нәрсе
білдік. |
Хор: Жаса, Қазақстан! |
|
|
Кері байланыс |
Оқушылар тәрбие сағатынан алған әсерлерін түрлі-түсті стикерге жазып, Білім ағашына іледі.) |
Түрлі-түсті стикерлер |
|
|
Тақырыбы |
Рәміздер - елдігімнің белгісі |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушылар рәміздердің тарихын біледі; Ел үшін рәміздердің маңызын түсінеді. Таңбалар мен белгілер туралы ғылыммен танысады. |
||
|
Міндеттері |
Оқушылар еліміздің рәміздерін
құметтеуді түсінеді. |
||
|
Құндылығы |
Жауапкершілік |
||
|
Тілдік құзіреттілік |
Ту, Елтаңба, Әнұран |
||
|
Тәрбие сағатының формасы |
Топтық жұмыс |
||
|
Ресурстар |
интерактивті тақта, слайдтар, сөзжұмбақ, түрлі-түсті фломастерлер, жапсырма қағаз, плакат. |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, ойын, «Шеңбер», «Ой қозғау» әдістері, . |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы Шаттық шеңбері |
І.Ұйымдастыру
кезеңі: “Қазақстан Республикасы – кең байтақ, тәуелсіз мемлекет. Әрбір мемлекеттің төл белгі – рәміздері бар. Біздің рәміздеріміз – көкте желбіреген көк ту, алып таңба және асқақтаған әнұранымыз”. |
Топқа бөлінеді, мұғалім оқыған мәтін бойынша әрбір оқушы өз қалауынша мәтінді қимылмен бейнелейді. |
|
|
Ортасы |
1-бөлім: «Тарих толқынында» ақпарат беру
Таңба: Қазір кең қолданып жүрген «герб» деген термин немістің «Ербо» деген сөзінен шыққан екен. Ал дәл осы ұғымды өз тіліміздегі «Таңба» деген сөз анық жеткізді. Ол осыдан бірнеше ғасыр бұрын көне Түркі қағандығында дүниеге келген. Білімпаз М.Қашқари өзінің әлемге әйгілі сөздігінде «Таңба» сөзіне «ел билеушілердің ерекше белгілері» деген мағына береді. Бұл сөзді бергі 17-ғасырға дейін орыс князьдары да пайдаланған. Шәкәрім қажы шежіресінде түркі халықтарының таңбалары туралы деректер 5-ғасырдан белгілі екендігі көрсетілген. Қазақ руларының таңбалары осы күнге дейін сақталған. Бұл таңбалар республика аумағынан табылған тас жазуларда да, құрал-жабдықтар мен өрнектерде де жиі кездеседі. Таңбалар мен белгілерді зерттейтін ғылымдарды «геральдика» деп атайды. Ту: Таңба белгілердің ең ертеден келе жатқандарының бірі – тулар, жалаулар. Ту – матадан жасалған белгі. Туды адамдар ертеден-ақ пайдаланған. Тіпті ежелгі аңшылар мен жауынгерлердің де сол кезге лайық тулары болған. Келе-келе ту жасау ісі жетіле түскен. Оның ұзындығы бір метрден алты метрге дейін жеткен. Матадан жасалған тулар бұдан үш мың жылдай бұрын алғаш рет қытайлықтар мен үндістерде болған деген пікір бар. Шындығында, ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда қазақ жеріндегі жартастарда салынған суреттерде айқын бейнеленген. Көне ұғымдарды былай қойғанда, аттары бүгінге жеткен Жәнібек пен Керей, Қасым хан мен Емім хан, Тәуке хан, Әбілхайыр мен Абылай сынды ел билеушілеріміздің, қол бастаған батырларымыздың қай-қайсысының да өз байрағы болғаны тарихтан мәлім. Әнұран: Гимн – ежелгі грек тілінен енген сөз. Әрбір мемлекеттің өз гимні - Әнұраны болды. Елтаңба және мемлекеттің туымен бірге ел тәуелсіздігін білдіретін ең басты рәміз - Әнұран. Тарихы ежелгі дәуірден басталады. Патшалар жауын жеңіп еліне оралған кезде олардың құрметіне арналып салтанатты мадақтау әні орындалатын болған.
2-бөлім. «Мұны әркім білуі тиіс». 1. Таңбалар мен белгілерді зерттейтін ғылым қалай аталады? (Геральдика) 2. Мемлекеттік рәміздер жобасы қандай әдіспен таңдалды? (Байқау) 3. Гимнді грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (Ұран, ұран салу) 4. Мемлекеттік ту қай жылы қабылданды? (1992 жылы) 5. Алматы қаласының бас суретшісі, Чехословакияда өткізілген халыхаралық дизайнерлер байқауының бас жүлдегері, мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков) 6. Ең көне гимн қай елде? (Жапонияда) 7. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы Мәлімбеков ненің авторы? (Елтаңбаның) 8. Әнұран авторы Н.Назарбаевтың қандай әндері бар? («Үшқоңыр», «Менің елім») 9. «Балауса», «Жарық пен жылу»,«Мезгіл әуендері», «Ақ шағыл», т.б. кітаптарының авторы Жұмекеннің толық аты-жөні? (Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов) 3-бөлім. «Сөзжұмбақ сыры». 4-бөлім. «Рәміздер сөйлейді». 5-бөлім. «Рәміздерім – егемендік нышаны». 1. Мемлекеттік тудың өлшемі: Ұзындығы ... метр, ені ... метр. (2; 1) 2. Мемлекеттік ту ұдайы ілінетін жерлер: (ҚР Парламентінің, Үкіметінің, министрліктердің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де атқарушы органдардың, Елбасында тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, ҚР Конституциялық Кеңестің, ҚР Жоғарғы Сотының, конституциялық мекемелер ғимаратында үнемі ілінеді) 3. Мемлекеттік рәміздердің тұсаукесер салтанаты Абай атындағы опера және балет театрының әсем ғимаратында ... жылы ... айының ... күні өтті. (1992 жылы 6 маусым) 4. Алғашқы мемлекеттік әнұран мәтіні 1992 ж. ... айының ... күні бекітілді. (11 желтоқсан) 5. Мемлекеттік туымыз ... түсі. (Аспан көк) 6. Туды ..., бүркіт ... астында бейнеленген. (Қыран, күн) 7. Елтаңбадағы қыран қанатты ... бейнеленген. (Қос тұлпар) 8. Мемлекеттік елтаңбада пайдаланған негізгі бояу ... түсті рең. (Алтын) 9. ҚР Мемлекеттік әнұран музыкасының авторы, көрнекті сазгер, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері Шәмші Қалдаяқов ... жуық ән шығарған. (30-ға жуық) |
Әр топ үш белгі жасырылған картаны суырады. Үй тапсырмасы бойынша өздеріне түскен рәміздер тарихынан не білеміз? Қазақ тарихында қандай белгілер болған? Қай топ жауапты тез білсе, сол топ бірінші жауап беріп, ұпай алады. Берілген 4 минут ішінде әр топ өздеріне берілген сөзжұмбақты шешеді. Әр топ өз рәміздері рөлінде сөйлейді. Әр топқа беріген рәміздер тарихынан жабық тестімен жұмыс. |
|
|
Соңы |
Қорытынды. Жас қырандар – балапан, Жайып қанат ұмтылған. Көздегені көк аспан, Мен жастарға сенемін! Қазақстанның білімді ұрпақтары көп болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Еліміздің егемендігі берік болып, көк туымыз биікке самғай берсін деген ақ тілекпен кешімізді аяқтаймыз. Кеш соңында жеңіске жеткен топ оқушыларына мақтау қағазы тапсырылады. |
|
|
|
Кері байланыс |
Оқушылар тәрбиелік шарадан алған әсерлерін түрлі-түсті стикерге жазып, Білім ағашына іледі. |
Түрлі-түсті стикерлер |
|
|
Тақырыбы |
Біздің Елбасы |
||
|
Тәрбие сағатының мақсаты |
Қазақ халқының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы біледі; Елбасының өмір жолынан үлгі алады; Елбасы еңбегін бағалауға, құрметтеуге үйренеді. |
||
|
Құндылығы |
Жауапкершілік |
||
|
Тілдік құзіреттілік |
Елбасы |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Пікіралысу |
||
|
Ресурстар |
интерактивті тақта, слайдтар, жапсырма қағаз, плакат, т.б. |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Түсіндіру, «Ой қозғау» әдістері. |
||
|
Тапсырмалар |
Топтық, жұптық тапсырмалар. |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
І.Ұйымдастыру.
«Менің тренингтік есімім». Шарты: Топ дөнгелек болып тұрады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып, өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады. Мысалы, Ақылды – Арсен, Сымбатты - Сабина, т.б. |
Топқа бөлінеді, тілектерін айтады. |
|
|
Ортасы |
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналады, Ел тәуелсіздігінің мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты “1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдады. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Н.Ә.Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.
Сабина:
Ән:
«Жан аға» |
Әңгімені мұқият тыңдайды, топта талдап, өз ойларымен аяқтайды. Оқушылар өлең жолдарын оқиды. Оқушылардың орындауында Ән «Жан аға» Тұңғыш Елбасы туралы мәліметтер айтады. |
|
|
Соңы |
Қорытынды. Төле би сөзімен сынып сағатымызды
аяқтаймыз. |
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов) |
|
|
Кері байланыс |
Оқушылар шарадан алған әсерлерін түрлі-түсті стикерге жазып, Білім ағашына іледі. |
Түрлі-түсті стикерлерлер арқылы кері байланыс береді. |
|
|
Тақырыбы |
Тәуелсіздік- тірегім, Қазақстан- жүрегім |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушылар Қазақстан туралы, Тәуелсіздік шежіресі туралы біледі; Ана тілін құрметтеуге, көркем әдеби тілде сөйлеуге үйренеді. |
||
|
Құндылығы |
Жауапкершілік |
||
|
Тілдік құзіреттілік |
Тәуелсіздік |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Мерекелік кеш |
||
|
Ресурстар |
Қазақ елі рәміздері, нақыл сөздер, слайдтар, т.б. |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Түсіндіру, «Ой қозғау» әдістері |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
І.Ұйымдастыру. Музыка фонында оқушылар жарты шеңбер болып тұрады. Ортаға екі жүргізуші шығады. |
|
|
|
Ортасы |
Кіріспе сөз. Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. 1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар осы кештің қадірлі қонақтары! Бүгінгі 16 желтоқсан тәуелсіздігіміздің 29 жыл толуына байланысты «Тәуелсіздік -тірегім, Қазақстан- жүрегім» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік-қасиетің, құнарың, Тәуелсіздік-жарқыраған шынарың Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның
1-жүргізуші: Бүгінгі кешімізді ашу үшін сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есполов Жамбыл ағайға береміз.
Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бес жыл өтсе де, бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Соның бірі әйгілі желтоқсан оқиғасы. 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға щықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. 1986 жыл 16 желтоқсан жергілікті уақыт сағат 1000 шамасында Қазақстанның жаңа тарихының бастауымен болашағының жолайырығы болған Республиканың Орталық Комитетінің 5-пленумі өтті. Осы пленумда Дінмұхаммед Қонаевтің орнына, көріп білмеген Колбинді бір ауыздан сайлады.
2-жүргізуші: 17 желтоқсан жергілікті уақыт шамамен 7-8 шамасында Брежнев атындағы алаңға жастардың алғашқы тобы шоғырлана бастады. Барлығы 200-300 адамдай, қолдарында айқара көтерген ұрандары бар «Ұлт саясатының Лениндік принциптерін сыйлауды талап етеміз!», «Әр Республикаға-өзінің басшысы!», «Қазақстан Жасасын!»деген сияқты қазақ-орыс тілдеріндегі жазбаларын ұстап, өткінші жұрттың назарын еріксіз аударғандай еді.
Көрініс: «Абақтыдағы Қайрат» 1-топ оқушылар
1-жүргізуші: - Иә, желтоқсан оқиғасын еске алғанда әуелі, сөз жоқ, желкілдеп өсіп келе жатқан ағаларымыз бен апаларымыздың тағдырын жасұрпақтай жапырып, өктемдік пен үстемдіктің табанының астына тастаған қайғылы да қаралы күн еріксіз еске түседі. Желтоқсан оқиғасы... Осы бір ауыз сөзден әлі күнге дейін ызғар есіп тұрғандай.
Оны еске алған сайын арқамызды аяз, маңдайымызды мұз, табанымызды сыз қарығандай күй кешетініміз рас. Өйткені ол күллі әлемді дүр сілкіндірген күндер еді. 1986 жылдың желтоқсаны қазақ үшін қасіреттің соңы, бақыттың басы еді. Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаммеджанова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, оларға тағзым ету парызымыз. Мәресі мұңлы ғасырдан ғасырға кетер ісінің, Атақты Желтоқсан көтерілісінің, Ең басты күресі тіл үшін болғанын. Бақ тілеп тілге иліккендерге, Бұл жолы да біз билікпен бірге, Желтоқсанды еске алып бір минут үнсіз тұралық....
2-жүргізуші: Айналайын алтын әнім,жас өркені халқымның, Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың, Кеудеде әлі сыз жатыр сол кездегі салқынның, айналайын,жас өркені халқымның.
Нұрай: Желтоқсанда үзілген жас буындар Елін,жерін қорғады,ұмытпаңдар Ұмытылмас мәңгілік батырларды Қазақ елі әрқашан мақтан тұтар.
Батыр аға-апалар ұран еткен Бейбіт ел боп қалсақ деп арман еткен Қазақстан тәуелсіз ел болғанда Қайрат,Ләззат,Сәбира қанын төккен.
Ораз: Қазақстан- елім бар мақтанарым Қазақстан- жерім бар шаттанарым Көк аспанда желбіреп көк байрағым Туып өскен жерімді мақтағаным.
Диана: Туған жер деп лүпілдеген жүректерді Ержүрек Ұл-қыздарын мақтан еткен Тәуелсіз қазақ жері, байтақ өлкем Әр ұлттың өкілдері пана еткен.
1-жүргізуші: Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула,лаула,желтоқсанның мұзда жанған алауы. Өздеріңдей өр намысты,жас өркені бар елдің, Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы.
Көркемсөз «Желтоқсан алаңы»
2-жүргізуші: Азат рухты мен шын сүйем, Тәуелсіздік-тәу етер жалғыз кием, Жақсы күнге жете алмай шаһит болған, Желтоқсан құрбанына басымды ием. Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздік жолында құрбан болған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев сияқты апа-ағаларымыздың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.
Ән: «Қазақ қызы» орындайтын Болатбек Нұрдәулет
Тәуелсіздік! Қасиетті де,құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберейік. Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығына ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалған аманаты жатыр. Ұлы даланың жас перзенті-қалың қазақтың азаттық мұратындағы қасиетті күрестері, тағдыр алға тартқан талай тар жол, тайғақ кешулер жатыр. Жаңа ғасырмен бірге келген ел тәуелсіздігі азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы.
2-жүргізуші: -Иә, Қазақстан-Тәуелсіз ел! Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады. Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп, керегеміз кеңейді. «Тіл ұлт байлығы» дегендей, өзіміздің ең қымбат қазынамыз-ана тіліміздің де қанаты қатаып келеді. Ежелден аңсаған ата-заңымыз қабылданып, күшіне енгеніне, бүгінде 25 жыл толып отыр. Қолымызда тәуелсіздігіміздің көк туы, елтаңбамыз, төл теңгеміз, дініміз, халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз да бар. Мұның барлығы ата-бабаларымыздың ат үстінде алты малтаны ас етіп, мың өліп, мың тірілген, қылышын қанша ғасыр қанға малып жеткен мұраты-Тәуелсіздік!
1-жүргізуші: Болашаққа серпін нық Көкке атады бөркін жұрт, Тәуелсіздік ынтымақ Тәуелсіздік еркіндік.
Бейнеролик «Желтоқсан желі»
2-жүргізуші: Біздің алға қойған мақсатымыз алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 50-елдің қатарына ену. Сондықтан халықтың, ойы, көңілі, тілегі мына бізде, яғни жастарда.
Құттықтау сөз! Сынып жетекшісі Ерғалиева Ақбота апайға беріледі.
1-жүргізуші: Қалың елім, қайран жұртым көбейсін Ата-бабам! Әруақсың,жебейсің Алты алаштың көсемдері құрбан боп, Бәрі-бәрі кетті арманда,не дейсің.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар бүгінгі тәуелсіздік мерекесі өз еліміздің тарихы жайлы,тәуелсіздік жолындағы күресі,желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өз мәресіне жеткен сияқты.
1-жүргізуші: 2-жүргізуші Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді, Тойланып мың мереке, ұлыс күні Мұны бізге ешкім алып бермеді. Құйылған шаңырақтың ырыс нұры Тәуелсіздік Қайрат, Ләззат, Ерболдың, Халқымның бақыты үшін аз байлық па? Тас көшеде тас-талқан боп өлгені. Тәуелсіз еліміздің тыныштығы |
Баяндама «Желтоқсан ызғары» Баяндамашы Асқарбай Сабина 1 топ оқушылары көрініс қояды. Оқушылар Тәуелсіздікке байланысты өлең жолдарын жатқа оқиды. Көркемсөз оқу «Желтоқсан алаңы» Ән: «Қазақ қызы» орындайтын Болатбек Нұрдәулет Бейнеролик тамашалайды. |
|
|
Соңы |
Қорытынды. Барлық оқушылардың орындауында Хор: «Елім менің» |

Ұлы жеңіс - жасасын! |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Жеңіс күнінің тарихын зерттейді; Ақпараттармен жұмыс жасайды; Сахна мәдениетін меңгереді. |
||
|
Құндылығы |
Жауапкершілік |
||
|
Тілдік құзіреттілік |
Ұлы Отан соғысы, Ұлы жеңіс |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Тарихи кеш |
||
|
Ресурстар |
Үнтаспа, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, слайд, т.б. |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Әдеби монтаж, сахналық қойылым. |
||
|
Тапсырмалар |
Жеке тапсырмалар |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
І.Ұйымдастыру «Шаттық шеңбері»
|
Музыка |
|
|
Ортасы |
Кіріспе сөз. Армысыздар, құрметті ардагерлер, оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесіне арналған тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын!
Нұрдәулет : Бұлт түнеріп аспаннан, Талай көзден жас тамған. Тұтқиылдан жау келіп Қырғын соғыс басталған.
Диана : 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4-те таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына опасыздықпен басып кірді. Бұл халық үшін ауыр кезең болды. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды, ол жоспар бойынша КСРО-ны 3-4 айда жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізат, адам ресурсына айналдырмақшы болды. Бірінен соң бірі Европа елдерін бағындыра отырып, Германия 1941 жылы өзінің басты қарсыласы деп есептеген КСРО-ға аяқ тіреді. Біздің тарихымызда бұл Ұлы Отан соғысы деген атпен белгілі.
Ораз: Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер-азаматтары майданға аттанды.Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды. Партизан отряды құрылды.«Бәрі де Майдан үшін» деген ұран тастады. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты. Отан ана жылағанда шерленіп, Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт. «Қара бұлтты қақ жарайық !»-деді де, Қолдарына қару алды ерленіп.
Әсемай: Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 4101 мыңы қазақстандықтар. 1710 қала типтес мекен, 70 мыңдай ауыл-селолар қирады.Фашистердің жан түршігерлік әрекеттері «Ост» («Шығыс») жоспарына негізделді. Бұл жоспардың мақсаты «Оқтың күшімен, найзаның ұшымен дүние жүзін бас идіру болды
1-ші дүниежүзілік соғысқа – 1 млд. астам халқы бар 36 мемлекет қатынасса, 1939-1945 жылы соғысқа 1 млд. 700 млн. халқы бар 61 мемлекет қатысты. 40 мемлекет территориясы – ұрыс шайқасына айналды. Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 4101 мыңы қазақстандықтар. 1710 қала типтес мекен, 70 мыңдай ауыл-селолар қирады. Асхат: Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен Кеңес Одағы, оның ішінде қазақ халқы бір адамдай Отан қорғауға аттанып, соғысты жеңіспен аяқтау үшін барлық күш-жігерін жұмсады. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 миллион 196 мың 164 адам қару асынып майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 миллион 900 мыңдай адам сапқа тұрды. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында мл қазақстандықтар болғанСоғыстың алғашқы күндерінен-ақ бүкіл халық жан тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды.
Әлия: Ат ауыздығы мен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрпалы соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдулин, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Сағадат Нұрмағанбетов сынды ағаларымыз ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалды
Бейнероликпен таныстыру. Бекарыс:
Бұлт торлады аспанды,
Ботакөз:
Соғыс деген — аққан соры
ақсүйектің, құлдың да, Арсен:
Қиылды, Көрініс: «- Неміс басқыншылары Ленинградты қоршап алды. Сыртпен байланыс үзіліп, 90 тәулік қала қоршауда тұрды. Ладога көлінен өтетін бір ғана соқпақ арқылы кең байтақ Кеңестер Одағынан жиналған азық-түлік, киім-кешекті бораған оқтың астынан амалдап өткізіп, қала тұрғындарына жеткізілді.Содан бұл соқпақ-«өмір жолы» деп аталып кетті. Қазақстан тез арада –осы- «өмір жолы» соқпағымен ленинградтықтарға ұзын саны 140 вагоннан тұратын, екі теміржол составын жасақтады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бұл сәлем-сауқатты оларға Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Әбсемет Қазақбаевтың бастап баруын ұйғарды. Сыйлыққа қоса Қарағандының № 31 шахтасының кеншісі Түсіпов өз атынан хат жолдады. қоршауда қалған қала жұртшылығына моралдық күш беретін, рухын көтеретін бір сәлем сөз арнау кетпейқойды. Бұл ойымды Орталық Комитеттің отырысында айтып едім, көпшілік қолдады. «Сөз анасы –сәлем» демей ме қазақ, сол асыл сөзді кімге жаздыруды ойлаған кезде аузыма Жәкең-Жамбыл Жабаев түсті. Содан Орталық Комитеттің тапсыруымен 1941 жылдың күзінде қасыма ақындар Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, тағы да біраз адамдарды ертіп Жәкеңнің аулына келдік. Бір топ адам сау етіп ертемен келгенге ауыл адамдары елеңдесіп қалды. Онсыз да соғыстың суық хабары жүректерін шайлықтырып қойған ғой. Жәкең ауыл сыртында ат үстінде жүр екен. Бәріміз сол кісіге қарай жүрдік.Амандық, саулықтан соң келген мақсатымызды айттық, жеткіздік. Жәкең біздің сөзімізді ат үстінде отырып тыңдады да, үнсіз қалды. Бір мезетте еңсесін көтеріңкіреп, қызылға түсер қырандай қомданып, қапталда жатқан ақ басты Алатауға қарап қойды да, ишарамен «үйге жүріңдер» дегенді білдіріп, өзі жол бастады. Қашанда да қонаққа жаюлы тұратын Жәкеңнің мол дастарханы,оның айналасына бәріміз жайғастық. Жәкең төрде ілулі тұрған домбырасын алдыртып, шанағын қағып-қағып жіберді. Әдетте қарт жыраудың жырды нөсерлетіп төгіп-төгіп жіберетін, бір сөзін екінші рет қайталамайтын қасиетін білетін ақындарымыз қағаз бен қаламдарын алып, аңысын аңдып дайын отыр. Жәкең жырын бастады, ол қағазға түсіп мәңгілік дүниеге айналып жатты… Ленинградтық өренім, Мақтанышым сен едің! ………………………………. Шамы Күндей жайнаған, Аспанға үйлер бойлаған… Арқа тұтып алыста, Айбыным деп ойлағам! Жабықпағын Ленинград! Отан әмір берген шақ. Сап-сап қол барар Қорғап сені ол қалар. Жанышталар айдаһар! Жата алмаймын төсекте, Жаным қалай жайланар? Құс ұйқылы көнемін, Қайтып ұйқы көремін, Жетсін деймін сендерге, Жыл құсындай өлеңім, Қаласында Лениннің, Сайып қыран өренім…
Көрініс: Келген мақсатымыз орындалып, кіші бесінде Алматыға олжалы оралдық. Қуанышымыз шексіз. Тез арада Жамбыл ақынның «Ленинградтық өренім» өлеңін орыс ақындары аударды. Артынша қарағандылық кеншілер хатын, Жамбыл өлеңін, республика жұртшылығы жинаған сәлем-сауқатты алып Қазақстан өкілдері Ленинградқа жүріп кетті. Жәкеңнің өлеңі көп кешікпей Бүкілодақтық радио арқылы оқылды, сан мәрте плакат болып басылып, қала көшелеріне ілінді. Сол кезді көзімен көрген көрнекті орыс жазушысы, публицист Всеволод Вишневский «Правда» газетіне былай деп жазды: «…қалаға тез тараған плакаттан Жамбыл ақынның «Ленинградтық өренім» өлеңін оқығанда барлығымыз көзімізге жас алдық. Жылап тұрып қайта- қайта оқыдық. Қазақ халқының достығы мен сүйіспеншілігіне шексіз риза болдық. Алыста жатса да арқа сүйер тірегіміз барына қуандық.». -Міне «Ақындар атасы» атанған Жәкең өлеңі тоңғандарды жылытты, қажығандарға әл берді, зұлым жауға қарсы бітіспес күреске шақырды. Соғыс түнегіне көмілген ұлы қаланың зеңгір аспанында найзағайдай ойнап, қыспаққа алған жауға сес көрсетті…». Қаншама қиын- қыстау кезең болса да, совет жауынгерлерінің жігері мұқалмады. Олар осындай қиын кезеңдерде де, бір уақыт бір- біріне қолдау көрсетіп отырды. Мұның куәсі ретінде жауынгерлердің «Катюша» әні бәрімізге танымал. «Катюша» биі Нұрай:
Білеміз сұм соғыстың кезеңдерін,
Болса да жер шарының кеңестігі Бағлан:
Жеңіс келді далама, Нұрдәулет: Айтып болды дүние талай әнді, Аспан жүзін таң алды арай алды. Жетсек деген арманға жетті-дағы, Жеңіс деген бір сөзден ел оянды.
Төрт жыл бойы жел соғып, дауыл келді Қала көрді, қиындық ауыл көрді Жеңіс! Жеңіс! Әке мен оның ұлын, Кездестірмей қойғаның ауыр болды.
Шыңғысхан: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.
Әлішер: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар. Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 75 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 75 жыл. О.Бекарыс:
75 жыл — бейбір көктем таі атқалы,
Жауынгерлеріміздің бірлігі, асқақ рухы арқасында Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталып, еліміз бейбіт өмірге көшті.
|
Әңгімені мұқият тыңдайды, топта талдап, өз ойларымен аяқтайды. Ұлы Отан соғысына қатысты ақпараттармен бөліседі Бейнероликпен танысады. Оқушылар өлең жолдарын оқиды. Оқушылар топтасып көрініс қояды. Сыныптың қыздары «Катюша» биін билейді. |
|
|
Соңы |
Қорытынды. Хормен: «Ұлы Жеңіс жасасын!»
Хор: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс
деген» Сөзімізді Мұхтар Әуезов ағамыздың сөзімен түйіндейік: Біз күреспен алған бостандығымызды, еңбек сіңірген жерімізді, өзіміз орнатқан бақытты өмірімізді, озғын мәдениетімізді бүкіл езілген жанның көзін тіккен шаруашылығындай ұлы Отанымызды аянбай қорғаймыз. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Келіп қатысқандарыңызға Рахмет! |
Хор: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» |
|
|
Кері байланыс |
Екі жұлдыз, бір тілек
|
Оқушылар өздерінің тілектерін, ұсыныстарын айтады. |
|
|
Тақырыбы |
Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз |
||
|
Сабақтың мақсаты |
- Сыбайлас-жемқорлықсыз мәдениеттің ролін түсінеді - Қоғамға жат әдеттен бойларын аулақ ұстайды. |
||
|
Құндылығы |
Жауапкершілік, әділеттілік |
||
|
Тілдік құзіреттілік |
Жемқорлық – ғасыр дерті |
||
|
Тәрбие сағатының формасы |
Топтық жұмыс |
||
|
Ресурстар |
Плакат, кітаптар, видео, т.б. |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Баяндама, пікірталас, постер қорғау, т.б. |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы Шаттық шеңбері |
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Көрме ұйымдастыру «Жемқорлық – ғасыр дерті» атты сурет иллюстрациясы |
Көрме ұйымдастырады |
|
|
Ортасы |
Кіріспе сөз: Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынна сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп түсініктеме берілген.
Баяндамашы: Сыбайлас-жемқорлық деген не? “Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”. 2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халық - қ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады. Топтық жұмыс: «Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім? (Әр топ постерге өз ой-пікірлерін жазып, қорғайды)
Сахналық көрініс (Әр топтан екі оқушы шығып, берілген мәтінге байланысты өз іс- әрекеттерін көрсетеді) Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады? 1.Пара бермеу және алмау. 2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс. 3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер. |
Сыбайлас-жемқорлыққа қатысты баяндама оқиды. Топтық жұмыс жасайды. Әр топ постер қорғайды Көрініс қояды. Сұрақтарға жауап береді. Пікірталас |
|
|
Соңы |
Қорытынды. Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар |

Қауіпсіз интернет |
||
|
Сабақтың мақсаты |
- Ғаламторды пайдалану мәдениетін меңгереді; - Қауіпсіздік ережесін жасайды. - Әлеуметтік желі туралы ұғымы кеңейеді. |
||
|
Құндылығы |
Жауапкершілік |
||
|
Тілдік құзіреттілік |
Интернет, әлеуметтік желі |
||
|
Ресурстар |
интерактивті тақта, слайдтар, т.б. |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Пікірталас |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
І.Ұйымдастыру
кезеңі: 1-топ: «Whatsapp» 2-топ: «Вконтакте» 3-топ. «Instagram» 4-топ: «Facebook» |
Топқа бөлінеді, тілектерін айтады. |
|
|
|
«Ой қозғау» әдісі «Интернеттің пайдасы мен зияны». Оқушылар өз пікірлерін айтады. |
Сұрақтарға жауап береді. |
|
|
Ортасы |
Мұғалім сөзі.
Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) — компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор. Ең жаңа және көпшілікке кең тараған Интернет қызметін алады. WWW гипермәтін принципіне негізделеді және мультимедиа ресурстарын (бейне, аудиографика т.б.) мүмкіндігінше пайдалана отырып, ақпарат беруге қабілетті. SLIP, РРР немесе интернетпен тікелей қосылуды, сондай-ақ арнайы бағдарлама Интернет навигаторларымен (Mosaic немесе Netsape типті) қамтамасыз етуді талап етеді. Интернетке берілген орны жоқ, бірақ Интернетке тікелей қосылған пайдаланушылар мәтіндік Lynx навигаторымен жұмыс істей алады. WWW ақпараттық ізденістерді гипермәтін мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе. Бұл жүйеде әрбір құжат, ақпараттық кеңістікте өз ізденісін шексізге дейін тереңдете және кеңейте алуының арқасында өзге құжаттармен көптеген байланысы (айқас сілтеме жүйесі секілді) бар. Жүйе әсіресе үнемі жаңартылатын файлмен және сақталу орнына қарамастан құжаттар арасында байланыс жасау үшін жұмыс істеуге ыңғайлы. Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін. Әлеуметтік желілерде адамдар өзі жайлы мәлімет тастап қалдыра алады (туған күні, оқыған мектебі, университеті, ермектері және т.б.), басқа қатынасушылар осы мәліметтерді пайдаланып сол адамды таба алады. Әлеуметтік желінің қызметі мұнымен тоқтап қалмайды. Әлеуметтік желілерде достармен, басқа қолданушылармен хат алмасуға; сурет алмасуға; сурет, видео, жазба-мақала жариялауға болады. Танымал желілердің (Вк, Фейсбук, Менің әлемім, т.б) ішінде ойын ойнау, музыка тыңдау сынды мүмкіндіктері бар. Сұрақ- жауап бөлімі: Әлеуметтік желі зиян ба, пайдалы ма? Бұл желілер не үшін керек болды? Мүмкін шығарушы елдер бөтен мемлекеттердің ішкі-сырты құпияларын ұрламақ болды ма? Негізінде әлеуметтік желіні «әлеуметтік медия» деп те атайды екен. Бұл –адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамсыз ететін интернет сайт. Яғни жалпыға ортақ сөзбен айтар болсақ, әлеуметтік желі бұл – адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы. Әлеуметтік желі деген не? Әлеуметтік желі – бұл тек адамдарды бір-бірімен байланыстыратын вебсайт қана емес, сонымен қатар өз айналасындағы адамдардың тағыда кімдермен байланыс таныс екенін білудің, сондай-ақ, сол арқылы өз таныс-білістігіңді арттырудың жолы. Демек, әлеуметтік – халық, адамдар, топ болса, желі –байланыс, қарым-қатынас. Енді осы жерде «желі» сөзі – интернеттегі сайт болса, «әлеумет» – бұл сол сайттың тұтынушылары, яғни сіз бен біз. Әлеуметтік желі не үшін керек? Әрине, селбесіп, араласып-құраласып өмір сүру үшін. Адам баласының табиғатында бір қасиет болса керек, біз мысалы, өзгелермен сөйлесуді, бейтаныс адамдармен танысқанды, белгілі бір тақырыпта пікір алмасқанды, үйге қонақ келгенде фото-альбомдарымызды көрсеткенді жақсы көреміз. Ал, шынайы өмірде біз мұндай әрекетті тек реті келгенде ғана жасасақ, қазіргі ақпараттық технология, әсіресе интернеттің қарыштап дамыған заманында бұл оңайлана түсті. Өйткені, біздің ұғымымызда «әлеуметтік желі», яғни «адамдардың бір-бірімен виртуалды байланыс» деген түсінік пайда болды. Демек, сіз өзіңіздің дәл қазіргі көңіл күйіңіз қандай екенін жұртқа айту үшін немесе кешегі түнде болған досыңыздың тойындағы суретті өзгелерге көрсету үшін һәм өзіңіз сүйіп тыңдайтын әншінің шығармашылығы туралы достарыңызбен еркін бөлісе аласыз. Осылайша, сіз әлеуметтік желінің мызғымас бір бөлігіне айналасыз. Тоқетері, әлеуметтік желі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін керек. Әлеуметтік желінің қанша түрі бар? Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің саны екі қолдың саусағын қосып санасаңда жетпейтін жағдайға жетті. Мой Мир секілді жалпы әлеуметтік желілер немесе блогтар желісі, микроблогтар, тек қана видео немесе суреттерді жүктеуге арналған белгілі бағыттағы , тақырыптық әлеуметтік желі бар. Мысалы, ретінде әлеуметтік видео желіге youtube-ті айтсақ, блогтар желісіне wordpress, ал микроблоггинг мысалына twitter. Сонымен әлем бойынша рейтінгі ең жоғары әлеуметтік желіні атап өтейін. Тіркелудің түрлері ? Әр желінің өзінді тіркелу шарттары бар. Мысалы: МойМир желінің тіркелуі тұратын жерің, қалаң, ауылың тіпті мектебіңе дейін сұрайды. Мұны біз жәй тіркелу үшін деп қоямыз, мүмкін бұның астарында не жатқанын кім білсін. Ал Facebook желсіне өзің туралы, бойың, салмағың, жұмыс орның, бойың, салмағың, жұмыс орның. Үйленгенсің бе? Қанша балаң бар? Ұзын саны 25 сұраққа жауап бересің. Бір қызығы енді, сенімен осы сайтта дос болған барлық адам сенің өмір баяныңмен, хоббиіңмен таныс болады. Яғни өзіңді-өзің басқаның қолына байлап бердің, деген сөз. Кімнің қолына? Бір дерек естігенбіз. Бұл әлеуметтік желілер ФБР және ФСБ секілді барлау қызметтерінің жобасы деп. Әлеуметтік желінің денсаулыққа қандай зияны бар? Facebook ресми веб парақшасы әлеуметтік желілерді шектен тыс падалану денсаулыққа зиян деп жарияланды. Мамандар Facebook сияқты әлеуметтік желіде күн-түн демей онлайнда отыратындардың шынайы өмірдегі адамдармен қарым-қатынас деңгейі төмендейді. Деп дабыл қағып отыр. Әлеуметтанушылар мен психологтар “Facebook сияқты әлеуметтік желілер тез әрі оңай қарым-қатынас жасау жолы ретінде көрінеді де, көз алдағы ақпараттар толқыны сізді жұтып кете береді. Бірақ, ол сіздің өміріңіз емес. Ол сіздің уақытыңызды өлтірумен қатар, шынайы өмірдегі достарыңызбен ара қатынасыңызды алшақтатады әрі шынайы өміріңіздегі нақты барыс-келістерге немқұрайлылықпен қарай бастайтын боласыз” деп отыр. |
Өз ойларымен бөліседі. Әр топ сұрақтарға жауап беріп, өз сұрақтарын қояды. . Әңгімені мұқият тыңдайды, топта талдап, өз ойларымен айтады. |
|
|
Соңы |
Қорытынды: Қысқаша тест жұмысы: 1. Әлеуметтік желі дегеніміз не? А)адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамсыз ететін интернет сайт В) адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы С) интернеттегі сайт Д) фото-альбомдарымызды көрсететін сайт Е) Интернет ресурс 2. Әлеуметтік желі не үшін керек? А) селбесіп, араласып-құраласып өмір сүру үшін. В) адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы С) Ермек қылу үшін Д) Керек затты алу үшін Е) Медия файлдар көру үшін 3. Әлеуметтік желінің қанша түрі бар? А) Нақты саны жок В) 3 түрі С) Youtube, vk, mail.ru Д) Бетпе-бет Е) 8 түрі 4. Facebook әлеуметтік желісінде неше адам тіркелген? А) шамамен 640 млн адам В) 55 адам С) 1 млрд адам Д) 11 млрд адам Е) 15 млн адам 5. Twitter әлеуметтік желісі құрылған уақыты А) Құрылған жылы 2006 шілде айы В) Құрылған жылы 2013.12.1 С) Құрылған жылы 2000.06.2 Д) Құрылған жылы 1998.11.28 Е) Құрылған жылы 2011.8.12 |
Тест жұмысын орындайды. |
|
|
Кері байланыс |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін түрлі-түсті стикерге жазып, Білім ағашына іледі.) |
Түрлі-түсті стикерлер |
|
ІІ. Ұлттық тәрбие
|
Тақырыбы |
Сыпайылық – адамгершілік айнасы |
||
|
Мақсаты |
Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық ұғымдарының мәні түсінеді; Өзін-өзі тануға және бағалауға үйренеді; |
||
|
Құндылығы |
Әдептілік |
||
|
Тілдік құзіреттілік |
Сыпайылық, адамгершілік |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Пікіралысу |
||
|
Ресурстар |
интерактивті тақта, слайдтар, сөзжұмбақ, түрлі-түсті фломастерлер, жапсырма қағаз, плакат.. |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Топтық жұмыс, талдау, сұрақ-жауап, ойын, т.б. |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы Шаттық шеңбері |
І.Ұйымдастыру бөлімі ІІ.Ақын жазушылардың сыпайылыққа, әдептілік туралы ойлары ІІІ.Әдептілікке, адамгершілік – сыпайылыққа байланысты мақал –мәтелдер. IV. Ойын “Мен кіммін?” V. “Құпия хаттарға” жауап беру VІ. Шығармашылық тапсырма VІІ Ойын “Саяхатқа шығу” VIII Оқушыларға сөз кезегі ІХ Қорытынды |
Топқа бөлінеді, тілектерін айтады. |
|
|
|
«Ой қозғау» әдісі «Адамгершілік» туралы оқушылар өз пікірлерін айтады. |
Сұрақтарға жауап береді. |
|
|
Ортасы |
Мұғалім сөзі.
Адамгершілікке тәрбиелеу
құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі
«Ғылым таппай мақтанба,
Талап, еңбек, терең ой,
1.Әдепті бала
–арлы бала
«Құпия
хаттарға» жауап беру
Мұғалім.Адамгершілікке байланысты проблемалық
жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен
қалалар бар:
Ал, балалар,
өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда
сұрақ бар. Соған жауап беру керек. Мұғалім.
Адамгершіліктің басты қағидаларын орындай
адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары
қандай? |
Өз ойларымен бөліседі. Әдептілікке, адамгершілік – сыпайылыққа байланысты мақал –мәтелдерді жалғастырады. “Құпия хаттарға” жауап береді. Адамгершілік, сыпайылық туралы өз ойларын айтады. . |
|
|
Соңы |
Қорытынды: Адамгершілік қағидалары туралы бірталай мағлұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-ананың, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Алған мағлұматтарды қорытындылай келе, «Адамгершілік – асыл қасиет» тақырыбында эссе жазамыз. |
«Адамгершілік – асыл қасиет» тақырыбында эссе жазады. |
|
|
Кері байланыс |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін түрлі-түсті стикерге жазып, Білім ағашына іледі. |
|
|
|
Тақырыбы |
Әдеп пен әдет |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Балалардың бойына әдептілік әліппесі сәлемдесуден бастап, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сабырлылық, инабаттылық, т.б. әдептіліктің негіздерін біледі, әдепке жатпайтын әдеттерді ажыратады; Мақал-мәтелдерін, ырым, тыйым, ұлағатты сөздерінің мән ашады. Сөйлей білуге, орынды, қисынды сөйлеуге, сөздің астарын ұғына білуге машықтанады. |
||
|
Құндылығы |
Әдептілік |
||
|
Тілдік құзіреттілік |
Әдеп пен әдет |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Әңгімелесу |
||
|
Ресурстар |
1. Плакаттар: «Әдеп әлемі», «Ұлылардан ұлағат», «Тәлім сөз – тәрбие құралы», «Қарапайымдылықтың 7 сипаты» 2. Буклеттер: 1. Үш пайғамбар. 2. Әдеп әлемі. 3. Карточкалар: 1. Мақалды да ойлаймыз. 2. Ұйқас тауып ойнаймыз. 4. Қиындылар. |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, ойын, т.б. |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы Шаттық шеңбері |
І.Ұйымдастыру
кезеңі: |
Топқа бөлінеді, тілектерін айтады. |
|
|
Ортасы |
Мұғалім сөзі.
Кіріспе
бөлім. Қатардағы қарапайым кісінің жақсы адам болуының жолы - әдептілік, инабаттылық үрдістерін үйрету, бойына дарыту болып табылады. Өйткені әдептілік нәсіл қуатын нәрсе емес, халық: Баулытынды батыр болады, Үйретінді шешен болады, Көре-көре көсем болады- дейді.Яғни, жеке адам өзінен-өзі әдепті болып шыға келмейді, әдептілік өскен ұясынан, жүрген ортасынан, мектебінен, достарынан, ұстаздарынан алған тәрбиесінен болады. Мысалы: грек философы Демокрит: «Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылыстанудан гөрі жаттығудың рөлі зор»-дейді.
Әлем деген
ауқымы кең сөз. Бір сағатта әлем сөзінің мағынасына еніп, оны
шарлап шығу мүмкін
емес.
Жүргізуші:
Әдеп – этика (грекше этнос, қазақша ғұрып)
деген сөзден шыққан. Бұл тұңғыш рет ғылымға ежелгі грек философы
Аристотель тарапынан енгізілген. Одан бұрын да дүниенің төрт
бұрышында әдеп жайлы талай жәдігерліктер дүниеге келген. Әсіресе
шығыста әдеп, мінез-құлық, адамгершілік туралы трактаттар мол
болған. Күші асқан залым халықты.
Сыйлатам деп
жылатар. Сүйдіргеннен сыйлатар. Болайын десең мақтаулы Биязы болып әдеттен Дәулетің таймас өмірде Сыпайы сырбаз әдептен.
Негізгі
бөлім. Әдептіліктің негізгі парасының бірі орынды қисынды сөйлеу. Шынында да адамның адам болып тұлғаланып, кемелденуіне сөздің атқаратын рөлі зор.
Сабина: Жылқы кісінегенше, адам сөйлескенше дегендей
адамдар бір-бірімен сөз арқылы ұғысып, өзгені де, өзін де сөзі
арқылы таниды. «Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады» деуі жылы
сөздің қаншалықты керемет екенін аңғартады. Қол алысып, көңілденбес жоқ пенде, Күн нұрындай сәлеміне адамның, Бұл дүниенің ғанибеті жеткен бе? (Ш.Аяпов).
Рамазан: Исламның ең жақсы сипаттары: «Аштарға тамақ
беру, Танитын, танымайтындарға сәлем беру».
(Хадистерден). Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шын жетпейді. Өзің білмесең, білгендерден үйрен, Үйренгеннен ештеңе кетпейді. (Төле би). |
Өз ойларымен бөліседі. Әдептілікке байланысты өз ойларын, түйгендерін айтады. Адамгершілік, мейірім туралы өз ойларын айтады. |
|
|
Соңы |
Қорытынды: Сонымен, біз бүгінгі сағатымызда әдепті болу жолдары мен оған апаратын нақыл сөздерді паш еттік. Яғни, ата-бабамыздың ұрпағын «тек» деп өсіргені осы ғұлама халқымыздың сөздерінен бастау алғаны. Сәлемдесуден бастап әдептіліктің қаншалықты қажет екендігін ұғынғандаймыз. Ой қорыту ретінде тәрбие сағатымызды мынадай тапсырмалармен аяқтаймыз: ребус, сөзжұмбақ. |
|
|
|
Кері байланыс |
«Мен үшін құнды болған ...» |
Оқушылар бір-бір ауыз сөзбен түйінді ойларын айтады. |
|
|
Тақырыбы |
Ұрлық түбі – қорлық |
|||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушылар жат әдеттерден аулақ болуға үйренеді; Ұрлық жасау – жағымсыз әдеттердің бірі екендігін түсінеді. Заң алдындағы жауапкершілікті сезінеді. |
|||||||||||
|
Құндылығы |
Әдептілік |
|||||||||||
|
Тілдік құзіреттілік |
Ұрлық, тонау, заң |

||||||||||
|
Басы |
І.Ұйымдастыру бөлімі Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгін мен сіздердің алдарыңызда «Ұрлық түбі - қорлық» атты дәріс оқымақпын. Ең алдымен «Қол соғыңыздар, егер де...» ойынын ойнайық. «Қол соғыңыздар, егер де ...» ойыны - сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер; - кімді адам құқығы, оның ішінде жасөспірімдердің құқықтары ойландырады; - кім адам құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын.
Топқа
бөлу. 2 топ – «Әдеп» 3 топ – «Ақыл» |
Топқа бөлінеді, тілектерін айтады. |
||||||||||
|
Ортасы |
Ассоциация әдісі. Сізде «ұрлық» сөзін естігенде қандай түсінік пен сезім пайда болады? (Ватманға жазғызу) Ұрлық дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Ұрлық істеген адамдар қалай жазаланады? ҚР Қылмыстық Кодексінде «Ұрлық деп өз пайдасына асыру мақсатында бөтеннің мүлкін қайтарымсыз жасырын иемденіп алуды» таныған.
Б Ұрлық туралы Қылмыстық Кодекстің «Меншiкке қарсы қылмыстар» деп аталатын 6-тарауында жазылған. Оның 175-бабы «Ұрлық» деп аталды. Ұрлық, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау - екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 176-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету Иеленiп алу немесе ысырап ету, яғни кiнәлi адамға сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ұрлау - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 177-бап. Алаяқтық. Алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алу - екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 178-бап. Тонау Тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 179-бап. Қарақшылық Қарақшылық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 180-бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды ұрлау, ұрлықтың жасалу тәсiлiне қарамастан - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал енді осы тақырып бойынша сайыс өткізейік: I тур – Әдеби тур. Төмендегілердің қай кейіпкергерге қатысты екендігін анықтаңыздар: 1. трубка, скрипка, лупа (Шерлок Холмс); 2. Барлық агенттердің ішінде ештеңеден қорықпайтыны. Оның өз нөмірі бар және кез келген кедергі оған түк те емес (Джеймс Бонд – Агент 007); 4. МУР-да бандиттікпен күресу бөлімінің бастығы. Ол қара мысықты қуған. Ұрлықшы түрмеде отыру керек деп есептеген. (Глеб Жеглов); 5. Өзінің иесімен бірге қылмыскерлерді ұстайтын неміс иті (Комиссар Рекс) 6. Қылмыстарды тауып, соған байланысты детектив жазатын әйел (Миссис Флэтчер) II тур – Әр түрлі сұрақтар: 1. Бұл автомобиль ұрлаушы тәжірибелі сақтандыру агенті болып жұмыс істеді. (Юрий Деточкин, к/ф «Берегись автомобиля»); 2. Бұл құсты халық көбінесе ювелирлық бұйымдарды ұрлайды деп айыптайды. (сауысқан); 3. Бұл орыс фильмінің соңында кейіпкерлердің бірі көпшіліктің алдында былай дейді: «Да здравствует наш суд – самый гуманный суд в мире!» («Кавказская пленница»); 4. «Маңдайға жазу» деген сөз қайдан шыққан? (Бұрынғы кездері қылмыскердің маңдайына таңба қойған); III тур – ҚР Қылмыстық Кодексіндегі жазалау түрлері: (Төмендегі қылмысты жазалау түрлерінің ҚР Қылмыстық Кодексінде жоғының астын сызу.)
ІV тур – Ситуациялық жағдайлар. Әр топ ситуациялық жағдайлары бар карточка алып, оны сценка түрінде қоюлары керек. Көрермен болып отырған оқушылар қойылып отырған көріністегі сұраққа жауап береді 1. Сіз жатақхананың алдынан жерде жатқан 1000 теңгені тауып алдыңыз. Оны қалтаңызға салып, жатақханаға кіргеніңізде, алдыңыздан бірге оқитын оқушы шығып, ақшасын жоғалып алғанын айтып, сізден оны көрмедің бе деп сұрады. Сіздің әрекетіңіз. Неліктен олай істедіңіз? Бұл ұрлыққа жата ма? 2. Бірнеше оқушы гаражға кіріп, бірақ артынан ойланып, жауапкершіліктен қорқып, ештеңе алмай, кетіп қалады. Біреу оларды көріп қойып, полицияға хабарлайды. Оқушылар жазаланады ма? (Жаза болмайды: қылмыстан өз еркімен бас тарту болды – Ст. 31). V тур - тест 1.Белгілі бір жағдайларда қылмыс құрбаны болу, төніп тұрған қауіптен құтыла алмау қалай аталады? А) өзін-өзі бақылай алмау В)тәртіпсіздік С)виктимділік+ Д)көңгіштік Е)төзімдік 2. Жасөспірім қылмыскерде қандай мінез акцентуациясы жиі кездеседі? А) циклоидты және лабильды В) астеноневротикалық және психостеникалық С) шизоидты және конформды+ Е) эпилептоидты және истероидтыный 3. Адамның өмір сүрген қоғамның нормасы мен құндылықтарын қабылдау,иемдену процессі қалай аталады? А) әлеуметтену+ В) қайтадан әлеуметтену С) әлеуметке бейімделу Д)апперцепция Е) әлеуметтік стереотипизация 4. Жасы толмаған балалардан жауап алу кезінде мынандай ерекшеліктер бақыланған: «Күрделі құбылыстарды сипаттау кезінде басты және ерекше басты емес қасиеттерді айыра алмайды. Өмірлік тәжрибенің кемістігін қиялдармен толтырады. Өзіне таныс, жақын, қызықты зат пен оқиғаларды дұрыс қабылдайды». Бұндай сипаттама қандай жас шамаға тән: А)7-11 жастағы балалар В)1-3 жастағы балалар С)3-7 жастағы балалар+ Д)15-18 жастағы балалар Е)11-15 жастағы балалар 5. Оқиға болған жерді қараудың психологиялық мәні болып табылатын: А) қылмыскерді табу мен ұстау үшін В)қоршаған маңайдан криминалистикалық мағынасы бар ақпаратты айырып алу үшін+ С) жәбірленушінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін Д) сезіктімен психологиялық контакт табу үшін Е) жиналған ақпарат бойынша 6.Жазалаудың басты мақсаты: А)қылмысты жасағысы келген адамдарды қорқыту В)әділетті қорғау С)ар-намысты қорғау Д) заң бұзушыны+ Е) тиісті жазаны іске асыру 7. Жауапқа шақырылған адаммен психологиялық контакт табу үшін мынадай жалпы ережені ұстау керек: А)қандай болмасын әдіспенен жауап беруші адамның өтірігін жарыққа шығару қажет В)жауап алушының өмірбаянын алдын ала анықтау керек С)жауап алынушының қарсы тұруын қалай да болса жою қажет Д)өз еркімен кінәсін мойындату керек Е)тұлғаның әлеуметке жағымды қасиеттеріне бет қою.+ 8.Қылмыскер тұлғасы дегеніміз: А) қылмысты әрекетке апаратын тұлғалық ерекшеліктер В) қылмыс жасауға мәжбүр С) заң бұзбайтын адам тұлғасынан айырмашылығы жоқ тұлға Д) бірдей қылмыс жасаған адамдар өзгешелігі + Е)жауапкершіліктен бас тарту ерекшелігі 9. «Пенетенциарлы жүйе» дегеніміз: А) түрмелер В) тергеу жүйесі+ С) түзету жүйесі Д) соттық жүйе Е) «қылмыскер-жәбірленуші» жуйе 10. Қылмыстық топ ішінде топ ұйымдастырушы, жауапты аймақтағы орындаушы, екінші дәрежедегі орындаушы рольдер сыртында мынадай рольдер кездеседі: А) ұйымдастырушының сақшысы В) топ «бас мийі», зерделік лидер С) жалдамалы кісі өлтіруші Д) «оппозиционер», топтың «нашар жері»+ Е) ішкі істер органдарындағыы мәлімет беріп тұрушы |
Өз ойларымен бөліседі.
Оқушылар қай кейіпкерге қатысты екенін анықтайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Ситуациялық жағдайлардан шығу жолдарын айтады.
Тест тапсырмалары орындайды.
.
|
||||||||||
|
Соңы |
Қорытынды: Жеңімпаздарды анықтау. Осымен, балалар, біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға, белсенділік танытқандарыңызға рахмет! |
Жеңімпаз топ анықталады. |
||||||||||
|
Кері байланыс |
|
Оқушылар бас бармақ арқылы бүгінгі сынып сағатынан түсінгендерін білдіреді. |
||||||||||
|
Тақырыбы |
Ұлыс оң болғай |
||
|
Сабақтың мақсаты |
|
||
|
Құндылығы |
Әдептілік |
||
|
Тілдік құзіреттілік |
Наурыз мейрамы |
||
|
Ресурстар |
интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті фломастерлер, жапсырма қағаз, плакат.. |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Мерекелік шара |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
І.Ұйымдастыру «Шаттық шеңбері»
|
Музыка |
|
|
Ортасы |
Мұғалім сөзі
Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған. Сонымен бүгінгі «Ұлыс оң болғай» атты мерекелік кешімізді бастайық. 1 жүргізуші Ассалаумағалейкүм, халқым менің, Ақтарған кең даламның алтын кенін. Мереке басы болсын мерекенің, Ардақта Наурыз тойы- салтыңды елім. 2 жүргізуші Той деп көңіл шіркін тасады, Той деп халқым шашу шашады. Ауылымызда болар тойымызда, Әнші, күйші күйге бүгін басады. 1 жүргізуші Жиылыппыз сәтті күн бәрімізде, Үлкен- кіші, жасымыз, кәрімізде. Төрелетіңдер, қадірменді қонақтарым, Гүл-гүл жайнап мынау біздің төрімізге. 2 жүргізуші Көктемнің жан сергітер самалы есіп, Келіп тұр наурыз тойы қағып есік. Қырандай қиырларға қанат сермеп, Жасай берсін туған ел- алтын бесік! Апа: Сабина, Әсемай жиһаз- мүлікті шығарып, шаңын сүртіңдер.Береке от басынан басталады демекші, ұлыстың ұлы күні наурызды таза үйде қарсы алайық. Сабина: Жыл басы жақсы болса, аяғы да жақсы болады ғой, апа. - Иә, шырағым. Әсемай: Апа, Қыдыр ата 21 наурызда таңғы сағат 3-те үй- үйді аралайды дейді.Сол рас па? - Рас, айналайын.Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге енсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле –жаладан аман болады. - Қыдыр ата келеді. Үмбет: Армысыз, Қыдыр баба! Қыдыр баба: Бар бол, жарқыным! Жанарыңда нұр ойнаған қай баласың, қарағым?! Үмбет: Көңілі жарқын, ниеті ақ, ұзында өші, қысқада кегі жоқ, досына құшағы ашық, дархандығына дос дос қана емес, дұшпаны да ғашық қазақ деген халықтың ұланымын, әз Баба! Қыдыр баба: Бәрекелді, бәрекелді, өренім! Алатаудың мұзбалақ қыранындай даусың саңқылдап тұр екен! Тек ұзағынан болғай, самғар аспаның кең болсын, ұлым! Иә, не тілейсің, жас ұлан? Үмбет: Өз көңіліме салсам, алып ұшқан жүрегім күллі дүниедегі жақсылық атаулыны құшқысы келеді. Игілік атты барлықтың бауырымда болғанын қалар едім, әз ата! Бірақ менің Қазақ халқы атты ұлы анам, Қазақ халқы атты ұлы әкем бар. Сол екі бірдей ардағым аман болсын деп тілеймін, Баба! Бекарыс: Кеңдігі ұшқан құстың қанатын, Жүгірген аңның тұяғын тоздырған, Көгінде қыран, жеріде ұлан ойнаған, Теңдік пен татулықтың киелі бесігі, Қазақстаным – Отаным аман болсын деп тілеймін Баба! Ораз: «Ырыс алды – ынтымақ», «Татулық түбі – береке» деуші еді үлкендер. Халқым үшін ынтымақ пен береке, татулық сұраймын, қасиетті Қыдыр баба! Әлішер: «Бірлік түбі – тірлік», «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған, ынтымағы күшейген озады» деуші еді үлкендер. Халқым үшін бірлік тілеймін, әз Баба! Нұрдәулет: Қатерлі қиын жолдардан, Алмағайып сындардан, Қиясы қиын шыңдардан, Тайдырып алмай тағасын, Жыртқызып алмай жағасын, Халқына болып шам-шырақ, Болашаққа бастаған, Президентім жасасын! Қыдыр баба: Қабыл болсын тіегі ұландардың, Тағдырын бер оларға қырандардың. Елім, жерім, Отаным дейді олар, Болашақ иесі бол замандардың. Жалыны бар алаулаған жанарда, Сұңқар ұлан қатарынан қалар ма? Дәл осындай ұлдары бар қазақтың Бақыт оты тек биікте жанар да! Баладай таза жүректерің, Отаның болсын тілектерің, Жасөспірім, көк шыбық өрендерім, Қабыл болсын тілеген тілектерің! Әумин! Қыдыр баба: Уай, аузын ашса, көмекейі көрінетін ақ жүрек, адал қазақ халқы! Сен көрмеген тағдырдың теперіші мен бұралаң, бұлтарысы көп заман талқысы аз болған жоқ, Өз алдына ер болып, туыңды тіктің. Досың сүйінді, дұшпаның күйінді. Күллі әлемге паш етіп, Сарыарқаның төсіне салтанатты Астанаңды қондырып, қарыштап қадам басып, болашаққа бет түзепсіңдер! Барар бағыттарың бұлтсыз ашық, Жайдары жаздың күніндей болсын. Ел-жұрттың тыныштығы мен ынтымағының Қаймағы бұзылып, іргесі сөгілмесін. 1 жүргізуші: Қасындағы жас өрен, Тұлымшағы салбырап. Бәйбіше шығар балпиып, Күндіктері қалқиып. Келіншек шығар кейкиіп, Сәукелесі саудырап. Қыз шығады жымиып, Екі көзі жаудырап. Әсемай - Армысың, қайырымды Күн-Ана! Диана - Кеудесі түкті Жер- ана, құт дарыт, жарылқа! Сабина - Армысыздар,ата-баба, жас ұлан! (Музыка ойнайды. Қолдарында күріш, сүт, су құйылған ыдыстары бар) Әсемай - Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын! (Кесеге сүтті құяды) Диана - Жыл бойы жауын- шашын көп болсын! (Кесеге суды құяды) Сабина - Қамбамыз дәнге толсын. Нан болса ән болады. (Кесеге күріш салады) (Қыздар ыдыстарды алып үстелге қояды) 1 жүргізуші Шалқытып мерекеде ән салайық, Өнерпаз өрендерге тамсанайық. Наурыз тойын барша жұрт , Шашу шашып қарсы алайық. (Шашу шашылады) Би биленеді. «Бипыл» Апа: • Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар.Қарақтарым келіңдер, наурыз көжені пісірейік. Әсемай: • Қалай? Оған не саламыз, апа? Сабина: Наурыз көже – Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады. «Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай» ертегісінен көрініс. Автор: Шеткері тұрған үлкен ақ ордаға Алдар жабықтан сығалайды. Қазақы үйдің түрінде сақалын сипап ыайбай отыр, бәйбшесі қамыр ысып отыр, қызы Бізбике қаздың жүнін жұлып отыр. Алдар: -Ассалаумағалейкум! Шығайбай: Е, Алдар, не көріп, не білдің? Әңгіме айта отыр. Алдар: Естігенімді айтайын ба, көргенімді айтайын ба? Шығайбай: Естігенің өтірік болады, көргеніңді айт. Алдар: Бай-еке,, кеше мен ауылдан шығып, жолмен келе жатсам, алдымнан жуандығы бәйбішенің астындағы қамырдың жуандығындай жылан шыға келді. Бәйбіше: Ой тіліңе шоқ түссін, қамыы несі-ей?! Алдар: Содан ана тоқалдың астыдағы қойдың басындай таспен бір пергенімде ой Аллай, тура ана бәйбішенің артындағы қамырдай мыжылды да қалды. Өтірік айтсам, ана қызыңыздың астындағы қаздай жұлынайын. Бәйбіше: Ой тіліңе шоқ түссін! Шоқ түскір! Қарашы-ей, мынаның көргішін – ай! Шығайбай: Ой бұл қу бәрін біліп келіп отыр, шығарыңдар, астардағыны.Етті қазанға сал, бәйбіше! Әйтеуір бір пісер! «Піс қазаным 5 ай!» Алдар: -Отырайын, он ай! Автор: -Міне, осылай Алдар мен Шығайбай жантая кетеді. Әйелдер мен қызы жатып қалады. Көп уақыттан кейін бай да, үй-іші түгел ұйқыға кетеді. Осы сәтті пайдаланып Алдар көсе ақырын тұрып, қазандағы піскен етті басқа ыдысқа салып алып, орнына көн тулақты кесіп-кесіп салып қояды. Сөйтіп Шығайбайдың сараңдығын осылай жеңген екен. Содан бері Алдарға Шығайбай қатты ашулы екен. Ата: • Алдаркөсе, Шықбермес Шығайбай, келіңдер біздің дастарқанға жайғасыңдар. Ұлыстың ұлы күні алдыңа келсе, атаңның құнын кеш деген, бір- бірлеріңді кешіріңдер. • Жақсылыққа жақсылық- жай адамның ісі, жамандыққа жақсылық- ер жігіттің ісі. Бұл өмірде кешірімді болайық. Апа: • Қыздар-ау сыртта жүрген бала-шағаға наурыз көже таратыңдар.Ақтан бәрі дәм татсын. (Залға наурыз көже таратылады) Ән шырқалады. Ата-аналармен ойын ойналады: 1. Ұлттық ойындарды атаңыз. 2. Наурыз неше түрлі тағамнан дайындалады. Олар қандай тағамдар? 3. Төрт түліктің иелері қалай аталады? (Шопан ата, Қамбар ата , Ойсылқара, Зеңгі баба) 4. Қазақтың қандай салт – дәстүрін білесіз? (бесікке салу, қыз ұзату, тұсаукесу) 5. Қазақ халқының сүт тағамдарын ата. (қымыз, айран, шұбат, ірімшік, т.б.) 6. Қандай тыйым сөзді білесің? (Ақты төкпе,Малды теппе, Нанды теріс қаратып қойма ) 7. Наурызға ақ тілегіңізді айтыңыз? |
Мұғалімді мұқият тыңдап, наурыз мейрамы жайында ақпарат алады. Көрініс Би биленеді. «Бипыл» «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай» ертегісінен көрініс. Ән шырқалады. Ата-аналармен ойын ойналады: |
|
|
Соңы |
Қорытынды: 1-жүргізуші: -Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер.Ата, дастарқанға бата беріңіз. Ата: Бақытты ас берсін, Ұлыстың ұлы күнінде, Ұлың оң қонсын, Қызың қырға қонсын. Қыруар малың өріске толсын. Дәулетіңді асырсын, Дұшпаның басылсын, Менің берген бұл батам, Ұлыс күнге сақтап жүрген батам. (Барлығы орындарынан тұрады) |
Оқушылар орындарынан тұрып, баталарын алады. |

ІІІ. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
|
Тақырыбы |
Қазақстан - достықтың мекені |
||
|
Сабақтың мақсаты |
|
||
|
Құндылығы |
Ынтымақтастық |
||
|
Тілдік құзіреттілік |
Достық, ынтымақтастық |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Мерекелік концерт |
||
|
Ресурстар |
1) достық тақырыбына арналған ашық журнал шығару; 2) нақыл сөздер; 3) шаңырақ, гүл, жалаушалар, шарлармен безендіру, көгершіндер, құстар,себет және жемістер; 4) интерактивті тақта, техникалық құралдар |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы Шаттық шеңбері |
І Кіріспе Мұғалімнің құттықтау сөзі 1-жүргізуші: Бурабай Рамазан Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би биленіп, ән де бүгін шырқалар 2-жүргізуші: Асқарбай Нұрай -Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар, Жүздеріңнен мейірім м ен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз бақытты балғын шақты балалар |
Өз тілектерін айтады. |
|
|
Ортасы |
ІІ Негізгі бөлім Сабина: -Құрметті ұстаздар мен қонақтар, бүгінігі «Қазақастан-достықтың мекені» атты тәрбие сағатымыз 1-мамыр-Қазақстан Халықтарының бірлігі мерекесіне араналады. Нұржан: -Здравствуйте, уважаемые учителя и гости. Разрешите начать наш праздник, посвящённый «Дружбе народов», котрый отмечается в нашей стране 1-мая. Әлішер: -Әссалам, һорматлиқ меһманлар! Қазақстанда яркин яшап, әмгәк қилип, билим еливатқан халиқләр достлуғн ипадиси супитидә бизлиң бүгүнги «Халиқләр достлуғи» мавзусида өткүзилидиған очук синип саатимизни башалашқа рухсәти етиңләр. 1-жүргізуші: -ҚР-сы алуан ұлтты бауырына қысқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен достықтың, ынтымақтың елі. Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі осының айғағы. 2-жүргізуші: -Халқымыздың тынымсыз еңбегінің арқасында ел еңсесі көтеріліп келеді. 1-мамыр-Достық мерекесі. Бұл еңбекшілердің халықтық мейрамы., бүкіл дүние жүзі жұмысшыларының ынтымақ күні. «Достық түбі-береке, береке түбі-мереке» деген халық даналығы біздің елге айтылғандай. Әсемай: «Менің елім-Қазақстан Республикасы» Бұл-гүлденіп, жайнаған, Гүлстандар Отаны. Салт-дәстүрі жарасқан, Туысқандар Отаны. Бұл ғажайып мұратты, Бар ұлттардың Отаны. «Азия барысын» құратын, Алыптардың Отаны. Сол алыптың тірегі, Қазағымның жүрегі. Ынтымағы жарасқан, Барша ұлттың ұлы елі. Диана: Қазақ жері-қонақжай төрдің жері, Қазақ елі-қас Сақтай ердің елі. Толқынында тарихтың қуғын көрген, Барша ұлтқа құт мекен болған еді. Зобалаңда көп шеккен қасіретті, Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті. Риза көңілмен елге деген, Арнайды барша халқы ақ тілекті. Хормен: «Қазақстан-ортақ Отанымыз» Хор: «Достық» (жалаушаларды желбірете шырқайды) Би: «Сұлтан» қазақ биі 1-жүргізуші: -Жер шары халқының бәрі бейбітшіліктің болғанын қалайды. Бейбітшіліктің белгісі ретінде әр халық әртүрлі құсты бағалайды, қадір тұтады. О.Бекарыс: -Үнді халықтары үшін бейбітшілік белгісі-тауыс құсы. 1963 жылы Үндістан оны «Ұлттық құсымыз» деп жариялапты. (тауыс құсы суреті) Әлия: -Ал қазақ халқында шынайы тазалық, сұлулық, бақыттың белгісі-аққу. Ерте заманнан қалған аңыз-әңгімелерге қарағанда, бір кездерде қазақтар өздерін аққу құсынан жаралғанбыз деп есептеген дейді екен. Аққу құсының мүсіні қазақ халқының саз аспаптары домбыра мен қобыз құрылысына өте ұқсас. (аққу құсының бейнесі) Арсен: -Жапондарда ақ тырналар-бейбітшілік белгісі. Олар ақ тырналарды қағаздан жасап, бір-біріне сыйға тартады, яғни бақыт пен жақсылық әрдайым өзіңмен бірге болсын деген ақ ниеттерін білдіреді. Оларда бір аңыз бар: «Кімде-кім қағаздан мың тырна жасаса, сол адамның арманы орындалады, бақытты болады». Жапон қызы сол тырналарды тұңғыш ғарышкер әйел В.Терешковаға арнап жасап, сыйламақшы болады. Бірақ, 250-ін ғана жасайды.Ол қалғандарын жасап үлгере алмады. Хиросимаға тасталған атом бомбасының зардабынан қаза тапты. (тырнаның бейнесі мен бүктеп жасалған түрі) 1-жүргізуші: -Міне бұдан атом бомбасы, атом жарылысының адам өмірін қайғы-қасіретке душар ететін апат екенін көреміз. Мұндай жарылысқа Қазақстандағы Семей полигонын атауға болады. Бұл сол маңды мекен еткен халқымыздың өміріне өлшеусіз зиян келтірді. Сондықтан атом бомбасы жарылмасын, мәңгілік бейбіт өмір болсын! Р.Бекарыс: -Сәбилердің зәресін бұлт алмасын, Гүл, бәйшешек еш уақытта солмасын. Ақ көгершін аспанымда қалықтап, Барлық халық бейбіт күнді қолдасын. Сәбилердің зәресін бұлт алмасын, Айна көңіл жүректі кір шалмасын. Қыран құстар даласына еркелеп, Аспанымда қалықтаудан талмасын! Ораз: Ал дүние жүзінің көптеген халықтары үшін бейбітшілік белгісі - көгершін. Ән: «Ақ көгершін» (Көгершіндер) Орындайтын: «Қыздар» 1-жүргізуші: 1 мамыр мерекесі әкелетін жылылық пен үміттер тыныштық пен келісімнің нығаюына ықпал етеді. Сол себепті тату шаңырақ астында осы көктемгі мерекені қарсы алу дәстүрге айналды. Осы күндері ұлтына қарамастан еліміздің барша азаматтары өзін үлкен біртұтас халық ретінде сезінеді. 2 жүргізуші: 1 мамыр мерекесі - барлық адамдардың бірігу мерекесі ғана емес, бұл табиғат пен адамның бірігу мерекесі! Асхат: «Мамыр тойы, май тойы!» -Мамыр тойы, май тойы, көңіл тойы, Бұлақ тойы, гүл тойы, көктем тойы Жүр-жүрлейді әжесін алға Қасым, Былтырғыдан көп өсті биыл бойы. Бақ әсем бе, жырлаған бұлбұл шат па? Қанат біткен секілді дүлдүл шаққа. Мамыр тойы, май тойы, көктем тойы, Сыймай бара жатқандай гүл құшаққа. Диана: -Гүл басады ана сай, мына сайды, Күн кеп мейман етеді күміс айды. Мамырымен майысып дүние гүлдеп Аталар мен әжелер бір жасайды. Қыстағыдан малдың да сүйегі ауыр, Қырға толған жас төлдің тойы мамыр. Осы тойды бақыттың бір тойы деп, Келген сайын құшақтап сүйеді ауыл. Көктем гүлдеп әлемнің барша алабы, Жақсы күндер келді деп жар салады. Қала түгел көшеге шығады да Әсем тойды әнменен қарсы алады. Әлия: «Туысқан ел» Ж.Жабаев Енді бүгін қарасам, айналам бақыт, кең жатыр Бірімен-бірі туысқан, қол ұстасқан ел жатыр. Қырғыз, қазақ, өзбектер, Монғол, ұйғыр, дүнгендер, Армян, тәжік, грузин, Орыс пенен украин-терезесі тең жатыр. Алатау, Кавказ ұласып, баурайы бұйрат, кең жатыр Бақыттың әні асқақтап, құлаққа даусы кеп жатыр. Би: «Лезгинка» Сабина: «Достық жыры» Мамырдың бірі-достықтың күні Халықтар үні тұтасқан. Ұлттардың бәрі, жарасқан жаны Елімнің бағы-құт ашқан. Жүздері жарқын, сүйікті халқым Бұзбайды салтын, достығын. Аспан мен жерде, өзен мен көлде Осынау әнге қосты үнін. Көктемдей көңілі, шадыман өмірі, Достықтан ғана нәр алған. Ай менен күн де, жайқалған күн де Ел бақыты үшін жаралған. Нұрай: Бірлік күші-сенімі туған елдің, О, татулық, мен сенің соңыңа ердім. Тұтастықтың тұнығы майланбаса, Ақталғаны төгілген маңдай тердің. Қазақстан-ордасы қазағымның, Діңгегі осы дүние-базарымның. Ынтымағы жарасқан елде тудым, Не екенін білмедім азабыңның. Бөтендігі жоқ бізге орысыңның, Украин, беларус, кәрісіңнің. Отандасым болғасын барлығы да, Ішке тартып, өзімсіп қол ұсындым. Нұрдәулет: -О, Отандас, сен де төк шуағыңды, Арна ыстық сезімді, ән-жырыңды. Мұңымды да, сырымды да бірге бөліс Көтер бірге байрағым, ұранымды. Саған да құт биікке самғағаным, Көш соңында сенің ол қалмағаның. Қолдағаның қазақты біле-білсең, Отанымның бірлігін қолдағаның. 1-жүргізуші: Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегілер, аңыздар, салт-дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Әр халықтың өз салт-дәстүрі, өз тарихы мен әдебиеті бар. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес-осылардың бәрінің басын біріктіреді. 2-жүргізуші: Ендеше болгар халқының «Ең қасиетті жеміс» ертегісін назарларыңызға ұсынамыз. Көрініс: «Ең қасиетті жеміс» Диана: Бейбітшілік өмірдің, туы қолда толқыған Жадыраған көңілдің күші керней ағылған Майдың жыры, май үні, аралай түс жер шарын Нұрыңды төк, май күні алқұшаққа ел таңын Көктем келді, май келді, шақырады тойға елді, Бізбенен қол ұстасып кел, бірге жүр, жақсы май Гүл терейік, тысқа шық, көк сағынған досым-ай Асхат: Мен көтерсем жалауды, майда бірге көтерген, Басып үлкен алаңды маймен бірге өтем мен. Шаттық үнді май жыры, аралайды жер шарын Көктем балқып май күні аялайды ел таңы Аспан асты құлпырып жасыл желек жамыла Таудан бұлақ бұлқынып сырласады майыма Көгілдір аспан да, көк сеңгір тастар да Құлпырып жайнайды май гүлін ашқанда Қымыздық теремін, көп қызық көремін Апама гүлдерден сәукеле өремін. 1-жүргізуші: Қазақстандағы барлық ұлт түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, ҚР-ның Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, ел бірлігінің негізін қалап келеді. 2-жүргізуші: Қазақстан елінің Көк байрағын әлем чемпионатында желбіреткен Ольга Шишигина, Илья Илин, қазақ тілін ана тіліндей жетік меңгерген Қазақстанның халық жазушысы Герольд Бергер, айтыс ақыны Надежда Лужникова, тележүргізуші Мая Веронскаяларды мақтан тұтамыз. 1-жүргізуші: Ана тілің-арың бұл, Ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!-деп Абай атамыз айтқан емес пе? 2-жүргізуші: Өнертанушы, ғалым әл-Фараби-100-ге тарта тіл біліп, әлемге аты шыққан данышпан екенін де жақсы білеміз. 1-жүргізуші: Түркі тілдес халықтар тілі ұқсас, ендеше мына ұйғыр тіліндегі мақалдардың қазақшасын тауып көрейікші: 1. Ат айлинип оқурини тапиду, Мусапир айлинип юртини тапиду. Ат айналып, қазығын табар, Су айналып, жазығын табар. 2. Ағинә инақ болса-ат тола, Игичә-сицил инақ болса-аш тола. Ағайын тату болса-ас көп, Абысын тату болса-ас көп. 3. Адәм адәм билән адәм. Адам адаммен адам. 4. Еши пишмасниң қазини оттин чүшмәс. Асы піспестің қазаны оттан түспес. 5. Аш игиси билән татлиқ. Ас иесімен тәтті, табағымен сәнді. 6. Түркияның Ұраны: «Юртта бериш, дуниада бериш» «Жұртта бейбіт, дүниеде бейбіт» Би: «Өзбек биі» Орындайтын: Асқарбай Сабина 1-жүргізуші: 1990 жылы басталған хаплықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір-түкпірінде 352 бөлімшелері бар 27 республикалық және аймақтық ұлттық бірлестіктері ашылды. 2-жүргізуші: Олар тек өз мәдениеттерін ғана қалыптастырмай, сүйікті Отандары-Қазақстанның, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тілін, мәдениетін сыйлайды, үйренеді. 1-жүргізуші: -Ендеше солардан үзінді көру үшін назарымызды үнтаспаға аударайық. (бейнетаспадан әр ұлттың өз өнері мен қазақша өнерлерінен және Қазақстанға лебіздерін білдіру сәттерінен үзінді көрсету) 1-жүргізуші: Сабақ барысында елімізде 100-ден аса ұлт тұратынын айттық, олардың есімдерін естідік. Ендеше соларды білгенімізше «Орамал тастамақ» ұлттық ойынымыз түрінде атап көрейікші. Би: «Чунга-чанга» Бағлан: Мен қашанда жалғыз өзім жүрмеймін, Жалғыз жүріп, жалғыз өмір сүрмеймін. Жер-жердегі достарымды санасам, Аспандағы жұлдызыңмен бірдеймін. Бүгінгі емес, ертең келер күн де өзге, Тұра бермес жалын атып нұр көзде. Жұбымызды жазбайықшы достарым, Жалғыз-жалғыз жатамыз ғой бір кезде! Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!» |
Сабақты үш тілде сөйлеп бастайды. Хормен: «Қазақстан-ортақ Отанымыз» Хор: «Достық» (жалаушаларды желбірете шырқайды) Би: «Сұлтан» қазақ биі Сыныптың қыздары Ән: «Ақ көгершін» (Көгершіндер) Сыныптың ұлдары Би: «Лезгинка» Оқушылар «Ең қасиетті жеміс» ертегісі желісінде көрініс қояды. Би: «Өзбек биі» Би: «Чунга-чанга» Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!» |
|
|
Соңы |
Қорытынды: 1-жүргізуші: Осымен «Қазақстан-достықтың мекені» атты ашық тәрбие сағатымыз шегіне жетті. Бір шаңырақ астында бейбіт, тату-тәтті өмір сүрейік. Отанымызға адал қызмет етіп, гүлдендіруге үлес қосуға әрдайым дайынбыз! 2-жүргізуші: -Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет, хош сау болыңыздар! |
|
|
|
Кері байланыс |
«Әттеген-ай», «Бәрекелді» сөздері арқылы пікірлері мен ұсыныстарын айтады |

Қош келдің, Жаңа жыл! |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Жаңа-жылдық көңіл-күй тудыру; Әр жылдың ерекшелігін біледі; Сахна мәдениетән меңгереді. |
||
|
Құндылығы |
Ынтымақтастық |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Мерекелік кеш |
||
|
Тілдік құзіреттілік |
Жаңа жыл, Аяз ата, Ақшақар, тосын сый, т.б. |
||
|
Ресурстар |
интерактивті тақта, техникалық құралдар, шарлар, гүлдер, безендірулер, т.б. |
||
|
Түрі |
Мерекелік кеш |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы Шаттық шеңбері |
І Кіріспе Мұғалімнің құттықтау сөзі
Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады. |
Өз тілектерін айтады. |
|
|
Ортасы |
1
жүргізуші:
1
жүргізуші: 2 жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр сыныптан бір-бір оқушыдан ортаға шықсын. Ол өзі желаяқ, сөзге шешен, тапқыр, яғни жан-жақты оқушы болсын. Себебі, жаңа жылымыздың сәнін келтіретін Аяз Ата мен Ақшақарды іздеп, тауып алып келу керек. Аяз ата мен Ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, Аяз ата мен Ақшақарды бірге алып келесіздер. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 15 минут уақыт беріледі. (3 оқушыны шығарып жібереміз). Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт достар! 1 жүргізуші: Кешімізді әнмен сүйемелдей отырып, бәріміз ортаға шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп алайық. Ән: «Жаңа жыл»
2
жүргізуші: Біздің бағанағы межелеген
уақытымызда таяды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен? ( Іздеп
кеткен оқушылар келеді. біреуі айқайлап
айтады) 7 «Б» сынып: Флешмоб
2-жүргізуші:
Ендігі кезекті ойынға
береміз.
7 «Б» сынып
«Жайдарман» 7 «А» сынып оқушыларының «Жаңа жылдық биін» тамашалайық. 2-жүргізуші: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. КОНКУРС – 2. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз. Ал енді ойынды бастайық. 1. Биыл Тәуелсіздігіміздің неше жылдығын тойладық? (29 жыл) 2. Астанамыздың неше жылдығы тойланды? (22 жыл) 3. Мектебіміздегі барлық оқушылар саны? ( ) 4. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының толық аты-жөні? (Есполов Жамбыл, Жақсылықова Айқын) 5. Биыл мектебімізге неше жыл толды? (32 жыл)
6. Астанамыздың көрікті
жерлерін ата. («Бәйтерек», «Бибітшілік және келісім сарайы»)
1-жүргізуші:
Ал, халайық,
тұрмайық 1 -
жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар,
бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық,
бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы
күніміз сөнбесін! |
Өз тілектерін айтады. Хормен: «Жаңа жыл» (Шарларын жоғары көтеріп шырқайды) Оқушылар ән шырқайды. Оқушылар Флешмоб билейді. «Жайдарман» «Жаңа жылдық биін» билейді. Оқушылар өз лебіздерін білдіреді. |
|
|
Соңы |
Қорытынды: 2-жүргізуші:
Жүздерің әрқашан жарқын,
көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. |
|
|
|
Тақырыбы |
Қазақ халқының ұлттық өнері |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларды ұлттық өнерді құрметтеуге үйретеді; Оқушылардың жазу сауаттылықтарын дамытады, естігендерін сауатты жаза білу дағдылары қалыптасады. |
||
|
Құндылығы |
Ынтымақтастық |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Жазба жұмысы |
||
|
Тілдік құзіреттілік |
Қолөнер, ою-өрнек, бұйымдар, т.б. |
||
|
Ресурстар |
интерактивті тақта, слайдтар, жапсырма қағаз. |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы Шаттық шеңбері |
Ұйымдастыру кезеңі Жаттығу «Сиқырлы сөз – Иә» Мақсаты: көңіл-күйді көтеру, өзіне деген қалыптасқан қатынастан шығу. Сынып жетекші әр түрлі сұрақтар дайындайды, кейін оқушылар өздері сұрақтарды дайындайды. Мысалы: Сенде миллион теңге бар ма? Саған мұхит ұнайды ма? Сен мейірімдісің бе? Сенің шұлығын жыртық па? Сен билегенді ұнатасың ба? Сен киноға барасың ба? Т.б. Сұрақтың дұрыс немесе бұрыстығына қарамастан оқушылар «Иә» деп жауап беру керек. |
Өз тілектерін айтады. |
|
|
Ортасы |
Жазба жұмысы
Қазақтың ұлттық өнері
Ағаш пен сүйектен оюлап тұрмыстық заттар жасау – халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Сүйектен ойып, әшекейлі бұйым жасайтын шеберлерді, ағаш ұсталарын жұрт бұйым жасату үшін, ат арытып іздеп келетін болған. Олар ағаш бұйымдардың бетіне, аттың қамыт-сайман, ер-тұрманына, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып, өрнек салған. Қазба жұмыстары кезінде қазақ даласынан табылған әшекейлі сәндік бұйымдардың ішінде, тіпті тас дәуірінің соңғы кезіне жататын мүліктер бар екені анықталды. Мұның өзі ою-өрнек өнерінің тамыры тереңде жатқанын дәлелдейді. Ағаштан оюлап жасалатын тұрмыстық заттың көп тараған түрі – төсек ағаш, кебеже, сандық. Халық шеберлері ағаштан астау, шара табақ, тостаған, тегене, саптыаяқ, ожау, т.б. ыдыстар дайындаған. Мұндай әшекейлер киіз үйдің сүйегіне де түсірілген. Шеберлер дәстүрі бүгінде жалғасын тауып, күнделікті тұрмыста кең қолданылып жүр. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән музыкалық дәстүрі дүниеге келді; соның нәтижесінде бай музыкалық мәдениеті қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Халық музыкалық шығармашылығы негізінен пентатоникалық белгілері басым жеті тонды диатоникалық мажор мен минорлық ырғақтарға негізделді. Эпостық жырлар речитативті әуенде жырланды. Қазақ халқының тарихи қалыптасу ерекшеліктеріне қарай муз. шығармалардың әуендік сипаты түрліше әрі әншілік, күйшілік, орындаушылық дәстүрінде де айырмашылықтары болды. Орындаушылық дәстүрдің түрлері: домбыра немесе қобыздың сүйемелімен ән салу, музыкалық аспаптарда күй тарту, т.б. “жар-жар”, “сыңсу” сияқты тойларда айтылатын әндердің қайырмалары көп дауыспен орындалды. Қазақ халқының би мәдениеті ежелден-ақ белгілі болған. Би – ұлттық өнердің басқа да түрі сияқты халық тұрмысына берік еніп, олардың әдет-ғұрып ерекшелігі мен іс-әрекетін бейнелейтін өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететін халық биі “Өрмек би”, аңшылар өмірін бейнелейтін “Қоян би”, әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған “Аю биі”, “Насыбайшы”, “Ортеке”, “Қаражорға”, “Тепеңкөк” билері – ежелгі би мәдениетінің куәсі. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгіштігін жан-жақты аша түседі. |
Жазба жұмысын жазады. |
|
|
Соңы |
Қорытынды: Қазақтың тағы да қандай ұлттың өнерін білесіздер? |
Оқушылар өз ойларын ортаға салады. |
|
|
Тақырыбы |
Сыныптағы достық |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушылар сыныптағы достықтың маңыздылығын түсінеді; Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашады. |
||||||||||||||||||||||
|
Құндылығы |
Ынтымақтастық |
||||||||||||||||||||||
|
Тілдік құзіреттілік |
Достық, ынтымақтастық |
||||||||||||||||||||||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Тренинг |
||||||||||||||||||||||
|
Ресурстар |
1) достық тақырыбына арналған қабырға газеті; 2) нақыл сөздер; 3) шаңырақ, гүл, жалаушалар, шарлармен безендіру, көгершіндер, құстар,себет және жемістер; 4) интерактивті тақта, техникалық құралдар |
||||||||||||||||||||||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|||||||||||||||||||||
|
Басы Шаттық шеңбері |
Тыныштық сәті.Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз). Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет! |
Өз тілектерін айтады. |
|||||||||||||||||||||
|
Ортасы |
Оқиға айту (Мұғалім сыйы) Піл мен маймыл Бір орманда Пілмен Маймыл кездесіпті. Содан екеуі кезек-кезек мақтаныпты.
Піл мен Маймыл осылай мақтана береді, мақтана береді. Ең соңында Үкіден сұрамақ болады. Үкі бір ағаштың бұтағында ұйықтап отыр екен.
Үкі ұзақ үнсіз отырады. Содан үп-үлкен көзін бір ашып қалады да, қайта жұмады.
Піл мен Маймыл жүгіріп отырып өзенге келеді. Өзеннің ағысы қатты болатын. Содан Маймыл:
Маймыл лып етіп Пілге мініп алады. Екеуі өзеннен өтеді. Зәулім биік алма ағашының жанына келгенде Піл алмаға тұмсығы жетпейтінін көріп:
Міне, осылай Пілмен Маймыл дос, тату болыпты, олар бір-біріне әрқашан көмектесіп жүреді екен.
Сұрақтар: 1. Қиын жағдайға түскендедостарбір-бірінеқандай әрекет жасайды? 2. Қиын сәттедостардыңбір-біріне жасаған әрекетін сипаттап беріңіздер.
Сіздер осындай ұқсас мысалдар білесіздер ме?Айтып беріңіздерші?
Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Тапсырма: Мұқағали Мақатаевтың «Достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып...» деген өлең жолын басшылыққа алып, төмендегі рөлдерді қатыстырып сахналау ұйымдастырыңдар. - Достық (өмірмен байланыстырады) - Ақкөңіл, ашық – жарқын (мәтіннен жүрекке жылы сөздерді тауып айтады) - Сұрақ қоюшы (сұрақ қояды) - Реттеуші (реттеп отырады)
«Достар әні» Iздегенде табылатын қасыңнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған. Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн, Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!
Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңiсiңді көрейiн, Сырымыз да бiтпесiн, Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың, Қатар жүріп сырымызды сан аштық. Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық, Адассақ та бiрге жүрiп адастық.
Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңiсiңді көрейiн, Сырымыз да бiтпесiн, Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпес |
Әңгімені мұқият тыңдап, өз ойларын айтады. Оқушылар оқиға байланысты сұрақтарға жауап береді. Оқушылар топпен бірігіп шығармашылық жұмыс жасайды. Оқушылар хормен «Достар әнін» орындайды. |
|||||||||||||||||||||
|
Соңы |
Қорытынды: Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Сондықтанда сыныптағы барлық оқушы бір-бірлеріңмен тек достық қарым-қатынаста болыңдар. |
«Достық» туралы эссе жазады. |
|||||||||||||||||||||
|
Кері байланыс |
«Таңдау» әдісі. + /// - белгісін қою
|
Оқушылар +/- белгісін қою арқылы сабақтан түсінгендерін білдіреді. |
|||||||||||||||||||||
IV. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
|
Тақырыбы |
Білімді бала – ел ертеңі |
||
|
Сабақтың мақсаты |
|
||
|
Құндылығы |
Кемелдену |
||
|
Ресурстар |
Интерактивті тақта, слайдтар, кесте, т.б. |

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп,
түгелдеу. Сыныптың барлық оқушылары қатысады. 1-ші топ - «Білімділер», 2-ші топ - «Мықтылар». |
Топқа бөлінеді.. |
|
|
Ортасы |
Сайыс 7 айналымнан
тұрады. |
Сайысқа белсенділікпен қатысады. |
|
|
Соңы |
Қорытынды: VІІ айналым: Қорытынды Алған фишкалары есептелініп, жеңімпаз топтар марапатталады. |
Жеңімпаз топ анықталады. |
|
|
Тақырыбы |
Пайдалы кеңестердің сыры |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Адам денсаулығына пайдалы мәліметтер алады. |
||
|
Құндылығы |
Кемелдену |
||
|
Ресурстар |
интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, өлең шумақтары, қабырға газеті, суреттер. |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Жазба жұмысы |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, жазба жұмысы |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
Ұйымдастыру кезеңі “Мен –ғажаппын!” Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн. Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс. Мысалы: - Мен осы өмірге келуіммен кереметпін. - Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да. - Мен ғажаппын, мен кереметпін. - Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты. - Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды. - Мен тамаша жанмын. - Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын. - Мен сабырлымын, салмақтымын. - Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды. - Мен әділетті, адал жанмын. - Мен айналама бақыт шуағын шашамын. - Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін. - Менің қолымнан бәрі келеді. - Мені тек жақсы адамдар қоршаған. - Мен үшін өмірдің қызығы мол. - Мен бәріне ризамын. - Мен бақытты адаммын. |
Әр оқушы өзіне жақсы, жағымды қолдау, мадақтау сөздерін арнайды. |
|
|
Ортасы |
Кіріспе сөз. Адам денсаулығың жақсы болмауы – оның өміріндегі ең қауіпті әрі қатерлі өлімге алып баратын себептердің бірі. Көпшілігіміз: «Денсаулық болса, бәрі де болады», - деп жиі айтып жатамыз. Алайда өздері сол денсаулығы сыр бермейінше көңіл де бөлмейді. Тұқым қуалайтын немесе басқа да жазылуы қиын аурулармен ауырған жағдайда жалғыз адамның өзі ештеңе істей алмайды. Ал, дені сау адамдардың сол қалпын сақтап қалуы өз қолдарында. Сонымен адам денсаулығының бірқалыпты немесе жақсы болуы неге байланысты? Жазба жұмысы - Қалыпты ұйқы Адам күн сайын уақытылы ұйықтап, түні бойы жақсы көз ілетін болса, ағзаның бәрі ойдағыдай демалып, келесі күнге ағзаны дайындайды. Сонымен қатар бұл демалыс орталық жүйке жүйесінің жұмысының қалыпты болуына ықпал етеді және бүкіл ағзаға әсері бар. Себебі ұйқы жүйке жүйесімен тікелей байланыста. Дені сау адам күніне 8 сағаттан артық немесе кем ұйықтамауы тиіс. Сондай-ақ күндіз 1-2 сағат демалып алғысы келетіндер болса, онда мұндай демалыстан бас тартудың қажеті жоқ. Себебі арасында демалып алғанның ағзаға пайдасы болмаса зияны тимейді. - Белсенді қозғалыс «Қозғалыс – бұл өмір» деген сөздің жаны бар. Себебі бұл тұжырымдама шындыққа сәйкес айтылған. Адам жаратылысынан қозғалыста жүретін пенде болып жаратылған. Сол себепті де егер ол қимылсыз қалса, қандай да бір ағзасына кері әсер етуі мүмкін. Мәселен, компьютер алдында тапжылмай отырып жұмыс істейтіндер мен басқа да қимыл-қозғалысы аз бір орында отырып жұмыс істейтіндердің көпшілігі остеохондроз, сколиоз және көтеу сынды аурулармен ауырады. Сонымен қатар қимылы аз адамның денесін май басып, семіздікке шалдығуы да ғажап емес. Ал бәріңіз білетіндей, семіздікке жол береген адам түрлі аурулармен ауырып, қосымша жүрек-қан тамыр жүйесінің бұзылуына шалдығады. Қысқыша айтқанда, қозғалыссыз өмір – кез келген ауруға алып баруы мүмкін. - Психологиялық тыныштық Бүгінгі таңда жүйкені тыныштандыратын дәрі-дәрмектің түрі өте көп. Алайда мұның пайдасы шаш етектен дей алмаймыз. Уақытша ем болатын бұл препараттарды сатып алуға аса әуес болмаған жөн. Егер де осындай дәрі-дәрмекті қабылдар болсаңыз, тек дәрігердің ұсынуымен және кеңесімен ғана пайдаланыңыз. Жалпы психологиялық тыныштық – ол ең әуелі жан-дүниенің тыныштығы. Сенің айналаңдағы, отбасыңдағы жанұя мүшелерінің ауызбіршілігі, бір-бірімен етене жақсы қарым-қатынасы. Егер де осының барлығы ойдағыдай болатын болса, адам психикасы да қалыпты жағдайды сақтай алады. Себебі денсаулық мықты болуы үшін адамның жүйке жүйсінің тыныштығы өте маңызды рөл атқарады. Сол себепті қандай да бір жүйкеге салмақ түсіретін жайттардан іргеңізді аулақ ұстап, сабырлық танытып, денсаулықты күткен абзал. Есіңізде болсын, егер де өміріңізде бір келеңсіздік орын алатын болса, оның түйінін шешуді кейінге қалдырып, ішке бүге берудің қажеті жоқ. Бұл сіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді. - Дұрыс тамақтану Адам денсаулығы жақсы болуы үшін тағы бір ескеретін жайт — дұрыс тамақтану. Құрамы дәрумендер мен құнарлы заттарға бай тағамдарды тұтыну арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады. Бүгінде авитаминозға шалдығу қаупі көп. Алайда көпшілігі оны ауру деп санағысы келмейді екен. Бұл қате пікір. Себебі бұл басқа да аурулардың туындауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан дұрыс тамақтануға аса көңіл бөліп қараған жөн. |
Оқушылар адам өміріне пайдалы кеңестер туралы жазба жұмысын жазады. |
|
|
Соңы |
Қорытынды: Адам жақсы өмір сүру үшін, дені сау, білімді болу үшін тек пайдалы кеңестерге назар аударып, жақсы өмір сүру қажет. |
|
|
|
Тақырыбы |
«Ұлылықтың бастауы-ұлы Абай» |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Ұлы ақынның өнегелі өмірімен танысады. Ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттайды. |
||
|
Құндылығы |
Кемелдену |
||
|
Ресурстар |
Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер. |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Саяхат сабақ |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
Ұйымдастыру кезеңі «Сенің есімін» жаттығуы. Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру. Әр оқушы өз есімін параққа жазып, әр әріпіне жағымды сөздер табады. Мысалы: Дамир Д- денелі А-аяулы М-мықты И-инабатты Р-романтикалы Жағымды сөздерді жазғаннан кейін барлығы оқып шығады. |
Топқа бөлінеді.. |
|
|
Ортасы |
Мұғалімнің кіріспе сөзі
- Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі – Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер – Абайды оқымағандар»деген екен. - Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?
- Әрине, Абай атамыз туралы
айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне
секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына
қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе,
дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық! Тұсаукесер «Ұлтының ұлы
ұстазы - Абайға 175
жыл» |
Оқушылар жауабы: - Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның шығармаларымен,қарасөздерімен танысып жатырмыз. - Біз кішкентай кезімізден бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеміз. - Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абайдың аты мен Абайдың сөзі әрдайым халықтың аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ар- ұжданы болып қала береді. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Абай өлеңдерін айтады. Абайдың қара сөздерін айтады. Ән: «Желсіз түнде жарық ай» |
|
|
Соңы |
Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе. Адамдықты көздесең, Жаттап, тоқы көңілге.
Сондықтан, балалар, Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген тілекпен, біз Абай атаны мұраларын насихаттауда белсенді болайық. |
|
|
|
Тақырыбы |
Қатыгездік қайдан шығады? |
||
|
Сабақтың мақсаты |
|
||
|
Құндылығы |
Кемелдену, жауапкершілік |

Баяндау,сұрақ-жауап, жағдаятты талдау |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
Ұйымдастыру кезеңі Ой қозғау. “Қатыгездік қайдан шығады?” (оқушылар пікірін тыңдау) |
Оқушылар өз пікірін айтады. |
|
|
Ортасы |
Кіріспе. Мұғалім сөзі. Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тіліммен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген- деп, Ж. Молдағалиев жырлаған халықпыз. Сол халықтың жастары да осал болмауы тиіс. Осал емес те. Бекзат, Бақтияр сынды жастарымыз еліміздің намысын биікке асқақтатты. Бірақ, әттеген- ай дейтін жеріміз де баршылық. Бұл- бүгінгі жасөспірімдердің қылмысқа бой ұрып бара жатқандығы. Яғни, қылмыскерлердің жасы жасарып бара жатыр. Жастардың қатыгездікке, қылмысқа бой алдыруы- заман проблемасына айналды. Сондықтан бүгінгі әңгіме жасөспірімдер арасындағы қылмыс жөнінде болмақ.
Негізгі бөлімі: Жағдаятқа байланысты пікірталас.
Мұғалім: — Осы жайға байланысты өз ойларыңызды ортаға салыңыздар. Бұл баланың өмірі неліктен қылмыспен басталды? Осы жөнінде ой бөлісейік. Оқушылардың пікірін тыңдау.
Сұрақ-жауап кезеңі:
Оқушылар жауаптарын тыңдау.
Тағы бір жағдаятқа тоқталайық:
— “Біздің үй үнемі ұрыс- керістен арылмайды. Кейде жанжал аяқ астынан шығады. Шешем: “Күні бойы үйде болмайсың. Тигізер қолғабысың шамалы” деп ызыңдаудан жалықпайды. Әкем ішіп алғанда талай рет қол жұмсады. Шешем көбінесе екеуімізді бөлек тамақтандырады. Мен ата- анаммен бірге тұрудан жүрегім айни бастады. Кейде бір қылмыс жасап түрмеге де түскім келеді? Не істерімді білмей жүрмін” дейді.
Мұғалім: Бұған не айтар едіңдер? Оқушылар жауаптарын тыңдау.
Бекіту:
Оқушылардың жеке пікірін тыңдау. |
Сайысқа белсенділікпен қатысады. Оқушылар жағдаятқа байланысты өз пікірлерін білдіреді. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Оқушылар өз пікірлерін айтады. |
|
|
Соңы |
Қорытынды: Өмір дегеннің өзі қыраттардан, ойлы- қырлы белестерден тұрады. Алдыңда не кездесетінін білмейсің. Одан ойдағыдай шығудың жолы адамның өзіне, жігеріне байланысты. Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында жастар ісіне, жастардың білім алуына көп көңіл бөліп отыр. Салауатты өмір салтын ұстануға бағыт береді. Тек салауатты өмір салтын ұстанған адамның қылмысқа бармасы анық. Адам барлық қиындықты еңбекпен ғана жеңеді. “Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық- аздырар адам баласын” деп ұлы Абай бекер айтпаған. |
|
|
V.Отбасы тәрбиесі
|
Тақырыбы |
Отбасы – өмір аясы |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Отбасының бала тәрбиесіндегі орнын түсінеді; Ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту . |
||
|
Құндылығы |
Сыйластық |
||
|
Ресурстар |
Слайдтар, суреттер, қанатты сөздер. |

І.Ұйымдастыру. II.Кіріспе. III.Үй тапсырмасы: «Менің отбасым» — эссе жазу. IV.Ассоциация әдісімен тақырыпты ашу. V.Ой қозғау. VI. Мақалдың жалғасын тап. VII. Жағдаяттар шешу. VIII.Ертегі құрастыру. ІX.Рефлексия. X. Қорытындылау.
І. Ұйымдастыру: a) Сәлемдесу; ә) Релаксация –«Сиқырлы әлемге саяхат». |
Топқа бөлінеді.. |
|
|
Ортасы |
ІІ. Кіріспе: Қипақтайды қит етсе анаң, әкең: — Қайтсем ғана осыны адам етем? Басқалардың осындай балалары, Тап осындай жаңғалақ шала ма екен? Ойым емес оллаһи, біздікінің Енжарлығы елде жоқ ала бөтен….. Туа сала тұлпардың жалын тартқан, Қырғиларға қызығып қарап өтем. ……. Үміт пенен күдіктің ортасында Ата-ананың үміті талады екен! Міне осылайша баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды екен. Ұлы данамыз Ыбырай Алтынсарин айтқандай «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламайтын бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды».
ІІІ. Үй тапсырмасы: Алдын ала берілген «Менің отбасым» тақырыбындағы сынып оқушыларының жазған эсселері тыңдалады.
Мұғалім: «Әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И. Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана бала үшін еңбірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. IV. Ассоциация әдісімен тақырыпты ашу. «Отбасы» деген сөзді естігенде ойымызға не оралады?
Мұғалім: Әрбір адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүректері жылыжандарды көреді екен. Ол – АТА-АНА. Балаға олардан артық, оларданқымбат жан жоқ. Әрбір ата-ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстыңболмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Ендігі кезекте оқушыларғаой-қозғау ретінде ата-аналары жайлы сұрақтар қойылады, солардыңжауаптарына құлақ түрейік.
V.Ой қозғау. Оқушыларға сұрақтар: Ата-ана сен үшін кім? Ата-анаңның қандай жағымсыз, жат қылықтан аулақ болғанын қалар едің? Ата-аналарыңның қандай жақсы істерін мақтан тұтасыңдар және басқаларға үлгі етесіңдер?
Мұғалім: «Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтқандай ата-ана баласының түйсігіне қандай із салса, бала сол жол-мен жүре беретіні белгілі. Қазір оқушыларға отбасы жайлы мақал-мәтелдердің басы оқылады, ал аяғын оқушылар жалғастырып табады.
VI. Мақалдың жалғасын тап.
4. Жақсы сөз — ………………………………….. 5. Ұяда не көрсең …………………………….. 6. Отан ……………………………………………. 7. Қыз өссе елдің көркі, …………………….
Мұғалім: «Бала тәрбиесі – басты байлығың, Кешіксең көретінің қайғы-мұң» деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өзінің 10-шы қарасөзінде айтып кеткен екен. Қай ата-ана да баласын жаман болсын демейді. Барлық ата- ана балам жақсы болып өссе екен, елімнің қалаулы азаматы болса екендеп армандайды. Бала өскен сайын оның тәрбиесі де күрделеніп, оғанқойылатын талаптар да күшейе түседі.
VII. Жағдаяттар шешу. 1-жағдаят: Менің жақын туысымның менімен шамалас бір баласы бар. Ол өзі өтірікші бала. Көзбе-көз өтірікті айта салып тұра береді. Біздің үйге күнде келіп, менімен ойнағысы келеді, оның басқа ойнайтын, бірге жүретін ешқандай досы жоқ. Өтірікті көп айтудың салдарынан барлық достары одан теріс айналды. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба, қалай ойлайсыңдар?
2-жағдаят: Менің парталас көршім үнемі үйге берілген тапсырмаларды орындамай, жазбай келеді. Өйткені оның қолы ойыннан босамайды. Мұғалімдер тапсырмаларды сұрағанда қатты қысылады. Берілген тапсырмалардың барлығын менің дәптерімнен көшіріп алады. Ал тапсырмаларды көшіруге бермесем «Сараң» деп мазақ қылады. Менің не істеуім керек?
VIII. Ертегі құрастыру. Берілген сөздермен оқушылар отбасы жайлы ертегі құрастырады. Берілген сөздер:бақытты, әке, жауапкершілік, бала, мен, қайырымдылық, қамқорлық, ана, туған-туыс, әлем. |
Оқушылар өздері жазған эсселерін оқиды. Отбасы – алтын ұя, киелі шаңырақ. Отбасы – жылулық. Отбасы – ананың аялы алақаны.
Отбасы – әкенің мейірімді жүрегі. Отбасы – бала бақыты. Отбасы —шағын мемлекет. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Отбасы – кішкентай бір мемлекеттік ұя. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мақалды жалғастырады. Оқушылар жағдаятты шешу үшін өз ойларын айтады. Берілген сөздермен оқушылар отбасы жайлы ертегі құрастырады. |
|
|
Соңы |
IX. Рефлексия. Қызыл – маған сынып сағаты ұнады, мен барлығын түсіндім. Көк – маған сынып сағаты ұнады, бірақ мен толық түсінбедім. Сары – маған ұнамады, мен ештеңе түсінбедім. Осы берілген түстерді таңдай отырып оқушылар өз ойларын білдірген стикерлерін жабыстырады.
X. Қорытындылау: а) Ата-аналарға жадынама – бейнеролик «Бала тәрбиесі» — Асыл арна. б) Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды, Үлгілі ұрпақ атадан бата алады. Бар жақсылық балаға бұл ғаламда Мейірімінен ананың жасалады. Жырақ жүрген ата-анасын сағынған, Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан. Екеуінің қуанышы, тілегі Әрқашанда бір арнадан табылған. Олай болса, құрметті ұстаздар, оқушылар! Отбасыларыңызға тек қана қуаныш, бақыт тілеймін. Егеменді елімізде тек тыныштық болсын, бақытты отбасыларымыздың шаңырағы шайқалмасын дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымызға белсене қатысқандарыңызға рахмет айтамын!
|
Жеңімпаз топ анықталады. |
|
|
Тақырыбы |
Менің бақытты жанұям |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Отбасы құндылығын түсінеді. Отбасы әдебі мен тәртібін біледі. Өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді. |
||
|
Түйінді түсінік |
Отбасы, адамзат, қоғам. |
||
|
Құндылығы |
Сыйластық,әдептілік |
||
|
Ресурстар |
Интербелсенді тақта, компьютер, флипчарт, смайликтер, бәйтеректің суреті және көбелек, алма стикерлері, рефлексия парағы, «Перзент парызы» видеоклипі, «Мерейлі отбасы» байқауының үзінділері |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Топтық жұмыс |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Топтық жұмыс: ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
І.Ұйымдастыру. Кіріспе Оқушылармен амандасу, түгендеу. - Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. - Біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық? Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Ойсергек: «Сәлемдесу» Шеңберде тұрып оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі. Мысалы:Салем! Сәлеметсің бе? Есен-амансың ба? Қалайсың? Ні Т.б Топқа бөлу: Оқушыларды Отбасы, ата-ана туралы мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу. - Балалар, біз неге осы сөздер арқылы бөліндік? Мақал-мәтел қиындылары: «Әке-асқар тау, ана-бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» «Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя» Оқушылар мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді. Тұсаукесер -Отбасы дегеніміз не? Қалай түсінесізіңдер? Отбасы қандай болуы керек?
Отбасы туралы пікірлерін ортаға салу. -Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыздар ол қандай әлем болуы мүмкін. Ол сіздер өскен шағын мемлекет, яғни жанұя бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтары. Сыйластық, жарастық орнаған орта; шағын мемлекет;ата-әже, әке-шеше; қоғамның басты негізі; бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы; адам ғұмырының тірегі. Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата –әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады. Отбасы - бірге тұратын, бір - біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары. Ата-анамыз біздің тұрмысымыз жақсы болуы үшін еңбек етеді. -«Батыр ана» қалай түсінесіңдер? Көп баланы дүниеге әкелген ананы- Батыр ана деп атаймыз. Көп бала өсірген аналарға «Күміс алқа», «Алтын алқа» беріледі. Сынып бойынша Алтын алқа, күміс алқа алған аналалар туралы мәліметті мониторинг арқылы көрсету. Ойланып дәптерге түсіріп, анықтама береді, жауап береді. Топтардағы әр оқушының пікірін тыңдау. Интербелсенді тақтаға келіп жазады - ойланады; - естеріне түсіреді -мысалдар келтіреді. |
Топқа бөлінеді. Отбасы туралы пікірлерін ортаға салады |
|
|
Ортасы |
Негізгі бөлім
1-топ: «Отбасы татулық негізі» атты постер
жасайды.
Осыдан кейін оқушылар төмендегідей
тапсырмаларды
орындайды. |
Әр топ өз топтарының атауына байланысты постер қорғайды. Әр топ өзіне берілген тапсырмаларын орындайды. 1-топ: «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазады. 2-топ: Венн диаграммасы: Отбасы және мектеп 3-топ: 5 жолды өлең. |
|
|
Соңы |
Қорытынды
«Жақсы тілек – менен» әр оқушы
көбелекке, алмаға тілек жазып, тақтадағы «Тілек ағашына»
қондырады.
Оқушыларға жаднама таратып
беру. |
«Жақсы тілек – менен» әр оқушы көбелекке, алмаға тілек жазып, тақтадағы «Тілек ағашына» қондырады. «Біз бақытты жанұямыз!» тақырыбында сурет салады. |
|
|
Тақырыбы |
Анаға қарап қыз өсер |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Отбасындағы ананың рөлін түсінеді; Ана мен қыз балаға құрметтің ерекшелігін түсінеді; Сахна мәдениетін меңгереді. |
||
|
Түйінді түсінік |
Ана, сүйіспеншілік, құрмет |
||
|
Құндылығы |
Сыйластық, сүйіспеншілік |
||
|
Ресурстар |
Интербелсенді тақта, нақыл сөздер,шарлар,гүлдер. |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Мерекелік концерт |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
Мұғалім
сөзі: |
Мұғалімді мұқият тыңдап, өз ойларын айтады. |
|
|
Ортасы |
1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен
басталды 2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Ардақты ана, аяулы ана,
қымбаттым, 1-жүргізуші:
Анам менің, асылым, лағыл
әнім, Алдарыңызға әнші қыздарыңыз орындауындағы «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
1-жүргізуші: Бишілер билеп кетті тербетіле. Аққудай қалықтаған теңіздегі, Бишілер өнерлерін көрсетуде,- Келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. (7-сынып қыздары) 2-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов. 1-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
2-жүргізуші:
Хадис: Мұхаммед айтқан:
1-жүргізуші: Жайдарман Бүгінгі мерекелік құттықтау сөзді сыныбымыздың оқушыларына береміз.
2-жүргізуші: Би: Флешмоб
1-жүргізуші: 2-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.
1-жүргізуші:
1-жүргізуші: Хор «Ана » 2-жүргізуші: |
«Ана» атты ән орындайды. Ана жайлы өлең шумақтарын айтады. Сыныптың ұлдары «Жайдарман» Би: «Флешмоб» Сынып оқушылары Хор: «Ана» |
|
|
Соңы |
Қорытынды
Не
деген құдірет едіңіздер, аналарым! 1-жүргізуші: |
«Жақсы тілек – менен» әр оқушы көбелекке, алмаға тілек жазып, тақтадағы «Тілек ағашына» қондырады. |
|
|
Тақырыбы |
Менің отбасымдағы рөлім |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Отбасы туралы түсініктерін кеңейеді; Баланың үйдегі орны туралы біледі. Отбасы мүшелерінің сыйластығының маңызын ашады. |
||
|
Түйінді түсінік |
Әже, ата, әке, ана, аға, іні, әпке, қарындас. |
||
|
Құндылығы |
Сыйластық |
||
|
Ресурстар |
Отбасы мүшелері туралы көркем сөздер, үлгі суреттер, слайд көрсету. |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
эссе |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Түсіндіру, сұрақ-жауап |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
І.Ұйымдастыру. «Сенің есімін» жаттығуы. Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру.
Әр оқушы өз есімін параққа жазып, әр әріпіне жағымды сөздер табады. Мысалы: Дамир Д- денелі А-аяулы М-мықты И-инабатты Р-романтикалы Жағымды сөздерді жазғаннан кейін барлығы оқып шығады. |
Әр оқушы өз есімін параққа жазып, әр әріпіне жағымды сөздер табады |
|
|
Ортасы |
Кіріспе сөз Мұғалім сөзі
Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады. Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты. Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.
Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттануынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.
«Менің отбасымдағы рөлім» тақырыбында эссе жазу |
Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап, өз ойларын қосады. «Менің отбасымдағы рөлім» тақырыбында эссе жазады. |
|
|
Соңы |
Қорытынды Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Сондықтан отбасы – өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. |

VІ. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
|
Тақырыбы |
Экономика туралы не білемін? |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Мамандықтардың түрін ажыратады;; Ақша туралы түсініктері, банк қызметі мен салық, салықшы сөздерінің мағынасын түсінеді. |
||
|
Түйінді түсінік |
Экономикалық потенциал, Экономикалық ынталандыру қоры, т.б. |
||
|
Құндылығы |
Әділеттілік |
||
|
Ресурстар |
ҚР түрлі купюраларының жиынтығы, кубик, ақша тақырыбына арналған карточкалар |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Ой толғау |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Баяндама оқу, әңгімелесу, сұрақ жауап |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
І.Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал қалыптастыру. “Мен –ғажаппын!” Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн. Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.
|
Әр оқушы өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздерін айтады. |
|
|
Ортасы |
Баяндама
Тарихы Алғашқы қауымдық қоғамында экономикалық дамудың деңгейі төмен болып тауарды тұтыну өмір сүру үшін қамтамасыз еткен. Басында ежелгі адамдар өмір сүру үшін аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан, бірақ неолитикалық төңкерісінің нәтижесінде егіншілік және мал шаруашылығы пайда болды. Қоғамның дамуы әлеуметтік теңсіздікке және еңбектің бөлінуіне әкеліп, әлеуметтік бөлінген топтар және мемлекеттер пайда болды. Құлиеленушілік пайда болды. Табиғи алмасу түрінде (бартер) бірте-бірте тауар айналымы дамытылды, бірақ ақшаның пайда болуымен ол сауда-саттыққа өзгертілді. Соған қарамастан Ежелгі әлем және Орта ғасыр қоғамдастығында натуралды шаруашылық басымды болды. Көптеген ежелгі мемлекеттерде сарайішілік экономика болып, натуралды шаруашылық пен жоспарланған шаруашылықтың ұштасуының негізінде жүргізілген. XV ғасыр аяғында Ұлы жағырапиялық ашылулар дәуірі басталып, әлем экономиасы құрылды, бастапқы жинау дәуірі басталды. XVIII ғасырдың аяғында өнеркәсіптік төңкеріс басталып, көптеген дамыған елдерде XIX ғасырдың аяғында халықтың көпшілігі ауыл шаруашылығында емес, өнеркәсіпте болды. Басыңқы экономикалық жүйе ретінде капитализм болды, дәстүрлі қоғамның заманауи қоғамға айналу үрдісі басталды, аграрлық қоғам индустриялық қоғамға өзгере бастады. XX ғасырда бірқатар елдерде әкімшілік- басқару социалистік экономикасы қалыптасты. Басқа елдерде капитализмнің өсуі байқалды. XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық төңкеріліс болды. Соның нәтижесінде жақсы дамыған елдерде индустриялық қоғам постиндустриялық қоғамға айналды. Бірқатар елдерде, соның ішінде Ресейде, объективті және субъективті себептердің әсерінен постиндустриялық қоғамға айналуы тоқтатылып тұр. Экономикалық потенциал(сөздікпен жұмыс) Экономикалық потенциал - нақты тарихи кезеңде біртұтас халық шаруашлығы комплексінің материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтынуды жүзеге асыру және жеке адамның жан жақты дамуы мен жақсы тұрмыс құруына жағдай жасау мүмкіндіктерін сипаттайтын әлеуметтік экономикалық категория. Экономикалық потенциал экономиканың ұдай өндіріс мүмкіндіктерін белгілейді, оның көлемі ұлттық байлықтың мөлшеріне, табиғи, материалдық, еңбек, өндірістік ресурстардың саны мен сапасына және оларды қаншалықты ұтымды, тиімді пайдалана білу дәрежесіне байланысты болады. Еліміздегі зерттелген пайдалы қазбалардың мол қорлары экономикалық потенциал құрылымының бастапқы элементіне жатады. Ал, жетекші элементіне еңбек ресурстары, олардың мамндандыру деңгейі және өндірістік мәдениет дәрежесі кіреді. Экономикалық ынталандыру қоры Экономикалық ынталандыру қоры - коллективті және олардың мүшелерін аса маңызды өндірістік және финанстық тапсырмаларды орындағаны үшін материалдық ынталандыруға арналған ақшалай қаржылар. Кәсіпорындар мен өндірістік бірлестіктерде пайда есебінен материалдық көтермелеу, әлеуметтік мәдени шаралар мен тұрғын үй құрылысы, өндірісті дамыту қорлары жасалды. Тауар өнімі мен оны өткізу көлемінің өсуі, тиімділік және еңбек өнімділігінің артуы, қор қайтарымы, өзіндік құнның кемуі, белгіленген жоспарлы мерзімге сәйкес өндірістік қуаттарды игеру, өндірістің жалпы көлемінде жоғары категорияда өндірілегн өнімнің үлес салмағы, қор құрау көрсеткіштері төмен болып табылады. Еңбек коллективтерінің шаруашылықтағы инициативасының кең өріс беруі, олардың өндірістік қызметінің түпкі нәтижелерге жетуге деген ынталылығын күшейту үшін экономикалық ынталандыру қорының бесжылдықтың әр жылы бойынша сараланып, бекітілген тұрақты нормативтерге сәйкес жасалады. Видеоролик көрсету: «мамандықтар шеруі» |
Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап, өз ойларын қосады. Оқушылар экономика ұғымына байланысты білгілері келетін сұрақтарын қойып, өздері білетіндерін оқушылармен бөліседі. |
|
|
Соңы |
Қорытынды Экономика адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ресурстарды қалай бөлетінін зерттейтін ғылым. Қоғам экономикасыз болмайды. Экономиканың негізгі қызметі адамдардың өмір салтын жақсарту, оларға қажетті заттармен қамтамасыз ету болып табылады. |

Судың сырын білесің бе? |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушылардың қоршаған орта жайлы түсініктерін кеңейеді; Табиғатты қорғауға үйренеді; Судың сырын түсініп, үнемдеуді үйренеді. |
||
|
Түйінді түсінік |
Су адамның өмір сүруіндегі негізгі атрибуттың бірі. |
||
|
Құндылығы |
Әділеттілік, жауапкершілік |
||
|
Ресурстар |
Интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, өлең шумақтары, қабырға газеті, гүлдер, суреттер, «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша дайындалған видео фильм. |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Зерттеу жұмысы |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап |

Мысалы:
- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін. - Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да. - Мен ғажаппын, мен кереметпін. - Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты. - Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды. - Мен тамаша жанмын. - Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын. - Мен сабырлымын, салмақтымын. - Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды. - Мен әділетті, адал жанмын. - Мен айналама бақыт шуағын шашамын. - Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін. - Менің қолымнан бәрі келеді. - Мені тек жақсы адамдар қоршаған. - Мен үшін өмірдің қызығы мол. - Мен бәріне ризамын. - Мен бақытты адаммын. |

Сабина
Су адамның өмір сүруіндегі
негізгі атрибуттың бірі. Сусыз өмір жоқ. Өйткені адам өмірін
қамтамасыз етудің бүкіл жүйесі суды пайдаланатын технологияларға
негізделген. Атамыз қазақ «судың да сұрауы бар» деп жатады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, бүгінде дүниежүзінде екі
миллиард адам су тапшылығынан зардап шегеді. Көптеген ғалымдар суды
зерттей келе ол тек тіршілік көзі ғана емес, сондай-ақ оның өзіндік
құпия сыры бар екенін айтуда. Ендеше мөлдір судың мөлтек сырын ашып
көрелік.
Нұрдаулет 1956 жыл. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жаппай қырып жою қаруын жобалау мен жасау әскери институтының жабық зертханасы. Жаңа замандағы бактериялық қару туралы бірнеше сағаттық ғалымдар отырысы басталады. Кенеттен отырыс тоқтатылып, ғалымдар тамақтан улану белгісімен ауруханаға әкетіледі. Уланудың себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіледі. Ал ғалымдардың ортақ ішкен асы отырыстағы үстел үстіндегі қарапайым ауызсу ғана болатын. Суды улауы мүмкін деген оймен судың құрамына сараптамалық зерттеу жүргізіледі. Бір қызығы, тексеру нәтижесі көрсеткендей оның құрамында Н2О-дан басқа молекулалық қосынды табылмайды. Бірақ судан басқа себебі анықталмаған қорытынды сараптамаға улану «ауыз судан» деп жазылды. Дәл осы жағдай орын алғаннаннан соң 20 жыл кейін ғалымдар ғажайып болжам ұсынды. Ол болжам бойынша «судың есте сақтау қабілеті бар» делінді. Судың жаңа ашылған осы қабілеті судың тұңғиық сырларына жетелей түсері анық. «Неліктен?» деген сауалға жауап іздеуші ғалымдар саны күннен-күнге көбейіп келеді. Ресейдегі Мәскеу Мемлекеттік университетінің биология факультетінің профессоры, ғылым докторы Владимир Воейков осыған қатысты былай дейді: «Міне, біз жаңа ғана ғылымда орасан батыл қадам жасадық. Біз шындығында суды білеміз деп жүріп, ол туралы түк білмейтіндігімізді түсіндік. Иә, осыны мойындаудың өзі үлкен ерлік, өйткені бұдан кейін адам бойында білуге деген құштарлық пайда болады». Бүгінде өркениет деп аталатын, бірақ адам баласының ақыл-ойын тар шеңберге шырмап тастаған үрдіс негізінде дүниенің көзге көрінетін және көрінбейтін сырларын тану көкжиегіміз қандай деңгейде екенін бағамдай беріңіз. Орыс ғалымы А.Одоевский «Европа рационализмі бізді ақиқаттың қақпасына ғана алып келді, бірақ ол қақпаны ашуға қауқары жоқ екенін көрсетті» деген тұщымды пікір айтқаны бар. Қазіргі таңда адам баласы әлемді танудың жаңа заңдылықтары табалдырығында тұр, бұл үрдіс жаңа әдістемелерге жол ашып отыр. Шыңғысхан Оған дәлел жақында жарық көрген «Судың ұлы құпиялары» аталатын қайталанбас тележоба. Жобаның мақсаты – жалпы физикалық заңдылықтардың шегіне сыймайтын су көрсетіп отырған құбылыстардың тылсым қасиеттеріне ену. Фильмге ғалымдармен бірге әртүрлі елдің теолог ғалымдары да қатысқан. Фильмді дайындаушылар: «Фильм дәлелдемейді, ол нақты айғақтарды ұсынады. Сену немесе сенбеу – әркімнің ісі. Ең бастысы осы жайында ойлануға және ойды өрбітуге мүмкіндік туғызу ғана» деп мәлімдейді. Негізгі идея – суға бағдарлама беру мүмкіндігі арқылы ауыр сырқаттарды сумен емдеу, ауа-райын басқару, адамтанудың жаңа сатысын игеру. Фильмнің басы судың төңірегіндегі толассыз жиналған сұрақтардан басталады. Одан әрі оған ғылымнан жауап іздейді. Әсемай Су кереметі
Әлем бойынша «Судың жады»
тақырыбындағы тұңғыш диссертацияны Ресейлік ғалым С.В.Зенин
қорғады. Осы уақытқа дейін судың ұзақ уақыт бойы бір құрылымды
түзуі мүмкін емес деген ұстаным үстем болып келгенді. Бірақ та
есептеулер көрсеткендей, су дұрыс құрылымды көлемдік формаға ие,
оның негізінде 57 молекуладан құралған кристалл тәрізді су кванты
жататыны анықталды. Бұл құрылым энергетикалық тиімді және спирт пен
сол тәрізді еріткіштердің жоғарғы концентрациясында бос молекулалар
босауымен бұзылады.
Нұрай
Ораз |
Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап, өз ойларын қосады. Жазба жұмысын жазады. |
|
|
Соңы |
Қорытынды Түйін: Су ойлай алатын, барлық ғаламмен мәлімет алмасушы субстанция ретінде көрінеді және оның адамзат үшін маңызды жақтары көп. Эмото Масару жердің әртүрлі қайнарларынан алынған су кристалдарының құрылымы таңғаларлық өзгешеліктерге ие екенін анықтады. Ластанған су бұзылған және кездейсоқ құралған құрылым берді. Таулар ағыны мен бұлақтардан алынған сулар геометриялық керемет құрылған. Одан әрі ғалым судың құрылымына қалай әсер ететінін тексерді. Бұл айғақ атам қазақтың ұстанған салт-дәстүрінен байқалып отыратын, қарапайым күнделікті тіршілік болатын. Даланың өмірін кешегі күнге дейін қалаға ауыстырмаған қазақ үшін табиғат пен махаббат бір тұтас жүйе болды. «Обалы бар» деп көк шөбін жұлдырмай, суын былғамай келген аталарымыз табиғатқа деген құрмет ықылым заманнан бар болатын. Мәселен, қазақта киіз үйдің іргесіне шыққан көк майсаны «жаңа туған төлдің несібесі» деп мәпелеп өсірген. Қой-ешкіні бейсауат жолатпай, бала-шағасына бастырмаған. «Бір қозы туса, бір жусан артық өседі» деген халық даналығының түбінде осындай дәстүр жатқанын қалай аңғармассың. |
|
|
|
Тақырыбы |
Адам-табиғаттың бір бөлігі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Адам баласы үшін табиғаттың орнын түсінеді. Табиғатты қорғауға үйренеді. |

Табиғат дегеніміз - бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге тірек болып тұрған болмыс, әсем дүние. |

суреттер, сөзжұмбақтар, слайдтар |

|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Басы |
І.Ұйымдастыру.
Бүгін бізде «Табиғат тамашалары» тақырыбы бойынша ерекше сабақ. «Табиғат адам үшін жаралыпты, Бар қызық табиғаттан таралыпты» демекші бүгінгі сабағымызда өздеріңді қызықты жұмбақтар, сұрақтар, сайыстар күтуде. Ендеше, өздеріңмен бірге бұл сабақта терең ақыл-ой, ептілік, икемділік, көтеріңкі көңіл күйлеріңді ала жүріңдер.
I топ «Жасыл желек» II топ «Жер ана» III топ «Жануарлар» Сайысымыз V айналымнан тұрады. I айналым «Табиғат дегеніміз не?» (Ой қозғау бөлімі) II айналым «Сөз маржаны» (Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер сайысы) IIIайналым «Білгенге маржан» (Сұраққа жауап беру) IVайналым «Танымдық ойын» (Сөзжұмбақ шешу) Vайналым «Ой толғаныс» (Қай жануар, өсімдік, жер туралы сөз болып тұр) |

II Негізгі бөлім. I айналым: «Табиғат дегеніміз не?» (Ой қозғау бөлімі)
Әр топ өз ойларын ортаға салады. 1-оқушы: Табиғат дегеніміз - бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге тірек болып тұрған болмыс, әсем дүние. 2-оқушы: Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін, ол ештеңемен былғанып, уланбаған болуы тиіс. Бұны біз табиғат тазалығы дейміз. 3-оқушы: Табиғат тазалығын сақтайтын да, оны былғап, улайтын да – адам. Адам өзінің де, табиғаттың да, қаласа досы санасыз іс-әрекет жасаса жауы бола алады. 4-оқушы: Бүгінгі таңда шегіп отырған экологиялық зардаптар, бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Қазақстандағы Арал, Балқаш, Семей полигонынан зардап шеккендер т.б. адам қолымен жасалған залалдар қаншама. 5-оқушы: Табиғаттан табар адам керекті, Отын етіп, кесіп емен, теректі. Егін егіп, өнімдерін алумен, Малдарына орып жасыл желекті Қақпан құрып, бүркіт салып аңына, Өрт шығарып ну орманның маңына Неге біздер жол береміз осындай, Суық қолды адамдардың торына. 6-оқушы: О, табиғат! Тағдырымсың сен менің, Сенің барлық өзен, тау мен көлдерің. Ауаң, суың, өсімдігің болмаса, Дүниеде қалай өмір сүремін. Құдіреті мол табиғат, мен саған, Әрқашан алғыспен бас иемін. Мұғалім: Адам табиғатқа үнемі аялай қарамаса, не алғысы келсе соны алып, алғанының орнын толтырмаса табиғат байлығы да таусылады. Табиғатты қорғап күтсе ғана ол көбейеді. Қазіргі кезде табиғатты қорғаудың әр түрлі шаралары қолданылады. Сол себепті Қазақстан бойынша бірнеше қорықтар ашқан.
слайд
Мұнда табиғатымыздың шалғын жерлері, аңдар, құстарды, өсімдіктерді қорғауға алынған. II айналым «Сөз маржаны» (Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер сайысы) Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер сайысы.
I топ «Жасыл желек» 1. Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын. 2. Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады.
II топ «Жер ана» 1. Диқан жерін анасындай сүйеді, Жер диқанын баласындай сүйеді. 2. Құс қонбаған көл жетім, Ел қонбаған жер жетім.
III топ «Жануарлар» 1. Көп құрақ-көлдің сәулеті, аң мен құс елдің дәулеті. 2. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
IIIайналым «Білгенге маржан» (Сұраққа жауап беру) Әр топқа 6сұрақтан қойылады, дұрыс жауап бергендерге 1 ұпайдан бағаланады. слайд I топ «Жасыл желек» 1.Әлем құсы (көгершін) 2.Құлағы аяғында орналасқан жәндік? (шегіртке) 3.Өте күшті жер сілкінуден пайда болған толқын? (цунами) 4.Шұбалшын қай топқа жатады? (құрттар) 5.Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орында? (9) 6.Аңдар патшасы? (арыстан)
II топ «Жер ана» 1.Қанаты болса да қай құс ұша алмайды? (Түйеқұс) 2.Ең қатты ағаш? (Емен) 3. Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан? (Евразия) 4.Құйрығы өздігінен үзілетін жәндік? (кесіртке) 5.Көктемде алғаш шығатын гүл? (жауқазын) 6.Көбелектің дәм сезу мүшесі қай жерінде орналасқан? (аяғында)
III топ «Жануарлар» 1.Қай құс жүзеді, бірақ ұшпайды? (пингвин) 2.Ауылдың байлығы неде? (құнарлы жерде) 3.Әлемдегі ең биік жануар? ( керік) 4. Қазақстандағы ең ірі сүтқоректі? (бұғы) 5.Күнге ең жақын орналасқан планета? (меркурий) 6.Ең ірі жылан? (питон)
IV айналым «Танымдық ойын» (Сөзжұмбақ шешу) Әр топ сөзжұмбақты толтырады. Қай топ көп торды толтырады? 1.Шөлге төзімді жануар (түйе) 2.Көктемде ақ гүлге оранады, күзде қолға доп болып оралады (алма) 3.Жезге ұқсас сабағы, дәні халық тамағы (бидай) 4.Жем-шөптен бір тартынбайды, сабасы да сарқылмайды (сиыр) 5.Дауылға нық күшті, ағаштың мықтысы (қарағай) 6.Орақ болып туады, табақ болып тынады (ай) 7.Біреуін жерге беріп, күзде оны тереді (тұқым) 8.Кең байтақ су, ішуге болмайды (теңіз) 9.Жасыл тонның бояуы жыл он екі ай оңбайды. (шырша) 10.Суда өседі, судан шықса өледі.(балық) 11.Сылдырдан қорқады, шошып жортады.(қоян) 12.Тіл ұшында уы бар, ол не екенін біліп ал.(жылан) 13.Еті қызыл, сүті тәтті, күзде жерде өсіп жатады.(қарбыз)
V айналым «Ой толғаныс» (Қай жануар, өсімдік, жер туралы сөз болып тұр)
I топ «Жасыл желек» Европалықтар тұңғыш рет бұл өсімдікті Американы ашқан кезде Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген. Европаға бұдан 400 жүз жыл бұрын алып келген. Алғашқыда оны бақтарда сән үшін өсірген, кейінен оның тұқымын жеуге жарайтынын байқаған. Қазір бұл өсімдіктің беретін басты нәрсесі - оның майы. Қай өсімдік туралы сөз болып тұр?
II топ «Жер ана» Ол - Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл.Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Қазақстан үлесіне 29% (2340км), Ресейге-16%, Азербайжанға-20%, Түркіменстанға-21%, Иран, Исламға-14% тиеді. Балыққа өте бай. Қай теңіз туралы сөз болып тұр?
III топ «Жануарлар» Бұл жануардың мекені Африка мен Оңтүстік Шығыс Азияда тіршілік етеді. Жо- тасы дөңес, көзі сығырайған кішкене,жарғақ құлақты, аяғы діңгектей жуан, сойдиған азу тісті алып жануар. Бұл қай жануар туралы сөз болып тұр? |
Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап, өз ойларын қосады.
Оқушылар топпен жұмыс жасайды.

III
Қорытындылау. Әділқазылар өз шешімдерін
шығарғанша, «Табиғат біздің қолымызда» атты тақырыпта ойын
ұйымдастыру. Ойынның мақсаты: қоршаған ортаны гүлдендіру, салауатты
өмір салтын қалыптастыруға үлес қосу, экологиялық зардаптарды
болдырмау.
|
Жеңімпаз топты анықтау. |

Бізді қоршаған әлем |
||
|
Сабақтың мақсаты |
1) Табиғатты, қоршаған ортаны қорғауды түсінеді; 2) Табиғаттың әрбір бөлшегі азамат баласы үшін асқан байлық, қайталанбас қазына екенін, денсаулықтың қорғаны екенін біледі; 3) Табиғатты қорғауды, қоршаған ортаны ластамай сақтауға үйренеді. |
||
|
Түйінді түсінік |
Табиғат, экология |
||
|
Құндылығы |
Әділеттілік, жауапкершілік |
||
|
Ресурстар |
Үн қағаз, табиғат туралы нақыл сөздер, табиғат туралы суреттер |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Ой толғау |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
І.Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушылар өздерін қалаған ағаш түрлерінің қасиеті арқылы сәлемдесу арқылы таныстырады. Мен-шыршамын,мәңгі жасылмын, жан-жағыма қуаныш сыйлаймын. Мен-қайыңмын, сұлумын,сымбаттымын,т.б.
|
Әр оқушы өзін қалаған ағашының қасиеті арқылы сәлемдеседі |
|
|
Ортасы |
Кіріспе. Балалар, Мұзафар Әлімбаев атамыз: «Туған жерді сүю парыз, Сүю үшін білу-парыз, Қасиетін ұғу-парыз Күзетінде тұру- парыз- деп айтқандай кең байтақ еліміз жайлы, бізді қоршаған әлем туралы білуіміз керек. Мынау біздің үн қағазымыз. Ол бес беттен тұрады. Әр беттің өз тілшісі бар. 1 бетте-бала көңілсіз, ол неге көңілсіз. Ол үшін сөз тілшіге береміз. 1-ші тілші. Ауа туралы жұмбақ айтады Бір нәрсе жер мен көктің арасында, Көрінбейді өзі түгіл, қарасы да. Білінбей жер үстінде жүсе-дағы Пайдалы адамзаттың баласына. (ауа) Ауа жөнінде кім қандай ауа туралы пікір айтады? Балалар ауа туралы такпақ айтады. Балаларға сұрақтар беремін. -Ауа арқылы не болады? -Грипп -Ауаны не ластайды? -Машина түтіні т.б Жер бетінде ауа үнемі қозғалыста болады. Жел арқылы лас ауа екінші жерге жетеді. Лас ауамен дем алу адам өміріне өте зиян. өсімдіктер мен жануарларға да таза ауа керек. Сондықтан ауаны таза ұстау керек. Ауа таза болса баланың көңілі шат көңілге бөленеді. 2-ші бетте микробтар тұр. Оларды біз тазарттық. 3-ші шеңберге тілші сөйлейді. Балалар кімнің ән тыңдағысы келеді, кімдер билегісі келеді? Қандай әншіні білесіңдер? Балалар өз өнерлерін ортаға салады. Балаларға дыбыстар туралы түсіндіремін. Қатты дыбыстар адамға зиянды. Қатты дыбыс адамның құлағын кемітеді. Мына белгілер сол үшін керек. Жағымсыз дыбыстарды қалай жоямыз. Оларды жайлатамыз деп стрелкаларды аламыз. 4-ші шеңберге тілші: Су туралы жұмбақ айтады. Жылт-жылт етеді, Жылғадан өтеді-ол не? (су) Су жайлы қандай мақал-мәтелді білесіңдер? Су қалай ластанады? Мына дақтар микроптар. Ал, енді балалар бұл суды тазалайық. Суды біз барлық тірі жанға пайдаланамыз. Су бар жерде тіршілік өмір бар. Су туралы мағлұмат айтып суды микробтан тазалаймыз. Суымыз тап-таза болды. 5-ші шеңберге тілші сөйлейді: Балалар табиғат туралы қандай тақпақ, тыйым сөздер, пікір айтамыз. Балалар:
Бар қызық табиғаттан таралыпты
Балалар табиғат туралы тыйым сөздер айтады. Құстар, аңдар, өсім- діктер туралы тақпақтар айтады. Ал, мінекей, балалар біздің 5-ші шеңберіміз де микроптан тазаланды. Орнына көбелек, құстар, аңдар, жәндіктерді т.б ілеміз. Енді мына баланы қараңыз. Ол енді күле ме екен. Олай болса күліп тұрған баланы қарайық. Қорытынды: Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой деймін. Бізді қоршаған әлем өте таза болу керек. Сонда біз күліп жүреді екенбіз. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап сүйе білейік. Табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды. |
Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап, өз ойларын қосады. Оқушылар қоршаған орта ұғымына байланысты білгілері келетін сұрақтарын қойып, өздері білетіндерін оқушылармен бөліседі. |
|
|
Соңы |
Қорытынды Бәрі хормен: Табиғаттың панасымыз Түйіп айтып сөзіміз Табиғаттың панасы Біздің мына өзіміз. Айналамызға көз жіберсек, алуан түсті бояуға шомылған сұлу көріністі байқаймыз. Ол суреттің ішінде ағаш та, бұта да, шөп те, гүл де, өзен-көлде де, тау мен тас та кіреді. Бұлардың бәрі сені қоршаған әлем немесе табиғат деп аталады. Осы әлемнің ішінде барлығымыз бармыз деп аяқтаймын. |

VІІ. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты
|
Тақырыбы |
Ұтымды тамақтану – денсаулық кепілі |
||
|
Сабақтың мақсаты |
|
||
|
Міндеттері |
Салауатты өмір салтын ұстану арқылы дұрыс тамақтанудың маңызын түсінеді. |
||
|
Түйінді түсінік |
Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. |
||
|
Құндылығы |
Салауаттылық |
||
|
Ресурстар |
Тамақтану туралы сөздер, ережелер, плакаттар, қызықты тапсырмалар т. б. |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Шығармашылық |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
әңгімелеу, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстар |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
І.Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Жүру барысы: І Ұйымдастыру бөлімі ІІ Сайыс кезеңдері 1. Таныстыру (дәрумендер өздерін таныстырады ) 2. «Кім шапшаң» (сұрақ - жауап) 3. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» 4. « Жағдаяттарды шешу» 5. «Тауып көр» (Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар) 6. «Ойлан тап» (денсаулыққа қатысты жұмбақтар шешу) 7. «Жалғасын тап» (мақал - мәтелдер) |
Топқа бөлінеді, тілектерін айтады. |
|
|
Ортасы |
І. Кіріспе
бөлім. |
Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап, өз ойларын қосады. Топпен бірігіп жұмыс жасайды. Тапсырмалар орындайды. Топқа берілген тапсырмаларды орындайды. Берілген жағдаяттарға өз ойларын айтады. Тыйым сөздердің мағынасын айтады. «Ойлан тап» жұмбақтар шешеді. Мақалдардың жалғасын табады. |
|
|
Соңы |
Қорытынды
Сайысты
қорытындылау |
Жеңімпаз топ анықталады. |
|
|
Тақырыбы |
Темекі және оның зияны |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Санитарлық – гигиеналық талаптарды біледі. Зиянды заттардың зардабын түсінеді. |
||
|
Түйінді түсінік |
Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. |
||
|
Құндылығы |
Салауаттылық, |
||
|
Ресурстар |
Түрлі суреттер, бейне жазба, темекінің зиянды жақтарын көрсететін нақыл сөздер, суреттер, мақал-мәтелдер. |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Сайыс |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
1. Баяндау; 2. Көріністер; 3. Өлең оқу. 4. Суреттер салу. 5. Тақырыпты талқылау. 6. Жарыс. |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
І.Ұйымдастыру.
«Менің тренингтік есімім». Шарты: Топ дөнгелек болып тұрады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып, өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады. Мысалы, Ақылды, арманшыл – Арсен, Сымбатты, сабырлы - Сабина, т.б. |
Топқа бөлінеді, тілектерін айтады. |
|
|
Ортасы |
І. Кіріспе
бөлім. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залалы да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық үш фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге шыққан сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық. Елбасымыз Н.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. 1-бағыт. «Темекі шегуді тоқтату» 2-бағыт. «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес» 3-бағыт. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес». Салауатты өмір салтының мақсаты - өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде. Темекі, ішімдік, нашақорлық – адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық екендігіне сіздердің көздеріңізді жеткізгіміз келеді.Олай болса, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз “Темекі – және оның зияны ” тақырыбында өтеді. 19 қараша Халықаралық темекі тартудан бас тарту күні. 2. Сайыстың кезеңдеріңмен, шартымен таныстыру. Сыныпты екі топқа бөлу. I - бөлім. Топтың атын анықтау. 1. «Денсаулық» тобы. 2. «Салауат» тобы. Салауатты өмір салты деген не?
1.
Спортпен шұғылдану ІІІ. Негізгі бөлім 1. Никотиннің зардаптары
Сабина: Бір данышпан темекі туралы сұрағанда «мен
темекінің үш жақсы жағын білемін» депті: ... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса үйде ояу адам бар екен ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан қабаған ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте қайтыс болады. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен. Рамазан: Елімізде мектеп жасындағы балаларға ішімдіктер мен темекі сатуға болмайтыны заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігіне жасөспірімдердің темекі шегуінің өзі үлкен дәлел болмақ. Бұл жөнінде мамандар «заңды күшейту керек, немесе «балалардың темекіге үйір болуы оның бағасының арзандығында» деген сияқты пікір тудыруда. Әсемай: Осы бір зиянды әдет қайдан шыққан? Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке тартып соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы Француздың әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі - дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын тудырған. Әуелгіде емдік шөп ретінде қолданылған. Ресейге саудагерлер арқылы келген. Ернұр: Темекінің зияны туралы не білеміз? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі зардабынан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе жоғары. Бір түйір темекі тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады. Әлия: Темекіден ауаға жылына 720 000 тонна күкірт қышқылы, 384000 тонна аммиак, 180000 тонна никотин, 660 000 тонна темекі майы, 550000 тоннадай иісті газ шығады. Темекі кез - келген ауруды ушықтырады, жүйке қызметін бұзады. О.Бекарыс: Салмағы 1 мг темекіде 10 - 15 мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді. Оны сорғанда ауызда 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам темекі шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді.
Әр топ Венн диаграммасын толтырады Венн диаграммасы арқылы темекінің “зияны” мен “пайдасы”
Бейнежазба көрсету. Көрініс: «Темекінің зияны»
1-оқушы: Даяна сәлем.
Нұрай: Әуес болып шылымға, Оқушыларына сөзтізбек беріледі. Сөзтізбек шешу (Денсаулық)
1.
Денсаулықты сақтау үшін немен шұғылдану керек (дене шынықтыру) Үндеу. Құрметті мектеп оқушылары! Біз 5 – сынып оқушылары, барлық мектеп оқушыларын салауатты өмір сүруге шақырамыз. Егер темекіні тастасаңыз:
24
– сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды. |
Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап, өз ойларын қосады. Топпен бірігіп жұмыс жасайды. Салауатты өмір салты деген не? 1. Спортпен шұғылдану 2. Күн тәртібін ұстау 3. Жеке бас гигиенасын сақтау 4. Жаман қылықтардан аулақ болу: Маскүнемдік, нашақорлық, шылым шегу. Никотиннің зардаптарын айтады. Топқа берілген тапсырмаларды орындайды. Бейнежазба тамашалайды. Көрініс қояды. Сөзтізбек шешеді. . |
|
|
Соңы |
Сабақты қорытындылау. «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, Үшеуімен бақытты болады өмір» дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан. Дені сау халық - бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер! «Денсаулық – зор байлық» демекші денсаулығымыздың өзіміздің қолымызда екенін әрдайым есте сақтайық. Сен өз өміріңнің қандай болғанын қалар едің? |
|
|
|
Тақырыбы |
Денсаулықты баптаймыз, Өмірімізді сақтаймыз |
||
|
Мақсаты |
Оқушылар салауатты өмір салтын сақтауды үйренеді. Зиянды әдеттерден аулақ болуды біледі. |

әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, тілек айту, пікірлесу, шығармашылық жұмыстар, жазба жұмысы |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
І.Ұйымдастыру. Түрлі-түсті қағазбен топқа бөлінеді. |
Топқа бөлінеді, тілектерін айтады. |
|
|
Ортасы |
1. Тақырып мазмұнын ашу. (Сұрақ –жауап түрінде)
Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» деп тегін айтпаған. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мәнберіп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салуқажеттілігін атап айтқан. Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тың- дап көрейік.
4.Адамға қарап жөтеліп, түшкірме, бұл ауа арқылы берілетін аурулардан сақтайды және әдепсіздіктің белгісі Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетініміздіекі топ боп сайысып, ортаға саламыз. 1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу.
1-
топ «Денсаулық»
2-
топ «Салауат» 2. Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру: І Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды. ІІ Кластер құру.
Денсаулық
салауаттылық сөздеріне синонимдік қатар, мағыналас сөздер
тауып, айту
2-
топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер.
1.
Д…… і (дәрі) 2-топ:
1. Г…и…на
(гигиена)
IV.
«Тәрбиекөзі – халықта». Екі топ денсаулықтуралымақал –
мәтелжазыпжарысады.
2- топ: |
Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап, өз ойларын қосады. Топпен бірігіп жұмыс жасайды. Оқушылар өздеріне берілген тақырыптарына сәйкес постер қорғайды. Екі топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып жарысады. |
|
|
Соңы |
Сайысты қорытындылау барысында оқушылар өнерін көрсетеді. 1-оқушы:
Жұмысқа жау-арақ мынау. VI Бекіту:
Тренинг «Қолшатыр…» Соңында шеңберде тұрып бір-бірлеріне денсаулыққа байланысты тілектерін білдіреді. |
|
|
VІІІ. Рухани-адамгершілік тәрбие
|
Тақырыбы |
Ұлылықтың басында ұстаз тұрар... |
||
|
Сабақтың мақсаты |
• Ұстаздардың еңбегін бағалайды. • Сахна мәдениетін меңгереді, • ұстаздарына құрмет көрсетеді. |
||
|
Түйінді түсінік |
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі –мұғалім. |
||
|
Құндылығы |
Имандылық, әдептілік |
||
|
Ресурстар |
Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер, шарлар, қабырға газеті «Менің алғашқы ұстазым» және слайдтар |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Әдеби-музыкалық кеш |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Мәнерлеп өлең оқу, ұстаздар жайлы әндер, билер орындау |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
1. Ұйымдастыру кезеңі Мұғалім сөзі: Күрең күздің жанға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекеміз – «Ұстаздар» күні де келіп жетті. Бүгін сол дәстүрлі мерекеге орай сынып оқушылары барлықтарыңызды шын жүректен құттықтау тілегімен, бәріңізге жақсы мерекелік көңіл- күй сыйламақ ниетпен өз өнерлерін көрсетпек. (музыкамен сырттан кіріп тұрады, қолдарында «Құттықтаймыз!» деген жазу) |
Ұстаздарды қошеметтеп қарсы алады |
|
|
Ортасы |
2. Негізгі бөлім 1-жүргізші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін біз мұғалімдер мерекесіне жиналып отырмыз. 2-жүргізуші: Осынау ерекше есте қалатын жаңа оқу жылында қадірлі ұстаздар сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке, шығармашылық табыстар тілейміз. 1-жүргізуші: Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіздер! 1-2-жүргізуші бірге: Құрметіне ұстаздардың тік тұрайық Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық Аяулы ұстаздардың мерекесін Барлығымыз қуанып қарсы алайық! Барлығы бірге «Ұстазым менің» әнін айтады 1- жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. 2-жүргізуші: Халқымыздың батыр ұлы Б.Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет,себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деп бекер айтпаған. 1-жүргізуші: Мектептің басты тұлғасы, жүрегі –мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтар тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан екенін баршамыз мойындаймыз. Енді кезекті өлеңдер мен әндерімізге берсек. Әлия: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей, Перне басқан оркестрдің үніндей Әр баланың жүрегіне жол тауып, Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей. Әр сабаққа кіресің сен сыйынып, Жыр оқисың нөсер болып құйылып Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің, Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп Жалын атып, от боп, бірге жанасың, Білім беріп, содан бақыт табасың Бар өмірің өрнектеліп баламен, Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың. Шыңғысхан: Жалын атып, от боп, бірге жанасың, Білім беріп, содан бақыт табасың Бар өмірің өрнектеліп баламен, Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың. Диана: Мұғалімді анамдай жақсы көрем, Қиналамын қымбат теңеу таба алмай Өз баласын тастап кетіп үйіне, Ел баласын оқытады, ой Алла - ай. Мұғалімді жақсы көрем сезімтал, Үлгі етемін өнегелі сөзін бал Мұғалімнің мұғалімін танимын, Көкіректе көретұғын көзім бар. Нұрбек: Ұстаздарға мың алғыс Алғыстарым көп менің, Асыл анам, мектебім! Үйреткені адалдық, Ұсынғаны адамдық, Текті мінез, даналық Бар ұстазға тілейміз: Бақыт, табыс, амандық! Әсемай: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған Мұғалімді ардақтайды барша жан Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы, Жемісі оның жердің жүзін шарлаған Бала десе ойламайды өз қамын Көрсем дейді күнге де кол созғанын Шәкірттерін өзінен де озғанын. О.Бекарыс: Мұғалім-ұстазысың балалардың, Болашақ ғалымдардың, даналардың Өмірде сенің алар орыныңды Бәрі де жеткізе алмас бағалардың Өткізіп өз алдыңнан талай бала, Бойына құйдың ақыл , ой мен сана Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді, Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға Атағым Алатаудай болып биік, Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп Болатбек Нұрдәулеттің орындауында «Қазақ қызы» әні 2-жүргізуші: Мұғалім – барша мамандықтың көш бастаушысы, мәртебелі мамандық. Мұғалім, ұстаз сөзіне талдау жасап көрелік! Топпен жұмыс М - мейірімді Ұ- ұлағатты Ғ- ғазиз А- ақылды Л- лайықты І- іскер М- маман Ұ – ұлы С – сабырлы Т – тапқыр А – ардақты З – зиялы Асқарбай Нұрайдың орындауында «Мереке» әні 1-жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деген, ендеше ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек. Әзіл – қалжың отауы. ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН. Мұғалімдер кім болуды армандайды? Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені: -Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады. -Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады. -Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі. -Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. -Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері. Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады. Неге бармайсың? Баласы шешесіне айтады: - Мен енді мектепке бармаймын! - Неге бармайсың? - Сол … Асанов таспамен оқ атады, Сотқаров оқулықпен басымнан ұрады, тағы біреуі аяғымен шалады… Бармаймын! - Жоқ, балам, сен қайткенде де баруың керек. Біріншіден, жасың қырықтағы адамсың, екіншіден, мектеп директорысың. “Суретші” Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады: - Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым. - Сіз оны айтасыз, — дейді әкесі. -Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым. * * * Мұғалім: - Картадан Ертіс өзенін көрсет. Асан: - ??? Мұғалім: - Картадан Ертіс өзенін көрсет. - Асан: - ??? - Мұғалім: - Неге көрсетпейсің, үнсіз қалдың ғой? Асан: - Мұғалім, картада ағып жатқан өзен көрінбей тұр. ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК Каникул – жылдың ең қысқа күндері. Күнделік — үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям. Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”. Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл. Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут. Спорт секциясы — әжеме айтатын басты сылтауым. “Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы. 1-Жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім- Төгілген арай, шуағым Арманым қонса, қолыма, Арқаң деп сенің ұғамын Мұғалім, ғазиз мұғалім- Сарқылса мәңгі бұлағым Ұланың бүгін тойыңда Арнайды саған бұл әнін. «Қазақ биі»- Ортада биші қыздарымыз 2- Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам. Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін, Ұстаздың алып жүрген атын еркін Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз, Жүректің алғысы мен рақметін. Ендігі кезекті шәкірттер тілегіне кезек берсек. Бірнеше оқушы шығып ұстаздарға өз лебіздерін білдіреді. Асқарбай Нұрайдың орындауында «Ұстазым» әні 1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. |
Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап, өз ойларын қосады. Барлығы бірге «Ұстазым менің» әнін айтады Оқушылар тақпақтар мен әндер айтады. Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Оқушылар мұғалімдер өмірінен әзіл-қалжыңдарын айтады. Сыныптың қыздары қазақша би билейді. . |
|
|
Соңы |
Мұғалім: Қорытынды: Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы. Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан, Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін! Бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар...» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. |
|
|
|
Тақырыбы |
Адам болып туылған соң... |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Адамгершілік қасиеттеріне талдау жасайды; Имандылық сөзінің төркінін түсінеді; |
||
|
Түйінді түсінік |
Мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. |
||
|
Құндылығы |
Имандылық, жауапкершілік |
||
|
Ресурстар |
Нақыл сөздер, мақал–мәтелдер, видеоролик, көрініс, слайд арқылы дайындалған материалдар. |
||
|
Тәрбие сағатының түрі |
Пікіралысу |
||
|
Әдіс-тәсілдер |
Әңгімелеу, сұрақ-жауап, , пікірлесу, шығармашылық жұмыстар |
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
Басы |
І.Ұйымдастыру |
Музыка |
|
|
Ортасы |
Жүргізуші: Бүгінгі ашық тәрбие сабағымыздың тақырыбы – «Адам болып туылған соң». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек. Құрметті ұстаздар және оқушылар бүгінгі біздің ұйымдастырылып отырған «Адам болып туылған соң» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
«Адамгершілік қасиет» бейнежазба, назар аударыңыздар.
Жүргізуші: - Әрбір адам туғаннан керемет сыйға бөленген, ол – жетілуге талпыну. Біз бәріміз білімді аңсаймыз, биікке көтеріліп, ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Ол үшін адам, ең алдымен, өзі неге қабілетті, өзінде жақсы не бар, соны түсініп алуы керек. Өзінің жетілуге талпынысында әр адам мейірімділік пен зұлымдылықты айыра білуі қажет, өзінің бар қабілеттерін жетілдіріп және өзіндегі кемшіліктерін түзете білуге тиіс.
Адам, ғалам ғажайып жеке
дана,
1. Жақсы - жанына жолдас,
2. Жақсыға – сөз батады,
3. Жақсы - өз басынан
көреді,
4. Ерді – асы үшін
сыйлама,
5. Жақсы ниет –
6. Ақ пейілдің – аты
озып
Жүргізуші:
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —
Жүргізуші:
Бес нәрсеге асық бол (Оқушылар өз білетіндерімен бөліседі.
Жүргізуші: Сен жақсы адамсың ба? видеороликке назар аударыңыздар.
Жүргізуші: Өз халқының тағдыры тебірентіп, қолына қалам алған Абай атамыз заманының бет пердесін ашып, заман адамының бейнесін жасап, әне заманың, міне адамың, заманың тозып, адамың азып барады. «Сәуле болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл» деп, адам болар жолды да, жөнді де айтып берді. Жиған мол білімі, өзіндік терең танымы, адамды сүйген жылы жүрегі Абайды өз халқының деңгейінде қалдырмады. Баршаға ортақ гуманистік ой-қазынасын ұсынып, адамзаттың Абайы бола білді. Абай атамыз толық адам болу үшін адам бойындағы ең негізгі қасиеттер – қайрат, ақыл, жүрек тең болуы қажет деп тоқтамға келген.
Көрініс. «Адам бойындағы ең негізгі қасиеттер» Сабина, Ораз, Әлішер Жүргізуші:
Туылған соң адам боп, Тақырып жөнінде сынып оқушылары өз ойларын ортаға салады.
Жүргізуші:
Адам бойындағы
асыл қасиеттер. |
Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап, өз ойларын қосады. Бейнежазба көреді. Ән: «Аяулы ана» Көрініс. «Адам бойындағы ең негізгі қасиеттер» Сынып оқушылары тақпақтар айтады. |
|
|
Соңы |
Қорытынды: Құрметті оқушылар, әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар! |
|
|
|
Тақырыбы |
Тілім менің тірлігімнің айғағы |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушылар ана тілін білудің маңызын түсінеді. Ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерімен танысады. |
||
|
Түйінді түсінік |
Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. |

Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірлесу, шығармашылық жұмыстар, газет шығару |

Мұғалім сөзі • Тіл – қатынас құралы болғандықтан, қарым – қатынас, өзара әрекет сол тіл арқылы дамиды. Қазақ тілі – қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл. Қазақ тілі - өте бай және көркем тілдердің бірі. 1989 жылы – Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы қабылданып, қазақ тілі - мемлекеттік тіл дәрежесін алды. Орыс тілі – ресми тіл ретінде қолданылады. 1997 жылы Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан үш тұғырлы тіл саясатын қолдайды: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! – дегендей әр адам өзінің ана тілін құрметтей, сыйлай білуі керек. Өз ана тілінде сөйлей алуы керек. Тіл-халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен дәстүрі. Өйткені халқымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Менің ел басшысы ретінде де қазақ ретінде де парызым қазақ тілін өсіп өркендету... Қазақ елі барда қазақ тілі болады, өседі, өркендейді.» Мына ақпаратқа назар аударсақ 1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні Парламент «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды қабылдады да, қазақ тіліне Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін берді. 1997 жылы «Тіл туралы» Заң қайта талқыланды. Сөйтіп сол жылы шілденің 7-сі күні «Қазақстан Респуликасындағы тілдер туралы» жаңа Заңы қабылданды. Бұл заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып есептеледі. Қазақ тілінің қолдану шеңберінің кеңейту үшін Республикада «Тілдерді қолдану және дамыту бағдарламасы» дайындалды.Жыл сайын қыркүйектің 22-сі күні «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесі тойланады. (Толқа бөлінген оқушылар қабырға газетін шығарып, қорғайды. Оларға тақырыпты ашуға ресурстар беріледі) Ана тілім – бала шағым, өркенім, Ана тілім – болашағым, ертеңім, Ана тілім – сайыс далам, жер, көгім, Ана тілім – арман,ойым, көрнегім. Ана тілді білмесем, Шат – шадыман күлмес ем, Жер бетінде сайраңдап, Қазақ болып жүрмес ем. «Анамыздың ақ сүтімен дарыған тілімізді ұмыту, бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» Б.Момышұлы Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әр елдің мақтанышы. Ол-атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті, оны шұбарлап сөйлеуге жол бермеуі керек. Ана тілі-ар өлшемі. Тілді шұбарлау-арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ендеше, тілімізді бағалайық, аялайық, достар! Тіл ұлттың жаны, асыл қазынасы. Достықтың Отаны Қазақстан Республикасында тұратын барлық ұлт өкілдерінің ортақ мерекесі.Адам санасына бесікте жатқан сәбилік кезден бастап даритын қасиетті нәр бар. Ол құдіреттің аты-қазақтың қазақтығын әйгілейтін бірден бір белгі-Қазақ тілі деп санаймыз. Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік. Пікірталас: Сайыс шарты: Сыныпты 2 топқа бөліп, «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» тақырыбында өз ойларын, пікірлерін білдірту, әрбір топқа қарсылас топтарына тіл мәселесі төңірегінде сұрақтар қою. |
Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап, өз ойларын қосады. Бейнежазба көреді. «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» тақырыбында өз ойларын, пікірлерін білдіреді. |
|
|
Соңы |
Қорытынды сөз. Ана тілін дұрыс білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды. Сондықтан да әрқашан өз тілімізді, ана тілімізді, қазақ тілін құрметтеп, ардақтап әрбір сөз мағынасына тереңірек үңіліп, сөз қадірін ұғына білуге үйренейік.
Қорытынды: Әрбір топтың жауаптарын бағалау. |
Әрбір топтың жауаптарын бағаланады. |
|
|
Тақырыбы |
Қарты бар ел – қазыналы ел |
||
|
Сабақтың мақсаты |
|
||
|
Түйінді түсінік |
Қарты бар ел – қазыналы ел |
||
|
Құндылығы |
Имандылық |
||
|
Ресурстар |
Интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттар |

Негізгі бөлім. Барысы:
Көп жасаған қария,
Ата салты ардақты,
Аймалайды «Күнім»деп,
ІІ бөлім «Жырымды
сіздерге арнаймыз» өлең
шығару
ІІІ бөлім «Мен атамның
жалғасымын» сурет салу Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, – депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдыдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі: – «балам анау не?» деп сұрапты. – «ол – түйе» – деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші еет қайталап сұрағанда баласы: – «Ол – түйе, түйе!» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? – деп ренжіпті. Сонда әкесі: – «Балам, кішкене кезіңде мен ауыртірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз еет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті. |
Оқушылар топта өз ойларын жазып, постер қорғайды. Бейнежазба көреді. Оқушылар жұмбақ шешеді. «Ата-әжем мақтанышым» ой толғау «Жырымды сіздерге арнаймыз» өлең шығару «Мен атамның жалғасымын» сурет салу. |
|
|
Соңы |
ІҮ. Қорытынды Мұғалім: Ата-ананы сыйлау – адамгершіліктің ең басты қағидасы. Сол ата-ана балаға бар өмірін арнайды. Ата-ананың адам өміріндегі орны ерекше. Халықта «Анаңды Меккеге үш еет арқалап апарсаңда оның жақсылығын қайтара алмайсың» – деген сөз бар. Бұл ата-ана еңбегінің өлшеусіз екенін көрсетеді. Ата-ана тіпті қартайып, аяқ-қолынан әл кеткен кезде де оған «ищай» деуге балаларының қақысы жоқ. Имандылық қағидалары бойынша әкесі мен шешесінің ризашылығын алмаған балаға жәннәттың есігі жабық дейді. Ата-анамен қарым-қатынаста баланың оларға «Сіз» деп сөйлегені жарасымды. «Сен» деп тұрған бала ертеңгі күні оны менсінбей, жаман жат қылықтар көрсетуі мүмкін. Екіншіден, ата-ананың айтқанын бала екі еткізбей орындағаны, тыңдағаны абзал. Үшіншіден, мейлі ата-ана қандай болса да, бала ата-анасын жамандамауы, оларды мүмкіндігінше мақтан тұтуы керек. Адам ата-анасына артық-ауыс айқан сөздері болса, оған кешіріммен қарай білгені, жүректерін ауыртпай, үнемі көтермелеп жүргені жөн. Міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміздің алдында, аға ұрпақтың алдында үлкен қарыздармыз. Ол қарыздарымызды тек қана жақсы тәрбиеміз арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Бұл қасиеттер ешқандай да ақшаға сатып ала алмайтын байлық. Ол тек адамның жүрегінде орын алатын қасиет. Олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал болыңдар. |
«Бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерім...» |
|
|
Кері байланыс |
Оқушылар бір-бір ауыз түйінді оймен пікірлерін білдіреді. |
Оқушылар түйген ойларын білдіреді. |
|
Мазмұны

-
«Біз – Мәңгілік елдің болашағымыз!»
-
«Рәміздер-елдігімнің белгісі»
-
«Біздің Елбасы»
-
«Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім»
-
«Ұлы жеңіс - жасасын!»
ІІ. Ұлттық тәрбие
-
«Сыпайылық – адамгершілік айнасы»
-
«Әдеп пен әдет»
-
«Ұрлық түбі – қорлық»
-
«Ұлыс оң болғай»

«Қазақстан - достықтың мекені»
-
«Қош келдің Жаңа жыл!»
-
«Қазақ халқының ұлттық өнері»
-
«Сыныптағы достық»

«Білімді бала – ел ертеңі»
-
«Пайдалы кеңестердің сыры»
-
«Ұлы тұлғалар»
-
«Қатыгездік қайдан шығады?»
V. Отбасы тәрбиесі
-
«Отбасы – өмір аясы»
-
«Менің бақытты жанұям»
-
«Анаға қарап қыз өсер»
-
«Менің отбасымдағы рөлім»

«Экономика туралы не білемін?»
-
«Судың сырын білесің бе?»
-
«Табиғат тамашалары»
-
«Бізді қоршаған әлем»

«Ұтымды тамақтану – денсаулық кепілі»
-
«Темекі және оның зияны»
-
«Темекі тартқаның - өзіңді құртқаның»
-
«Денсаулықты баптаймыз, Өмірімізді сақтаймыз»
VІІІ. Рухани-адамгершілік тәрбие
-
«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар...»
-
«Адам болып туылған соң...»
-
«Тілім менің тірлігімнің айғағы»
-
«Адамгершілік-асыл қасиет»
-
«Қарты бар ел – қазыналы ел»

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаттар жинағы 5-11 сынып

шағым қалдыра аласыз

өтеннің мүлкін жасырын
ұрлау (ұрлық); бөтеннің мүлкін ашықтан ашық ұрлау
(тонау); 