Материалдар / Тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
3722
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп»

Мақсаты: а) Оқушыларға экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Өтілу түрі: ойталқы, пікірталас.
Көрнекілігі: бейнефильм, слайдтар,суреттер, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,дін саласындағы негізгі мәселелер бойынша материалдар жиынтығы.

Тәрбие сағатының жүргізілу барысы.

Видеоролик №1

Сұрақ Дін дегеніміз не? Сіз қандай діндерді білесіз?

Экстремизм дегенімізді қалай түсінеміз?

Экстремизм деген латын сөзі «ең соңғы, ақырғы, төтенше», «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.
Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады.

Видеоролик «Сириядағы жағдай»

Қандай адамдар қауіп-қатерге ұшырайды және осындай ұйымдық топтардың құрығына түсіп қала алады?

- Дін туралы аз білімді, материалдық күйзеліске ұшырағандар,рухани құлдырауға жол берген адамдар т.с.с
Қандай діни атты жамылған ұйымдарға тыйым салынған және оларға енуге болмайды?

-«Салафиттер» немесе салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата - баба басында құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең тараған. «Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі. Негізінен «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Ал қазіргі заманның салафилерінің іс - әрекеттері Құран аяттарын өз беттерінше өзгертіп алған.
«Такфиршілер» ұйымы. Олар өздерін таза мұсылмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді екен. Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсылмандармен араласпайды, мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында жік салушы. Мемлекеттің саяси бағытын қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге талпынбайды. Ағым мұсылмандар арасында іріткі салып, олардың бірлік - ынтымағын бұзуға тырысады. Дау - жанжал туғызу арқылы мемлекеттің саяси - экономикалық бағдарламасының нығаюына кері ықпал жасайды.
«Таза ислам» деп аталатын діни ағым өкілдерінің ниеттері - ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат жоспарларын жүзеге асыру. Олар адам ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады. Осындай 7 адамнан тұратын топ 2008 жылдың желтоқсан айында ұсталған екен.
«Таблиғ жамағаты». Нақты тұжырым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы топ» деген ұғымды білдіреді. Олардың екінші бір аты - «дағуатшылар», қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу, шақыру. Олар Ислам дінін өздері құрған ереже бойынша насихаттайды. Өздерін саясаттан бөлек ұстайды. Сақал қойып, ұзын көйлек киеді. Туған күнге, ұйымның іс - әрекетіне тыйым салған.
«Нұршылар жамағаты» Түркияда пайда болған. Ұйымның мақсаты – мемлекет әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат адамдарды тәрбиелеу. Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе бастаған. Өздері басып шығарған уағыз парақшаларын тарату арқылы қатарларын толықтыруға тырысады.
«Қадиян» тобы Үндістанда пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі. Мұсылмандарды діннен аластату мақсатында пайда болған. Отанды қорғауды қажет деп есептемейді. Зиянды, жағымсыз әдеттермен мұсылмандар арасында жан - жақты идеологиялық күресті күшейтіп, төңкеріс арқылы қол жеткізуді көздейді.
Хизбутшылар мемлекеттік шекараны мойындамайды. Олардың мақсаты:
1) бейбіт жатқан мемлекеттерде азамат соғысын ұйымдастыру;
2) мемлекеттің экономикасын құлдырату;
3) ұлтаралық, дінаралық бүліктер туғызу;
4) мемлекеттерге қару - жарақ есірткі заттарын тасымалдап апару. Ағым мүшелері біздің елімізде де кездеседі. Олар Ислам атын жамылып өз мақсаттарын, жаман істерін жүргізушілер. Олардан аулақ болайық.
«Уаһһабилер»Сауд Арабиясында дүниеге келген.
Мұхаммед ибн Абдуллуаһһаб деген адам астыртын жіберілген ағылшын тыңшыларымен байланысып, солардың ақыл - кеңесімен «Уаһһабия» деген ағымның негізін салған. Олар мәдениетті, өнерді мойындамайды. Уаһһабия ағымының белгілері:
1) мемлекет заңдарына бағынбайды; 2) пайғамбарымыздың кейбір хадистерін мойындайды; 3) әулиелерге зиярат жасауға болмайды деп есептейді; 4) садақа беруге мүлдем қарсы, мешітке кіріп намаз оқымайды; 5) мемлекеттің тәуелсіздігін нұқсан келтіреді. Өкінішке қарай, біздің мемлекетімізде де осы қауіпті ағым жолын ұстанушылар кездеседі. Олар ата - аналарын сыйламайды. Туыстарымен қатынаспайды. Бұл ағымда Ислам өркениеттің күш алып кетуінен қорыққан еуропалықтардың әрекеті бар.
Секталар: «Иегова күәгерлері», кришнаиттер, саентологтар, мунистер, баптистер. Олар дін жолын табыстың көзіне айналдырған. Күллі әлемді евангелиендіру саясатымен Америкадан әлемнің түкпір - түкпіріне мыңдаған миссионерлер жөнелтуде.
Секта - орталық шіркеу немесе мешіттен бөлектенген діни топ, қауым, бас пайдасы, жеке мүддесі үшін халықтан қол үзген топ.



Пікірталас. «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?»

Оқушылар өз ойларын айтады:
- Діни секталардың таралуы;
- Ашық дипломатиялық саясатымызды пайдаланып, заңсыз секталардың енуі;
- 18 - 30 жас аралығындағы ешқандай діни, саяси, қоғамдық пікірі қалыптаспаған, имандылық, патриоттық сезімдері жетілмеген жастар барады.
- Террористік іс - әрекетке тек ер адамдар емес, әйел адамдар да барады. Қазіргі кезде жанкешті - мерген әйел адамдардың көбеюі байқалады.

Қорытынды:Видеоролик №3

Қазіргі күні бір Қазақстан емес, Евразия кеңістігін мекендеген мұсылман халықтарының басына түскен басты нәубет – діни экстремизм десек жаңылыспаймыз.

Жер-жаһанды жаулаған экстремизм, терроризм. Бұл кесел жаңа ғасырда белең ала бастаса да әлемнің біраз мемлекетін қан қақсатып үлгерді.Сол себепті де елбасымыз осы діни алауыздықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын құрды.

Елбасымыздың айтқандай, татулық пен келісім «біздің көп ұлтты үйде – бұл Қазақстанның басты игілігі». «Біздің негізгі мақсатымыз – халықтың бірлігін сақтау».





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!