Материалдар / Тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Өскелең ұрпаққа өзінің туған жерінің экологиялық жағыдайы туралы толық мәлімет беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2020
3874
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жырланып жатқан -жылдарым»

Тәрбие сағатының мақсаты:

  • Қазақ жерінде Семей ядролық-сынақ полигонының қасіретін қазіргі жеткіншектерге нақты дәлелдермен көрсету, ядролық қарудың ғаламшарға, табиғатқа, адамзат қоғамына төндіретін қаупін түсіндіру.

  • Оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған жердің табиғатын сүюге және қамқорлық, жанашырлық сезімдерін ояту.

  • Экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны аялауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Тәрбие сағатының көрнекілігі: видео фильмдер, ядролық жарылыстан зардап шеккен адамдардың суреттері , слайдтар.

Тәрбие сағатының түрі: конференция

Тәрбие сағатының барысы:   

Кіріспе сөз:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Бүгінгі «ЕТжҚ-21 » тобында өткелі отырған «Жырланып жатқан -жылдарым» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

1-оқушы Рахат

Аз емес зар жылаған, егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды атом.

Қирады талай арман көңілге алған


2 оқушы Құралай

Уа, адамзат осыншама ессіз бе ең?

Жер емес пе, бар байлығың, несібең?

Ғаламшарды от - жалынмен орайсың,

Шықпап па едің туып - өсіп төсінен,

Атом деген сәнге айналып әр -елде,

Полигондар қаптап кетті жер - жерде,

Хиросима, Нагасаки, Семейдің,

Жапа шеккен қасіретін көрмей ме?

Түнек кетіп көрді күнді арайлы

Адамзаттың баласы мен даласы,

Болашаққа үмітпенен қарайды.


Көрніс: Ортаға ЖЕР - АНА шығады: - Уа адамзат перзентім, мен ЖЕР - АНАМЫН. Бар байлығым сендер үшін, бал татыған суыммен, түгінен майы шыққан топырағым да сендердің игіліктеріңе арналған. Табиғатым тірі жанның дертіне шипа, көңіліне шаттық сыйлайды. Қараңдаршы айналаға қандай тамаша! Күннің шуағы да жер бетіне бар мейірімін төгеді.(Кенет қабағын түйіп) Бірақ, бірақ менің төл перзенттерім мұның барлығын бағаламай, маған да, өздерінің болашақтарына да қауіп төндіруде.

1 Бейнетаспа: 1949жылғы жарылыс.


1 жүргізуші: 1949 жылы тамыздың 29 бұл қазақ халқына таңба салған күн болды, әсіресе Семей жұртының жүрегіне жазылмас жара болып жабысқан қаралы сәт. Абай, Мұхтар, Шәкәрімдей ұлттық ақыл- ойдың алыптарын өмірге акелген ұлылар мекені, қазақ руханияты мен мәдениетінің орталығы Семей жері қырық жыл бойы жүргізілген сынақтар салдарынан экология бұзылып , халық адам айтқысыз зардап шекті.Бір сәтте ешкімнің келісімісіз ұлы ақын елі ұлы атом еліне айналды Бұл жойқын жарылыс Абыралының Дегелең тауын тітірете теңселтті. Семей полигоны зардабы қырық жылға созылды .


2 –жүргізуші. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастады. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу мораторий жасау туралы шешім шығарды.

1- жүргізуші 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы өте ауыр болды.. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын .1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. «Заман - ай»- Қазақстандағы Семей полигонының қасіретіне арналып шығарылған ән. Бұл әннің өлеңін жазған қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулетов, әнін жазған қазақ халқының сазгері Төлеген Мұхамеджанов сынды ағаларымыз елінің қасіретін барша әлемге жеткізді. Олай болса, келесі кезекті экрандағы бейнетаспаға назар аударайық.

2 Бейнетаспа (Р.Рымбаева әнімен)

1-жүргізуші: Ендігі сөз кезегі Ядролық жарылыстар мен оның зардаптары туралы болмақ. Мамандарға сөз берейік.

3 Бейнетаспа(ядролық жарылысқа қатысқандар)


Тарихшы: Танина Айжан Кеңесбековна

Семей ядролық полигонын ашу туралы КСРО Министрлер Кеңесі шешімі 1947 жылы 2 тамызда қабылданды.1948 жылдың шілде айында полигонға әскер бөлімдері мен құрылысшылар келе бастады. 1949 жылы 29 тамыз күні Семей ядролық полигонында алғашқы жарылыс жасалды. Осы күннен бастап КСРО әскери-өнеркәсіп кешені Қазақстан тұрғындарына қарсы жарияланбаған соғысты бастап кетті. Бұл қасірет 40 жылдан астам уақытқа созылды. : 1989 жылы ақпанда « Невада-Семей» қозғалысы құрылды. Осы қозғалыстың нақты жетістіктерінің бірі-өте қысқа мерзім ішінде халықтың бас көтеруі арқасында Семей полигонындағы ядролық жарылыстың санын азайтуға көмектесті. Ол қозғалыстың жетекшісі — О.Сүлейменов. 1989 жылы 6 тамызда – Қарауыл ауылы жанында «Невада-Семей» Қозғалысының ұйымдастыруымен митинг өткізілді. Қаралған мәселе: КСРО мен АҚШ .Сынаққа бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі туралы үндеу қабылдады.

Физик: Дюсупова Мақпал Талғатовна.

1949-1953 жылдар аралығында жасалған сынақ Долон, Белтерек, Саржал, Қарауыл және Қайнар елді мекендерінің аумағында 150 рентген-сағатқа дейін білінді.1949 жылы Қайнар мен Белтеректегі радиоактивті фон 130-140 р-сағ.. нақты деректер бойынша 248 р-сағ. болды. 1951 жылы сәулелік зардап шегу дозасы Қайнарда 248 рад., Саржалда 220 рад., Қарауылда 260 рад. көлемінде болды. Қазақстан аумағында барлық жиынтық қуаты 50 мегатоннадан асатын 470 ядролық жарылыс жасалды.

Философ: Ғылымбай Абзал Мансурович

Семей поигонының ықпалы көш-қон мәселесіне де қатты әсер етті.1990 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 32,4 мың адам Семей облысына сырттан келсе, 37,8 мың адам тұрғылықты жерден, яғни, Семей өңірінен басқа жаққа орын ауыстырған. Тек1990 жылы ғана облыстан 18,9 мың адам сыртқа қоныс аударса,12,8 мың адам көшіп келген. Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданының халық саны да өте көп мөлшерде азайған.

4 а, б Бейнетаспа

Медбике : Баяндина Салтанат Болатовна . Полигон зардабы адамдардың екінші және үшінші ұрпақтарына ауыр әсерін тигізіп отыр.Полигонға жақын тұрғындар арасында жүрек-тамыр, онкология аурырулары ,лейкоз, орталық жүйке жүйесінің бұзылуы оқиғалары жиі кездеседі.Өлім көбейді. Біздергі ионданушы радияцияға байланысты туындаған ауыруларға диагноз қоюға тиым салынды.1975-1985 жылдары онкологиялық аурудан қайтыс болған Семей облысының тұрғындары саны 7 есеге дейін өсті.


Сәуле ауруына ұшыраған аймақтар: Абай ,Абыралы (бұрынғы Семей облысы) және Егіндібұлақ, Қарқаралы аудандары (Қарағанды облысы). Бүгінгі күні полигон жабылып, ядролық сыныақтар жасау тоқталғанымен жергілікті Халықтың азап шегуі одан әрі жалғасуда.Психологиялық аурудың саны үдей өскені байқалуда. Қатерлі ісіктің қатарына ақ қан (лейкоз) ауруы да жататыны белгілі, осының салдарынан қан азаюы ауруы, әсіресе, балаларда 65-70 % кездеседі.









Сұрақ-жауап кезеңі: ( журналист тобындағы оқушылар мамандарға сұрақтар қояды)

1.Физикке: -полигон аумағында түрлі зерттеу,эксперименттік жұмыстар жүргізілгенін білеміз. Түрлі тәжірибе алаңдары болғандығы айтылып жүр, сол туралы тоқталсаңыз?

Жауап: Ең бастысы «Тәжірибелік алаң». Осы алаңда 1963 жылға дейін ауада және жер бетінде ядролық сынақтар өткізілген. Екіншісі, «Дегелең» тәжірибелік алаңы, онда жер асты ядролық жарылыстары жасалды. Үшіншісі, «Балапан» алаңы, онда жер асты жарылыстары жасалды.

2.Медбикеге: Семей қаласында «Бурцелезге қарсы 4-ші диспансер» деп аталған больницада кімдер емделді? Адам бойында радиацияның мөлшері қаншаға жеткенде қауіпті жағыдай туады?

Жауап: Онда науқас адамдарды емдеген жоқ, ғылым мен келешек үшін деген желеумен радиацияның тірі организмге тигізген әсерін зерттеді. Кейін де бұл «диспансер» жұмыс істей берді, бірақ, «Радиациялық медицина және экология ғылыми зерттеу институты» деп аталады. : Медициналық өлшем бойынша әр адам жылына 0,5 бэрден артық радиация алуына болмайды. Бүл рак, ақ қан, жүрек-қан



тамырлары сияқты ауруларды қоздырады. Жоғарыда аталған үш облыстың полигон аумағындағы халықтың,яғни, 1,5 миллион халық 1 бэр және одан да көп мөлшерде радиация алған.

3.Тарихшыға: Полигон аумағында қанша жарылыстар болды және оның зардабын немен салыстырар едіңіз?

Жауап: 40 жылда 470 атом жарылысы жасалған, орта есеппен жылына 11,5 рет бомба жарылған. Онымен қоса 1963 жылға дейін жер үстінде және әуеде 118 ядролық бомба жарылды. Мұндағы жер үстіндегі және жер астындағы жарылыстың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 1000(!) есе асып түседі екен.

2-жүргізуші . Елбасымыз еліміздің әлемдік қоғамдастық үшін аса маңызды ірі істі бастап берді. Ол – Қазақстанның Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қарусыз әлемге адамзат тарихында алғаш қадам басқандығы. Бұл оның жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесі. Әлемдегі ең ірі ядролық полигонның бірін жабу туралы президент Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығы мен әлемдегі 4-ші ядролық қару-жарақ қоймасын жою туралы тарихи шешім қабылдаған Қазақстанның қадамы әлемді ядролық қарудан азат етуде ілгерілеудің жарқын үлгісі болып табылады.

5 бейнетаспа Лукашенко сөзі

1-жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатымызда қаншама құнды пікірлер, еліміздің, жеріміздің, халық тағдыры, денсаулығы, табиғат құбылыстары, қоршаған ортаның зардап шегуі, ластануы т.б. көптеген мағлұматтар айтылды. «Ел тағдыры-жастар қолында» деп бекер айтпаған. Қазақстанның өркендеуіне, өсуіне, дамуына өз үлестеріңді қосып, еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, еліміздің тыныштығын сақтап, өз елін құрмет тұтатын саналы да тәрбиелі азамат болуларына сеніміміз мол.


Ән: «Қазақ жастары »

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!