Бекітемін:
Тәрбие сағат
тақырыбы: Ұстаз — ұлағатты
есім
Тәрбие сағат
мақсаты: Ұстаздың
адам өмірінде алатын орын зор
екендігін, ұстаздарды
құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына
дамыту әрі дарыту.
Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері
жазылған көрнекіліктер, слайд, әр түрлі
шаралар.
1 —
жүргізуші. Бүгін бізде үлкен
мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі
күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге
қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық
береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен
озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты
болсын!
II жүргізуші:
Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын,
біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән.
1 — жүргіуші: Сен
қалай ойлайсың, ---------------------? Менің ойымша, кез — келген
мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық — өнер, тағылымы терең
өнер. Ал өнерлі болу кез — келген адамға қона бермейді. Олай болса,
шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке
ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса
керек.
2 —
Жүргізуші:-------------, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына
жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде
сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.
Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп,
ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес
пе?!
1 — Жүргізуші:
Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән — шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
(видеоролик)
Алдарыңызда «-------------------» әнімен
2 — жүрг. Күллі
өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс — жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
1 — жүрг.
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
1 — Жүргізуші: ,
екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз.
Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған
өлең — шумақтарына кезек берелік.
1 — оқушы:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
2 — оқушы
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
3 — оқушы:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла — ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
4 — оқушы:
Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!
5 — оқушы:
Мұғалім — ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
6
оқушы:
Мұғалім мен ұстазда бар
айырма,
Ұстаз деген жақсы әндегі
қайырма.
Мұғалім ол – бар болғаны мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырғы.
Ұстаз деген ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі.
7
оқушы:
Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің өр шақтарын қуғандар.
Қимағандар ұстаз емес, мұғалім.
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә
мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын...
1-жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің-мұғалім,
Ұстаз да,ғылым дана да.
ӘН: Ұстазым
2-жүргізуші:
Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін,
Барометрі сенсің адамның
Ортаға мың бұралған бишілер шығап биін билейді.
1-жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Құттықтау, әсем ән орындалады.
2-жүргізуші:
Көзге ыстық көрінер,
Оқулығы, партасы
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.
1-жүргізуші:
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Екеуі хормен: Алғыстарым көп менің Асыл анам –мектебім!
ӘН орындалады
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық
пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап,пән атауларына
зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін
ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
2-жүргізуші:
Мұғалім,ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Әсем ән орындалады
1-жүргізуші:
Бірге өсіп,ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Би орындалады.
2-жүргізуші:
Оқытыңдар,ұл-қызым, деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете,ұстаздар.
Қорытынды:
Шәкіртеріңізді
білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие, жақсы қасиеттерді
бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт- бағдар беруде
еңбектеріңіз зор. Олай болса, құрметті
ұстаздар !
дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем
болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер
демекпіз!