Тәрбие
сағаты
«Нұр себеле,
Ұлыстың ұлы күні!»
Тақырыбы: «Нұр
себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие
сағаты
Мақсаты:
Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық
мағлұмат беру, халқымыздың салт –
дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық
мейрамы екенін ашып
көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл
сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар,
шарлар, суреттер.
1-
жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар!
Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы
күні
–
Наурыз
Мерекесімен шын
жүректен құттықтаймыз.
2-
жүргізуші: Бүгінгі
болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»
атты
тәрбие
сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем
мерекесімен құттықтап, сіздерге
шаттық тілей
отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп
жариялаймыз!
1-
жүргізуші:Наурыз
тойын тойлайтын
Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң
болсын!
Күттіріп келген
жыл басы
Бізбен бірге
жырлашы.
Дастарханға
елімнің,
Береке, ырыс
сыйлашы- дей отырып ортаға сыныбымыздың мың бұралған бишілерін
шақырамыз. Би
«Қамажай»
1-оқушы:
Уа халайық,
халайық
Ақ сандықты
ашайық.
Бұл мереке бұл
тойдың
Шашуларын
шашайық!
2- оқушы
:Армысың
Наурыз,
Қуаныш боп, кір
төрлет!
Ел болып
саған,
Көрсетіп жатыр
сый – құрмет!
3- оқушы
:Бауырласқа
тәнтіміз,
Бұзылмаған
салтымыз.
Кең даламның
ежелгі,
Қазақ деген
халқымыз.
Өзге ұлттай
біздің де
Бар дәстүр мен
салтымыз.
4- оқушы :
Жыл басы -
Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем
боянды
Наурыз тойы
береке
Тіршілік жаңа
оянды.
5
-
оқушы :Тәуелсіз
биік халқымның желбіреп туы
шалқысын,
Әз Наурыз келіп
еліме, Жер – Ана бойы
балқысын.
Жаңғырар дәстүр
- салтымның көсілсін бұлақ
жалғасып,
Қастерлі менің
халқымның мереке Наурыз жыл
басы!
2-
жүргізуші: Ұлыс күні
кәрі жас
Құшақтасып
көріскен
Жаңа ағытқан
қозыдай
Жамырасып
өріскен.
Сіздердің әділ
істеріңіз
Ғасырлар бойы
тынбайды.
Аңыз, дастан
жырлардан,
Жастар оқып
тынбайды.
1-жүргізуші:Келесі кезекті әнге берсек, ортаға әнші
ұлдарымызды шақырамыз.
Ән
6-
оқушы :Жарқыраған жас
нұрлы,
Жаса, Наурыз
дәстүрлі.
Бақытыма
шалқыдым,
Ашылады
нұрымыз
Осынау байтақ
елімде
Айтылады
жырымыз
7- оқушы
: Сәулесі бар Наурызда таңғы
үміттің,
Басын қосқан сан адам сан
ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш
етейік,
Белгісін достықпенен
мәңгіліктің.
8 -
оқушы :Жүріңдер Наурыз тойға басып
аяқ
Қалыс адам қалмасын некен –
саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым
болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді
аяп.
9 - оқушы
:Наурыз, наурыз наз
үнді,
Жер жап – жасыл жаз
үлгі.
Жақсылықты
жаранға
Жайып келші, бар
ізгі.
10 -
оқушы :Қош келдің Наурызым
Ардақты,
Халқым саған бар үмітін
арнапты.
Жылда осылай келе бергін
жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп
аймақты.
1-
жүргізуші:Келесі кезекті әнге берсек, ортаға әнші
қыздарымызды шақырамыз.
Ән
2-
жүргізуші:Қазағымның салт – дәстүрі
жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі
қалдырған.
Салт – дәстүрді ардақтайық,
ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған, – деп
ендігі кезекті Наурыздағы салт – дәстүрлерге
берсек.
11-
оқушы : Наурызкөк – Наурыз айында ұшып келетін
көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді.
Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем
шашады.
12 - оқушы
:Наурызнама – шат – шадыман, ойын – сауық.
Тойда ат – жарыс, түрлі ойындар өткізіліп, наурыз жырлары айтылады.
Наурызнамада Қыз – жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді.
Ол уыз, ет сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз –
келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді.
Оны «селтеткізер» деп
атайды.
13 -
оқушы :Наурызша – Наурыз айында жұп – жұқа қиықша
қырбық қар түседі. Оны халық «Наурызша» деп
атайды.
14- оқушы
: Наурыз – шыр айналған жылдың
басы,
Адамның өлшенеді өмір
жасы.
Қазақтың пейіліне
жарасады,
Әр үйде дастарханға толған
асы.
15 -
оқушы :Наурыз қайтып оралады, аты да
аңыз,
Сұрамаймыз алғыста, ақы да
біз.
Кең дастархан, даламның,
сахнамыз,
Ұлы мейрам – Наурызға
шақырамыз.
16 -
оқушы :Келіңдер, Наурыз күнін қарсы
алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән
салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз
келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа
халайық.
1-жүргізуші:Келесі кезекті әнге берсек, ортаға әнші
қыздарымызды шақырамыз.
Ән
2-Жүргізуші: Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің
теңескен көктемгі мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт,
жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік
дарытатын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз құтты
болсын.
1-Жүргізуші: Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның
көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі
бүкіл әлемге нұрын шашып, үйсізді үйлімен
теңестіреді.
2-Жүргізуші:
Наурыз келді, көктем келді
ағайын!
Жадырайды, жаңғырады
маңдайым.
Назды, сазды науан Наурыз,
армысың!
1-жүргізуші:Келесі кезекті әнге берсек, ортаға әнші
қыздарымызды шақырамыз.
Ән
2-Жүргізуші: Ортаға сөз ізгі ниет, «Ақ бата» беру үшін
Қыдыр атаға
беріледі.
1-
Жүргізуші:
Армысыңдар,
жамағат!
Ұлыс оң
болсын,
Ақ мол
болсын.
Қайда барсақ жол
болсын!
Ұлыс бақты
болсын,
Төрт – түлік ақты
болсын!
Ұлыс береке
берсін,
Бәле – жала жерге
енсін»
Ұлы халқым тоқ
болсын»
Көйлектерің көк
болсын!
Қайғы – уайым жоқ
болсын!
Қуаныштарың көп
болсын!
(Әумин)
2-Жүргізуші: Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт –
түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты
болсын!.
1-Жүргізуші: Осымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты
сынып сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп
рахмет!
2-Жүргізуші:
Ұлыс күні оң
болсын!
Дастарханымыз мол
болсын!
Құтты болсын Әз Наурыз!-дей отырып, ендігі
кезекте
«Қаражорға» биі /ұлдар
билейді/