400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Таұырыбы: "Менің таңғажайып отбасым!"
Материалдың қысқаша нұсқасы







СЫНЫП САҒАТЫ



Тақырыбы: «Менің таңғажайып отбасым!»

























Тақырыбы: «Менің таңғажайып отбасым!»

Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орны ерекше екенді-гін түсіндіру. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу.

Нақыл сөздер:

1. « Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады »

2. « Бала - өмірдің жалғасы , отбасының жеміс берер гүлі »

Барысы : Ұйымдастыру

Құрметті балалар , біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа бара-мыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Ол бір өзі кіш-кентай ғана шағын мемлекет. Ол - мемлекеттің аты - отбасы.

Бұл мемлекет қандай болуы керек?

Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйлас-тық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір - бірін аялап, ке-шіре түсіне білгенде отбасы мықты, берік болады. Бүгінгі тәрбие саға-тымыздың тақырыбы « Мықты отбасы - мықты мемлекет » тақырыбы-на арналады.

- Балалар, қалай ойлайсыздар, отбасын неге теңеуге болады. Алып құсқа ма, әлде алып бәйтерекке ме?



- Дұрыс айтасыздар, менің ойымша да отбасын бәйтерекке теңесек, бала-ларды жапырақтарына теңейміз. Жапырақтар қайда бекиді?

- Бұтақтарында.

- Олай болса, бұтақтарын ата - анаға теңейміз. Бұтақтары қайдан тарайды?

- Ағаштың діңінен.

- Олай болса, олар ата - әжелеріміз. Алып бәйтерек ненің арқасында жақсы өсіп жайқалады.

- Дұрыс, тамырының. Қалай ойлайсыздар, егер ағаштың діңін ата - әжеле-рімізге теңесек, тамырын кімге теңейміз.

- Ата - бабаларымызға .


Міне, балалар , осылай үлкен отбасы қалыптасады. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де, тәрбиелі ұрпақ - отбасы мен мектеп-тен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі.

1. « Тіл өнері » - мақал - мәтелдің жалғасын табу.

  • Ананың көңілі балада, ...

  • Тәрбие басы - ...

  • Ұяда не көрсең, ...

  • Балалы үй базар, ...

  • Ата көрген оқ жонар , ...

  • ... – ананың бауыр еті, көз нұры.

  • Әке - асқар тау, ...


Дұрыс жауабын сызба нұсқа арқылы жүргізіп көрсетіңіз: ана көрген тон пішер; ұшқанда соны ілерсің ; тал бесік; баласыз үй қу мазар ; бала ; баланың көңілі далада ; ана- бұлақ, бала - жағасындағы құрақ .

Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге байла-нысты.

2. Ситуациялық жағдаят.

1. Сен өте асығыссың , себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала же-тектеп келе жатқан қарияны қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті , немересі қорыққаннан жылап жіберді. Сен не істейсің ?

2. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тап-сырды. Сен достарыңмен ойнап жүріп, бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұ-мыстан келіп, өзі жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі. Сенің әрекетің ?

3. Үйде ешкім жоқ. Тек сен ғана . Есіктің қоңырауы соғылды. Сен ба-рып қарасаң қаладан келген туысқаның. Сенің анаң ешкімге есікті аш-пауды тапсырған. Сенің әрекетің ?

4. Бүгін анаң жақсы көретін тағамыңды жасап берді. Сен отыра қа-лып іні – қарындастарыңмен қосыла жедің де, даладағы ойынға қарай жүгірдің. Сен нені ұмыттың ?

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың « Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туысқандарына деген сүйіспеншілікпен басталады »,- дегендей мемлекетіміздің іргетасын қалаушы - әр отбасы - жеке мемлекет. Әке алақаны мен ана жүрегінің жылуы бар сендер тәуелсіз еліміздің тірегі болатындарыңа сенемін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
190
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі