тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
қыз сыны қыздарға арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

1.Жүргізуші

7-8-9 сынып қыздардың арасында «Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты тақырыпта қыз сыны байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады, сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер!

2.Жүргізуші

Армысыздар, жиналған қауым, қадірменді әділ-қазылар алқасы! Тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей сызылған, қарлығаштын қанатындай, қиғаш қасты, раушан гүлдей хош иісті сымбатты арулар! Ендеше, салтанатты кешімізді бастаймыз.

Байқау 4 шарттан тұрады:

«Таныстыру» – қатысушы қыздар қазақша көйлекпен шығып өздерін слайд шоу арқылы, немесе қара сөздер арқылы таныстырады;

«Өнер» – ән, би немесе поэзиялық өлеңдер оқу;

«Дефиле» – өз қолдарымен тіккен көйлектерін музыкалық әуеннің сүйемелдеуімен жүріп көсетеді;

«Бес аспап» – үстелдегі бар жеміс-жидек, көккөністерден тез арада дәмді салат дайындау.

1. Жүргізуші

Ендеше сайысқа қатысқалы отырған қыздармен таныс болыңыздар.



Фарида біздің білімді,

Меңгерген бар ілімді.



Армангүл қыз елгезек,

Алады тез тіліңді.



Ақбота шықты үлбіреп

Қос жанары мөлдіреп.



Төртінші Зарина шығады,

Бұрымдары желбіреп,

(әр қыз сәлемдесе, дөңгелене т.б. қимылдармен ортаға шығады)

Аруларымызға жыр көрімдік ретінде «Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты поэзиялық өлеңімен Хаиржан Қарақатты ду қол шапалақпен ортаға шақырайық:

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен

Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,

Қыз сұлу көрінеді білімімен

Қыз сұлу көрінеді шашыменен

Ай қабақ қиғаш қара қасымен

Қыз сұлу көрінеді толған айдай

Он үш пен он алты да жасыменен

Қыз сұлу көрінеді өрнегімен

Тізілтіп сөз маржаным тергенімен.

Майысып бұратылып, майда басып,

Жаныңа наз қылықпен келгенімен

Дарытқан бар асылды өз елімен,

Қыз сұлу көрінеді өнерімен.

Құлпырады мектебімнің арулары,

Өткендей сұлулықтың елегінен.

Көрімдікке жырымды беремін мен-

Әділқазыларымен таныстырайық та, ол кісілер жарыс шартын таныстырып, хабарласын.

1 САЙЫС «ТАНЫСТЫРУ»

2. Жүргізуші

Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін

Бәсекеге түскен төрт ару кезектесіп

Таныстырып өздерін өтер деймін

Таныстырсын өздерін,

Тамылжытып сөздерін – кезекті, аруларға берсем деймін.

(Байқауға қатысушы 4 қыз кезекпенен музыкалық әуеннің сүйемелдеуімен шығып слайд шоудың немесе қара сөздермен өздерін таныстырады)

Содан кейін әділ-қазылар алқасы өздерінің алдында тұрған ұпай сандарын көрсетеді

1. Жүргізуші

2 САЙЫС «ӨНЕР»

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынындабәйге алуға,

Арулар аянбай-ақ жан салыпты

Төрт қыз өз өнерлерін көрсетеді.

(Қыздар өздерінің өнерлерін кезекпенен көрсетеді)

Содан кейін әділ-қазылар алқасы өздерінің алдында тұрған ұпай сандарын көрсетеді

3 САЙЫС «ДЕФИЛЕ»

2. Жүргізуші

Сымбатына сән киім жарасатын

Аспандағы ай менен таласатын

Өнеріне көркі сай

Аруларға қызығып қарасасың

Ендігі кезекте «Адам көркі шүберек» демекші сән үлгілерін қыздарымыз көрсетеді

музыканың сүйемелдеуімен қыздарымыз қолдарымен тіккен көйлектерін киіп көрсетеді

(Қорытынды бағаны әділ қазылар көрсетеді)

4 САЙЫС «БЕС АСПАП»

Қонақ келсе-құт

Барыңменен күт- деп аталады.

Халқымыздың талай ғасырлардан келе жатқан жақсы салты- қонақжайлылық қонақ күту рәсімі талай өлең-жырға негіз болған. Арабтар: «Қонақ тәңірі жіберген сый» десе, қазақтар: Қырықтың бірі- қызыр, мыңның бірі Уәли, «Қонақ келсе-құт, барынменен күт»- дейді.

(Үстел үстіндегі жеміс-жидектерден салат жасап болғаннан кейін әділ-қазылар алқасы дәм татып, өздерінің бағаларын береді).

Қорытынды:

Жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі»- деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,

Сүймеген сені азамат азамат па,

Көңілім- тәрізді аппақ таза мақта,

Бәрін айт бірін айт та лайықссың

Қазақтың қызы деген ғажап атқа- деп сайысымызды аяқтаймыз. Бұл жиыннан әр қайсымыз өзімізге үлкен ғибрат алдық деп ойлаймыз. Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп-көп рахмет, сау саламат болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2018
415
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі