Абай атындағы №26 орта
мектебінің
химия және
биология пәнінің мұғалімі
Ахметова Гаухар
Бекмадияқызы
Ұстаздық еткен жалықпас
үйретуден балаға
«Ұстаздық еткен жалықпас
үйретуден балаға»,-Абай Құнанбаевтың айтқан ұлағатты сөзінде үлкен
мән мен мағына жатқан жоқ па? Ұстаздық қызметті кез-келген адам
алып жүре алмасы анық. Ұстаз - жас ұрпақтың
рухани сәулеткері. Зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және
азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытушы тұлға. Ұстаз сөзінің
ұғымы кең. Оның негізгі мәні - жақсылыққа. Өмірде өзі де бақытты
болып, өзгелерді де бақытқа жеткізу дегенді білдіреді. Ал ішкі қыр
- сырына тереңірек бойлап көріңізші! Үңілген сайын баға жетпес
қазыналарға кенелгендей күй кешетініңіз аян. Ұстаз сөзі көз
алдымызға мейрімді, білімді, парасатты, жүрегі жұмсақ асыл жанды
елестетеді. Талмай іздену, маңдай терін төгу арқылы ғана ұстаз көп
жетістіктерге қолын жеткізе алады. Ұрпақ тәрбиесі - қиындығы мен
қызығы қатар жүретін ұлы іс. Кез-келген қиындыққа шыдай білген адам
сол еңбегінің жемісін көреді. Сол еңбегінің жемісін көру үшін ұстаз
бойында ұстамдылық, дарындылық, байсалдылық, ізденімпаздық сияқты
алуан түрлі қасиеттер болуы
шарт.
Мен бүгінгі таңда Абай
атындағы №26 орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып қызмет
істеймін. Бұл мамандықты таңдаған себебім XXI ғасырдың алғашқы
жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына»
қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарына
іздеу болып табылады. Ақпараттық технология ақпаратты алудың,
жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары.
Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың
табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға
итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан
шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады».
Осыдан жаңа педогогикалық технологиялар арқылы бәсекеге қабілетті
жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңашылдығы ерекше. Ақпаратпен жұмыс
істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін
туғызады. Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға
жағдай жасайды. Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді.
Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады. Білім сапасын
арттыруға септігін тигізеді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын
арттырады. Оқытудың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Алған
білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап,
жетістіктерге жетуіне көмектеседі. Жаңа ақпаратты жинақтап
салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап дәлелдейді. Алған
білімін талдап, жинақтап, жүйелілікке
қалыптасады. Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу,өз бойында бүкіл
адамзаттық құндылықтарды жинақтаған,өз өміріне өзі басшылық
жасап,өзін-өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу-бүгінгі білім беру
ұйымдарының алдына қойған міндеттерінің бірі. Осы міндетті іске
асыру тетігі ұстаздарға байланысты.Іскер,жаңаға жаны құмар,үздіксіз
ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере
алады.
Тұла бойында тұлпардай тулаған
дарынын қамшылай түсіп,жаңа шыңға көтерілем деген бала әркез
өмірден өзінің шынайы орынын табатыны хақ.Әйтсе де тал бойына
біткен талантын барлығы байқап,көрсете білмейтіні де бар.Тұтанайын
деп тұрған жас шоқты үрлеп,лап еткізіп жандыратын жандар да
кездеседі өмірде.Олар-өмірдің асуларынан асып,тұңғиығын
сүзіп,адамгершілік пен намысты,мейірімділік пен адалдықты тең
ұстаған жүректі жандар.Ол жандарды біз «ұстаз» -дейміз.
Ұстаздарымыз болмысындағы бар қасиет,құрметін,өмірден санасына
түйген байлығының барлығын оқушысына сыйлап, жүрегіне су сепсе де
сөнбейтін алау жағады,шабытын шыңдайды.Шәкірттерінің келешегі
жөнінде ойланып,олар дың қабілетті шәкірт болып,үлкен биіктерден
көрінуін қалайды. Ата--ана,ұстаздар армандайтын шыңдарды бағындыру
үшін аса зор қабілеттілік қажет екендігін өмір көрсетіп отыр.«Бұлақ
көрсең, көзін аш»деген халық даналығы бар емес пе? Осы
шәкірттерімді «Мыңнан тұлпар,жүзден жүйрік» атануға лайық
,білімге деген құштарлықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыруына
жауапкершілікпен қарау -менің міндетім.Білім мен тәрбиені қатар
бере отырып,осы шәкірттерімнің талаптарына нұр жауса екен деймін.
«Өнерлі өрге жүзеді», «Талаптыға нұр жауар», «Өнерлінің өрісі кең»
деген қанатты сөздермен қанаттандырып отырамын.Әлі де балапан
қанаттары қатаймаған шәкірттерім талай байқауларға қатысып,талай
бәйгенің жүгенін ұстайтындарына ұстаздық жүрегім күмән
келтірмейді.