Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мерекелік кеш тақырыбы: «Ұстазым-ұлағатым»
Мақсаты: Оқушылардың ұстаз еңбегіне деген құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Барысы:
1-жүргізуші: Арайлым
Өнерпаздар жарысып, ән салатын
Жиын десе, той десе жан салатын
Армысыздар, құрметті көрермендер!
2-жүргізуші: Аружан
Арайлым , Осы жерге біраз адам жиналып қалыппыз, бұл не жиын?
1-жүргізуші: Арайлым
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан
Келіп тұр жолдап сәлемін
2-жүргізуші: Аружан
Арайлым, сенің сабақты жақсы оқитыныңды да білемін, ақындығың да бар екен, жұмбақ етпей айтсаңшы
1-жүргізуші: Арайлым:
Ұстаз деген-жарық күні ғаламның
Ұстаз деген-анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін
Сен де одан адам болып шығасың.
3-жүргізуші Темірлан:
Күмбірлейді туған жердің бел,өрі
Күмбірлейді қайың,шырша, терегі.
Балбұлақ та қоңырау болып кеткендей
Бүгінгі күн-Ұстаз күні себебі!
2-жүргізуші:Аружан:
ӘӘ, енді түсіндім. Бүгін-ерекше күн! Бүгін-ұстаздар мерекесі күні!
Хормен:Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
1-жүргізуші: Арайлым
Құрметті ұстаздар сіздерді Мәлік Мирас Асланбекұлы өзінің орындауындағы «Балбырауын» күйімен құттықтайды. Қабыл алыңыздар!
Күй.
1-жүргізуші: Арайлым
Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін сыңғырлаған қоңырау үнімен қатар елестеді. Жаңа оқу жылымен қатар келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті. Құрметті де аяулы ұстаздар! Сіздер әр баланың жүрегін нұрландырып, шапағат нұрын төгесіздер .Сіздерге алғысымыз шексіз!
2-жүргізуші: Аружан
-Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін адам жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, ұстазсыз білім де тәрбие де тіпті данышпан дана да, қарапайым еңбекқор да, ғалым да болмас еді!
1-жүргізуші: Иә, ол Ұстаз! Ғалым , ел қорғаған батыр да ,тілінен бал тамған ақын да, темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да- бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған.
3-жүргізуші: Темірлан:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз-деген-ұлылардың ұлысы
Қасиетіңе бас иейік мәңгілік!
Барлығы бас иеді.
2-жүргізуші:Аружан:
Құрметті ұстаздар сіздерді Дәрібаева Перизат Ерланқызы өзінің мың бұралған биін музыкалық құттықтау ретінде жолдайды. Қабыл алыңыздар!
Би.
1
1-жүргізуші: Арайлым
Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,
Айқара аштың бізге білім есігін.
Өр тұлғаңды балап шыңға,Ұстазым,
Мен өзіңе тәнті болсам несі мін?!
2-жүргізуші:
Бала елдің болашағы болғанда,
Зор пайданы тигізесің қоғамға.
Мамандығың –кәсіптердің абзалы,
Адамдығың қымбат бізге одан да.
1-жүргізуші: Арайлым:
-
Аружан, Аяулы ұстаздарымызға жыр шумақтарымен құттықтау лебіздерін жолдағысы келетін оқушылар да бар екен? Соларды ортаға шақырайық.
1оқушы – Балкенже
2-оқушы: Елдос
3-оқушы: Ерсін
4-оқушы: Әлихан
5-оқушы: Есет
6-оқушы:- Әлихан:
7-оқушы : Ақниет
Әлихан:
- Батырхан, біз бәріміз ұстаздарымызды құттықтап жатырмыз. Ал, сен үндемей тұрсың? Бұның қалай?
Батырхан:
-
Себебі мен сабырлымын,шыдамды әрі төзімдімін. Осы сабырлылықты, шыдамдылық пен төзімділікті мен Ұстаздарымнан үйрендім! Рахмет, сіздерге Ұстаздар!
Елдос:
-
ал, сендер, білесіздер ме, «Мұғалім» деген сөздің ұлы мағынасы бар екен?
Хормен: ия әрине! (шарларды көтеріп айтып көтереді)
М-мейірімді
Ұ-ұлағатты
Ғ-ғазиз
А-ақылды
Л-лайықты
І-іскер
М-маман
Әсел:
Зауытта болсаң күнбе-күн
Көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің
шипалы жанның бағы шын.
Ал, сенің еңбек жемісің
Өзгеше тіпті басқадан
Ол-өзің арнап елі үшін
Осынау жүрген жақсы адам.
Сан жастың қамын шертесің
Тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
Үйреттің өзің қолға алып.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн
Шәкіртсіз өмір-сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
Бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің
Жанымнан жаңыл, жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
Әр сәтің тұрған бір ерлік!
2
1-жүргізуші: Арайлым
Ашық болсын нұрға толы көгіміз
Аман болсын еліміз бен жеріміз.
Аманаттап тапсырамыз тағдырды-
Анамыз деп қабылдадық сізді біз!
2-жүргізуші: Аружан
Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,
Ұстазымыз-үлгі бізге, ісі- аңыз.
Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан
Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!
3-жүргізуші: Темірлан:
-Құрметті ұстаздар, бір уақыт дәптер тексеруді, қағаз жазу туралы ойымыздан шығара тұрып, мерекелік көңіл күйге құрылған ойынға қатысуға шақырамыз
Ұстаздармен ойын. Қағазға сұрақ жазылады.Мұғалімдер сол қағазды алып сұрақты алып жауап береді
1-жүргізуші: Арайлым
Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз
күйінде)
Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)
Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен
тұрады)
3-жүргізуші: Темірлан:
Үй
тауығы өзін
құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)
Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз
ба?)
Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады?
(бәрі жарылып қалады)
3-жүргізуші: Темірлан:
Рахмет ұстаздар, осымен ойынымыз аяқталды, ойынға шыққан ұстаздарымызға қол соғып қояйық.
1-жүргізуші: Арайлым
- Менің ойымша кез-келген адам ұстаз бола алмайды
2-жүргізуші: Аружан
- олай ойлауыңның себебі неде?
1-жүргізуші: Арайлым: - Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал, өнерлі болу кез-келген адамның қолынан келе бермейді
2-жүргізуші: Аружан
-Ұстаздық ету-уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау!
3-жүргізуші: Темірлан:
-
Ендеше келесі кезекті құттықтау үшін әсем әнге берейік
Ән
1-жүргізуші:
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған.
Шаршаса да сол жолдың бойында
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам.
2-жүргізуші:
Бүгінгі күн құшақтар гүлге толсын
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
3
Көрініс: «Мұғалімдер кім болуды армандамайды?»
1-жүргізуші: Мұғалімдер
кім болуды армандамайды? Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот,
бастық, сылақшы, майлаушы,
немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:
1-оқушы:
Эльвира: Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі,
отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім
бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей
ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп
отырады.
2-оқушы:
Мирас: -Әр мұғалім өз сабағының шебері,
яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей
көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
3-оқушы:
Амирхан: -Бір тыным
жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да
өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
4-оқушы:
Камила: Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз
да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.
1-жүргізуші: «Ұстаз... бәрін жете түсінген, көрген, естіген және
аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, әділ, жұрттың
бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқынышпен жасқану дегенді
білмейтін батыл, ержүрек адам!
2-жүргізуші: Ұстаз - ол дос, ол шәкірттеріне тек жақсылық ойлап,
қиындықта көмек көрсетеді, жақсылық
жасайды.
3-жүргізуші: Ұстаз – ол жолдас, ол әрқашан да шәкірттерімен бірге,
көпшілікпен араласып жүреді,
1-жүргізуші: Ұстаз – ол әке, шәкірттеріне қорған болып, қамқорлық
жасайды.
2-жүргізуші: Ұстаз – ол ана, шәкіртін туған анасындай баурап, өмірдің
қиындығы мен қызықтарын біліп өсуіне баулудан
жалықпайды.
3-жүргізуші: Ендеше ұстаздарымызды
құттықтаушы биші балаларға кезек берейік
Вальс
1 – жүргізуші:
Ұстаз болған баршаға,
Ардақты жандар қаншама.
Шәкіртің күнде қуансын,
Шаршама ұстаз, шаршама
2 – жүргізуші: Жақсылық атаулыға жаршы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар.
Баланы сусындатып өсіруге,
Білімнің бұлақ көзін аршығандар ...!
1 – жүргізуші:
Суретші болсақ, ең әсем бейнені ұстазға арнаймыз,
сәулетші болсақ, ең көрікті ғимаратты ұстаздарға саламыз,
жүрек күйін тербетер сазгер болсақ, асыл әнді ұстазға шырқаймыз,
сезімді бойлайтын ақын болсақ, нұрлы
жылдардың әр тармағын аяулы ұстаздарымызға
арнаймыз!
Хор «Ұстазым менің ұстазым»
1 – жүргізуші:
Ұстаздар қартаймасын, қажымасын,
Әрқашан өмір жасы ұзақ болсын.
Немере, шөберенің бетін сүйіп,
Тәңірім бақтан сізді айырмасын.
дей отырып осымен ұстаздарға арнап дайындаған «Ұстазым-ұлағатым» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар.
4
№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ұстазым-ұлағатым»
Өткізген: 5 «А» класс
Класс жетекші: Сыдыкова А.С.
Ақтөбе, 2016-2017 ж
1-топ: Қол, қолаң шаш, қиғаш қас, аппақ жүз, ақ маңдайлы, қою қара шаш, мөлдір қара көз, маржан тіс, бұраң бел,жүрек, бауыр,
2-топ: қағаз, қалам, орамал, телефон, парта, карта, сағат,ақ көйлек, қара бешпент, қолшатыр,