Материалдар / Тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық мерекелік бағдарлама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2018
397
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жарқыра Қазақстан, Жарқыра Туған жер!»

7-8 сыныптардың жаңа жылдық мерекесіне арналған мерекелік бағдарламасы.

Ән: Новый год орындайтын Рисбек Зейнеп.

І жүргізуші: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!

ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

І жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Доңыз жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

ІІ жүргізуші: Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!

Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен. Бүгін бізде қонақта жаңа жылымыздың сәні Аяз ата мен Ақшақар.

Аяз ата: Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын жапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз.

Аяз ата: – Сәлем балалар!!!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді.

І жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

ІІ жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Мөлдір Бекбосынқызына береміз.

І жүргізуші: Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл бірінші қаңтардан басталмайды – мысалы, жаңа 2019 жыл тек бесінші ақпанда кіреді.

ІІ жүргізуші: Доңыз өте еңбекқор, табанды әрі өжет жануар ретінде сипатталады. Бұл ілгері басу жылы болады деп сенімді түрде айта аламыз.
Жаңа 2019 жыл біреулер үшін кәсіп ашып, оны дамытуда жемісті болмақ, ал енді біреуге жұмысын ауыстыруға мүмкіндік береді.
І жүргізуші: 2019 жыл саяхат жасап, демалуға қолайлы екенін назарда ұстаңыз. Қаржы мәселесіне қатысты айтсақ, 2019 жыл едәуір тұрақты болады деген болжам жасалып отыр. Бірақ қаржыны есеппен жұмсау керек. Қымбат заттарды сатып алуды, салым жасауды келесі жылға қалдырған дұрыс.

Ән: «Қазақстан бақыты» орындайтын Абдашим Шернияз қабыл алыңыздар.

7 сыныптың қыздарының биін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: 2019 жылы денсаулығыңызды күтуге көңіл бөліңіз, өйткені бұған дейін қатты шаршап, күйзеліске түскен болсаңыз, ағзаңыз сыр беруі мүмкін. Егер денсаулықты түзеуге мүмкіндік болса, оны міндетті түрде пайдалану керек.
Өткен жылдың қамқоршысы Ит секілді Доңыз да салмақты, демек, бұл жыл да тыныш әрі бір қалыпты өтеді деуге негіз бар. Доңыз жылында келіспеушілік пен ұрыс - керіс аз болады.

Ән: Жаңа жыл орындайтын Умирзакова Меруерт
І жүргізуші: Доңыз жылын қалай қарсы алу керек екенін білгілеріңіз келе ме?
Алдағы жылды туған - туыс пен жақын адамдарыңның ортасында қарсы алған жөн.
Жаңа жыл түні үшін сары - қоңыр немесе қызғылт реңкті таңдаған дұрыс. Сондай - ақ, сары алтыннан жасалған әшекейлер өте жарасымды болмақ.
Үйді және жаңа жылдық шыршаны сәндегенде де осы түстерге басымдық беру керек.
Доңыз жылында сондай - ақ сары дастарқан жайып, тәтті тағамдардың түр - түрін: түрлі салаттар, тағамдар, десерттер пісіріңіз. Жаңа жылда дастарқанға тауық, сиыр етін қойсаңыз, нұр үстіне нұр болмақ. Әрине, ешқандай шошқа еті болмауы тиіс.
ІІ жүргізуші:Доңыз жылында қандай сыйлық сыйлау керек екенін білесіз бе?
Биыл сыйлық алуға сараңдық танытудың қажеті жоқ. Жаңа жылдық сыйлықты таңдағанда ақылға салып, тиімдісін алуға тырысыңыз.
Келер жылдың символы арзан сылдырауықтарды ұнатпайды. Ұзақ уақытқа жарайтын әрі көңілге қуаныш сыйлайтын сапалы нәрсені таңдаған дұрыс. Жоғарыда айтылғандардан басқа, сізге сыйлық таңдауға көмектесетін бірнеше кеңес бар. Ең алдымен мұны соңғы сәтке қалдыруға болмайды.

Аяз Ата: Ақшақар қызым, қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. Ендеше балалармен бір ойын ойнап жіберсеңші.

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме балалар, мен сендермен қауышқаныма өте қуаныштымын. Сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ақшақар Жаңа жылдық сайыс ойын ойнатады.  Ойын шарты: Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы шырша, мұз, қар, т.б. әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айту керек.

ІІ жүргізуші: Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.

І жүргізуші: Жұмбақ шешіп көрейік.

Ақсақалды шал жылына

Бір-ақ рет келіп кетеді

Қызы мен ұлына

Сыйлық алып жетеді. (Аяз Ата)

ІІ жүргізуші:

Қолы менен қаламы жоқ

Бірақ сурет салады көп (Аяз)

І жүргізуші:

Суда қалқиды

Жылыда балқиды. (Мұз)

ІІ жүргізуші:

Қыста шыны болып қатады

Жылыда су болып жатады (Мұз айдыны)

І жүргізуші:

Аспаннан ақ ұлпа борады

Қырқаны аққа бояды. (Қар)

ІІ жүргізуші

Табаныма байладым

Қос аяқпен айдадым (Шаңғы)

І жүргізуші

Қанаты жоқ ұшады

Аяғы жоқ желеді

Аузы жоқ ұлиды (Боран)

ІІ жүргізуші:

Зулап түсті төменге

Менсіз шықпас төбеге (Шана)

ІІ жүргізуші: Ендеше ортаға 7 сыныптың қыздарының биін қарсы алыңыздар!

Ән: Жаса, Қазақстан, орындайтын 8 сынып оқушысы Саипов Бақдаулет.

І жүргізуші: Құрметті достар!

Тышқан жылы – сыйлық,

Барыс жылы- байлық,

Қоян жылы – қолбасы,

Ұлу жылы – үлгілі,

Жылан жылы – жайлы,

Жылқы жылы – жақсылық,

Қой жылы – құтты,

Мешін жылы – мейірім,

Тауық жылы – табысты,

Ит жылы – игілік,

Доңыз жылы – дүниелі, деп биылғы келген жыл «доңыз жылы» - табыстыда, мерекелі, берекелі жыл болғай.

ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл! Барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп жүре берейік! Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!











































(Ендеше ортаға өз костюмдерін қорғайтын оқушылар болса, шығып өнер көрсетсін)

БИ: Шағын орталық оқушылары

Дайындық сыныбы

БИ: 1 – сынып оқушылары

БИ: «АДАЙ» Диас пен Жанарыс

Аяз ата: Тамаша, тамаша,

Күн туылды жаңаша.

Тамасанады барлығы,

Өнеріне қараса.

Тамаша, тамаша!!! Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын. (Сыйлықтар беріледі.)

Аяз ата: Ой, бәрекелді! Мен мұндай ерекше кеште бірінші рет болудамын. Сендерге рақмет жастар, әрі сендерге де, көмекшілерім! Ақша қар, біз шынымен де өзіміздің өнерлі жандарға мән бермей жүр екенбіз ғой.

Ақша қар: Иә, ата! Бірінен-бірі өткен өнерпаздар екен!

ІІ жүргізуші: Ал, Аяз ата! Бағасы мен сыйлығын беріңіз бұл екі жақтың! Сіздіңше кім жеңді?

Аяз ата: Әәә не дейін, Жаңа жылдың осынау шаттықты кешінде бірі жеңілді, бірі жеңді деп айту маған да оңай емес. Дегенмен бүгін бірлік пен достық жеңсін. Мен өзімнің осы уақытқа дейінгі жолымда тек Ақша қарымды алып сапар шегетін едім. Енді қарап тұрсам бәрі басқаша екен. Ендігі жылдан бастап мен көмекшілерімді ерте келемін. Бірақ жарысу мақсатында емес, бірігіп өнер мен қызықтар көрсетіп, Жаңа жылдың жаңа күнін тойлатуға келемін.

І жүргізуші: Бәрекелді, Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Шынымен де сөзіңіздің жаны бар! Екі жақ та өнерден кенде емес екендерін көрсетті. Жаңа жылда жарылқап, жүйріктей шауып сіздің көмекшілеріңізбен бірге біздің өнерлі жастар тартысты, көңілді кеш сыйлады. Ендеше ортамызға ескі жыл мен жаңа жылды қарсылайық.

Ескі жыл есірке,

Жаңа жыл жарылқа( Ит пен доңыз жылдары шығады да ескі жыл ит жылы өз сөзін айтып, доңызды қарсы аламыз).

Ит: Уа, халайық!

Ит жылы құт, береке әкелді. Елімізге ырыс келді.Жаңбыр мол жауып, егін бітік шықты. Халқым маған риза болды. Келе жатқан доңыз жылы мол қуаныш пен бақыт әкелсін. Мен өз тілегімді доңызға да айтқым келеді. «кел, жаңа жыл ортаға» доңыз келеді, шыршаны бір айналады. Доңыз жылында мол бақыт, мықты денсаулық, терең табыстар тілеймін. Келесі кездескенше сау болыңдар, балалар!

Доңыз: Ой рахмет, айтқаның келсін. Келдім бүгін алдыңа,

Уа, халайық жараңдар !

Доңыз жылы құтты боп

Жақсы қадам басыңдар.

Уа, жараңдар, жараңдар!

Мен де келдім алдыңа,

Ит жылы секілді.

Зор қуаныш сыйлармын.

Бақытты боп балалар.

Жақсылыққа батыңдар

Аяз ата: Ал, қарақтарым! ені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!






І жүргізуші: Өзінің құттықтау әндерімен ортаға әншілеріңіз 6 - 7 сынып оқушылары келіп тұр екен, қарсы алыңыздар! (Музыка қосылады. Бірақ әншілер әнді айтпайды.)

Әншілер: О, ағайындар! Біз ән сала алмаймыз. Орталарыңызда не Аяз ата, не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны? Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой. Аяз ата мен Ақша қар келмей, біз ән айта алмаймыз.

ІІ жүргізуші: Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!

І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.

АУУУ, Аяз ата! АУУУ, Аяз ата! АУУУ, Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық!

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

(Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.)

І жүргізуші: Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі жастарымыз да бір риза болып қайтатын болды ғой,ендеше Аяз атаға дайындап келген Шағын орталық пенДайындық сыныптарының тақпақтарын тыңдайық.

1 – 4 сыныптар тақпақтар айтады.

ІІ жүргізуші: Бәрекелді!Өнерлерің үстей берсін!

Аяз ата: Көрдің бе, Ақша қар! Қазақ халқы сөздік қорға бай әрі тілдің майын тамыза сөйлейтін халық деп, саған жол бойы айтып едім ғой. (Дәл осы кезде сырт жақтан жүгіре басып қолдарында сиқырлы таяқтары бар Аяз атаның көмекшілері (ергежейлілер сияқты киінгендер) кіріп келеді. )

Ергежейлілер: (Армат) Сізді іздеп таппай жүр едік, ата! Қайда жүрсіз? Біздің сізге шағымымыз бар.

Аяз ата: Әй, жүгірмектер, мұнда не істеп жүрсіңдер, бар, тез қайтыңдар! Менің солтүстік даламды иесіз қалдырдыңдар ма?!

Ергежейлілер: (Алина ) Жоқ, ата! Сіз жыл сайын жастардың өнерін көремін деп кетіп қаласыз да, біздің өнерді бағаламайсыз. Бүгін, ақыры сәті түсіп тұр екен, осы жастарыңыз мықты болса, бізбен жарысып көрсін. (Бәрі жамырай шулап кетеді.)

Аяз ата: Тоқтатыңдар! Тоқтаңдар, қане! Сендер бұларың үшін әлі-ақ жауап бересіңдер!

І жүргізуші: Аяз ата! Біз үшін бұл күтпеген жағдай, әрі тосын сый болды ғой. Олардың несін тоқтатасыз. Көрелік. Сіз және Ақша қар төреші боласыздар. Кім жеңімпаз екенін бірге анықтармыз. Сіздің көмекшілеріңізбен жарысуға біздің жастар дайын. Солай ма, жастар?

Жастар: Иә! Дайынбыз!

Аяз ата: Жақсы. Ендеше, бастаңдар өнерлеріңді.

БИ: 7 сынып оқушылары

БИ: ГНОМдар биі

Сұрақтар:

Қыс айларын ата: (желтоқсан, қаңтар,ақпан)

Мақалдың жалғасын тап: Қалауын тапса,... (қар жанар)

Қыста жейтін малдың еті қалай аталады? (соғым)

Егер 4 жұмыртқа 7 минутта қайнаса, 5 жұмыртқа неше минутта қайнайды? (7 минут)

Ұйытылған сүт қалай аталады? (айран)

Дыбыстың жазбаша шартты таңбасы қайлай аталады? (әріп)

( Би билеп, қызықты сұрақтар қояды. Ойындар ойналады. ) Жұмбақтар шешіледі.

І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге ән айтып Аяз атаны шығарып салайық.

ХОР: «Жаңа жылдық ән»

ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз

(Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.)

І жүргізуші: Құрметті достар!

Тышқан жылы – сыйлық,

Барыс жылы- байлық,

Қоян жылы – қолбасы,

Ұлу жылы – үлгілі,

Жылан жылы – жайлы,

Жылқы жылы – жақсылық,

Қой жылы – құтты,

Мешін жылы – мейірім,

Тауық жылы – табысты,

Ит жылы – игілік,

Доңыз жылы – дүниелі, деп биылғы келген жыл «тауық жылы» - табыстыда, мерекелі, берекелі жыл болғай.

ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл! Барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп жүре берейік! Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

Бастау   
1 – жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2 – жүргізуші: Здравствуйте, дорогие друзья, учителя, ученики и гости нашего праздника!

Снова пахнет свежей смолкой,

Мы у ёлки собрались.

Нарядилась наша ёлка,

Огоньки на ней зажглись.

Там и тут мелькают маски,

Ты- медведь, а я- лиса.

Вот такие чудеса!

Вместе встанем в хоровод,

Здравствуй, здравствуй, новый год!

1 – жүргізуші:
Бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2 – жүргізуші;
И так дорогие наши друзья давайте начнем наш праздник с веселым настроением, все вместе будем петь и танцевать.

ән «Жаңа жыл».....................................я........................................

1 – жүргізуші:  Құрметті қонақтар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзін мектеп басшысы  Ибрашева Данагуль Дулатовнаға  беріледі.

1 клоун: Жақсы жайғастыңыздар ма? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне орын жетті ма?
2 клоун: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені

тойлағалы отырмыз.
1 клоун: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік. Ендеше, біз сіздермен ойын ойнайық!

1 клоун: - біз осы бір нәрсені ұмытып кеттік қой!

2 клоун: –  Кімді ұмыттық?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақарды

1 клоун: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

Осы кезде ортаға (Мыстан кемпір кіріп келеді.)

Мыстан кемпір: Балалар, сендер қандай әдемісіңдер. Сендердің жаңа жыл мерекелеріңе Аяз ата мен Ақшақардың орнына мен келдім. Ал, нағыз аяз ата мен ақшақарды мен үйшігіме қамап тығып қойдым. Қане балалар, қарап тұрмаңдар ән айтып, би билеп бүгінгі мерекені тойлайық.

Балалар:

  • Жоқ, жоқ Мыстан кемпір, біз сізбен бірге Жаңа жыл тойламаймыз. Бізге аяз ата мен ақшақарды жіберіңіз. Әйтпесе, біз сізбен дос болмаймыз. Солай емес пе достарым.

Осы кезде ортаға Стефани, Спортакус, Кесірбек билеп шығады. (музыка ойнап тұрады.)

Стефани: балалар көңілдеріңді түсірмеңдер. Мен өз достарым Спортакус, Кесірбекпен бірге Аяз ата мен Ақшақарды тауып, құтқарып әкелеміз деп (билеп, секіріп) шығып кетеді. Құтқарып әкеледі.

Аяз ата: – Сәлем балалар!!!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Аяз Ата: Ақшақар қызым, қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. Ендеше балалармен бір ойын ойнап жіберсеңші.

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме балалар, мен сендермен қауышқаныма өте қуаныштымын. Сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ақшақар бір ойын ойнатады. Кім бірінші алысқа үріп жеткізеді ойыны


Жалмауыз кемпір ызаланып жылайды:

Менімен ешкім дос болғысы келмейді. Менің түрім қорқынышты шашым жуылмаған, киімім де жоқ. Ал сендер қандай әдемісіңдер. Сендер сияқты, ақшақар сияқты мен де әдемі болғым келеді. (Томпақтың музыка ойналады.) Мыстан кемпір, Стефани, Спортокус, Кесірбекбарлығы таңырқап жан-жақтарына қарап: Бұл кім болды екен, кім болды екен, - дейді.

Сол кезде ортаға тарелкамен ұшып Томпақ келеді.

  • Амансыңдар ма балалар. Мені таныдыңдар ма?! Мен ғаламшарлықпын. Сонау алыстан келдім. Өтіп бара жатып үлкен мереке болып жатқанын байқап сендерге бет алдым. Қане, балалар, неге көңілсізсіңдер. А –а – а түсінікті ... Сендерді мына мыстан кемпір ренжіткен екен ғой. Қазір мен сендерге көмектесемін. Ол үшін ең алдымен бәріміз мыстан кемпірге көмек беруіміз керек.

Қане, оны бірге сыйқырлап көрейік. 1,2,3 (балармен бірге санап, Томпақ мыстанды қасына келіп қолымен түртеді. Сол кезде мыстан кемпір әдемі сұлу қызға айналады.)

Мыстан кемпір балаларға, Томпаққа рахметін айтады.

Томпақ: Енді балалар барлығымыз бірігіп, дос болып бүгінгі мерекені тамаша көңіл күймен қызықты етіп өткізейік. Ән айтып, би билеп өнерлеріңді ортаға салыңдар, қанекей. Мен енді ешқайда да кетпеймін. Маған сендермен өте қызық болды. Сендермен дос боламын. Шыршаға қарап: Мынау қандай керемет нәрсе. Жейтін зат па өзі, ұсап көрейін. Мен мұндай керемет затты алғаш рет көріп тұрмын.

Жүргізуші: Жоқ, жоқ Томпақ бұл біздің бүгінгі мерекенің сәні жаңа жылдық шыршамыз. Қазір шыршамыз жарқырайды.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын тойлайық.

Қанекей балалар, бәріміз шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық. В лесу родилась елочка

/Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына шақырып, шыршаны жағады/

/сол кезде қой жылы келеді

Қой жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2016 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстан.
Келесі жыл бастауын мешінге берем

Сіздерге мың рахмет.
(Сахнаға мешін шығады)

Аяз Ата: Жарайсың, ескі жыл, Қой досым! /бетінен сүйеді/

Мешін: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Барлығы: Қош бол, қой жылы, қош бол.

2- жүргізуші: - Жаңа жыл – мешін  жылы әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.
Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.
1 жүргіуші:

Армысың, аманбысың Жаңа жылым.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Қой  жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

Ән «Қош келдің жаңа жыл»____________________________________________________________

1 жүргізуші: 

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда – жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

/концерттік бағдарламасы жүргізіледі. Оқушылар алдын ала дайындалған сахна төріне шығып, өнер көрсетеді. Бағдарлама біткен соң, шырша той ары қарай жалғаса береді/.

Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Жаңа жылды араларыңа қосып, көңілім шаттанып  қалды. Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.

Жаңа жыл - жаңа бақыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!

(қолдарын бұлғап шығып кетеді)

1 жүргіуші: Аяз ата сізге көп-көп рахмет. Біз сізді келесі жылы тағы да күтеміз. Қош сау болыңыз!!

Балалар: – Сау болыңыз !!!

2 жүргізуші: -Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар Жаңа жылда Сіздерге бақыт, табыс, оқуда алғырлық, тапқырлық, еңбекте табыстар тілей отырып Жаңа жылды күтіп алу кеші осымен аяқталады. Келесі кездескенше қош аман сау болыңыздар.




Тақырыбы: Қош келдің, жаңа жыл, жаңа бақыт жаңа нұр!

Мақсаты: 

Мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық бағдарлама.

Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады. Екі жүргізуші ортаға шығады.

І жүргізуші: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!

ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

І жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жылқы жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт. 

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

ІІ жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!

(І жүргізушіге) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

І жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

ІІ жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры М.Б.Саховаға береміз.

ІІ жүргізуші: 

Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

І жүргізуші:  Өзінің құттықтау әнімен ортаға әншілеріңіз (ұл, қыз) келіп тұр екен, қарсы алыңыздар!

Музыка қосылады. Бірақ әнші әнді айтпайды.

Әнші: О, ағайын! Мен ән сала алмаймын. Орталарыңда не Аяз ата, не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны? Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой. Аяз ата мен Ақша қар келмей, мен ән айта алмаймын.

ІІ жүргізуші: Олай болса Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық.

І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.

Аяз ата: 

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Сіздер келмесе ән салмаймын деп, әншіміз ренжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салдыртсаңыздар.

Аяз ата:

Келтірейін сәніңді.

Бұзба енді мәніңді.

Әнші балам, тоқтама,

Шырқап жібер әніңді.

Ән салынады. Ән айтылып болған соң Аяз ата әншіге сыйлығын береді.

ІІ жүргізуші:

Уа, халайық той бүгін,

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық қой жылын

Ұзатып сап жылқыны!

Жылқы-қазақ даласының екінші есімі. Қазақ ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір-біріне етене жақын тамырлас та, тағдырлас айтылады. Жылқының қазақ тарихында алатын орны ерекше. Шексіз-шетсіз далада адам жаяу ұзақ жүре алмайды, ал астында аты бар адам қашанда құтылып, қуса жетіп тіршілік етеді. Сол себепті қазақтың «Жылқы-ер қанаты» деген сөзі бар жылқының адам өміріндегі орнын көрсетеді.

- Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні соншалық, «қазақ жылқыны мінезді» деп өзінің мінез құлық, бітім-болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу-тек қазаққа қана тән қасиет, әрі бұл қазақтың осы түлікке деген аса жоғары құрметінің белгісі

ІІ жүргізуші:  Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.

ІІ жүргізуші: Ендеше ортаға биші қыздарымызды шақырайық. "Салтанат" бишілер тобы. Қарсы алыңыздар!

Аяз ата:

Тамаша, тамаша,

Күн туылды жаңаша.

Тамасанады барлығы,

Өнеріне қараса.

Тамаша, тамаша!!!

Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын.

Сыйлықтар беріледі.

І жүргізуші:  

Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі жастарымыз да бір риза болып қайтатын болды. Аяз ата, бізде ақын жастар да бар еді. Солдардың бірі сізге және Ақша қарға, Жаңа жылға арнаған жүрекжарды жырын оқып берсем деп тұр, қалай қарайсыз?!

Аяз ата:

Мынау жатқан қазақтың жері емес пе,

Ақындарын сыйлаған ел емес пе.

Биылғы келіп отырған жыл да қазақ халқы үшін қасиетті жылқы жылы! Ендеше бабына келіп отырған жүйрікті жібер ортаға! Өнеріне бір тамсанайық!

Ортаға ақын шығып өлеңін оқиды.

ІІ жүргізуші: Бәрекелді! Шабытың шарықтай берсін!

Ақша қар: Қандай керемет жыр жолдары!

Аяз ата: Көрдің бе, Ақша қар! Қазақ халқы сөздік қорға бай әрі тілдің майын тамыза сөйлейтін халық деп, саған жол бойы айтып едім ғой.

Дәл осы кезде сырт жақтан жүгіре басып қолдарында сиқырлы таяқтары бар Аяз атаның көмекшілері (ергежейлілер сияқты киінгендер) кіріп келеді.

Ергежейлілер: Сізді іздеп таппай жүр едік, ата! Қайда жүрсіз? Біздің сізге шағымымыз бар.

Аяз ата:  Әй, жүгірмектер, мұнда не істеп жүрсіңдер, бар, тез қайтыңдар! Менің солтүстік даламды иесіз қалдырдыңдар ма?!

Ергежейлілер: Жоқ, ата! Сіз жыл сайын жастардың өнерін көремін деп кетіп қаласыз да, біздің өнерді бағаламайсыз. Бүгін, ақыры сәті түсіп тұр екен, осы жастарыңыз мықты болса, бізбен жарысып көрсін.

Бәрі жамырай шулап кетеді.

Аяз ата: Тоқтатыңдар! Тоқтаңдар, қане! Сендер бұларың үшін әлі-ақ жауап бересіңдер!

І жүргізуші: Аяз ата! Біз үшін бұл күтпеген жағдай, әрі тосын сый болды ғой. Олардың несін тоқтатасыз. Көрелік. Сіз және Ақша қар төреші боласыздар. Кім жеңімпаз екенін бірге анықтармыз. Сіздің көмекшілеріңізбен жарысуға біздің жастар дайын. Солай ма, жастар?

Жастар:  Иә! Дайынбыз!

Аяз ата:  Жақсы. Ендеше, бастаңдар өнерлеріңді.

Өнерлі жастар екі жаққа бөлініп жарысқа түседі. Кезек-кезегімен ән айтып, би билеп, қызықты сұрақтар қояды. Ойындар ойналады. Өнер жарысы аяқталған соң, Аяз ата сөз алады.

Аяз ата: Ой, бәрекелді! Мен мұндай ерекше кеште бірінші рет болудамын. Сендерге рақмет жастар, әрі сендерге де, көмекшілерім! Ақша қар, біз шынымен де өзіміздің өнерлі жандарға мән бермей жүре екенбіз ғой.

Ақша қар: Иә, ата! Бірінен-бірі өткен өнерпаздар екен!

ІІ жүргізуші: Ал, Аяз ата! Бағасы мен сыйлығын беріңіз бұл екі жақтың! Сіздіңше кім жеңді?

Аяз ата: Әәә не дейін, Жаңа жылдың осынау шаттықты кешінде бірі жеңілді, бірі жеңді деп айту маған да оңай емес. Дегенмен бүгін бірлік пен достық жеңсін. Мен өзімнің осы уақытқа дейінгі жолымда тек Ақша қарымды алып сапар шегетін едім. Енді қарап тұрсам бәрі басқаша екен. Ендігі жылдан бастап мен көмекшілерімді ерте келемін. Бірақ жарысу мақсатында емес, бірігіп өнер мен қызықтар көрсетіп, Жаңа жылдың жаңа күнін тойлатуға келемін.

І жүргізуші:  Бәрекелді, Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Шынымен де сөзіңіздің жаны бар! Екі жақ та өнерден кенде емес екендерін көрсетті. Жаңа жылда жарылқап, жүйрік аттай бірге қоса шауып сіздің көмекшілеріңізбен бірге біздің өнерлі жастар тартысты, көңілді кеш сыйлады. (Сағат тілі қаттырақ тық-тық етіп қағып кетеді сол кезде)

Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!

І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.

І жүргізуші: Құрметті достар!

ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!

ІІ жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! 































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!