Тәрбие сағаты:"8 наурыз ,аналар мерекесі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты:"8 наурыз ,аналар мерекесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған әдістемелік көмек тәрбие сағаты:"8 наурыз ,аналар мерекесі"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:8 наурыз ,аналар мерекесі

Мақсаты: Аналарды, ұстаздарды, аруларды мерекелерімен құттықтау, ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау, парасатты, мейірімді болуға баулу.
Көрнекілігі: сыныпты мерекеге сай безендіру және арналған құттықтау плакат
1 - жүргізуші:
Ана деген - жүректегі асыл ән,
«Ана - бақыт» деген сөзге қосылам.
Анаға арнап айта берсең сөз жетпес
Ол дегенің - өмірдегі асыл жан!
2 - жүргізуші:
Армысыздар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар! Сіздерді
8 - наурыз «Халықаралық әйелдер» күні мерекесімен құттықтаймыз!

1 - жүргізуші:
Күн жер бетіне молынан шуағын шашып, тіршілік ояна бастаған кезде Аналар мерекесі тойланады.

2- жүргізуші:
АНА..... Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау 3 әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші.
Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде!? Жақсылық атаулының барлығы да ана сүтінен жаралған ғой. Олай болса кешіміздің тамаша әнмен жалғастрайық.

«Анашым»әнің орындайды Абдулин Мәди

1- жүргізуші:

Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар.
Ана деген - тіршіліктің тірегі.

2- жүргізуші:
Мерекеңмен қасиетті Аналар!, - дей келе, сіздерге бақыт, ұзақ әрі қызық ғұмыр, әлемнің нұрын, көктемнің шуағын тілейміз. Сіздер үшін мереке шашулары дей келе келесі кезекті биге береміз.

Вальс биі (орындайтын сынып оқушылары)
1 - жүргізуші:

Армысыз, еліміздің асылдары,
Жайнаған көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен би,
Сіздер үшін мереке шашулары деп келесі кезекті күйге береміз

Кюй»Тойбастар» (Орындайтын Аружан)

1 - жүргізуші:

Құрметтейік, о, адамдар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды

2- жүргізуші:

Әнші біткен жүрсе оларға арнап ән,
Шабыт қысып мен де өзімше толғанам.
Аналармен өмір мәңгі көрікті,
Тіршілікті келешекке жалғаған,- деген жыр жолдарымен аналарға арнап ән шырқауға Шнарды шақырамыз.

Ән «Аналар» » (Орындайтын Шнар)

1 - жүргізуші:
Ана деген қамқоршы әрі қорғаның.
Ана білсең, ортаймайтын орманың.
Аналардың мен алдында бас иіп,
Ана жайлы жүректен жыр толғадым,

2 - жүргізуші:
Міне, құрметті аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар, сіздерге арнап дайындаған «
8 наурыз ,аналар мерекесі» атты тәрбие сағаты осымен аяқталды






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2018
7617
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі