Материалдар / Тәрбие сағаты 4 сынып "Бастауышым балбұлағым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты 4 сынып "Бастауышым балбұлағым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш мұғалімдерге арналған материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
388
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бастауышым балбұлағым.

С.Б.Бельгубаева.

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» Қанатты сөздер мен тақырып, шарлар, гүлдер.

Кіріспе сөз:

Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар және қонақтар. Біз бүгін төртінші сынып оқушыларын төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатқан білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасқалы отырмыз.

Құрметті қауым, балбұлақ бастауышпен қоштасқалы тұрған түлектерді ортаға шақырайық.

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4– сынып оқушыларын ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Сендерсіңдер еліміздің ертеңі,

Сендерсіңдер көркейтетін өлкені.

Сендерсіңдер «Алтын белгі» иесі,

Сендерсіңдер болашақтың киесі

Сендерсіңдер бастауыштың түлегі!


Құтты болсын, балбұлақ

Алға атаған қадамын

Білім деп соқсын жүрегің

Жолына бестік шашамын!

Есейіпті балбұлақ Ғалым болар кім білсін.

Болашағы нұр болсын.

Қадамдары гүл болсын!


Ән «Құтты болсын тойларыңыз»

Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 - сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап барлық өтетін мектептегі мерекелерге қатысты, мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

Сабина: Қымбатты ұстаздар, аяулы ата-аналар, оқушылар, «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.

Алия: Аса қадірлі ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар. Бүгін ғылым әлемінің алғашқы баспалдағы «Бастауыш» атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асып тұрсыңдар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе! Енді әліппе туралы көріністі тамашалаңыздар

Көрініс: Әліппе хан

Сабина: Ерте ерте ертеде Алтынтөбе аулында әліппе хан билік жасапты. Ханның 40 уәзірі, және 2 күтушісі болыпты. Әліппе хан сондай қатал болған екен. Ол уәзірлеріне ел аралатып білімсіз балаларды жинатып жазалап сауаттандырады екен. Әліппе хан елін жинап, тақтан кететінін жарияламақшы.

1 – оқушы: Уа халайық, келіңіздер көріңіздер Әліппе хан тақтан кеткелі жатыр.

2 – оқушы: Уа жараңдар жараңдар, Әліппе хан орнына өз ұлын сайламақшы. 40 уәзірі мен 2 күтушісінің, ханды шығарып салу салтанатының куәсі болыңдар!

Әліппе хан: Уәзірлерім, сендер неге тұрсыңдар! Ел ішін аралап келіңдер! Мына мен таққа ұлымды отырғызар кезде, елде сауатсыз балалар болмауы керек.

3 – оқушы: Әміріңізге құлдық хан ием! Біз ел ішін түгел араладық. Сіздің қатал мінезіңіз бен бұйрығыңыздың арқасында елде еш сауатсыз бала жоқ. Барлығы білімді, сауатты, өнерлі екен.

Әліппе хан: (көңілденіп). Тамаша, тамаша. Ха - ха – ха. Мен осыншама уақыт неге көңілсіз болдым? Неге қатал болдым?

Барлық балалардың сауаты ашылғанша менде уайымдап көңілсіз жүрдім. Бүгін меніңде, мына дүйім жұрттың да көңілін көтеріңдер. Менің жарлығымды орындаңдар!

4 – оқушы: Хан жарлығына құлақ салыңдар. Дәл бүгін хан ием мен дүйім жұрттың көңілін көтеріп өнер, білім көрсетейік. Олай болса бүлдіршіндердің өнері мен біліміне кезек берейік.



Али : Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан жақтарымызға таңырқай карап, жүрексіне табалдырық аттаған кішкентай бүлдіршіндер едік, міне бүгін бой түзеп, ойымызға сана қосып, еліміздің саналы

бір азаматтары болғалы отырмыз

Армысың, мектеп ар бесік

Айқара ашқан бесігін

Тәрбие, білім, бар нәсіп

Өзің де өрлеп өсемін

Армысың, мектеп киелі

Мен сені солай сүйемін

Сен берген бағыт бағдармен

Рухы бай елге иемін

Қайрат: Бүгін біз бәріміз де аздап толқып тұрмыз,өйткені төрт жыл бойы біз адым адымтап білім баспалдағының ең қиын басқыштарына көтеріле бердік

Жанерке: Осы уақыт аралығында мыңдаған ережелер жатталынып, мыңдаған есептер мысалдар шығарылды, көптеген ғылымы дәлелдемелер айтылды

Алтынбек: Иә,бастау, әрине қиын болды бірақ енді бәрі артта қалды, қазір біз кез келген тапсырманы орындай аламыз.

Қайрат: Ия, бүгін біздер қуаныш, бүгін бізде үлкен той. Өйткені, 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа, тәрбиелеп білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен қоштаспақпыз.

Әли: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Жанерке?

Жанерке: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Әли:

Есімде ұстазым алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан болып осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны

Енді міне, сағымдай боп өте шықты.

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті

Ұстаз ана жасады мына біздеп

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Алтынбек:

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын.

Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.

Осы сырды үйреткен 4 сыныбым.

Түстей болып міне бүгін артта қалдым.

Өмірге жолды бір өзіңнен бастадым

Алфавитті алғаш сенен жаттадым

Ұстаз – ана естен кетпес мәңгілік

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

Жанерке:

Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,

Ұмытпаймыз ұстаздарды жаны ізгі.

Пана болған дара болған біз үшін

Жанымыздан артық көреміз біз сізді.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті.

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Қайрат:Біліміңді бағалар

Аяулы ұстаз даналар

Сіздерге бізден мың алғыс

Келешек бізбен жаңарар.

Мектеп- үйім, ұстазым менің –ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саян ыстық, сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып, сан тарапқа тараған.

Бәрі: Берген білім, ерен күш

Ұстаздарға мың алғыс!

Ән: «Мұғалім ол біздің»

Алия: Құрметті қонақтар сіздердің иназарларына ән «Неткен омір»

Сабина: Алия, сен байқадың ба? Біздің бастауыш түлектер бұл кешке жақсы өнерлерін ала келіпті.

Алия: Олай болса неге тұрмыз ертеңгілігімізді әрі қарай жалғастырайық.

«Теңізшілер биі»

Сабина: Ия, оқушылар сіздерді аяулы мектебіміз үлкен құрметпен қарсы алды. Сіздердің әрбір өткен күндерінізді, аузыңыздардан шыққан сөздеріне, сүйкімді қылықтарына шын жүректен мейірімділікпен қарай білді. Әр бір ұстаз өз бойындағы жақсы қасиеттерін үйретуге тырысты, өз асыл уақытын сіздермен бірге өткізді.

Алия: Содан бері табаны күректей 4 жыл өтті. Уақыт озды, сендер есейдіңдер. Бұл уақыт ішінде көп нәрсе білдіңдер, үйрендіңдер.

Ия, достар сонымен қатар сұлулықты мейірімділікті жақсы көруді әдемі сөйлеуді кішіпейіл болуды, жақсы мен жаманды ажырата білуді, үлкенге кіші, кіші үлкен бола білуді – міне осы адамзат баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін - бәрін осы мектеп қабырғасындағы бізге білім мен тәрбие беретін ұстаздардан үйрендік.


Ән «Үйретеді мектебімізде үйретеді»

Жанерке: Бізді осы 5 жыл ішінде сынып жетекшісінен басқа адал дос әрі көмекшіліріміз білім жолына жетелеп отырды, олар, әрине біздің ата-аналарымыз. Дұрыс кеңестері мен ақылдарын айтып, бізге жол сілтеп, бағыт беріп отырды.

Егер біздің күнделігімізде нашар баға болса, олардың көздерінен мүң сезілуші еді.

Әли: Ал егер біздің қолымыздан бәрі келіп, ойлаған істеріміз жүзеге асып жатса, олардың жүздеріңде қуаныш лебі байкалатын.

Қуанышыңа бірге қуанып, ренжісең жұбатып, әр кез қасыңнан табылатын ата – аналардың болғаны қандай бақыт.

Ән: « Песенка Мамонтенка»

Жанерке:

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Қайрат:

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Ән: «Армандастар, құрдастар»

Алтынбек: Иә осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Қайрат: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

Әли: Қайрат: Алтынбек:

Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз. Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз, Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз. Бір мектептің ұлы менен қызымыз. Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде, Бірдей өстік оқуда да еңбекте, Бастауышта алған білім, жырларым,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз. Күліп – ойнап біріміз бен біріміз. Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

Әзіл-өлеңдер:

Мы-веселые ребята

Вам частушки пропоем,

Как в своей любимой школе

Замечательно живем.


Дрессированных мартышек

Увидела Жанерке,

И теперь она мальчишек

Дрессирует в школе.


Мы спросили Алтынбека

- Где же взял ты «Двоечку»?

Алтынбек хмуро отвечает

- Всем «пятерок» не хватает.


Наш Али с большим успехом Научился различать доллары и лиры.

Видно надо мне пойти. В крупные банкиры.

Кайрат в лыжном кроссе выступал,

Полпути на лыжах ехал,

Полпути в снегу лежал.


Құттықтау сөз мектеп басшысына Ж.Ж.Шаимовқа береміз. (оқушыларға диплом табыс ету)

Алия:

Құрметті ата-аналар сіздерді ортаға шақырамыз.Ата-ананың антың беруге дайынсыңдар ма?

Жанерке: Қанатымыз қатайды,

Биікке енді самғаймыз

Білім жолы сара жол

Қалықтаймыз, талмаймыз.

Әлемге жолды жалғаймыз,

Көк аспанға жұлдызға,

Ақ құстай боп самғаймыз.

Сенімді біз ақтаймыз,

Қош бол, балғын балалық,

Қош бол, сүйікті бастауыш!

Сабина:

Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,

Лаулап жанар болашағы шамшырақ.

Ән: «Бастауышым – балбұлағым»

Мұғалім: Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе, 4 сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен ақылғой ағаларымыздың аманатымен саналы түрде жүзеге асыра берейік, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдірімен.

Ал ата-аналарға айтарым: Қырандарыңыздың білім қуған қанаттары талмасын.

Тек биікке самғасын дегім келеді.

Мынау өмір арнасымен ағады

Білімді жан әркез жолын табады.

Сіздерменен бастауыштар қоштасып,

Көгершіндей самғап қанат қағады.

Білімді жан әрқашанда бағалы,

Білім барда ақ шашың да даналы.

Көрерменім аман-сау бол осымен,

Ақ көгершін самғап ұшып барады.


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!