Материалдар / Тәрбие сағаты 4 сынып Пенжім орта мектебі

Тәрбие сағаты 4 сынып Пенжім орта мектебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білімді қажет ететін оқушымен жүргізілген тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2021
382
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

















Тәрбие сағаты

Shape1

«Ұлттық тәрбие –

ұлағат көзі»


































2021 оқу жылы



Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі

 

Мақсаты: Оқушыны  ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кейінгі ұрпаққа жеткен  мұрасымен   таныстыру;

Оқушыларды  халықтық салт-дәстүрден нәр алып  өсуіне инабаттылыққа, мейірімді, қайырымды  болуға тәрбиелеу;

Халықтық салт-дәстүрімізді, ұлттық мұрамызды дамыту.


Көрнекілік: нақыл сөздер,  қабырға газеттері, буклеттер


Сабақтың барысы

І. Кіріспе бөлім

Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Ұлттық құндылықтар жайлы айта беретін болсак шегі жоқ.

Ең негізгілерін атап өтсек олар: Қазақ оюлары, қазақ тілі, қазақ халқы, оюлы домбырасымен және оюлы көк туы.

Сонымен қатар еліміздің салт-дәстүрлері.

Салт- дәстүр –әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы.

Салт- дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлык, өнеге тәжірбиесін құраған. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиеліқ мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы-мәдениеттің байлығы.

Мысалы ата-ананы, үлкенді құрметтеу,

байғазы,

көрімдік,

сүйінші,

сәлем беру, т.б. салт-дәстүрге жатады.

Қазақ халқы салт-дәстүрге бай .

Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.

ІІ. Негізі бөлім


Бүгін біз осы ұлттық құндылықтарымыздың бірі қазақ оюларын қолдан жасауды үйренейік.


Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі бірге келіп, латынша «Орнамент» деген ұғымды білдіреді. «Орнамент» көп елдің тіліне сіңген интернационалдық термин, мағынасы сәндеу, әсемдеу.

Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, бұл өнер, бізге ежелгі көшпенділерден жеткен. Біздің заманымызға дейін 6-7 ғасырларда Орта Азия, Қазақстан, Алтай және Оңтүстік Сібір жерлерінде бір – бірімен тығыз байланыста ортақ мәдениеті бар туыстас тайпалар өмір сүрген.

Қошқармүйіз оюы неше түрі формалаға еніп, қазақ бұйымдарының көбінде кездеседі. Әсіресе киіз үй жасауларының барлық түріне де салып тоқуға болады. Мәселен, текеметтің ортасына “қошқармүйіз” шет-шетіне “тұмар”, “шаршы” немесе “су” оюлары салынады. Мұнысы туған жер төсін толтырған отар-отар қой болсын деген халықтың арман – тілегі, Омыртқа – мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою қайраттылықтың, ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады. Мұндай оюлардың формасы қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз тәрізденіп келеді де, кейде осы мүйіздің қолтығында қойдың құлағын долбарлаған шолақ мүйіз тәрізді тағы екі буын тұрады. Байқап қарағанда бұдан қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.

«Мүйіз» — қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз»ою-өрнек кейде ұсақ кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «өркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши) мен түрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, ожау, жүкаяқ, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, садак), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.

к/н

Жұмыстың орындалу тәртібі

Жұмыстың орындалу мазмұны

Керекті заттар

1





Ұзындығы,ені 18 см болатын тік төрт бұрышты қағазға алып, екіге бүктейміз.

Түрлі-түсті қағаз,қалам,сызғыш,өшіргіш

2





Бүктелген қағазды қақ ортасынан екіге бүктейміз

Қағаз,қалам,сызғыш,өшіргіш

3




Төрт бүктелген төрт бұрышты қағазды бітеу бұрышынан бастап қиғаштап екіге бүктейміз

Дайындалып жатқан қағаз,қалам,сызғыш,өшіргіш

4




Үш бұрышты бүктелген қағаздың бітеу жағынан ою-өрнек үлгісінің суретін саламыз

Дайындалып жатқан қағаз,қалам,сызғыш,өшіргіш

5






6


Shape2

Сызылған сызықтар бойынша қиып шығамыз.


Қиылған оюдың бүктелген сызықтарын жазамыз.

Қайшы


Енді біз осы дайын болған үлгіні ою қиылатын матаның бетіне орналастырып матадан қиямыз. Ол үшін қиылған оюдың үлгісін мата бетіне орналастырып, көктеу тігісімен тігін шығамыз, алдымен бекіту тігістерімен, сонан соң көктеу тігістерімен тігеміз. Нұсқау қағазы арқылы оқушыларға түсіндіріп шығамын. Сол түсіндірме бойынша матаның бетіне үлгіні көктеп шығамыз. Инемен жұмыс істеу қауіпсіздік ережесін сақтай отырып тігеміз.


ІІІ. Қорытынды бөлім

Оқушының жасаған жұмысына қарап талдау жасау. біліміне, жұмысына қарай бағалау.

Үйге тапсырма беру: Қошқар мүйіз оюын толық аяқтау, астарлау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ