Тәрбие сағаты: "8 наурыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: "8 наурыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
ананы сыйлау
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Тақырыбы: «Ана-гүл,ана-өмір шырағы» Мақсаты: Өзін-өзі таныстыра білу, мақал-мәтелдерді, өлеңдерді мәнерлеп оқу. Әдептілікке, сыпайылыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қиялын, тілін дамыту.
Көрнекілік: нақыл сөздер, гүлдер, плакат, шарлар. Жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар.Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арнап өткізелі отырған «Қыздарға әсемдік жарасады» атты қыз сыны байқауын тамашалауға шақырамыз. Жүргізуші: Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,
                 Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
                Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
                Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.  
  Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
                Аруы деп мектептің  жүрейікші.
                Әділқазыларға тек әділдікті,
               Ал аруларға сәттілік тілейікші-дей отырып аруларымызды ортаға шақырайық 1.Ануарбекова Аяла 2.Жаркеева Айдана 3.Қабылахатова Еркежан 4.Нұрланова Жұлдыз 5.Талдау Жұпар

Жүргізуші:   Шалқытып мерекеде ән салайық, 
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1.    Өзін -өзі таныстыру.
2.    Өз өнерін көрсету
3.   Сән үлгісі (шаш үлгісі ) 4. Үй тапсырмасы
5.    Білгенге  маржан (сұрақ-жауап)
Қатысушылар әділқазы  алқасының  алдынан нөмер  алады да , кезекпен  өздерін таныстырады. 

I кезең.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
II кезең Өз өнерін көрсету.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға

Арулар аянбай-ақ жан салыпты .

III  кезең. Сән үлгісі

Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.

IV кезең. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.

V кезең. Үй тапсырмасы - үйден дайындап әкелген тағамдарымен таныстыру.

Жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің  сәні бола беріңдер.Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.

Ал енді екінші бөлімімізде балалардың дайындаған концерттік номерлері бар соны тамашалайық.

1.Ұлдардың тақпақтары 2. «Ертегілер әлемі» орындайтын Жұлдыз,Динара ,Айдана , Ақмарал 3.Ән «Ерке қыз» орындайтын Балжан,Меруерт 4.Күй «Балбырауын» Орындайтын Аяла 5.Ән «Мен қазақтын қызымын» Жұпар 6. Үнді биі Айзада, Жұлдыз, Динара,Меруерт,Акмарал. 7.Ұлдар биі 8.Қыздар тақпағы 9.Ән «Сенің анаң алтын» Баладларың қолдан жасаған сыйлықтарын аналарына сыйлауы.

«№34Жалпы орта білім беретін» КММ

















«Ана-гүл,ана-өмір шырағы»









Өткізген:Жакупова Г.К

2сынып

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
661
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі