Тақырыбы: 9- мамыр –Жеңіс
күні
Мақсаты: Елбасы
мақаласының мағынасын түсіндіру. Отанын сүюге, оны
қорғауға
баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы
туралы кітаптар, батырлар
суреттері.
Барысы: Әдеби монтажбен
бастау.
Аяжан:
Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,
Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.
Күн парақтар қып - қызыл боп ашылды.
Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.
Ақжан:
Домбырада саусақтары жаралы,
Жеңіс, жеңіс атам әнге салады.
Шаршағанда аңсағанда жас шағым,
Жеңіс деген сөзден ләззат
алады.
Бекарыс:
Ағайлардан, апайлардан, інімнен,
Жеңіс сөзін көп естідім мен бүгін.
Сәл күбірлеп жеңіс, жеңіс деп едім,
Жазылғандай әжем белі бүгілген.
«9 мамыр- Жеңіс күні»
ролик.
Жеңіс күні оңайлықпен келмеді. Сол жылдары қаза
болған батырларымызды 1 минут үнсіздікпен еске
алайық.
Мұғалім: Соғыста
Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай
шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында
млн қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су
кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын
қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия
Молдағұлова мен Мәншүк
Мамбетова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза
тапты. Бауыржан
Момышұлы екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты
жауынгері, халық қаһарманы қазақтың көрнекі
жазушысы.
«Сен білесің бе?» айдарынан
осы батырларымыз туралы мағлұмат
естиік.
Мұғалім:- Иә сұралып
соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды.
Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте бер.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне
түсті. Қаһарман
ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық басқыншылық
тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая
түсті.
Осы сұрапыл соғыс
туралы Бауыржан
Момышұлының өз ауызынан айтқан
сөзін тыңдайық.
( бейнеролик)
Мұғалім: Ұлы Отан
соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан
Момышұлы, Мәншүк Мәмбетова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин,
Талғат Бигелдинов.
Малика:
Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған,
Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған.
Мен жеңістің көріп тұрмын алауын,
Жанарлардан алтын шуақ шашылған.
Батырхан:
Қамықпаған қиындықтың түбіне
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы жеңіс
күнімен!
Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің
амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым
етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың
бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында
біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп,
шаттана күлгеніміз бәрі де сол
Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Әрине соғыс
болмасын!
Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары
болуға тырысайық!
«Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» бейне
ролик.
- Міне, осындай ерлік көрсеткен батырларымыз не
үшін күресті?
Айбек:
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады.
Самал ескен даласын қорғады
Пәк жүзді арай баласын
қорғады.
-Біз Қазақстан деген ең байтақ елде өмір сүріп
отырмыз. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты
талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын
ұлан-ғайыр
аумақты қорғай отырып, бізді «сізді», «оны»
қорғаған. Атамекенді бізге мирас
етті. Сондықтан біз
жерімізді қорғап, жер асты
байлықтарымызды тиімді
пайдалану керекпіз. Оны ел игілігіне жарату
қажет. ( Жерімізді қорғау, жер асты байлықтарды
үнемді пайдалану)
-21 ғасырда өмір сүріп отырғандықтан. Дамып
жатқан заманауи
техниканы ( компьютер, сотка,) шет елге
шықсақ ағылшын тілі қажет.
Сондықтан ағылшын
тілін
меңгеру, бірақ ана тілді ұмытпау
қажет.
( ағылшын тілін білу, ана тілін
ұмытпау)
-Табысқа қол жеткізу, жетістікке жету
үшін білім мен
еңбек керек. Сіздер
балет
өнерін үйреніп жатырсыздар. Кейін елімізді шет
елге танытасыздар.Сол үшін біз білімді, мәдениетті, парасатты болу
керекпіз. ( білімді , еңбекқор, мәдениетті
болу)
-Ел үшін жанын қиған батырларымыз, өнермен
өмірін байланыстырған күші,
биші,
ақын, жазушы, спорт шеберлері біз ұмытпауымыз
керек. Олардың қатарына бүгінгі жас
есімдерді қосып тануымыз
қажет. ( тарихты білу, жас есімдерді
тану)
-Еліміздегі ескерткіштерімізді,
ғимараттарымызды атап айтсақ Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін, Бекет
ата кесенелерін білуіміз, тануымыз
керек. (ескерткіштерді, ғимараттарды
тану)
- Басқа елгерге қарай отырып бірге даму, алға
жылжу. ( Алға, жас
ұрпақ!)
Нұрлы:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен Отан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен Отан.
Мансур:
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Зере:
Отан - сенің, ата - анаң,
Отан - досың бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.
Дария:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Елім менің - тірегім,
Құшағында гүл атам.
Қайрат:
Асыр салған таласып,
Біз туған ел - баласы.
Қандай байтақ - Отаным,
Жан - жағына қарашы.
Модэ:
Отаным - кең көсілген,
Төсінде ырыс өсірген.
Жайқалған шалғын, алып дән,
Бәрі менің несібем.
Әрқашан күн
сөнбесін
Күн нұрын төге берсін,-деп тілек айта
отырып «Көк тудың
желбірегені»
әнін бірге
орындайық.