тәрбие сағаты : 1 сынып "Бір адым алға "

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тәрбие сағаты : 1 сынып "Бір адым алға "

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал 1 сынып ұстаздарына көмек ретінден жарияланып отыр
Материалдың қысқаша нұсқасы

13 орта мектеп









Shape1


Shape2


(1 «В» сынып ертеңгілік)






Сынып жетекшісі : Конырбаева В.Т




2016-2017 оқу жылы

1 сыныппен қоштасу "Бір адым алға"

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, 1 сыныпта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.Білім берер ордасы – мектепті, ұстаз- дарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Оқушылардың сауаташудан алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды өзін-өзі басқаруға үйрету. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.


Барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал- мәтелдер, слайд, шарлармен безендіру, алма ағашы Кейіпкерлер: ханзада,ханшайым,алма ағашы, сиқыршы қыз

Мұғалім:  Армысыздар, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 1 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып 1 сынып пен қоштасқалы отыр.Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Бір қадам алға!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 8 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі,бірі әзірге жалғызы,ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл- қыздарымыз.1 сыныпты бітіруші түлектеріміз бүгін сіздер үшін бар өнерлерін көрсетіп, тағы да бір бақытқа кенелтпекші!

Мұғалім: Иә мектебімізге қандай жыр арнасақта жарасады

Нұржан :  Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.

Асия:   Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

ЕлдиярАрмысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне 1-ші сыныппен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер!

Айжан:    Армысың сен, алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр-алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім!



(Сахнада «Ертегілер елінде» әуен ойналады.)

Анеля (жүргізуші): -Ерте,ерте,ертеде бір жаһанда «Сиқырлы» ел болыпты Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті.Содан екеуі елдің орта шетіне көшет отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтім жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып,көкке шарлап өседі.Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді. Ал ол қандай себеп екен?

Ханзада(Нұржан): Е,ханшайым,біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді?

Ханшайым(Асия): Ханзада, мұның да бір себебі болар-ау!

Алма ағашы (Елдияр): Уа, ханзада мен ханшайым,маған күн шуағы жеткілікті,суда бар.Бірақ жемістерім жоқ,неге екенін өзім де түсінбеймін.

Ханзада(Нұржан): Иә,солай шығар!Оның сырын тезірек ашу керек қой. Неліктен бүгін орман іші тып-тыныш?

Ханшайым(Асия): Бұл сұрақтың сырын сиқыршы қыздан сұрап көрейік.

Cиқыршы қыз(Айжан): Бұл орманда неше жылдан бері ешқандай кеш,ешқандай сабақ өтпейді. Сол себептен осы ормандағы тіршілік есінің бәрі ұйқыда

Ханшайым (Асия): Онда оларды оятайық.Сен соған көмектесші.

«Ертегілер әлемі». Сиқыршы қыз ормандағы тіршілік иелерін оятады.

Құстардың дауыстары естіледі

Сиқырлы кітап (Рамина):

Сәлеметсіздер ма? ханзада мен ханшайым. Мен мұнда 40 әріп пен 2 таңбамды ертіп келдім, ендеше олар сізге көмек беріп қалар.

Отан деген сөз шығуы керек

О әрпі: Нурмухамед

Оралхан мен Омархан. Малақайы ауысқан

Т әрпі: Камила

Сөйлемейді қуыршақ, Қарындасым тақылдақ



Рахима А әрпі: 

Апатайым , анашым Ақылы сен әр үйдің

Н әрпі: Мехмут

Қос тақтайға көлденең,бір тақтай қағылғанын,

Дедік көріп бұл деген,тақтайдан салынған , Н

Жүргізуші (Анеля): Ханзада мен ханшайым міне,көрдіңіздер ме, Сиқырлы кітаптің арқасында алма ағашымыздың жеміс бергенін.Қандай сөз шықты? ОТАН (Балалар тақпақтарын айтады)

Гемере Ә- Әлдиледі ата-анам,  Лирова Б- Берекелі елім бар, 

Әлпештеді елім де.  Бақытқа толы жерім бар. 

Әрбірінен бата алам,  Байлыққа толы кенім бар, 

Әр жақсылық кенінде Болашаққа сенім бар.

Ө –Дейцан Ү- Сабина

Өзен бойы –көк құрақ, Үйрек түнде ұшпайды.

Көл бақасы- бақылдақ Үкі күндіз ұйықтайды

Салима, К- Компъютерге жақынбыз

Кереметтей батылмыз

Көкелерді тыңдаймыз..

Кішілерге ақылмыз... 


Зейнеп

К- Кітап оқы ерінбей,

Ы- Абдужалиль

Ырыс –алды ынтымақ

Ханшайым: (Асия)Керемет! Ағашымымыз бірнеше жемісін берді.Сиқыршы қыз сізге көп рахмет!

Енді математика пәні бойынша үш тілде санап жіберейік

Қазақша -1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Орысша - 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Ағылшын тілінде -1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Ханзада(Нұржан ) :Әріптер,көп-көп рахмет! Бізге үлкен көмек бердіңдер Алма ағашын да бірге қарап,жемісін бірге жемейміз бе?

Анеля (жүргізуші) : Ханзада мен ханшайым,енді біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз!

Ән : « Катюша»

Орындайтын : Зейнеп , Гемере , Рамина , Рашида,


1. «Қайдан келдің, бауырсақ? » Диолог.

Дастарқанда шашылып, жатты аппақ бауырсақ Бауырсаққа қызығып,қарап тұрып көзін сап,

Айжан: Қуыршақ: Қайдан келдің бауырсақ?

Елдияр :Бауырсақ: Дүкеннен келдім нан сатқан.

Қ: Дүкенге келдің қай жақтан?

Б: Наубайдан келдім нан жапқан

Қ: Наубайға келдің қай жақтан?

Б: Диірмменнен келдім ұн тартқан.

Қ: Диірменге келдің қай жақтан?

Б: Даладан келдім кең жатқан?

Жер анам,менің көсілген,

Диқандар мені өсірген,

Арғы тегім ақ бидай

Тәттімін жеп көр.

Жесең өзің байқарсың?

Рақметіңді айтарсың

Айырылмас дос болайық,

Адамға достық лайық!

Менің атым-бауырсақ,

Сенің атың- қуыршақ. 

Жүргізуші : Балалар енді Ханзада мен Ханшайым сендерге жұмбақ жасырмақшы . Жұмбақтың жауабын шешіп көрейік

(Ханзада мен Ханшайым жұмбақ жасырады ).

Жұмбақ жасыру.

1.Сырты тәтті Іші қатты, 2. Қалың киімді ұнатады

Ортасы сүйек қатты. (өрік) Шешіндірсең жылатады (пияз)

3.Доптар жатыр желісі бар, 4.Дәмі жоқ, түсі жоқ

Қызарды күз жеткенде. (алма) Пайдаланбас кісі жоқ ( су)

5.Бақшада жер қазып, 6. Үш көзді батыр,

Жиып алдым жез қазық. (сәбіз) Жолды аңдып жатыр (бағдаршам)

Жүргізуші : Анеля

Ән : қыздар «Аяулы анашым»

Орындайтын : Зейнеп, Рахима , Лирова,Гемере

Жүргізуші : Анеля

Келген бізге қонаққа,

Биші ұлдар алыстан.

Келді біздің мейрамға,

Өздерінің биімен.

Ұлдар биі : (Адай күйі ойналады)

Жүргізуші: Анеля

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Ата-аналар қаттырақ қол соғындар,

Бишілердің билері қандай жақсы.

Би. Қыздардың орындауында «»Гүлдер» биін тамашалаңыздар

Би : Ұлдардың орындауында «Біздің жігіттер»

Би : Қамажай

Ән «Қошақан» Орындайды :Асия, Айжан

Құттықтау сөз ата аналар мен келген ұстаздарға беріледі. 

Келесі құттықтау сөзімізді : Алиханова Анар тәтейге береміз

Бастауыш бірлестік жетекшісі: Джамансариева Майра тәтейге берейік

Құрметті қонақтар , ата- аналар! Осымен бүгінгі 1 «В » сыныбында өткен «Бір қадам алға» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Қош сау болыңыздар!!!!!!




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2018
773
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі