Класс жетекші Булекеева Эльмира Акмырзакызы
Тақырыбы: «Абай ұлағаты мәңгілік»
Сабақтың мақсаты:
А) Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.
Ә) Көркем сөйлей білу, өз бетімен іздене білу , шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Б) Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, ұлы тұлғаларды қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, презентация
Кеш сценарийі
1-жүргізуші:
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
2-жүргізуші:
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
1-жүргізуші:
-Айдар, сонда бұл өлең кім туралы болды екен?
2-жүргізуші: Оны білу үшін экранға назар аударайық.
(Абай туралы деректі фильмнен үзінді көрсету)
1-жүргізуші: Олай болса, бүгінгі әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналады. Бұл кеште Абайдың өлеңдері мен әндерінің үзінділерімен танысасыздар.
2-жүргізуші: «Абай ұлағаты мәңгілік» деп аталатын кешіміз мынадай бөлімдерден құралады:
-
Абай әлеміне саяхат.(Абай Құнанбаевтың өмірбаянымен танысасыңдар)
1-жүргізуші:
-
Кітаптар сыр шертеді... (Гимназия кітапханашысы Абай тақырыбындағы көрмемен таныстырады)
2-жүргізуші:
-
Поэзия – жүрек тілі. (Оқушылар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқиды)
1-жүргізуші:
-
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған. (Оқушылары Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінен үзінділер оқиды)
2-жүргізуші:
-
Абайға арнау.(Бастауыш класс оқушыларының шығармашылығы)
1-жүргізуші:
-
Әнді сүйсең, менше сүй.(Абай әндері орындалады)
2-жүргізуші:
-
Жұлдызды сәт. Жас абайтанушыларға тапсырма лар беріледі.
1-бөлім «Абай әлеміне саяхат»
1-жүргізуші: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты - Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы - Тобықты руының ауқатты отбасы болған.Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған.
1-жүргізуші: Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді.
2-бөлім «Кітаптар сыр шертеді...»
1-жүргізуші: Абай қазақ тіліне А.С.Пушкиннің, Ю.М.Лермонтовтың, Л.Н.Толстойдың, Крыловтың шығармаларын қазақшаға аударды.
2-жүргізуші: Абай Шығыстың ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. шығармаларын қызыға оқыды. Өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға сиынудан басталды.
1-жүргізуші: Ақын жастарға «Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңдар – кейін өкінбейсіңдер» деп ақыл айтады. Балғын шақтарыңда оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді.
2-жүргізуші: Олай болса, Абайдың кітапқұмарлығы, оның шығармалары туралы мағлұмат алу үшін гимназия кітапханашысы Шекенова Ақзерге сөз берейік.
3-бөлім «Поэзия – жүрек тілі»
1-жүргізуші:
Қазақтың туған бағына
Абайдай дана баласы.
Ақынның әсем жырларын
Сағынды байтақ даласы.
2-жүргізуші: Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда ден қояды. Өмірінің соңына дейін созылған 20 жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең мен 45 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл сөздер “Абайдың қара сөздері” деп аталады.
1-жүргізуші:
«Ғылым таппай мақтанба», «Білімдіден шыққан сөз», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» т.б. көптеген өлеңдері бар. Абайдың ұлы ақын болуының бір сыры сурет салып, оған жан бітіруінде. «Қыс», «Күз», «Жазғытұрым», «Жаз» өлеңдері- соның айғағы.
2-жүргізуші:
Абайдың әр өлеңі бізді жақсы болуға, жаман әдеттерден жиренуге тәрбиелейді.
« Сәулең болса кеудеңде» дегендей, Абай Құнанбаевтың өлең-жырларын өздеріне серік еткен жас өреңдерімізді ортаға шақырайық.
(5 оқушы шығады) Әуен ойналады
4-бөлім «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»
1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.
2-жүргізуші:
Ал Абайдың қара сөздері - бағасын жоймайтын қымбат қазына. Ол – қазақ тілінде жазылған тұңғыш данышпандық еңбек. Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінен үзінді оқу үшін жоғары класс оқушыларын ортаға шақырайық.
(3 оқушы шығады) Әуен ойналады
5-бөлім «Абайға арнау»
1-жүргізуші:
Рухымен бекем күрескен,
Санаға ғылым ұқтырған.
Сөзімен жарық, нұр құйған
Айналдық дана, текті ұлдан.
2-жүргізуші:
Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, шәкірттер! Абайға арнап өз жанынан өлең шығарған шығармашыл балаларды ортаға шақырамыз.
(10 оқушы шығады) Әуен ойналады
6-бөлім «Әнді сүйсең, менше сүй»
1-жүргізуші:
Елдікті жыр ғып қолдайтын,
Ұрпаққа жырын жалғайтын.
Ел үшін әні самғайтын
Жасай бер мәңгі санамда.
2-жүргізуші:
Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тыңдап, бейнебаянды тамашалайық.
7-бөлім «Жұлдызды сәт»
2-жүргізуші:
Жас абайтанушыларға мынадай тапсырмалар беріледі.
1. Абай қай жылы туды?
1855, 1963, 1845;
2. Қай жерде туды?
Семей, Алматы, Торғай
3. Әкесінің аты кім?
Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай;
4. Абай қай рудан?
Жігітек, Бөкенші, Тобықты;
5. Анасының, әжесінің аттары кім?
Әйгерім, Зере, Ұлжан;
1-жүргізуші:
Сонымен Абай кім болды?
Тірек сызбамен жұмыс: философ заңгер ақын аудармашы сазгер ойшыл кемеңгер Абай жазба әдебиетінің негізін салушы
гуманист қоғам қайраткері әділ би ағартушы-ұстаз
2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй - дегендей, алдарыңызда жас өнерпаздардан құрылған хор. Әуен ойналады
«Желсіз түнде жарық ай».
1-жүргізуші:
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс» дейді елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.
2-жүргізуші:
Сондықтан Абайдай данасы бар қазақ халқының рухы биік, елдігі мәңгілік бола бермек. Ұлылығы мен ұлағаты жас ұрпақтарына жалғаса берсін дей отырып, қорытынды сөзді гимназия директорының бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасары Фарида Қайырқожақызына береміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты " Абай ұлағаты мәңгілік" 4 сынып

шағым қалдыра аласыз