Тәрбие сағаты " Ардақты анашым" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты " Ардақты анашым" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар күніне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кеш тақырыбы: Ардақты анашым

Кештің мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

1-ұл. Ұлдар айтындаршы мерекеге барлығы жиналдыма ?

2-ұл. (залға қарап) Барлығы жиналған сияқты қонақтарымыз да келіпті.

3-ұл. Иә, бүгін аналар, әжелер, қыздар мерекесі ғой.

Ендеше мерекені бастайық.

4-ұл. Тоқтандар, қыздар жоқ ғой.

5-ұл. Ә, олар топта өздерін әдемілеп жатқан, кешке дейін келіп қалар.

6-ұл. Ұлдар, тыныш, міне қыздарымыз да келіп қалыпты.

7-ұл. Ендеше қыздарымызды қарсы алайық.

Вальс «Қыздар, қыздар – сұлу қыздар» (барлығы билейді)

1-жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым!

2-жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Ардақты анашым» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз!

1-жүргізуші: Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады
2-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады

1-оқушы

Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын.

2-оқушы

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
3-оқушы

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

4-оқушы

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. 

5-оқушы

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!

2- жүргізуші:

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім. Алдарыңызға әнші ұлдарыңыз Жолмырзаев Айдостың орындауындағы «Анашым-ай» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!


1-жүргізуші: 

Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Жанайым, Шынар «Ана» туралы монолог оқиды

2-жүргізуші:

 Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп класымыздың «» КВН командасын ортаға шақырамыз. (Жігіттерден құралған топ аналар, ұздаздар, қыз-келіншектер жайында қызықты әзілдер айтады).


1-жүргізуші: 

Домбыра, күмбірлеші күніндей боп қазақтың
Өзіңменен бірге жүргем ұзақ жолында азаптың
Үніңменен жазылады жарасы
Үніңменен жалғанады ұрпағым, – деп ақын ағаларымыз жырлағандай класымыздың қыздарын «Келіншек» күйімен ортаға шақырамыз

2-жүргізуші: 

Ал қазір ата – аналармен ойын ойнаймыз (ойын)
Ойынның 2 шарты бар, олар:
1. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын. Яғни қазір ортаға ойынға қатысамын деген 5 ата-ана шықсын.

2. 5 ата - ананы шығарып 5 шарды жарып ішіндегі логикалық сұраққа жауап береді.

Сұрақтар:

1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.

Неше стакан қалды?

Жауабы: үш стакан

2. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр.

Көшеде неше адам жүр?

Жауабы: үшеу

3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?

Жауабы: шырпы

4.  5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше?

Жауабы:  12 минута, бәрін бірге саламыз.

5  Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

Жауабы:   5


1-жүргізуші: 

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып,  Ақнұрдың орындауында «Ата-әже» әнін ұсынамыз.


2-жүргізуші:  Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!  Мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді класс жетекшіміз Айтолқын Қуанышбекқызына береміз

(оқушылар сыйлықтарын табыстайды)

1-жүргізуші: 
Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды.
Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға ұсынамыз


2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің "Ардақты анашым" атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.06.2018
827
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі