Елім деп соқсын жүрегім! – мерекелік шараның жоспары
Мақсаты: Ата –аналарды мектеп жұмысына тарту, олардың мүмкіндіктері негізінде балаларға патриоттық тәрбие беру, Отан, туған жерге сүйіспеншіліктерін арттыра түсу.
Музыка « Көңіл толқыны » ойнап тұрады. Екі бала өз ара әңгімелесіп отырады.
Ұл бала: - Гүлім , мен бүгін қуанып отырмын. Біздің мерекемізге ата- аналарымыз да қатысқалы отыр.
Қыз бала: - Ия, Адият . Мен де қуаныштымын. Мені бір ой мазалап отыр. Отан, туған жер, жүрек, рухани жаңғыру сөздерінің арасында қандай байланыс бар?
Ұл бала: - Осы сөздерді жеке алғанда білеміз ғой. Олардың арасындағы байланысын ата- аналарымыздан сұрап көрсек қалай болады?
Қыз бала: -Адият ,қандай табылған ақыл. Ата- аналарымыз түсіндіріп берсінші бізге.
-
Бір ата- ана шығып қысқаша слайдты пайдаланып әңгімелейді.
-
Мұғалім:
Отан деп соғып жүрегім,
Күн сайын , міне, түледім.
Отаным – алтын діңгегім,
Өркендей берші, тілегім.
Бүгінгі «Елім деп соқсын жүрегім!»- атты мерекемізге ұлдар тобы, қыздар тобы ата- аналарымен қатысып отыр. Әр топ өздерін таныстырып өтсін.
-
«Елім үшін мақтанам!»- Топтар өздерін таныстырып буклеттерін жарнамалайды. Ұлдар тобы «Ел жүрегі- Астана ! Қыздар тобы « Рухымыз биік болсын!»)
Мұғалім: Көп рақмет.
Отан,Отан бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
4.«Сен білесің бе?» - «Қоржындағы сұрақтарға жауап беру»
*Азамат деп кімді айтамыз? ( Адамгершілік қасиеті бар, отанын , туған жерін қадірлейтін, өз ұлтын мақтан тұтатын адам.)
*Мұхтар Шаханұлы құдіретті төрт анаға нені жатқызады? ( Туған жер, туған тіл, туған дәстүр, туған тарих)
* Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған.
Бәрі маған Отан деп сыбырлаған - жолдары қай өлеңнен алынған? Оны кім жазған? ( Отан туралы. )
*Отан , туған жер туралы мақал- мәтел айт. ( Ұлтарақтай болса да, ата-қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат. Туған жер –а лтын бесік. )
*Елордамызға биыл неше жыл? ( 20 жыл )
* Әр мемлекетті қандай белгісі арқылы танимыз? ( Елтаңбасы, туы,гимні)
* Бауыржан Момышұлы Отан туралы қандай нақыл сөз қалдырған? ( Отан үшін түс, күймейсің.)
5. «Отан десем күмбірлейді жүрегім» - Ана, бала, әке боп ән салу.
Мұғалім:- Отанын сүйетін әр азаматтың жүрегінде әдемі әуен толастамайды. Олай болса, біздің бүлдіршіндеріміз бен ата- аналарымыз өз Отанын қалай мақтанышпен әнге қосады екен.
6. «Қыз еркем кестесімен көркем. Ұл еркем өнерімен көркем»- Ата- аналар ұлттық қолөнерімізді балаларға үйретеді. Қыздарға сырмақ жасату. Ұлдарға қамшы өргізу.
Мұғалім: - Халқымыз ұлттық өнерін атадан балаға мұра етіп қалдырған. Ендігі кезек ата – аналар сіздерде.
7. «Туған жерді жырлап өтем мәңгілік !»- Ата-аналар Отан, Астана туралы өлең оқиды.
Мұғалім: - Өз Отанын жырламайтын ақын жоқ. Туған жерін қадірлемейтін адам жоқ. Ата-аналарымыз өз сезімін өлең арқылы жеткізбек. Қане, балалар, назар аударайық.
Мұғалім: « Атамекен – алтын бесік»- деп ата- бабамыз тегін айтпаған. Олар өз перзентіне бәрін берген. Кеудесінде тербетіп, аялап әлпештеген. Атамекен – біздің мақтанышымыз. Оған қызмет ету әр адамның игі ісі,мүддесі.
8. « Жаса Қазақстан!» әні арқылы сабақты қорытындылау . Ата- аналар, балалар флешмоб билейді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты " Елім деп соқсын жүрегім" 2 сынып
Тәрбие сағаты " Елім деп соқсын жүрегім" 2 сынып
Елім деп соқсын жүрегім! – мерекелік шараның жоспары
Мақсаты: Ата –аналарды мектеп жұмысына тарту, олардың мүмкіндіктері негізінде балаларға патриоттық тәрбие беру, Отан, туған жерге сүйіспеншіліктерін арттыра түсу.
Музыка « Көңіл толқыны » ойнап тұрады. Екі бала өз ара әңгімелесіп отырады.
Ұл бала: - Гүлім , мен бүгін қуанып отырмын. Біздің мерекемізге ата- аналарымыз да қатысқалы отыр.
Қыз бала: - Ия, Адият . Мен де қуаныштымын. Мені бір ой мазалап отыр. Отан, туған жер, жүрек, рухани жаңғыру сөздерінің арасында қандай байланыс бар?
Ұл бала: - Осы сөздерді жеке алғанда білеміз ғой. Олардың арасындағы байланысын ата- аналарымыздан сұрап көрсек қалай болады?
Қыз бала: -Адият ,қандай табылған ақыл. Ата- аналарымыз түсіндіріп берсінші бізге.
-
Бір ата- ана шығып қысқаша слайдты пайдаланып әңгімелейді.
-
Мұғалім:
Отан деп соғып жүрегім,
Күн сайын , міне, түледім.
Отаным – алтын діңгегім,
Өркендей берші, тілегім.
Бүгінгі «Елім деп соқсын жүрегім!»- атты мерекемізге ұлдар тобы, қыздар тобы ата- аналарымен қатысып отыр. Әр топ өздерін таныстырып өтсін.
-
«Елім үшін мақтанам!»- Топтар өздерін таныстырып буклеттерін жарнамалайды. Ұлдар тобы «Ел жүрегі- Астана ! Қыздар тобы « Рухымыз биік болсын!»)
Мұғалім: Көп рақмет.
Отан,Отан бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
4.«Сен білесің бе?» - «Қоржындағы сұрақтарға жауап беру»
*Азамат деп кімді айтамыз? ( Адамгершілік қасиеті бар, отанын , туған жерін қадірлейтін, өз ұлтын мақтан тұтатын адам.)
*Мұхтар Шаханұлы құдіретті төрт анаға нені жатқызады? ( Туған жер, туған тіл, туған дәстүр, туған тарих)
* Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған.
Бәрі маған Отан деп сыбырлаған - жолдары қай өлеңнен алынған? Оны кім жазған? ( Отан туралы. )
*Отан , туған жер туралы мақал- мәтел айт. ( Ұлтарақтай болса да, ата-қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат. Туған жер –а лтын бесік. )
*Елордамызға биыл неше жыл? ( 20 жыл )
* Әр мемлекетті қандай белгісі арқылы танимыз? ( Елтаңбасы, туы,гимні)
* Бауыржан Момышұлы Отан туралы қандай нақыл сөз қалдырған? ( Отан үшін түс, күймейсің.)
5. «Отан десем күмбірлейді жүрегім» - Ана, бала, әке боп ән салу.
Мұғалім:- Отанын сүйетін әр азаматтың жүрегінде әдемі әуен толастамайды. Олай болса, біздің бүлдіршіндеріміз бен ата- аналарымыз өз Отанын қалай мақтанышпен әнге қосады екен.
6. «Қыз еркем кестесімен көркем. Ұл еркем өнерімен көркем»- Ата- аналар ұлттық қолөнерімізді балаларға үйретеді. Қыздарға сырмақ жасату. Ұлдарға қамшы өргізу.
Мұғалім: - Халқымыз ұлттық өнерін атадан балаға мұра етіп қалдырған. Ендігі кезек ата – аналар сіздерде.
7. «Туған жерді жырлап өтем мәңгілік !»- Ата-аналар Отан, Астана туралы өлең оқиды.
Мұғалім: - Өз Отанын жырламайтын ақын жоқ. Туған жерін қадірлемейтін адам жоқ. Ата-аналарымыз өз сезімін өлең арқылы жеткізбек. Қане, балалар, назар аударайық.
Мұғалім: « Атамекен – алтын бесік»- деп ата- бабамыз тегін айтпаған. Олар өз перзентіне бәрін берген. Кеудесінде тербетіп, аялап әлпештеген. Атамекен – біздің мақтанышымыз. Оған қызмет ету әр адамның игі ісі,мүддесі.
8. « Жаса Қазақстан!» әні арқылы сабақты қорытындылау . Ата- аналар, балалар флешмоб билейді.
шағым қалдыра аласыз













