Тәрбие сағаты : "Мемлекеттік рәміздер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты : "Мемлекеттік рәміздер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Тәрбие ісінің меңгерушісі Д.А.Муканова.


Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер –ұлттық мақтаныш!»

Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін арттыру. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Отанына, халқына адал қызмет етуге, ұлттық рәміздерді қадірлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Рәміздерге байланыстытүрлі суреттер, карта, Отан, жер туралы нақыл сөздер.

Барысы.

  1. Кіріспе сөз. –Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі білім күні құтты болсын! Әр отбасына амандық, береке, елімізге тыныштық тілеймін. -Оқушылар жазғы демалыстарыңыз қалай өтті?

-Сабаққа деген көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Мемлекеттік рәміздеріміз нелер еді? Кәне, кім айтады?

2. Негізгі бөлім Ендеше, бүгінші ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер –ұлттық мақтаныш!»

Барлығымыз орнымыздан тұрып, әнұранды шырқаймыз. Рахмет, балалар.Енді, осы отырғанымыз бойынша 3-топқа бөлініп, үш рәміз туралы өз білгендерімізді ортаға саламыз.

Мынандай сұрақтарға жауап берейік.

-Тәуелсіздігімізді қашан алдық? Тұңғыш Президентіміз кім? Ол қашан дүниеге келді?

1-топ. Еңселі Елтаңба бойынша сұрақтарға жауап бересіздер.

  1. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары? (Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов.)

  2. Елтаңбада нелер бейнеленген? Олар ненің белгісі?

  3. Елтаңбадағы суреттерді қатыстырып, мақал айта аласыздар ма? «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын!»

2-топ. Тұғырлы Туымыз туралы сұраққа 2-топ оқушылары жауап береді.

  1. Тудың авторы кім? (Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.)

  2. Туда нелер бейнеленген?


3-топ оқушылары Асқақатаған Әнұран туралы өз білгендерімен ой бөліседі.

  1. Әнұран қашан жазылды№ (2006 жылы 7 қаңтарда.)

  2. Авторлары кімдер?

2006 жылы 10 қаңтарда алғашқы рет ҚР-ның Әнұраны ретінде Елбасын ұлықтау рәсіменде орындалды.

3.Ойын-тапсырмалар.

Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар.

  1. Топ. 2-топ. 3-топ.

Елтаңба. Байрақ. Әнұран.

Ел, таңба, таң, аң. Бай, ай, қар, ар. Ән, ұра, ұн, нан.


«Рәміздерді жырға қосам...» айдары.

Әр топ оқушылары ұжымммен ақылдасып, өздеріне тиесілі рәміздерге тақпақ шы,арып көреді. Ойлану уақыты 5-6 минут. Ал, кәне шабыттан, ақын жанды балалар!

-Ата-аналар арасынан сөйлеймін деушілеріңіз бар ма?

Ендеше, мемлекеттік рәміздерді қадірлеу- тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Оларды құрметтеу елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.


Нахуанова Амангул Жаксылыковна БҚО, Теректі ауданы, Аңқаты ЖОББ мектебі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.12.2018
574
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі