Материалдар / Тәрбие сағаты : Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты : Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ой қозғау сұрақтары: (жеке, ұжымда)  Күнделікті өмірде керекті ақпаратты қалай іздеп табасыңдар?  Компьютерде ақпаратты іздеудің қандай жолдары бар? Есіңе түсір.  Ехсel-де қажетті мәліметті қалай іздеп табуға болады? Оқулықпен жұмыс - Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді. Мұғалім жаңа материалды түсіндіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2022
1561
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі

Мақсаты:

  • Болашақ ұрпақтың Ұлы Отан соғысы жылдары ата-бабаларымыздың асқан ерліктерін, қажымас еңбектерін ұмытпай, олардан үлгі алып, өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілігін, махаббатын, патриоттық сезімін ояту. 
    Көрнекілігі: журнал, слайд, схемалар, суреттер, портреттер, нақыл сөздер жазылған плакаттар

Сабақтың түрі: ашық альбом

Барысы:

1-слайд

І бет – «Отты жылдар шежіресі»

Мұғалім: 

Жеңіс деген - жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуанышпен мерекенің бұлағы.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» тақырыбында ұйымдастырылған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Жеңіс...Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бой минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды.

Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Ана – жарын жоғалтқан жесір, бала – әкесінен, анасынан айрылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.

Дәл осынау жадыраңқы жәй күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,

Есіме алам сол бір апат қайғыны

.

Қан майданда мерт болған ерлердің рухына 1 минут үнсіздік.

Мұғалім: Адамзат тарихында дүниені дүр сілкіндірген, әлемді таң қалдырған талай оқиғалар өтті. Бірақ солардың ішінде қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған Ұлы Отан соғысындағы теңдесі жоқ жеңістің орны бір бөлек.
Ұлы Отан соғысының шежіресі мыңдаған ұлдар мен қыздардың қанымен жазылған қасиетті тарих. Бұл шежіре аласұрған фашизмнің ашкөз қорқаулығы, қандыбалақ қиянаты, адамдарының баға жетпес қажыры мен қайраты, ерлігі, елдік намысы жыр болған өшпес тарих.

1-оқушы ): Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Суық хабар сол күні-ақ әйгілі диктор Левитанның қуатты үнімен тарады. Ұлы Отан соғысы басталды.

2-оқушы Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.

3-оқушы 41-жылдың июні,

Күндердің қауырт қиыны.

Тарықты елдің базары,

Соқты да соғыс құйыны.

Орман да көкпен таласқан,

Өксіді өмір, ақ аспан.

Қан-жоса боп қара жер,

Қақырап түсті қара аспан.

4-оқушы 

 Жаныштап ажал ызғары,

Қайғыдан жүрек мұздады.


Қаусатып кетті қарттарды,

Қартайтып кетті қыздарды.

5-оқушы 

Үй сайын қайғы, нала, зар,

Таусылып бітті жаны аздар.

Мұржаға қара қарғаша

Үйілді қара қағаздар

Мұғалім: Ұлы Отан соғысында 600 мыңнан астам отбасы қара қағаз алып, қайғының уын жұтты.

1-оқушы 

Бұлт басты, ашық сәні, қашты аспанның,

Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.

Анаға ең ауыр күн тіршілікте

Боздап кеп боздағымен қоштасқан күн

2-оқушы 

Аналар уайымдаса, уайымдасын,

Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын?

Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,

Жеткізді жерге дейін қайың басын.

3-оқушы 

Жабады, дала төсін, нала, қайғы,

Шын қайғы жас-кәріге қарамайды.

Қып қызыл көлдің бетін, сұңқылдаған

Аққулар қанатымен сабалайды

4-оқушы

Күннің де жүзі қызыл күңіренген,

Иттердің ұлуы көп күндегіден.

Қан шапшып қауызынан райханның

Еменнің жас тамып тұр діңгегінен.

5-оқушы

 Жас бала дір-дір етті мұны көріп,

Жіберді төгіп-төгіп мұңын берік.

Қоштасу, Тілеу, Қайрат беру...

Дүние кетті бір сәт күңіреніп.

Мұғалім:

Отан Ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

«Қара бұлтты қақ жарайық» деді де,

Қолдарына қару алды ерленіп.

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.


2-слайд

ІІ бет - «Жеңіс туын желбіреткен жерлестер»

Мұғалім: Соғыс басталысымен мыңдаған Қарағандылықтар әскери комиссариаттарға келіп, өздерін Қызыл Армия қатарына алуға өтініш білдірді. 1941 жылдың соңына қарай облыстың әскери комиссариаттарына 25 мыңнан астам өтініш түсті, оның 10 мыңын қарағандылық қыздар жазған еді. Соғыс жылдары майданға барлығы 59935 адам жіберілді.
Қарағандылықтар Отан үшін өшпес ерлік көрсетіп, жан қиярлықпен айқасты.
Қарағанды қаһармандары жайлы мағлұмат беру.

Мартбек Мамыраев

(1908-1989)

Мартбек Мамыраев Қарқаралы ауданының қазіргі М.Мамыраев ауылында туған. 1942 жылдың мамыр айынан бастап майданға кірді. Сталинград түбіндегі шайқастарға, 12-гвардиялық атқыштар дивизиясы сапында Димитров қаласын азат ету шайқастарына қатысты. Кеңес Одағының Батыры, Ленин ордені, Қызыл Ту ордені, I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері.

Қазыбек Нұржанов
(1919-1945)

Кеңес Одағының батыры Қазыбек Бейсенұлы Нұржанов Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай ауылында туған. Қарқаралы педагогикалық техникумын бітіріп, Шет ауданында мұғалім болып істеді. Ұлы Отан соғысына 1942 жылысәуір айында шақырылды. Оның бүкіл соғыс жолы ерлік пен даңққа толы. Кеңес Одағының батыры, "Қызыл Ту", "ІІІ дәрежелі Даңқ" ордендері және "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған. 

Амантай Дәулетбеков 
(1917-1943)

Кеңес Одағының Батыры Амантай Дәулетбеков Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туды. А.Дәулетбеков 1942 жылғы жазда Брянск майданына жіберілді. Ол 13-ші Армияға қарасты танктерді бұзып-жоятын 1180-ші полктің артиллериялық расчет командирі болды.


Петр Иосифович Теряев
(1922-1945)

Петр Иосифович Теряев Қарқаралыда туды. Петр 1943 жылдан бастап соғысқа қатысты. Ержүрек ұшқыш 154 рет жауынгерлік тапсырмамен аспанға көтеріліп, дұшпанға соққы берді.
1945 жылғы ақпанның 15-де кезекті шайқаста оның самолетіне оқ тиді. Ол өзінің даңқты әріптесі Николай Гастелло және жерлесі Нұркен Әбдіровтің ерлігін қайталап, самолетін фашист танктері тұрған алаңға бұрып, ерлікпен қаза тапты.

Прокопий Прокопьевич Корниенко

1911 жылы қазіргі Тельман ауданы Ростов ауылында туған. Солтүстік майданның атқыштар полкінің барлаушысы болған П.П. Корниенко - Кеңес Одағының Батыры. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Нұркен Әбдіров
(1919-1942)

Кеңес Одағының Батыры - Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы дүниеге келген. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан.
1942 жылы желтоқсанның І9-да біздің батыр жерлесіміз соғыс аспанына соңғы рет самғап шыққан еді. Жау оғы оның самолетіне дөп тиіп, өртене бастады. "Өзекті жанға бір өлім" деген ой шарпып өткен ұшқыш, отқа оранған күміс қанат сұңқарды фашист танктері шоғырланған тұсқа қарай бұрды.

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»


3-слайд

ІІІ бет - «Майдангер ақын, жазушылар»

Мұғалім: Деректерге сүйенсек: Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына 60-тай ақын, жазушы қатысқан екен. Соның 48-і қазақ ұлтының өкілдері. Сондай жандардың бірі әрі жерлесіміз, әрі жұртшылыққа талантымен танымал Б.Бұлқышев.

Мұғалім: Жоқ, болмайды, мен өлмен,

Өшпес менде өмір бар.

Өлім мен өмір күресте,

Өлімді өмір жеңе алар.

Біз алмастай қамал жоқ,

Дүлей дауыл соқса да.

Жеңбестей еш күш жоқ,

Алысса да, атса да, - деп жырлаған батыр да ақын ағамыз Баубек Бұлқышев осы қанды соғыстың құрбаны болды.

Әдебиетте жарқ етіп көрініп, жұлдыздай тез сөнген Баубек Бұлқышев ағамыз небәрі 28 жыл ғана өмір сүрді. Ол Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы "Аманкелді" аулында 1916 жылы дүниеге келді. Баубектің әкесі А. Иманов басқарған ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатысқан.

Ол Ұлы Отан соғысында ұрыстарға алғашқы күндерден бастап қатысады.

Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған. “Балалық шақ” поэмасы, “Ауылдан Алматыға” атты әңгімесі, “Өмір мен өлім туралы” деген өршіл, отаншыл мақаласы, “Алматы — менің туған қалам” деген бітпей қалған романы және “Айсұлу” деген поэмасы бар. Көптеген өлеңдер жазған. Б.Бұлқышев соғыс жылдарында жауынгер -публицист ретінде жарқ етіп көзге түскен. Оның "Өмір мен өлім туралы", "Өмір сүргім келеді", "Заман біздікі", "Шығыс ұлына хат", "Тыңда, Кавказ", "Жауыздық пен махаббат" деген публицистикалық шығармалары майдан жауынгерлерін ерлікке, патриоттылыққа үндеді. 1944 жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты.


Мұғалім: Қасым Қайсеновтың «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Партизан соқпақтары» шығармалары, «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар» т.б. кітаптары бар.


Мұғалім: Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен заманда жауға қарсы шығып, елін, жерін қорғаған айбарлы да айбынды, ержүрек, қаһарман батырларымыз қаншама десеңізші!...Осындай батыр болмысты, қайсар рухты, биік тұлғалардың бірі – Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы.

Бауыржан Момышұлының жанды даусы

1-оқушы: 

Жырламай тұра аламын қалай мұны,

Жеріме жолатпаған мұң қайғыны.

Қаһарман, жазушы, ақын, дана азамат,

Бауыржан Момышұлы ел айбыны.

2-оқушы: Бауыржан ата 1910 жылы 24-желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданында Көлбастау ауылында дүниеге келген.

3-оқушы: Батыр ерлігі жайлы бірінші болып белгілі жазушы Александр Бек «Волоколамское шоссе» повесін жазды.

Бауыржан Момышұлы

4-оқушы: 

Бауыржан Момышұлы - қара басы,

Халқының болған адам садағасы.

Бауыржан Момышұлы – Қазақ деген

Ғаламат ұлы сөздің садағасы.

1-оқушы: 

Халқындай ол да бағлан, ол да батыр,

Халқындай ол да кеніш, ол да нақыл.

Қайыспас қара емендей қайран ерді

Халқына теңеу мәні сонда жатыр

2-оқушы: 

Сүңгіген ақ боз мініп сезім отқа,

Сардардың жұта алмайды сөзін оқ та.

Қолпашты көтермейтін өмірінде,

Мақтауға болады енді өзі жоқта.

Мақал-мәтелдері

  1. Тізе бүгіп тірі жүргеннен,

Тіке тұрып өлген артық.

  1. Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.

  2. Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

  1. Тәртіпке бас иген құл болмайды.

  2. Тексізден тезек артық,

Арсыздан айуан артық.

  1. Ел дегенде езіліп,

Жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.

  1. Именіп жүріп көрген игіліктен,

Қарсыласып жүрген бейнет артық.

  1. Көре алмаған көз сорлы,

Айтылмаған сөз сорлы


Қанатты сөздері

  • Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

  • Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

  • Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

  • Адамның әр харекетінен оның жан дүниесінің сыры аңғарылады.

  • Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал, ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды.

  • Ою-өрнек, құрақ құрау – қазақ халқының кешегісі, бүгінгісі, ертеңгісі.


Әжесі – Қызтумас, шешесі – Рәзияны салған портреттері сақталған.

Ән: «Батыр Бауыржан»

Туындылары

«Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Куба әсерлері», «Генерал Панфилов», «Жонарқа», «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы»

Мұғалім: Батыр ұл есімдері сақталады,

Жыр болып жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

ІІІ бет – «Қазақтың қаһарман қыздары»

Сөзжұмбақ

Сұрақтар:

  1. «...Шегініңдер! - деп айқайлаған командирдің даусы естілді. Бірақ ол шегінген жоқ. Әнеки, еңбектеп барып, Қасымбектің беліндегі гранаталарды шешіп алып, жақындап қалған алып танкінің астына лақтырды...» үзінді қай шығармадан алынған?

  2. Мәншүкті анасы еркелеткенде қалай атаушы еді?

3. «Батыр, ер жүрек, жүрек жұтқан» сөздеріне мағыналас сөз.

4. Мәншүктің анасының есімі?

  1. Мектеп ұжымы жақсы оқығаны, үлгілі тәртібі үшін Әлияны қайда жібермек болды?

  2. Мәншүктің шын есімі? (Мәнсия)

  3. «Тау қыраны» әңгімесінің авторы, Ұлы Отан соғысының батыры? (тегі)

  4. «Тау қыраны» әңгімесі кім туралы?

  5. Рейхстакка ту тікке батыр? (тегі)

  6. Жүз жасаған ақын?

  7. Батыр халық?

  8. Ж.Жабаевтың «Балама хат» өлеңі кімге арналған?

  9. Тұрдыбек Алшынбаевтың «Жақия» әңгімесіндегі фашистерді шыбындай қырған соғыс құралы?

  10. Әлияның жықсы көріп өсіретін гүлдерінің бірі?



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!