Тәрбие сағаты " Ұлы Жеңіс жасасын!" 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты " Ұлы Жеңіс жасасын!" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысы туралы ашық тәрбие сағатын өткізуге көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Куспанова Гульжанат Жантуриновна

Булекеева Эльмира Ақмырзақызы

Ақтөбе қаласы № гимназияның

бастауыш класс мұғалімдері


Тақырыбы: Ұлы Жеңіс Жасасын !

Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар.

  1. Мұғалім: Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.


  1. Мұғалім: Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді.

  1. Мұғалім 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

  • Көрініс: Соғыстың басталуы










  1. Мұғалім: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.

  1. Мұғалім: Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
    - Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Әлия қас дұшпанынан елін қорғаған еді.

К өрініс: Әлия






Ән: Әлия

  1. Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы.Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады.

  • Бауыржан Момышұлы. Бейнебаян көрсетіледі

  • Өлеңдер оқиды Бауыржан туралы

  • Ән: Батыр Бауыржан

Слайд Қазақстан батырлары

  1. Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия -Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б.
    Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық.

1 минут еске алу. (әуен ойнайды.)
- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.
Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті
 Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.

Ураааа!!! Жеңіс!!!!

Би - Біздің Армия













1-жүргізуші:

Жеңіс! Жеңіс! Жетті хабар таң ата.

Таңмен бірге арайлы нұр тарата

Жетті хабар май гүлінің иісі боп,

Жетті хабар әлемді жалт қарата.


2 –жүргізуші:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Хор: Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген

1 –жүргізуші:

Жеңістің арқасында бақ қарады

Болашақ бейбіт күнмен шаттанады

Жеңістің келіп жеткен даласына

Еліміз ерлерімен мақтанады.


2 –жүргізуші:

9 мамыр 45 жыл

Адамзат аңсап күткен күн

Сұрапыл соғыс біткен күн

Жеңіс туын тіккен күн

Нұр мерекесі көктемнің


1 –жүргізуші:

-Сол бір шуақты Жеңіс әнін шырқағанына биыл 70 –ші көктем.

2 –жүргізуші:

Байтақ еліміз думандатып келетін Ұлы Жеңіс күнін 70- ші рет атап өтуде.


1 –жүргізуші:

Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 70 жыл.

70 жыл — бейбіт көктем таңы атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

  • Қазақстан жасасын!

Хор «Атамекен»


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
1437
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі