×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Ең үздік ашық сабақ байқауы басталды
Алтын күз байқауы басталды
Сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Тәрбие сағаты. "Абай - дана, Абай - дара, қазақта!"

Автор:Сейтжан Аяулым Саттарқызы
Бағыты: Бастауыш сынып
Бөлімі: Тәрбие сағаты
Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-11-08

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.

Мақсаты:Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.Міндеті:Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.Мейірімді, адалболуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Абай Құнанбаев портреттері, интерактивтітақта, кітаптар көрмесі.Барысы1-жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Абай-дара, Абай – дана қазақта!» атты бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер. 2-жүргізуші:Парасатты болып туған,Шыңғыстаудың Абайы.Ән мен жырын мұра қылған,Сарыарқаның Абайы.Нақылымен сана құйған,Қазағымның Абайы.Ақылымен дана болған,Бүкіл әлем Абайы.1-жүргізуші:Абай – ақын, Абай – дана, ойшыл, заман суреткері. Абай – аудармашы. Абай – сазгер. Абай жас кезінен өте зерек, момын бала болып өсті.2-жүргізуші:Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскенаты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткендіктен, біз де солай айтып жүрміз.1-жүргізуші: Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.Абайдың әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ- даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болып сайланған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан.2-жүргізуші:Ендеше «Абай-дара, Абай – дана қазақта!» атты тәрбие сағатымызды Бейбарыстың орындауында Абай атамыздың әнімен бастаймыз.Ән: «Сегіз аяқ» 2-жүргізуші: Абай атамыздың жас кезіне сапар шегіп қайтайық. Сынып оқушылары дайындаған «Бала Абай» атты көрінісімізді тамашалаңыздар.Ербол:Абай досым, тағы өлең жазып отырмысың?!Шаршадың ғой... Бір сәт демалсаңшы.Абай. Ербол, тыңдашы (ыңылдап)Ербол. Абай неткен әдемі ән! Ғажап, жаңа ән, жаңа өлең! Тамаша! Абай, Сүйіндік ауылында екі күннен кейін алтыбақан болғалы жатыр екен. Соған барсақ қайтеді. Осы әнді жастарға сый етіп тартайық!Абай. (басын изеп): Жарайды.Абай, Ербол жастар отырған жерге қарай келеді.1-қыз. Қыздар, қыздар, Құнанбай қажының баласы Абай келіп тұр.2-қыз. Қасындағы Ербол ғой.3-қыз. Абай, Ербол, келіңдер. Төрлетіңдер. Қош келдіңдер!Абай. Ойын- сауықтарың қызық болсын!Ербол. Ән-күйлерің қанатты болсын!1-ұл . Бірге болсын! 2-ұл:Айтқаның келсін!4-қыз. Ортамызға Абай келіп қалған екен. Неге өлеңдерін оқып, әнін салмаймыз?!3-ұл. Ал кім сөзге ұста, кәне, бастап жіберейік.5-қыз. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»Ербол. Сүйіндік ауылының жастары, тыңдаңыздар! Абайдың жаңа әнін қабыл алыңдар!Ән шырқалады «Көзімнің қарасы».4-ұл. Неткен тамаша ән. Терең, сырлы. Рахмет, Абай.Абай. Әнімді қабыл алғандарыңызға көп рахмет.Аңшы жігіт :Уа, Абай ақынның құрбы- құрдастары, амансыңдар ма!5-ұл. Армысың, бейтаныс жіт!Ербол. Ассаламаумағалейкум, жас жігіт!Абай. Жолың болсын, жігітім!Қыздар. Орта толсын!Аңшы. Аң аулап жүріп, алыстан Абай әнінің сазды әуенін құлағым шалып, ат басын бұрдым. Ақын Абай қарсы болмас, осы ауылдың қыздарының әнін, өлеңін тыңдағалы келдім.6- қыз. «Құлақтан кіріп бойды алар».Аңшы жігіт. Бәрекелді, ризамын өлеңіңе!7-қыз . «Ғылым таппай мақтанба»6-ұл . Ой, бәрекелді!Абай. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»1-жүргізуші: Міне, сіздер Абайдың бозбала шағынан бір көрінсті тамашаладыңыздар.2-жүргізуші: Ендеше тәрбие сағатымызды мың бұралған биші қызымыз Гүлсезімнің биімен жалғастырайық.Би: Қара жорға1-оқушы:Абай атам- данышпан, ұлы ақын,Қазақ халқын танытқан әлемге айқын.Елін, жерін, Отанын әнге қосып,Өлеңімен жырлаған халқын жақын.Орыс халқы мақтанса Пущкинменен,Абай атам- ұлы ақын, еңбегі ерен.Қос ақынның оқысаң өлеңдерін,Махаббатың артады елге деген.2-оқушы:Ата сөзі- қазақтың бойтұмары,Оқысаң, ашылады ой тұманы.Қиналсаң, ақыл қосып ақылыңа,Жырларында жанашыр ой тұрады.Қазаққа бөлек екен Абай орны,Талапшыл, қанағатшыл, терең ойлы.Өнер- білім, ғылымды қадірлеуменҚазақ елін ақиқат жолға қойды.1-жүргізуші:Бүгінгі тәрбие сағатымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы, ерінбе.Адамдықты көздесең,Жаттап, тоқы көңілге.2-жүргізуші: Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...1-жүргізуші: Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет, қош-сау болыңыздар!

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: