Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: Абай -дара тұлға.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне өте пайдалы материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағатының жоспары

Сынып сағаты.

Бастауыш сынып мұғалімі: Жанболова Зауре Танатаровна

Мектеп, сынып: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі» 1 «Б» сынып

Тақырыбы: Абай – дара тұлға.

Мақсаты

  • Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын білу

  • Ұлы тұлға - Абайдың ұлылығын, оның поэзиясының тереңдігін сезіну

  • Абайдың өлеңдері арқылы өзін-өзі жетілдіру, рухани адамгершілік қасиеттерді дамыту, туған елді, Отанды сүю, құрметтеу.


Түрі

Әңгіме, сұрақ-жауап


Көрнекілігі

Абай портреті, Абай өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар, экспресс- панель, bilimland.kz сайтынан бейнероликтер



Дерек көздері

Bilimland.kz.

https://bilimland.kz



Тәрбие сағатының барысы (30минут)

Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім:
– Армысыздар,құрметті оқушылар! Халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі – бүгінгі жас-ұрпақ сіздерсіздер!

Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда

.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адалдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге!» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар Абайдың әр сөзінің нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.

Биыл 2020 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай атамызға 175 жыл толған мерейтойы тойлануда.


Абайдың өмірі https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/televizionnye-programmy/bolshie-lyudi/lesson/01-abai-qunanbaev-gans-xristian-andersen-al-farabi

Абай Құнанбаев – ұлы ақын, ағартушы, философ. Ол 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның бала Абайдың қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасы - халық ауыз әдебиетіне қанығып өсті. Абай ауылда Ғабитхан молдадан ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Абай медреседе Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. шығармаларын қызыға оқыды. Шығыс әдебиетінің кәусар бұлағынан сусындады.Абай шығармашылығы – қазақ әдебиетінің, әлем әдебиетінің, адамзат қоғамының өшпес, ескірмес асыл қазынасы. Ол өз шығармаларында жастарды өнер-білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді.

Абай адам өмірінде ғылымның маңызы мен қажеттілігі туралы айтып, «білімсіз, ғылымсыз болады ақыл тұл» деп, жас ұрпақты білімге, өнерге, ғылымға шақырады.

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/5-synyp/lesson/abaj-qunanbajuly-hylym-tappaj-maqtanba

Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде ғылымның қоғам мен адам өміріндегі мәнін “дүние де өзі, мал да өзі” дей отырып, оған жетудің жолдарын ұсынады. Абай адамның адамшылығын өсіріп, ғылымын арттыруға себеп болатын бес жақсы нәрсе – талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым деп атап көрсетеді. Ал адамның ғылымын арттырмай, нағыз адам болып қалыптасуына кесел болатын – өсек айтудан, өтірік айтудан, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, мал-дүниесін орынсыз шашатын ысырапшылдықтан сақтандырады. Абай: “Біреу білмей, сен білсең, Білгеніңнің бәрі - тұл”- деп, ғылымға жетудегі мақсат — алған біліміңді өзіңе ғана сіңіру емес, сол үйренгеніңді басқаға да үйретіп, өзіңе ғылым-білімі тең келетін адам санын көбейтіп, білімді, мәдениетті орта қалыптастыру керектігі туралы ой тастайды.


Жұптық жұмыс: Тест тапсырмалары. (2 оқушы 1 сұраққа жауап береді)


Абай өзінің өлеңдерінде табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін қазақтың бай теңеу сөздерімен көркемдеп, туған жердің табиғатын ерекше сүйетінін көрсетеді. (Ақынның жыл мезгілдері туралы жазған өлең тақырыптары арқылы топқа бөліну)

Абайдың өлеңдеріне кезек берейік.

Алима: «Қыс»

Әмина: «Күз»

Гаухар: «Жаз»

Санжар: «Жазғытұрым»

Топтық жұмыс. «Әңгімелеу» әдісі (өлең жолдарының мағынасын түсіндіру)

1-топ: «Қыс» өлеңі

2-топ: «Күз» өлеңі

3-топ: «Жаз» өлеңі

4-топ: «Жазғытұрым» өлеңі

«Кім жылдам?» әдісі

(Берілген сөз тіркестерін жалғастырады)

1. Абай Құнанбаев -..................

2. Қай жерде дүниеге келген...............,

3. Ол қай жылы туылған..................

4. Абай оқыған медресе....................

5. Абайдың шын аты....

6. Абайдың арғы атасы....................

7. Өз әкесі...

8. Абайдың шешесі............... әжесі.................

9. Абай оқыған шығыс ақындары.......................

10 Абай дос болған орыс демократ ғалымдары.........................

11. Абай шығармаларын оқыған философтар.........................

12 Абай шығармаларын оқыған орыс жазушылары мен ақындары..........

13. Қай жылы дүниеден озды?...............


Қорытынды: Мұғалім:

Парасатты болып туған

Шыңғыстаудың Абайы

Ән мен жырын мұра қылған

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған

Қазағымның Абайы

Ақылымен дана болған

Бүкіл әлем Абайы


«Абай әндерінен попури»


https://www.youtube.com/watch?v=Jp-ZqwlHUTw

Мінекей, осылайша бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды. Барлық қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Осы сабақта сендер өздерінің алған білімдеріңді, өнерлеріңді көрсете білдіңдер. Сау болыңыздар.



Ресурстар
















https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/televizionnye-programmy/bolshie-lyudi/lesson/01-abai-qunanbaev-gans-xristian-andersen-al-farabi



















(https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/5-synyp/lesson/abaj-qunanbajuly-hylym-tappaj-maqtanba)

Топқа бөлу: қар суреттері, жасыл, сары жапырақ суреттері, бәйшешек суреті














https://www.youtube.com/watch?v=Jp-ZqwlHUTw




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.05.2021
857
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі