Материалдар / Тәрбие сағаты Абайлаңыз балақай
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты Абайлаңыз балақай

Материал туралы қысқаша түсінік
: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет екенін, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметінің қандай екенін үйрету. Жол ережесін, есте сақтау қабілетін, қызығушылығын арттыру. Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2020
6074
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы : 2 «А»

Тақырыбы: Абайлаңыз, балақай !

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет екенін, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметінің қандай екенін үйрету. Жол ережесін, есте сақтау қабілетін, қызығушылығын арттыру. Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер.

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: «Қызылдар», «Сарылар», Жасылдар».

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне осы мақсатта біздің сыныбымызды бүгін «Абайлаңыз, балақай»! атты жол ережесіне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше қош келдіңіздер.

Тақпақ: Айнара: Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз

Жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз

Мұғалім: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар», жасыл түсті белгісі бар топ «Жасылдар», сары түсті белгісі бар топ «Сарылар». Әр топ өздерін таныстырады.

«Қызылдар» тобы: Қызыл көзін ашқанда

Аяғыңды баспа алға

«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға

«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда

Жүре бергін жасқанба

Мұғалім: Қызыл жанды, тоқтағын

Көрдің жұрттың тосқанын

Сарыжанды дайындал

Айналаңа қарап ал

Жасыл жанды тыңдағын

Жолың ашық, тұрмағын.

Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы бағдаршамды ортаға шақырамыз. Ортаға бағдаршам шығады.

Бағдаршам: Сәлем балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.

Мұғалім: Қош келдің, бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан бізбен бірге бол.

Бағдаршам: Менің сендер сұрағым бар. Сендерді тексерейін. Кім жауап берер екен?

  1. Бағдаршамның жасыл түсі нені білдіреді?

  2. Көшеден, жолдан қай жерден өтуге болады?

  3. Көліктен түскенде көліктің қай жағынан өтуге болады?

  4. Бағдаршамның сары түсі нені білдіреді?

  5. Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?

  6. Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?

Дұрыс жауап берген топқа өздеріне сәйкес келетін түстер жетондар беріледі.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді кезекті жол белгілеріне береміз. Әр топ өзінің түсіне қарай белгілерді таңдап, сол белгілер туралы айтып шығады.

Тақтада қызыл түспен «Ескерту белгілері», жасыл түспен «Тиым салу белгілері» және сары түспен «Бағыт беретін белгілер» деп жазылған сөздер ілінеді.

  1. Топ Ескерту белгілері: Қолында айналасы қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті тең қабырғалы үшбұрыш ұстаған топ басшысы:

Нұртөре: Қып-қызыл үшбұрыш

Ескерту белгісі мен болам

Қауіптен сақ бол деп,

Сәт сапар жолдаған

Үш бұрышты қызыл бояу- мен көрінсем абайла.

  1. Топ Тиым салу белгісі: Қолында қызыл жолақпен көмкерілген сары жолақпен боялған, дөңгелек қалқаны бар топ басшысы:

Аягөз: Қызылмен боялған, шеңберім аумақты,

Тиымшыл белгімін, қаталмын салмақты

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ тұруға

Қауіп бар, бағдарла көз салып жан- жақты

Дөп- дөңгелек қызыл шеңбер мен крінсем

«Тоқта , қане, деп жар салар тиым салу белгісі.

  1. Топ Бағыт беретін белгілер: Қолында көк түсті дөңгелек қалқаны бар топ басшысы.

Нұрасыл: Белгімін, көрсетер жылдамдық бағытты

Міндетті бұрылыс әйтпесе қауіпті

Барлығын айшықтап тұрамын жолында

Абай бол, тартуымды міндетті орында

Мұғалім: Рахмет, балалар! Сендер бүгін көп мәлімет бердіңдер. Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап басқа балаларға үйретіп жүріңдер. Енді балалар ойын ойнайық.

Ойын: «Бағдаршам белгісі»

Мұғалім бағдаршам белгілерін көрсетеді. Жасыл жанса аяғын тоқылдатады. Сары жанса қолдарын шапалақтайды, қызыл жанса тыныш тұрады.

Жеңілген бала тақырыпқа байланысты тақпақтар айтады.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын.

  1. Үш көзді батыр

Жол көрсетіп жатыр

Үш көзі үш түрлі

Қызыл, сары ,жасыл (бағдаршам)

  1. Қанаты бар қақпайды,

Аспанда тыным таппайды (Ұшақ)

  1. Папаң күнде мінеді,

Жолда айдап жүреді

Азығы оның жанармай

Тапшы оны ойланбай. (Көлік)

  1. Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім (жол)

  1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған (милиционер)

6 Жоқ өзінде бас та, ауыз да , құлақ та

Бақырайған үш көзі бар бірақ та (бағдаршам)

Бағдаршам қоштасып шығып кетеді.

Мұғалім: Сау бол, бағдаршам! Ал, балалар енді бүгінгі тақырыпқа байланысты қысқа ғана көрінісімізді көрсетейік.

Көрініс: Бір бала машина ролін ұстап жолда келе жатады. Жаяу жүргіншілер өтпесіне келгенде бағдаршамның жасылы жанғанда тоқтап баланы өткізеді.

Мұғалім: Ой, жарайсыңдар балалар! Біздің де қоштасатын уақытымыз келді.

Әр топ өздерінің қорытынды тақпақтарын айтсын.


Қызылдар тобы, Көркем: Қалада көлік көп

Қалада апат көп

Сақтайтын апаттан

Тек қана бағдаршам

Бағдаршам біледі

Бәрін де көреді

Адам да, көлік те

Сол шаммен жүреді.

Сарылар тобы, Аяжан: Жүрсең егер қыдырып

Жан-жағыңа қарап ал

Қиылысында көшенің

Тәртіп бұзба балалар?

Жасылдар тобы, Нұрдәулет: Ашса кезек үш көзін

Айтты деп ұқ, үш сөзін

-Тоқта!

-Сақтан!

-жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Мұғалім: Рахмет, балалар, жарайсыңдар. Бүгінгі сабағымызға барлығың өте белсенді қатыстыңдар. Барлығың жол белгілері, ережелері жайында тыңдап үйрендіңдер деп ойлаймын. Енді көшеде жүргенде жол ережесін сақтап, басқа балаларға да үйретіп жүріңдер. Осымен сабағымыз аяқталды.








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!