Ешекенева Бактыгуль Нурахметовна
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы, Аққайнар ауылы
«Чернова орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Тәрбие сағаты: «Айналайын анашым!
3-сынып
Айналайын анашым
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын,
сөздік қорын дамыту.
3. Балаларды анасының еңбегін ақтауға,
ардақтауға, құрметтей білуге тербиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, нақыл-сөздер. Сынып бөлмесі
мерекеге сай безендірілген.
Сабақтың барысы: (Г. Әлімбекованың орындауында «Ана» - әні
баяу естіліп тұрады)
Балалар музыканың даусымен сынып бөлмесіне кіреді (балалардың мойындарында лентаға жүректің суреті ілінген). Оқушылар кіріп орындарына отырады.
Оқушы: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Мұғалім: «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулылардың бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» - деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен таралған. Бүгін, аналардың, әпкелердің, қыздардың мерекесі.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, құт-береке тілеймін.
Енді, балалар алдарыңда жатқан суреттің артындағы реттік нөмір бойынша әңгімелесейік. Әр оқушы өз анасының суретін көрсетіп, «Менің анам қандай?» деген сұраққа жауап береді. Тақтадағы сандарды ретімен ашады.
Айналайын, анашым
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Тақтаға шығып, әріпті ашқан оқушы мұғалімнің қасына келіп тұрады. Оқушылардың бәрі жиналған соң тақырыпты хормен айту.
Айналайын, анашым
1 - оқушы: Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
2 – оқушы: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызбен!
3 – оқушы: Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
4 – оқушы: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана,
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ.
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
М. Мақатаевтың құттықтаймын, мама, туған күніңмен өлеңі айтылды.
5 – оқушы: Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім» дейтін.
6 – оқушы: Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген, апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Сахналық көрініс «Ең аялы алақан»
7 – оқушы: Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
8 – оқушы: Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да,
Ақ гүлдер өрілді.
9 – оқушы: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір – бірден,
Анаға сыйлаймыз.
Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні орындалады.
10 – оқушы: Мамам – менің ақ мамам,
Менсіз таңы атпаған.
Менсіз күні батпаған,
Мен ұйықтамай жатпаған.
11 – оқушы: Мамам – менің ақ мамам,
Гүлді маған баптаған.
Жырды маған жаттаған,
Жұрттың бәрі мақтаған.
Бәрі қосылып: Құтты болсын мерекең,
Шарықтай бер, шарықтай.
Сынып оқушысы аналарға арнап «Түрік биін билейді»
Мұғалім: Дүниедегі ең жақын адамды білеміз. Ол кім?
Ж
үректен
жүрекке деп, жүрегіміздегі асыл сөзімізден гүл
құрастырамыз.
-
Мейірімді жан
-
Ақылшы
-
Пана
-
Ұстаз
-
Жарық өмір сыйлаушы
-
Қамқоршы
-
Менің байлығым
-
Ізеттілікке үйретер адам
-
Мені түсінетін жан
-
Өмір тірегім
-
Өмірімнің мәні
Мұғалім: Гүл қуаныштың, жақсылықтың белгісі. Енді аналарымызды мерекесімен құттықтап, «Айналайын анашым» әнін хормен орындайық.
Пайдаланған әдебиеттер
Ф.Оңғарсынованың өлеңі «Ең жақын адам»
В.Сухомлинский «Ең аялы алақан»
Н.Айтов «Құттықтаймын,анашым!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты: "Айналайын, анашым!"
Тәрбие сағаты: "Айналайын, анашым!"
Ешекенева Бактыгуль Нурахметовна
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы, Аққайнар ауылы
«Чернова орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Тәрбие сағаты: «Айналайын анашым!
3-сынып
Айналайын анашым
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын,
сөздік қорын дамыту.
3. Балаларды анасының еңбегін ақтауға,
ардақтауға, құрметтей білуге тербиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, нақыл-сөздер. Сынып бөлмесі
мерекеге сай безендірілген.
Сабақтың барысы: (Г. Әлімбекованың орындауында «Ана» - әні
баяу естіліп тұрады)
Балалар музыканың даусымен сынып бөлмесіне кіреді (балалардың мойындарында лентаға жүректің суреті ілінген). Оқушылар кіріп орындарына отырады.
Оқушы: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Мұғалім: «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулылардың бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» - деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен таралған. Бүгін, аналардың, әпкелердің, қыздардың мерекесі.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, құт-береке тілеймін.
Енді, балалар алдарыңда жатқан суреттің артындағы реттік нөмір бойынша әңгімелесейік. Әр оқушы өз анасының суретін көрсетіп, «Менің анам қандай?» деген сұраққа жауап береді. Тақтадағы сандарды ретімен ашады.
Айналайын, анашым
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Тақтаға шығып, әріпті ашқан оқушы мұғалімнің қасына келіп тұрады. Оқушылардың бәрі жиналған соң тақырыпты хормен айту.
Айналайын, анашым
1 - оқушы: Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
2 – оқушы: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызбен!
3 – оқушы: Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
4 – оқушы: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана,
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ.
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
М. Мақатаевтың құттықтаймын, мама, туған күніңмен өлеңі айтылды.
5 – оқушы: Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім» дейтін.
6 – оқушы: Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген, апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Сахналық көрініс «Ең аялы алақан»
7 – оқушы: Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
8 – оқушы: Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да,
Ақ гүлдер өрілді.
9 – оқушы: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір – бірден,
Анаға сыйлаймыз.
Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні орындалады.
10 – оқушы: Мамам – менің ақ мамам,
Менсіз таңы атпаған.
Менсіз күні батпаған,
Мен ұйықтамай жатпаған.
11 – оқушы: Мамам – менің ақ мамам,
Гүлді маған баптаған.
Жырды маған жаттаған,
Жұрттың бәрі мақтаған.
Бәрі қосылып: Құтты болсын мерекең,
Шарықтай бер, шарықтай.
Сынып оқушысы аналарға арнап «Түрік биін билейді»
Мұғалім: Дүниедегі ең жақын адамды білеміз. Ол кім?
Ж
үректен
жүрекке деп, жүрегіміздегі асыл сөзімізден гүл
құрастырамыз.
-
Мейірімді жан
-
Ақылшы
-
Пана
-
Ұстаз
-
Жарық өмір сыйлаушы
-
Қамқоршы
-
Менің байлығым
-
Ізеттілікке үйретер адам
-
Мені түсінетін жан
-
Өмір тірегім
-
Өмірімнің мәні
Мұғалім: Гүл қуаныштың, жақсылықтың белгісі. Енді аналарымызды мерекесімен құттықтап, «Айналайын анашым» әнін хормен орындайық.
Пайдаланған әдебиеттер
Ф.Оңғарсынованың өлеңі «Ең жақын адам»
В.Сухомлинский «Ең аялы алақан»
Н.Айтов «Құттықтаймын,анашым!
шағым қалдыра аласыз













