Ашық тәрбие сағаты «Әлем
мойындаған тұлға»
Мақсаты: 1.қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып
білім алған ,қызмет
еткен жерлері туралы мағлұмат
беру;
2.елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып
Отанын ,халқын
сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық
сезімге
тәрбиелеу;
3.шәкірт жүрегінде елбасына деген
сүйіспеншілік сезімін
ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі:слайдтар көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет
« Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»
Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев
Алаулаған алабынан нұр
тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр
танып.
Көк байрағың желбірейді
төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)
1- Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті
ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
2- Жүргізуші. Қайырлы күн тәуелсіз елдің
қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі
Тұңғыш Президент күніне арналған «Әлем мойындаған тұлға»атты ашық
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
1-жүргізуші: Стас сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы
осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық,
татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
2-жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып,
астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.
Бекжан сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 21 жыл
болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
1- Жүргізуші. Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп
жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы
да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да.
Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес
пе?
2-жүргізуші: Ондай
болса тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан
Назарбаевтың өмір жолына шолу
жасайық
1 –
оқушы
Нұрсұлтан Назарбаев
1940
жылы 6
шілдеде Алматы
облысының Қарасай
ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен
Әлжанның отбасында дүниеге келген.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2 –
оқушы
Жас өспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбында
ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор
ынта-ықыласпен оқыды. 1960 жылы Днепродзержинск техникалық
училищесін бітірді
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3 –
оқушы
Нұрсұлтан Әбіш ұлы
Назарбаев
1967
жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары
техникалық оқу орынын бітірген
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
4 –
оқушы
1976
жылы Кеңес Одағы коммунистік
партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары
партия мектебін бітірген
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
5 –
оқушы
Еңбек
жолын 1960
-
69 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия
комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға
газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
6 –
оқушы
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау
қаласындағы партия –комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер
атқарды.
1973—1977 жж. — Қарметкомбинаттың партком
хатшысы.
1977—1979 жж. — Қарағанды облыстық партия
комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—1984 жж. — Қазақстан Кеңестік Партия Орталық
Комитетінің хатшысы қызметін атқарды
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
7 –
оқушы
1984
-1989 жж. — Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—1991 жж. — Қазақстан Кеңестік партиясының
бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында
Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасының Жоғары Кеңесiнiң төрағасы
болды.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
8 –
оқушы
1990 ж. сәуірінен — Қазақ
Кеңестік Социалистік
Республикасының президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде
тұңғыш рет Қазақстан Республикасы
Президентінің жалпыхалықтық сайлауы
өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске
жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық
референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға. дейін
ұзартылды.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
9 –
оқушы
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпы
халықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс
алып, Қазақстан Республикасы
Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде
сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының
Президенті болып қайта сайланды.
2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың
95,5 % дауысын алып, Қазақстан
Республикасының Президенті болып қайта
сайланды.
2015
ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың
97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының
Президенті болып қайта сайланды.
--------------------------------------------------------
1-жүргізуші:
Отан дейміз от жаққан
жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
2-жүргізуші:
Сан ұлттың басын қосып
Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен
тыстан
Елбасы, алдын ала болжай
біліп,
Сүрінбей аман өттік
дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын
табысыңа
Әр қазақ берік болсын
намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай
берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман
бағытына!
1-жүргізуші:
Қазақ ақын-жазушылары өз
Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен
жеткізген. Ендеше өлең жолдарын оқу үшін ортаға 8 сынып қыздарын
шақырамыз.
2-жүргізуші:
Жыр жазам деп талпынады жас
балаң.
Тәй-тәй басып келе жатқан жас
қалам.
Жүрегінің түкпірінен
шығарып
Әннен шашу болсын елімізге
арнаған – деп
сынып
оқушыларының орындауында « Көк аспан » әнін қабыл
алыңыздар.
1-жүргізуші:Нұрсұлтан Назарбаев —
мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын
реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса
дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген
қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың тұсында
жетті.
2-жүргізуші: Еліміз жаңа
тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз
белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына
қосылу.
Мақсатқа жету үшін біздің
санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы
тиіс. Мәңгілік Ел біздің өз
қолымызда
Бекжан:Бүгінгі таңда Қазақстан
Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда. Аружан: Отандық
білім беруді жетілдіру қажеттілігі басым мемлекеттік міндеттер
қатарына шықты.
Аяжан: Осы мақсатта 2016 жылғы
26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім.
Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық
актісі әзірленіп, қабылданды.
Стас:
Бұл, әрине, Тәуелсіз
елімізді басқарып келе жатқан халқымыздың Көшбасшысы – Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың даналығының
арқасы.
Аяулым: Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық
актісі Құжатында – Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы
мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті
құндылық ұсынылған:
-
Қазақстанның тәуелсіздігі мен
Астанасы;
-
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік
пен келісім;
-
Зайырлы қоғам және жоғары
руханият;
-
Индустрияландыру мен иновацияларға
негізделген экономикалық өнім;
-
Жалпыға Ортақ Еңбек
Қоғамы;
-
Тарихтың, мәдениет пен тілдің
ортақтығы;
-
Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі,
бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан
қатысуы.
1-жүргізуші: «Мәңгілік Ел»
жалпыұлттық идеясы және басты құндылықтар толық нұсқада 2014 жылғы
14 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» Елбасының халқына Жолдауында және 2014 жылғы 11 қарашадағы
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылды. Жаңа
Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі аталған құндылықтарды
жастарға насихаттаумен байланысты.
2-жүргізуші: Қазақстанның Тұңғыш
Президенті –Елбасының «Болашаққа бағдар:
руха-ни жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазақстандықтардың
менталитетінің сапалы тұрғыдан өзгеру стратегиясын ашып көрсетеді.
Сондай-ақ осы жылдың
12 сәуірінде жарыққа шыққан
бұл мақала 2017 жылдың 31 қаңтарынан
бастау алған
1 жүргізуші: Биылғы жылы
біздің елбасының қолдауымен Қазақстан үшін үлкен құрмет және
қуанышты оқиға ол Астанада «ЭКСПО — 2017» көрмесі
өтті
2 жүргізуші: Жұртшылықты
техникалық жаңалықтарды бірінші болып тамашалау мүмкіндігі
қызықтырады. Дәл осы ЭКСПО- 2017 ге біздің сыныбымыздан Мадғұлова
Аяжан да жолдама алып, көрмені тамашалап келді. Көрмеден алған
әсерімен бізбен бөліссе дейміз.
Аяжан өз ойын , әсерін
айтады
1
жүргізуші
Халық үшін еңбек етер жолында,
Қазағымның туы бүтін қолында.
Бақыт құсы қонғалы тұр тағы да,
Алға жұртым, тек ешқашан налыма!
Аяжан
Ғасырлардан ғасырларға жалғасқан,
Татулығы бар әлеммен жарасқан.
Жер бетінде достық болу үшін де,
«Көрме» өткізіп жатыр елім
Қазақстан!
Бастау алған Лондон атты
қаладан,
Сәулет, өнер, түрлі-түрлі саладан.
Астанама келді кезек менің де,
Тікті көзін келбетіне бар адам.
Аяулым
Құрылыстан талмай қолы
Қазағым,
Көзбен көріп жүргендіктен жазамын.
«Мәңгілік ел», жарқын сенің ертеңің,
Әлі-ақ айтар күн де туар жаз әнін.
Аружан
Қыран – елім талмай қанат қағады,
Алға қойған құрылыстық саланы.
Елдігіміз, бірлігіміз жарасып,
Абыроймен өткізейік жобаны.
1-жүргізуші:
Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды
аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
2-жүргізуші
«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне
жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ
екенімізді сезінеміз»
Апай
Туымыздың тұғыры берік,
еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты
болсын!