Материалдар / Тәрбие сағаты "Алғыс айту - парызым!" 1 сынып

Тәрбие сағаты "Алғыс айту - парызым!" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сыйластық туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық, алғыс, рахмет туралы түсініктерін кеңейту. Үлкенге-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту. Әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады














Shape1







Сыныбы: 1 «Ә»

Сынып жетекшісі: Төрахмет Тоқжан

Күні: 25.02.2022 жыл












Қызылорда қаласы, 2022 жыл


«Алғыс айту – парызым!»

Мақсаты: Оқушылардың сыйластық туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық, алғыс, рахмет туралы түсініктерін кеңейту. Үлкенге-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту. Әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Барысы:


«Жұлдыз» биі (1 ә қыздары, шармен)


1-жүргізуші:

Бүгінгі күн – нұрлы күн!

Жарық шашқан әлемге.

Ескеретін күн бүгін –

Ризашылық қой әлемде!

2-жүргізуші:

Бірлігі мен ынтымағы халықтың,

Көгімізде жарқырайды жарық күн.

Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,

Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!

1-жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Алғыс айту - парызым» атты ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге

Бірге: Қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Мансұр, мен бүгін анам мен әкеме алғыс айттым. Маған жарық әлемді сыйлағаны үшін! Алғысқа, құрметке тағы кімдер лайықты деп ойлайсың?

2-жүргізуші: Жарайсың! Бастысы алғыс айта білу. Қане, ендеше тізімді бірге құрайық.


  1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін,

  2. Әкеге – қорған болғаны үшін,

  3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,

  4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,

  5. Күнге – шуағы мен назары үшін,

  6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,

  7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,

  8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,

  9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,

  10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,

  11. Отқа – жылулығы үшін...

Бірге: Алғыс айтамыз!

1-жүргізуші: ------ біздің ойымызды толықтыратын достарымызды ортаға шақырайық.


Тақпақтар:


1-Найля:

Анама алғыс!

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген асыл жандар болаттай

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.


2-Шәкәрім:

Әкеме алғыс!

Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей,

Өмірімде бөрідей болуға баулып,

Қойынына басатын бөлтірігіндей.

Бақытым болар жырымды жария етсем,

Әуелеген әкемнің еркін үніндей.


3-Нұрәлі:

Ағама, ініме алғыс!

Аға деген,

Іні деген

Бір-біріне туысқан

Аға деген

Іні деген

Жаралғандай құрыштан

Бірлік болса

Ерлік болса

Алынбайтын қамал жоқ

От болса да

Өрт болса да

Қиналмайды мықты адам.


4-Еркеназ:

Әпкеме алғыс!

Нұсқауымен көрсеткен кәделіні ұқтым.

Анамыздан айнымай туылғаннан ақ

Иесіне айналған әдемі үміттің.

Өшірмейтін жарығын мына әлемдегі

Белгісі боп жаралған әдеміліктің.


6-Каусар:

Ұстазға алғыс!

Алғаш рет оятқансың санамды

Алғаш рет ұстатқансың қаламды.

Сол үшін де мәңгі сыйлап өтермін

Түсіндірген жақсы менен жаманды.

Ұстаз бізді білім беріп өсірген,

Қатемізді әрқашанда кешірген.

Өмір жолы қиын жол деп әрдайым

Тәрбиелеп ақылды ғып өсірген.


7-Ақсәнім:

Досыма алғыс!

Досым саған сенемін. Сеніп өтем.

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен

Достық деген адамның көрігі екен,

Достық деген адалдық белгісі екен.


8-Дильназ:

Еліме алғыс!

Отаным менің Қазақстан

Мәңгілік сенімен мақтанам,

Саяңда жүрсем әрдайым

Күлімдеп жүрем бақ табам.

Отаным менің Қазақстан

Атыңнан сенің айналам

Бас иіп саған өтемін

Жасай бер жаса Қазақстан.


2-жүргізуші:

Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,

Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.

Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,

Биші қыздар бұрала билейді би.


«Би» (Ха-фа-на-на)


1-жүргізуші:

Көңіліміз әсем әнге бір толсын,
Халқымызға қыдыр дарып, бақ қонсын.
Көңіл қойып тыңдаңыз көрермендер,
Есте қалар кештердің бірі болсын!

Хор: «Алғыс» (ұлдар)


Көрініс: «Не деу керек?»

Анасы: Қызым, ініңе қарап қой, мен дүкенге барып келейін жарай ма?

Қызы: Жарайды, анашым! (Әпкесі інісін ойнатып отырады)

Қызы: Іңкар, кәмпит жегің келе ме?

Інісі: Иа.

Қызы: Менің сұрақтарыма дұрыс жауап берсең, кәмпит берем.


Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
«Рахмет» деу керек.

- Балалар жүр көшеде
Естіледі айқай - шу.
Сен де шықтың көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
«Кешіріңіз» деу керек.

- Әжең сенің түскі асқа
Қант - кәмпит салды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа
Өз бетіңмен салдың қол.
Жөн еді не айтқаның?
«Рұқсат па» деу керек.


Қызы: Жарайсың! Ақылдым сол! Жүр, анамызды қарсы алайық.

(сахнадан шығып кетеді)


1-жүргізуші:

Атам қазақ аңсағаны еркіндік,
Сақтау үшін азаттықты бекіндік,
«Қастығы жоқ қазақ» деген аңыз бар,
«Татулықтың символымыз» сертім нық - дей келе еліміз туралы айтылған тамаша өлең жолдарына кезек берейік.


Мәнерлеп оқу

Серік Мансұр

Қазақстан – отаным менің!

Отаным менің Қазақстан!

Ыстық қой сенің топырағың.

Орманын, көлін, бау-бағын,

Қастерлеген қағазым.

Найза ұшымен қорғаған,

Халқым менің мықты ғой.

Ата-бабам әрқашан,

Салт-дәстүрін сақтаған.

Әрбір қазақ батыры,

Желбіреткен көк туын.

Кең байтақ жерге қазағым,

Мәңгілікке орныққан.


Жеке ән: «Тұлпарым»

Нұртай Даниял


1-жүргізуші:

Аллаға әуелі рахмет!
Тірлікті мынау жаратқан.

2-жүргізуші:
Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген, толғатқан.
1-жүргізуші:

Әкеге айтам мың алғыс!
Ұрпақтар жібін тарқатқан.
2-жүргізуші:

Бауырға туған рахмет!
Қолдаған, сүйген, жұбатқан.
1-жүргізуші:

Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан.
2-жүргізуші:

Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұңдасқан.
1-жүргізуші:

Халқыма туған рахмет!
Шыңдаған, елге танытқан.
2-жүргізуші:

Қазаққа дархан рахмет!
Салт - санасын сіңірген.
1-жүргізуші:

Жеріме байтақ рахмет!
Таза ауа үшін сімірген.
2-жүргізуші:

Барша әлем, саған рахмет!
Әр күнім үшін кешірген.

1 - жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет! Сөз кезегін мектеп директорына береміз.


Қорытынды: Сөз кезегі «Ұлағат» білім беру мектебінің директоры Д.Ю.Аймухамбетовке беріледі.



28 Сәуір 2022
1796
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі