Тәрбие сағаты Алтын Күз мерекесі 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Алтын Күз мерекесі 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет.Өйткені баланың дүниетанымдарын кеңейту мақсатында әр сыныпта күз кезінде Алтын күз мерекесі өткізіледі. Бұл тәрбие сағаты кезінде оқушылар күз кереметтерін жасайды. Күздің түрлерін біледі. Күз кезіндегі табиғи өзгерістерін байқайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Балалардың қолдарында жапырақтар, шарлар.
Мақсаты:
1. Оқушылардың бойында
күз мезгіліне деген сүйіспеншілікті
одан әрі дамыту,
еңбексүйгіштікке баулу. Оқушылардың білім деңгейін байқау
Өз
елін, Отанын сүйіп, әдепті, тапқыр болуына бағыт - бағдар беру
Түрі: интеллектуалдық ойын

Барысы:

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар, сайысқа қатысатын ұландар! Бүгін 2 - 4 – сынып оқушылары аралығында өткізгелі отырған «Жомарт күз» ойын – сайысын көріп тамашалайсыздар. Бұл сайысқа әрбір сыныптан өздерінің күз туралы білімдерін топпен бірге көрсете алатын оқушылар қатысып отыр.

Әр сайыскерді ерекше таныстырып өтіп, әрқайсысына сұрақ қою.

1 сайыскер: Бекишева Ақбота оқу озаты. Ғылыми жобаға қатысып, 2орын алды. Кішкентай ару номинацияның иегері. Биші, әнші, спортшы.

2 cайыскер: Мустафина Даяна сынып әкімі, оқу озаты. Шығарма, өлең шығаруды ұнатады.

3 cайыскер: Сапарғали Ұлпан байсалды, ұқыпты оқушы. Ғылыми жобаға қатысып екінші орынға ие болды.

4 cайыскер: Қойшыбай Нұрлыхан өнерлі бала, тілге бай. Сурет салу қабілеті бар, күреске қатысады.

5 cайыскер: Қарабай Жанель үздік оқушы, кітап көп оқиды. Мектептегі барлық іс шараларға белсене қатысады.

6 сайыскер: Байбусинов Расул ұқыпты балалардың бірі. Нағыз дос, жазуы өте көркем.

7 сайыскер:

Амангелді Нұрхат үздік оқушы, облыс әкімі. Абай оқуына қатысушы, футбол фанаты.

8 сайыскер: Алданазар Ботагөз үздік оқушы, әнші, суретші, биші. Жасаған жұмыстарын мектеп бейнелеу көрмесінде көруге болады.

9 сайыскер: Қайролла Уәлихан үздік оқушы, сөйлеу қабілеті мол. Ғылыми жобамен айналасуда. Бейнелеу көрмеден жұмыстарын көруге болады.

Ойын: «Жел соғады....»

Мақсаты: ынтымақтастық атмосфера орнату. Бастаушы: жел соғады ұзын бойларына, қыздарға, жемістерге, т.б.

Топ басшыларының құттықтауы
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
- Қараңдаршы, бүгін біздің залымыз қандай әдемі болып кеткен.

Алтын сары, қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
О, алақай! Тамаша!
Шашу шашты  жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жата қап

Ән: «Күзгі жапырақтар»

Тапсырмалар экранда көрсетіліп тұрады.

10 ұпай: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? (Ерте күз, алтын күз, қара күз)

10 ұпай: Дронт -Жер бетінен жойылып кеткен құс. Олардың 3 түрі бар. Салмағы 20 кг. Олар ұша алмайтын. Өсімдіктермен қоректенген. Ұясына 1 ғана жұмыртқа салатын. Оны кезекпен 49 күн басып отырған. Осы мәтіннен сан есім сөздерді табыңдар.

10 ұпай : Күз кереметтеріне не жатады?

Жүргізуші: Табиғат күлімсіреп күніменен,
Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен.
Көркіне көз тоймайды табиғаттың,
Сұлулықты сүйе біл шыныменен.

1 «А» сынып оқушылары тақпақ оқиды.

Ойын: «Қолшатыр»

20 ұпай: Күзде жапырақтар неге сарғаяды?

20 ұпай: Суретте не бейнеленген? Осы көкөніс атауымен бірдей дыбысталатын заттың атын тауып, сөйлем құрастыр.

20 ұпай: Күз келді. Күн суытты. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. ..Осы мәтінді әрі қарай жалғастырып көр.

 Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
 Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Ойын: «Жеміс жина»

Би: «Күнбағыс»

Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
 Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген. 
30 ұпай : Құс мекені қалай аталады? \ Ұябасар\

30 ұпай: Жанды сұрақ \Эльвира Маликовна\

30 ұпай: Күз туралы өлең шығару

Ойын: «Кім жылдам?»

Би: «Жемістер мен көкөністер»

Қорытынды:

Міне біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адамдықпен табамыз.
Ән - мереке жолықтырсын аман-сау
Күз кешінің шымылдығын жабамыз!

Флешмоб билеу.

Марапаттау: Әр топтың жинаған ұпайларын атап, сыйлықтар мен марапаттау қағаздарын беру.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.00.2018
773
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі