Тәрбие сағаты "Ана – біздің күніміз" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ана – біздің күніміз" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларға 8-наурыз аналар мерекесі жайлы түсінік беру. Аналардың өшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан ананың мерейінен тарайтынын ұғындыру. Ана тілінен оқып үйренген өлең-тақпақтарын мәнерлеп оқуға үйрету. Мейірімділік пен қайырымдылықты саналарына сіңіруге жағдай жасау. Халықтың өнегелі нақыл сөздерін - асыл қазына екенін бала бойына сіңіру. Инабаттылыққа парасаттылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ана – біздің күніміз

Мақсаты: Оқушыларға 8-наурыз аналар мерекесі жайлы түсінік беру. Аналардың

өшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Дүниедегі жақсылық атаулының

бәрі күннің нұрынан ананың мерейінен тарайтынын ұғындыру.

Ана тілінен оқып үйренген өлең-тақпақтарын мәнерлеп оқуға үйрету.

Мейірімділік пен қайырымдылықты саналарына сіңіруге жағдай жасау.

Халықтың өнегелі нақыл сөздерін - асыл қазына екенін бала бойына

сіңіру. Инабаттылыққа парасаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : газеттер, слайд

Жүрісі: Зал іші мерекеге сай безендірілген ,жәй әуен ойнап тұр.

І Ұйымдастыру.

Мұғалімнің құттықтау сөзі.

-Құрметті ата-аналар, ұстаздар қонақтар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық

әйел,қыздар мерекесімен құттықтаймыз!Сіздерге шат көңіл,ұзақ ғұмыр,бақытты өмір тілейміз.

Ана әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ана сөзі

бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды. Әлемдегі ең асыл сөз-Ана.

Сонымен біздің 1 «Ә» сыныбы ұйымдастырып отырған «Ана-біздің күніміз» атты тәрбие сағатын ашуға рұқсат етіңіз.Ендігі кезекті осы бүлдіршіндерге берейік.

Ақжол: Армысың,ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен би, өлең мен күй,

Сіздер үшін мереке шашулары.

Айгерім: Әлемнің жарығын сыйладың сен маған,

Даланың әр гүлін жинадың сен маған.- деп өлең жолдарында айтылғандай бүгінгі күн бізге махаббаты мен бар жақсылығын сыйлаған ардақты аналарға арналады.

Бекнұр: Түсінбедім, түсінбедім.(таңырқай қарайды)

Ақжол: Сен нені түсінбедің?

Бекнұр: Неге күнтізбеде 8 - наурыз ерекше белгіленген? Ол қандай мереке?

Ақжол:Сен әлі білмейсің бе?

  • Балалар Бекнұрға түсіндіреміз бе?

Балалар: Түсіндіреміз.

Айгерім : Алдымен ең қарапайым нәрседен бастайық.

Айналаңа қарашы!

Аспанға көз салшы!

Енді терең дем ал!

БЕКНҰР: Ал қарадым,аспанға көз салдым, терең дем алдым. Сонда не болды?

  • Айгерім: Не болғаны несі? Балалар қай мезгіл келді?

Балалар: КӨКТЕМ

Ендеше Бекнұр есіне бірдеңе түсіре ме екен қане «Көктем! Жайлы білетінімізді еске түсірейік.

Ақтілек: Көктем күні көрікті,

Күн шұғыла төгіпті.

Сол көктемде мереке,

Дүниеге келіпті.

Гүлжайна: Көктем күн қуатты,

Шашты әлемге шуақты.

Наурыз өзі өмірді

Нұрландырған сияқты.

Гүлназ: Наурыз келді анажан серпіліңіз,

Шуақтанып шаттанып желпініңіз.

Кеудеңізде керемет оттар жатыр,

Сізден жылу әлемін күткеніміз.

Ақжол: Сен балалар айтқан өлең шумақтарынан 8-наурыз қандай мереке екенін

түсіндің бе?

Бекнұр: Ия, мен енді түсіндім. 8-наурыз аналар, әжелер, апалар мерекесі.

Қымбатты аяулы аналар,біз сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Қуанышқа бөленетін халықпыз,

Ана сыйлау дәстүріміз салтымыз.

Жыл құсындай әр көктемде келетін,

Құтты болсын 8-ші мартыңыз.

Мұғалім: Рахмет, Бекнұр.

Осы отырған барлығымыз аналарға борыштармыз.Оларға айтар алғысымыз шексіз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев былай деген екен «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтардың бірі де бірегейі біздің қазақ» деген болатын.

Ендеше бүгінгі айтылар ән де, ақ тілек те, жылы сөз де барлығы сіздерге арналмақ.

Балалар өнеріне кезек берейік.

Тақпақтар

Оқушылар құттықтауы

Би: Нұрғали Нұрай «Әке толғауы»

Хор: «Құттықтаймын мама туған күніңмен!»

Би: Шөркебай Махаббат, Өтебай Ақжүніс, Есенгелдыева Ақтілек «Шіркін- ай»

Ән: Қаржаубай Әйгерім Ана туралы жыр

Оқушылар: «Ақ көгершін»

Қорыту. Мерекеге қатысқан қонақтарға алғыс айту.

Ата- аналар тілегі




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2018
2547
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі