тәрбие сағаты "Ана -өмірдің шуағы" мектепалды даярлық сыныбы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тәрбие сағаты "Ана -өмірдің шуағы" мектепалды даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағатының жоспары мектепалды даярлық сыныптардың мұғалімдеріне көмегі тиер деген ойдамын.Жоспарда бала тіліне жеңіл айтылатын жаттаулар бар.Тәрбие сағатында балалар өте белсенді болып ойындар ойнады.Аналарына өз өнерлерін көрсетті,ән айтып би биледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты



Сабақтың тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі:

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,

Аяулы аналар!!!

Арулар!

Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !

. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.



Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,



Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда

болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.

І жүргізуші:

Той пердесін ашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

Әлемжан:

Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты мерекең

І жүргізуші:

Көңілің Алатаудырындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Мирастың орындауындағы«Анамның тілі аяулы үні» атты әнін қабыл алыңыздар.

ІІ жүргізуші:

- Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.

Мұғалім: «Аялы алақан» ойыны

Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу



Әлемжан

Анам менің ақ анам

Менсіз таңы атпаған

Менсіз күні батпаған

Мен ұйықтамай жатпаған.



Тамирлан :

Бар қатемді кешірген

Сүрінсем келіп демеген

Ақ сүтін беріп өсірген

Ақ мамам саған бас ием.

-Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен.

Жүргізуші:

Аналармен «Балаңызды қалай еркелетесіз?» ойыны

Аналарымыздың құрметіне тағы да ән шашу

Алина «АҚ МАМАМ» әні

ІІ жүргізуші:

-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.

Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.

- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді

Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.

Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ.

Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.

Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.

І жүргізуші:

-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.



Сен осылай жасай алар ма едің?



ТАМИРЛАН:

Бар қатемді кешірген

Сүрінсем келіп демеген

Ақ сүтін беріп өсірген

Ақ мамам саған бас ием.

Айдын

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі.

Санжар:

Сұлу қыздар,гүл қыздар

Өмірге мән беретін

Күндей нұрлы жүздерің

Шапағат мейір төгетін.

МИРАС:

Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайық деп оны

Өлең айтып беремін.

Шерхан:

Адам бар ма ана сүрін татпаған

Алуан,алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықты,ар,намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.

Дамир:

Жан анам ,құттықтаймын мереке күніңмен,

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен

Өрлесін елдің берген бақыт бағы

Жазбасын шат көңілің ақ күніңмен.

Эльдар:

Бізді өсірген анашым,

Еңбегіңіз зор екен.

Құтты болсын анашым

Құтты болсын мерекең.

Алдияр: «Құттықтаймын мама туған күніңмен » әні

-Олардың шешендігін сынап көрелік.

Мұғалім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойыны. Аналарды ортаға шақырып, бір санды таңдатамыз.

Таңдаған сандарының сұрақтарына жауап береді. Бір сан 5 сұрақтан тұрады.

І ж -Менің анам алтын

ІІ ж -Менің де анам алтын

І ж -Аналарды құрметтеп

ІІ ж -Қол соғыңдар жалпың

Аналарды ортаға шақырамыз

«І жүргізуші:

- Біздің сөз тапқыш аналарымыздың құрметіне Мағдидің орындауында ән ұс ынамыз.

4-оқушы:

Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Сабақтан шаршап үйге келгенімде,

Бал сөзі жаным деген сая маған.

«Ұйқасын тап» ойыны

1.Асығады жұмысқа

Белі қылдай........(құмырсқа)

2.Өрмек тоқып көрмекші

Кіп кішкентай..........(өрмекші)

3.Қонып алып талға

Қарқылдайды (қарға)

4.Тұмсығымен шоқып

Жем іздейді ..........( шымшық)

Аналардың орындауында «Әлемнің жарығы.» әнін

қабыл алыңыздар!

Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Осымен тәрбие сағаты аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2018
670
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі