Тақырыбы: Ана бақыты – бала бақыты.
Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән
екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю
арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды
аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көріністер, әндер, суреттер, ойынға қатысты
көрнекіліктер, буклет. Плакатқа жазылған нақыл сөздері.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне
тұрғызу.
Ана
туралы монолог тыңдалады
1 - жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде
тойланатын
8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен
құттықтаймыз.
2 - жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің
шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де
сіздерсіздер!
1 - жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты,
ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры
да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.
2 - жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын
өтей алмайсың.
1 - жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі
ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз.
2 - жүргізуші: Бүгінгі 8 - наурыз – аналар мерекесіне арналған «Ана
бақыты – бала бақыты»
атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Барлық өнеріміз аналар,әжелер сіздер үшін.
Хор.Апатайым анашым
1 - жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын
оқушыларымыздың аналарға арналған өлең шумақтарын қабыл
алыңыздар.
5 оқушы тақпақ айтады
2 -
жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай оқушымыздың
орындауындағы «Аяулы анашым» әнін, қабыл алыңыздар.
Ән «Аяулы анашым»Құдайберген Тоғжан
1-жүргізуші: Әжемді
мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,беретін гүлім
дайын.
Әжетай сені жақсы
көремін деп,
Ақырын құлағыңа
сыбырлаймын.
Әже туралы тақпақтар.5
бала
Ән Менің әжем.Өтеш Айару
2 - жүргізуші:
Ойын «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден
басталатын жылы сөздер айтады.
1
–жүргізуші: Сахналық көрініс
(Минара,
Ескендір) Қабдікәрім Ыдырысов. «Әжесі
мен Бағлан»
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен
емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ-қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
Тақпақ 5
бала
2-жүргізуші.Әзіл ән: «Әжелер
әні»
Сырым,Ұлан,Уалихан,Абылай.
1-жүргізуші.
Той пердесін
ашайық
Тойға шашу
шашайық
Аналарды
құрметтеп
Ән маржанын
ашайық.
Ән.Ақ мамам.Сапарғалиева Азалия
Тақпақтар 5 бала
Хор.Ән
1-жүргізуші:
Менің
анам алтын
2-жүргізуші:
Сенің
анаң алтын
Екеуі
бірге
Аналарды
құрметтеп
Қол
соғайық халқым!
Азалия: Аналар
сіздерге рахмет!
Сырым: Жарық
дүниеге әкелгенің үшін
Әминанұр: Ақ
сүт бергенің үшін
Уалихан:
Мейірімің үшін
Айнел: Қамқор
болғаның үшін
Нұрасыл: Ауырғанда
уайымдағаның үшін
Тоғжан:Түнде
бөлінген ұйқың үшін
Ұлан: Әрбір
сәтіме қуанғаның үшін
Бекарыс: Алғашқы
сөзіме қуанғаның үшін
Жанарыс:Алғашқы
қадамыма қуанғаның үшін
Азалия: Мені
ойлап уайымдағаның үшін
Көркем: Мен
деп бетіңе түскен әжім үшін
ДаниярҮйдегі
татулық үшін
Дидар: Үйдегі
береке үшін
Нейла: Үйдегі
молшылық үшін
Айару: Тәлім
–тәрбиең үшін
Абылай:
Мені кешіргенің үшін
Інжу: Мен
деп ағарған шашың үшін
Дамир:Маған
қорған болғаның үшін
Қуаныш: Рахмет
сізге!
Салтанат:
Рахмет сізге!
Рахмет сізге
,Анашым!-барлығы бірге
айтады.
1
–жүргізуші:
Мына өмір бір рет қана
беріледі адамға.
Жарық сәуле,нұрын шашса
жанарға.
Қуаныңдар,құлшыныңдар тек
алға
Ұмытпа бірақ, құрмет көрсетуге
анаға
2-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп
қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп
қалды.
Қош болып тұрыңыздар
көріскенше
Осымен шарамыз
аяқталды.
Құрметті қонақтар,аяулы аналар
әпкелер мен апалар «Ана-өмір шуағы» атты мерекелік жиынымыз осымен
аяқталды.Келесі жиында аман есен қауышайық.Қош сау
болыңыздар!
Хормен:Мерекелеріңіз
құтты болсын!