Материалдар / Тәрбие сағаты Ана өмірдің гүлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Ана өмірдің гүлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2021
525
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ана - өмірдің шуағы 11.04.


Мақсаты:

1. Оқушыларға ана дегеніміз кім, аналардың өмірдегі қызметі, көрсетер көмегі, анаға деген баланың парызы мен қарызы туралы түсінік беру . 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

Анаға деген мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру,үлкенге ізет,кішіге үлгі бола білуге үйрету.

Оқушы бойында ізгілік,инабаттылық,биязылық сияқты қазақ ұлтына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.


Хор : « Ана туралы жыр»

Ардақты да аяулы аналар, құрметті ұстаздар сіздерді 8- Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық ұзақ өмір , еңбекте табыс және де жанұяларыңызға бақыт тілейміз. Енді өздеріңіздің балаларыңыз дайындаған «Ана - өмірдің шуағы» атты ашық тәрбие сағатымызды тамашалаңыздар .

Ана , Ана, Ана! . . . .

Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші . Сезім мен қасиетті бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы да осы қасиетті ана есімі болмақ. Қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші

Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән.

Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі.

Жердің өзіне де Жер-Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па?

Ана халқына ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан.

Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

жүргізуші

-Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында,жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де бірегейі де біздің қазақ».

Бүгінгі айтылатын ақ тілек,жылы сөз,күмбірлеген күй,шырқалатын ән сіздерге арналмақ.

Сәуір - Наурыз егізі,

Бүгін оның сегізі.

Ең қымбат гүл, ол адамның сезімі,

Анаға айтар лебізі

Ең қымбат гүл,

Ең қымбат гүл , ол адамның лебізі,

Мұрат, мүдде мақсатың,

жақсы күн мен жақсы түн

нағыз - бақыт ананың

Ақтау дер ем, ақтау дер ем

Аналардың ақ сүтін

1-жүргізуші

-Адамды дүниеге әкелетін,өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз.

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

2 -жүргізуші

-Бүгінгі күн,жер бетіндегі барлық аналардың қуаныш,шаттық мерекесі . Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар.Ана қарызы алтынға бөлеуді,ақ орда салуды қаламайды,ана баласының ер жетіп,адам болуын қалайды.Анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.

Наурыз келді Анажан серпіліңіз.

Шуақтанып.

Шаттанып желпініңіз.

Кеудеңізде керемет оттар жатыр.

Сізден жылу әлемін күткеніміз.


жүргізуші

-Ана баласының ғана қорғаушысы емес,ол адамзат атаулының амандығын тілеп,сол үшін күреске шығады. Сондықтан дүние жүзілік ойшылдары 8-наурызды-халықарылық әйелдер күні деп белгіледі.Жақсы,жақсы тілек айтамыз.Күн сайын айтсақ та,қуантсақ та,көңілің жарасар еді.

Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағынышым ақтарылмай.

жүргізуші

-Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мыңда бір алғыс. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Халықта батыр да өткен,бағлан да өткен,

Ел едік ата текті мақтан еткен.

Жеті атасын білген ер азамат деп.

Бабалар өсиет қып айтып кеткен.

Бұл пәниден жақсы да,жаман да өткен.

Жиын той болмап па еді бізде көптен.

Қол соғып ел-жұртым демеп отыр.

Сөз қозғайық аналарға ізгі ниетпен.

Оқушылар ары қарай тақпақ өлеңдермен жалғастырады.

Қорытынды





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!