Материалдар / Тәрбие сағаты Аналар мерекесі

Тәрбие сағаты Аналар мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты адам өміріндегі маңызды рөл атқаратын аяулы аналарға арналады.Ананың қадір-қасиетін оқушыларға дәріптейді.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбие сағат тақырыбы: «Ана – өмір гүлі»
Тәрбие сағат
мақсаты:
1.
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. 2.Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: сынып іші мерекеге сай әсем безендірілген шарлар,гүлдер, слайд ,аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.
Тәрбие сағат барысы:
«Қара жорға» биімен басталады
(слайд көрсетіледі)

Кіріспе:
Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар,аналар және кішкентай арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.Сіздер білесіздер,балалар биылғы оқу жылынан бастап,өз ана тілімен қоса тағы екі тілде білім алып жатыр. Олар орыс және ағылшын тілінде.Енді ертеңгілік барысында оқушылардың осы тілдердегі алған білімдерін байқай аласыздар. Құттықтау сөз мектеп директоры:Касенов А.Н. беріледі.

1-жүргізуші:
- Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді
8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік ертеңгілігіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады. Дархан:Дорогие, милые, любимые мамочки! Поздравляем вас с праздником! Желаем вам крепкого здоровья, счастья и долгих лет жизни.

Arailym: -Good morning dear guesses, teachers and dear girls! Welcome to our party and I want to congrutulate with eight of mach with mother’s day. -Today We’ ll sing songs, read poems and dance. I want to congrutulate and wish you -be merry -be happy -be healthy

Оқушы: Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп,еркелеттің,аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!


Оқушы: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытгы балалар

Оқушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Ән: «Ақ мамам»-орындайтын Арай мен Дархан Poems-тақпақтар

Nurym: My dear, dear mummy

I love you very much.

I want to be happy,

On the eight of much.

Nurbol: Be happy, be happy

On the eight of much.

Be happy, be happy

On the eight of much.

Nuraiym: I love my dear mummy

I want to be happy.

My dear, dear mummy

On the eight of much.

Dinara: Be happy, be happy

On the eight of much.

Be happy, be happy

On the eight of much.

Орысша тақпақ: Арай:С праздником сегодня маму поздравляю! Я любимую маму свою обнимаю. Самая красивая мамочка моя, Всегда послушным быть обещаю я.


Дархан:Для ребят дороже мамы Никого на свете нет. Нам хочется снова и снова Маме сказать свое доброе слово.


Нұрым:Мама,мамочка,мамуля! Сколько в этом слове Нежности и ласки.

Сколько в этом слове Теплоты и сказки. Аруана: Мама,мамочка,мамуля! Ты мой ангел,ты мой друг. Мама,мамочка,мамуля! Пусть узнают все вокруг.

Тұрсын:Дарю тебе звезды, Дарю тебе небо. Поцелуйчик маленький И цветочек аленький. Ұлболсын:За небо,за ветер, За воздух вокруг Люблю тебя мама Ты лучший мой друг!

Ануар:Мама очень-очень Ятебя люблю Ятебя все время Мамочка люблю! Нұрай: Мама,мамочка моя, Поздравляю тебя я! Мама,мамочка моя,

Очень люблю тебя я!


Хором:Лучше мамочки моей В целом мире нет родней! Song-Өлең Happy mother’s day-Аналар күні-хор

I Love my mummy I Love my mummy

I love my mummy Yes, I do

she’s a kiss and help for you

Thank you mummy all you do

Happy mother’s day

Happy mother’s day

Happy mother’s day

I love you

Drama-көрініс Aldar koses’s coat-Алдар көсенің жыртық шапаны

Aldar Kose: My coat is old, my horse is old

Aldar Kose: Aha!

Bai:What’s the matter?

Aldar Kose: I’m very hot

Bai: But your cold is very old.

Aldar Kose: Yes, but it’s the magic coat!

Bai: Can you buy your coat?

Aldar Kose: No, you can’t

Bai: Please I take my coat, my horse and my gold too.

Aldar Kose:OK,then. Here is my coat

Bai: Thank you, I’m very happy

Aldar Kose: I’m very happy ,too



Би: «Қамажай» -орындайтын қыздар тобы 1-жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек пе деген оймен аналар мен қыздарының арасында сайыс ұйымдастырдық.Енді сіздерді аналар мен қыздарының арасында өтетін сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналарымызды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық.
1-жүргізуші:
Ендігі кезекте «Ана гүл-ана нұр»атты сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік
Сайыс шарттары.

1. Таныстыру
2. Мақалды жалғастыр
3. Әртүрлі жағдаяттарға шешім таба білейік.
4. «Шешеге қарап-қыз өсер». -қолөнер сайысы 5. «Аялы алақан» - ойыны (Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу)
6.Сұрақ-жауап
2-жүргізуші:

Ак көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай, еш жалыкпай,
Айтқаныңызға көндік деп,
Әділқазы алқасын,
Сайлап алсақ жөн болар. –
Әділқазылар
:------------





Оқушы: Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!

1-жүргізуші:
І ж -Менің анам алтын
ІІ ж -Менің де анам алтын
І ж -Аналарды құрметтеп
ІІ ж -Қол соғыңдар жалпың
Аналарды ортаға шақырамыз

2-жүргізуші:Енді сайысымызды бастайық.
Өнер қуып аналар өтер деймін
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Бәсекеге түскен аналар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін, — деп кезекті таныстыруға берейік.
--------------- 1-ші жүргізуші:
Тамызып мақал тілінің
Білімді болсаң жарарсың.
Ұшқыр ой, талап, біліммен
Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында.
Мақалдарды жалғастырыңдар.
1. Ауылдан асқан байлық,
________ қымбат қазына жоқ. /кітап/
2. Талапсыз жас,
Қанатсыз_________. /құс/
3. ________ қылығымен көркем. /қыз/ 4.Балаға өз тіліңмен сөйлеме, . ________ / өз тілімен сөйле./ 5.Бас жарылса, бөрік ішінде, /Қол сынса, жең ішінде./


6.Ағаш тамырымен мықты, /Адам досымен мықты
1. Білім-теңіз,_______ кеме. /мектеп/
2. _______ көңілі балада. /ананың/
3. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/
4.Жақсы сөз -_______ /жарым ырыс/
5.Ине көзінен сынады________ /шешен сөзінен сынады/
6.Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша,
Адал сөйлеп, ________/ жұртқа жақ /
1. Жолдасы жоқ жігіттің / Олжасы жоқ. /
2. Тұр-тұрдан хабар келсе, / ¥йқыдан маза кетеді. /
3. Қар үйдің жеңгесі сүйкімді. / Қызы /
4. Өле жегенше, /бөле же./5. Екі аяқтыда бажа тату, . / төрт аяқтыда бота тату./
6.Туа жаман жок, /Жүре жаман бар./

2-жүргізуші:
-Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен.
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы.
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен-деп
«Апатайым анашым» әнін қабыл алыңыздар
1-жүргізуші:
келесі сайыс түрі:Әр түрлі жағдаяттардан шешім таба білу
(аналар мен балаларға екі бөлек сандардың артында жасырылған сұрақтар бар, солардың ішінен таңдап жауап береді.)

Аналарға арналған:

1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп әртүрлі сұрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, әлде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?
2. Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармағаныңызды қалай түсіндіресіз?
3. Сабақтан кейін қызыңыз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді. Сіз не істейсіз?

Қыздарға арналған

1. Кұрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінәлі екеніңді біліп тұрсың, Не істейсің?
2.Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сенен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің?
3.Ата-аналар жиналысы болатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата-анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің?
1- жүргізуші: келесі сайыс түрі: «Аялы алақан» Аналардың көзін байлап оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу
2-жүргізуші:
соңғы сайысымыз сұрақ-жауап сайысы. Сұрақтар: 1.Жүннен жасалатын бұйым.(Киіз) 2.Түйенің сүті.(Шұбат)
3.Сәндік бұйым жасайтын адам.(Зергер)
4.Ұлыс күні жасалатын тағам.(Наурыз көже)
5.Қыста жейтін малдың етін не деп атайды?(Соғым)
6.Қазақ халқының ұлттық тағамдарын ата.(Қазы-қарта,жал-жая,шұбат,қымыз,құрт,ірімшік, жент, бауырсақ)
7.Қазақ қыздарының бас киімі.(Сәукеле)
8.Ең құрметті,жанашыр адам.(Ана)
9.Анаға байланысты мақал-мәтел айтып бер.
10.Қазақ халқының ұлттық ойындары.(Күрес,аударыспақ,бәйге,теңге алу) 11.Қазақтың үш биі (Қазыбек, Әйтеке, Төле) 12.
8 наурыз Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтқан кім? (Клара Цеткин) 2-жүргізуші:
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
Ешқайсысы жоқ сияқты
Бір-бірінен кем түсер, — дей отырып, аналарымыз бен қыздарымыз қолөнер сайысында ою ойып, онымен таныстырулары керек
Жүргізуші: Әділ қазы алқасы,
Әділден берсін бағасын.
Жеңіске жеткен қыздардың
Өркендей берсін талабы,- деп отырып әділ қазылар алқасына сөз берейік.

Номинациялар:

1.Биязы ана 2. Мейірімді ана
3. Парасатты ана

«Жүректен жүрекке»-ана мен балалардың бір-біріне айтатын жылы сөздері

Жүргізуші: Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.
Оқушы: Ана деген адамға Атамекен.
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен

Ән: «Пусть всегда будет мама»,
Жүргізуші:
Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Arailym:Dear our mothers, teachers and girls !We want on eight of Mach

  • Be merry

  • Be happy

  • Be healthy

Good luck on your life . Good bye dear guesses


















































10 Қаңтар 2019
4298
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі