Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: «Анамның аялы алақаны»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты: «Анамның аялы алақаны» (8 наурызға арналған екі бөлімнен тұратын тәрбие сағаты.) Тәрбие жұмысының мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктері: слайд, презентациялар, сынып бөлмесін безендіретін құралдар, шарлар, гүлдер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

70 мектеп-лицей бастауыш сынып мұғалімі: Жаманқұлова Салтанат Құдиярбекқызы

Тәрбие сағаты:  «Анамның аялы алақаны»

(8 наурызға арналған екі бөлімнен тұратын тәрбие сағаты.)

Тәрбие жұмысының мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: слайд, презентациялар, сынып бөлмесін безендіретін құралдар, шарлар, гүлдер.

І-ші бөлім.Аналарға арналған монтаж.

Мұғалім:

Жақсылықтың нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай,саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,жайма шуақ сәулелерін төгетін,көңілдерге қуаныштар егетін,имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,той атаулының қызығы мен берекесі –8 НАУРЫЗ ортамызға келді! 

Осы мерекенің иелері,бар адамзаттың табынары мен киелері,қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері,мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,сүйкімді қылығымен сағындырған,қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған,әсем көркімен, жүрегінің өртіменнебір дана мен данышпандарды табындырған, сүйкімді қыздар,аяулы аналар, асыл әжелер мерекелеріңіз құтты болсын!

Әрқашан отбасыларыңыздың ажары,жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!

Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін,асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!

—          Бүгінгі «Анамның аялы алақаны» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

Енді сіздерге арналған ән бағдарламасын қабыл алыңыздар.

Нұрсаяның орындауында «Көңілді күн» әні.

Аяжан:

Аналарды ардақтаған бабалар

Аруларды құрмет тұтқан даналар

Құтты болсын мерекесі көктемнің

Сіздер барда жүректерде жылу бар

Мадияр

Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Асылхан:

Сүйіктім деп жүретін,

Қадіріңді білетін.

Өссем ұл боп жан ана,

Орындалар тілегің.

Сөзің шырақ секілді,

Сүйем соған жетуді.

Қанат қағып самғауға,

Балаң бекем бекінді.

Ханым:

Ана десем – шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
 
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі де өзі
Ана деп бас иеді күллі халық.

Байдаулет

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым

Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым.

Сабина

Ана деген-өмірдің мөлдір кәусәр бұлағы,

Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың –аясындай гүл бақтың.

Алмат     

Ана – дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана – дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана – деген бәйтерегі өмірдің,

Ана – деген алтын қазық,алтын бақ.

Ана десем, ұшқын атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Нұржан:

Аналарды ардақтаған халқымыз

Ертендерге жалғанады салтымыз

Аналардың , арулардың қызығы

Құтты болсын 8- ші наурызыңыз

Сіздер барда жүректерде жылу бар

Көктемдегі гүлдей жайнап тұрыңдар

Құтты болсын мерекесі көктемнің

Құтты болсын тойларыңыз аналар!

хор «Асыл әжем»

Сахналық көрініс «Әжесі мен немересі»

Қыздардың орындауында «Асыл анам»

ІІ-бөлім.«Аналар »  сайысы

Мұғалім:

Ал, құрметті қауым, енді кешіміздің екінші бөлімін «Аналар » сайысын бастайық.

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, өз өнерлерін көрсетеді.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

І-кезең. “Сәлем – сөздің анасы”.

(Қатысушылар бірін бірі шығып ортаға өздерін таныстырады.)

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ышқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

ІІ-кезең. “Дастархан мәзірі”.

Ас көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.

(бұл сайыста номер жазылған тапсырмаларды аласыздар да, бұл тағамның құрамын табу керек, және үйге берілген тағамды әкеп көрсету.)

1 Борщ.

2 “Подшуба” салаты.

3 Палау.

4 “Оливье” салаты.

ІІІ-кезең. “Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар”

Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,

Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.

(тақтаға гүл жапсырып, күлтелердің артына тапсырмалар жазып, соларға жауап алу керек.)

1.Алғаш көктемде бүр жарып шығатын қандай гүл? (бәйшешек)

2.Қалтасы бар жануар, ол қай жерде мекендейді? (кенгуру.Австралия)

3.Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)

4.Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)

5.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
№6.Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)

7.Сумоншақтың орысша атауы (бисер)

8.Нанның кептірілген бөліктері (сухари)

9.Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын, тігін машинасы)

10.Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)

11.Тістегі пломбаны тартып шығыратын кәмпит (ирис)

12.Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)

ІV-кезең.«Өнерлі өрге жүзер»

(арулар өз бойындағы өнерлерін көрсетеді)

Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыста.

V-кезең. «Шебер аналар»

Ал, халайық ықыласпен демейік,

Арулардың шеберлігін көрейік.

Икем менен әйдігіне қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.

Инежіпке бисер өткізу (1 мин кім көп тізіп шығады).

Аппликация (гүл жапсырмалау)

VІ-кезең.«Сән үлгісі»

(қолдан тіккен киім үлгісін көрсету)

Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп.


Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.

Ата-аналар бірін –бірі   құттықтау сөзі беріледі.

Мұғалім:

-Бойларыңда от  бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!

—          Осымен 8-наурыз мейрамына арналған шағын тәрбие сағатымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын! Мерекелеріңізбен!


 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2018
2757
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі