Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Ақылды қария-ағып жатқан дария

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: Тәрбие сағаты

Мектеп: №36

Тақырыбы: «Ақылды қария-ағып жатқан дария»

Мұғалімнің аты-жөні: Аюбаева А.Е

Күні: 5.10.18ж


Сынып: 4«Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Оқу мақсаты:

Оқушылардың бойына ұлттық-ұлағаттық қасиеттерді сіңіріп, оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу және оқушы бойына әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастырып, жақсы мен жаманды ажырата біліп, аталы сөзден ғибрат алатын ұрпақ тәрбиелеу.


Сабақтың түрі:

өнеге сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

проблемалық сұрақ, тәжірибе, ой қозғау

Бағыты:

Рухани-адамгершілік тәрбие, отбасы тәрбиесі

Жоспар


Жоспарланған іс-әрекет:

Дереккөздер:

Кіріспе:


-Сәлеметсіздер ме! Құрметті оқушылар, әріптестер! Қарттар күніне орай өткізілгелі отырған «Ақылды қария, ағып жатқан дария» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Әр ашық сабақ-мұғалімнің ізденісі, ашық сабақ тақырыбы берілген уақытта қандай форматта өткізсем болады деген ой әр мұғалімді толғандырады... Концерттік бағдарлама? Өлең жолдары? Жаттанды жүргізушілік? Бүгінгі сабақта бұлардың біреуі болмайды. Біздің сабақ-еркін форматта өнеге сабақ ретінде өткізіледі.


Негізгі бөлім:















«Әке қадірі» бейне ролик (5:05 мин)

Проблемалық сұрақ:

  1. Роликте анасы қандай рөл ойнайды?

  2. Үйдегі үлкенге деген құрмет қандай?

  3. Әкесі туралы не айта аласыңдар?

  4. Ролик соңында не себепті анасының қолынан ыдыс-аяқ түсіп кетті?

  5. Үйдегі ең ақылды, тапқыр отбасы мүшесі кім?

«Қарттар үйі» фильмінің қысқаша монтажы

(6:20 мин)

Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады. Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие.

В.А.Сухомлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл»,- деп айтқан. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.Ұлықпан Хакіммың   жасаған   дейді,  ешкім

мың  жасамайды, тек өсіп-өнген, тәрбиелі   ұрпағымен   мың   жасайды. Ия, ұрпағының  өсіп,  жетіліп, айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар? Қазақтың  басқа  халықтардан  айырмашылығы – “Ұрпағым”  деп  шыр-пыр болатыны. Ол   үшін   көзсіз   көбелектей   отқа   түсетіні. Бұл- біздің ең   ұлы ұлттық қасиеттеріміздің    бірі.

«Ой толғау»

-Екі роликтен өзіңе не түйдің?

-Қазіргі қоғамдағы глобалды мәселеге айналған қарттар үйіне өз ата-анасын өткізген балалар санын қалай азайтуға болады?
-Үлкен адамдарға материалды көмек қажет пе, әлде моральды ма?

-Кішкентай бала үлкендерді тәрбиелей алады ма?


Тәжірибе:

-Губканы мысалы суға салсақ, ол суды өз бойына жинап алады. Дәл солай сендердің де саналарың көзбен көрген, құлақпен естіген ақпаратты қабылдайды. Жақсы ақпарат көріп, үлгі алатын хабарлар көріп, жақсы сөз сөйлеп қана сен өзіңнен жақсы тұлға тәрбиелей аласың. Бүгінгі екі роликтен біраз тәрбие алдыңдар деп ойлаймын.


«Социалды проект» «Ана, мен сені жақсы көрем»

Күнделікті күйбең тіршілікте біз өз жақындарымызға оларды қаншалықты жақсы көретінімізді айтуды ұмытып кетеміз. Бұл проект жақындарымызға тек қиналған сәтте емес, күнделікті оларды қалай жақсы көретінімізді және рахмет айтуға щақырады.

Сыныптың оқушыларының ата-аналарына қоңырау шалу. (2-3 оқушы)

Тараз қаласында қарттар үйіндегі ата-апаларға ерікті түрде көмек көрсетіп жүрген «Тараз қайырымды жандар» клубы бар. «Қарттар үйіндегі 100 ата-апаға арналған кеш» 8 қараша Бақ сарайында өтілмек. Бұл хабарландыруды неге айтып жатырмын? Сендерде осы ата-апамыздың қуанышының себепкері бола аласыңдар.

Интернет желісі

Қорытынды бөлім



Рефлексия

«Медитация» «Ата-бабам, рахмет сендерге!»

(3 мин)





Мұғалімнің қорытынды сөзі

Үлестірмелі қағаздар

Қосымша ақпарат

Дифференциация (саралау):

Балаларға қалай көмектесесіз?

Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау: оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс:

денсаулық пен қауіпсіздік, АКТ, құндылықтар




Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Қорытынды бағалау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2018
3043
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі