ҚАДІРЛЕҢДЕР
АТА-АНАНЫ
Мақсаты:
а) білімділігі;
Бала бойына сүйіспеншілікті , жылылықты
ұялату,ата-анасын құрмет тұтып, адал да
парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;
ә)дамытушылығы;
Халқамыздың тәлім- тәрбиесінің ананың
ақ сүтімен, әже өнегесімен,ата ақылымен
берілетіндігін,өзіндік ұлттық қасиетімізді
балалар бойына дарыту.
б)
тәрбиелілігі;
отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,
қайырымдылық,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Слайдтар, жадынама, нақыл сөздер
Әдісі: Интерактивті
технология.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
Мұғалім:
Қымбатты ата-ана, ұстаздар!
Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу.
Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген ата-анасын сағынған
Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.
Екеуінің қуанышы,тілегі
Әрқашан да бір арнадан табылған
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала
тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу
діңгегі – ата-ана. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының
әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса
ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік,
сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына
айналары сөзсіз.
Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы
белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен
салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен,
қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереду. Отбасы
баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты
қызметі – бала тәрбиелеу
Отбасы -шағын мемлекет. Ол тәлім мен тәрбиенің , үлгі мен өнегенің
, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге
келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбсында өтеді.
Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері ,
ұрпақ жалғасы балалары болып табылады. Отбасында балалар негізгі
тәрбиені ата- анадан алдаы.
Әке мен ана шаңырақтың тірегі . Ата ананың отбасы тәрбиесіндегі
негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге
болады.
Отбасы- ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл
қасиеттерді қалыптастыруда рухани- адамгершілік бастауы.
Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның
діңгегі де берік болады.
Отбасында әуелі сенім мен сезім , сүйіспеншілік пен сыйластық
болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын , суығы мен
ыстығын ,қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқы жете алады.
«Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте
жақсылықтың бәрі отбасынын басталады. Отбасы барша адамзатқа ең
жақын , ең қасиетті ұғым.
Мұғалім:
Енді осы тақырыптағы мақал мәтелдерге кезек
берейік.
1 Бала тәрбиесі бесіктен
2 Баланың жақсысы- қызық, жаманы- күйік.
3 Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер
4 Бала көңілдің гүлі, көздің нұры
5 Құс балапаны үшін тозаққа түседі,
Адам баласы үшін азапқа түседі.
6 Ата бәйтерек, бала жапырақ
7 Атадан жақсы ұл туса ,
Елінің қамын жейді,
Атадан жаман ұл туса
Елінің малын жейді.
8 Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық
9 Әкең өлсе де әкеңді көрген өлмесін
10 Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды
11 Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада
12 Ағайын алтау ана біреу
13 Ағайынның алтын сарайынын
Анаңның жыртық лашығы артық
14 Анаңды Меккеге үш арқалап барсаңда қарызыңнан құтыла
алмайсың
Қазіргі заманның өмір талабына байланысты көптеген ата аналар
балаларын «қайтсем бағамын» деген мақсатпен бала тәрбиесіне
көңілдерін өте аз бөлуде. Осыған байланысты қиын баланың шығуы
мүмкін.
1 Ал енді сіздер осы тұрғыда не
айтар едіңіздер?
Мәселен , таңертеннен кешке дейін базарда тұрған ата- ана үйіне
шаршап барғанда баласының қойған сұрағына да жауап беруге де шамасы
келмеуі мүмкін.
2 Қала баласы мен ауыл баласының
арасында айырмашылық болады ма?
3 Теледидарды қазір балалрымыз көз
алмай көреді, компьютерге , тағы да басқа техникаларға аса мән
береді. Олардың не көріп жатқанына біз мән бере бермейміз. Ол
баланың психикасына осының бәрі әсер етеді деп
ойлайсыздарма?
Ендігі кезекте ата ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға
құлақ түрсек.
-
Ұл- қыз ата- анасын үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе,алдымен әдепті болу керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса ата- ананың ұл- қызы болып өседі. -
Адам жеміске, ата- ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата- анаңды аялап бақсаң ,армандарың орындалады. -
Әдепті , адал ұл қыздардың міндеті ата- аналарының тірісінде көрсеткен қызыметімен бітпейді. Ата -аналарын дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады. -
Сәби шағыңда олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту керек. -
Ата- анаңның көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма. -
Ата- анасын ұмытқан бала- опасыздың опасызы ,рақымсыздың рақымсызы. -
Ата- ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді. -
Түн ұйқысын төрт бөлген ,түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананңы ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар , ол- қорлық.
«Балам менің болашағым» дегенде ойыңызға қандай ұғымдар келеді?
Ой қозғау «Бала кім?» Осы сұраққа өз ойларыңызбен бір неше жауаптар
қайтару керек .
( болашағым, үмітім, сүйенішім, өмірімнің жалғасы, бауыр етім,
асыраушым, ізбасарым, қуанышым.)
Балағыздың қандай жағымсыз қылықтан аулақ болғанын қалар
едіңіз?
(еріншек, сараң, жалқау, мақтаншақ, ызықор , ашуланшақ)
Ата ананың балаға айтар ақыл
тілегі
Үлкенге сәлем беріп жүр.
Көп тыңдап аз сөйле.
Атаңның юаласы болма, адамның баласы бол.
Ынтымақ үйіңнен екенін ұмытпа
Ақылыңды арыңды сақтап жүр.
Ата анаңның алдында қарыздар екеніңді қмытпа
Еліңнің қамын ойлаған азамат бол.
«кәріге құрмет балаға міндет дегенді ұғын»
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің»

І тапсырма
1. Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқазар
едіңіз?
2. Сәлемдесу, жөн сұрасудың өз - өзіндік дәстүрі бар. Осы жайында
не айтасыз?
3. Бала шыр етіп дүниеге келгенде жасалатын салт- жораның түрі
қандай?
4. Бала тәрбиесі қай жастан бастап қолға алған дұрыс?
Сұрақтар: 1. Өмірде нені құнттайсыз?
2. Сіздің өміріңіздегі ең маңызды қадамыңыз?
3. Осы өмірдегі ең бақытты сәтіңіз?
4. Өмірде нені қатты бағалайсыз?
5. «Өмір-өзен» дегенді қалай түсінесіз?
6. Неге өмірді өзенге теңейміз?
7. Әр адам не үшін өмір сүреді?
ата-аналарға түрлі-түсті фигураларды беру.
Құрметті ата-аналар! Қазір сіздерге тапсырмалар беріледі. Әр
қайсысыңыз түрлі-түсті бір фигураны алып, сол түстегі столға барып
отырасыздар. Столдағы тапсырмаларды орындауларыңыз керек.
1. Мектепке деген махаббатыңызды білдіріп гүл шоғын жасаңыз.
2. Балаға деген махаббатыңызды білдіріп гүлге жазып жапсыру.
Сіздерге ұсынылатын келесі ойын жаттығуы – «Жүректен-жүрекке».
Бұл кезеңде мен Сіздерге «Ғажайып сандық» туралы шағын әңгіме айтып
беремін. Бұл әңгіме атасы мен немересі жайында. Сіздер әңгімені
тыңдап болғаннан кейін, менің қолымдағы ғажайып сандықты осы өмірде
балаларыңызға арнайтын, ұстазға деген тілектермен, жылы сөздермен
толтырасыздар. Бұл кезеңде балалар сабақ үстінде алған білімдерін,
жаңа ақпараттарын қорытындылай келе ой бөлісіп, жылы тілектер
жүректен-жүрекке ұштасып жатады.
Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй –
базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер
гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат
болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге
тікелей байланысты.
4. Ата-аналар туралы дана сөздер
оқушылар дайындаған. (слайд 6)
Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай
жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып ана,әке,апа,қарындас
туыстарыңды сыйлап жүріңдер.Әке-тірегің,қамқоршың, асқар тауың.Ана-
жарық дүниеге әкелуші.
5. Аңыз тыңдау «Қарт пен бала әңгімесі»
(слайд 7,8)
Аңыз: «Қарт пен бала
әңгімесі»
Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып:-
Ата, мені де ала кетесіз бе?- дейді.
Қарт:-Балам, мен балалар кітапханасында болғалы жатқан
«Ардақта ата-анаңды» атты тәрбие сағатына бара жатырмын. Сен әлі
жассың, - дей бергенде:
Бала:-
Ата маған сұрақ қойыңызшы, - деді бала.
Қарт:--Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Бала:-Ата, үйдің алтын қазығы – бала.
Қарт:--Жоқ балам, үйдің алтын қазығы –АНА. Ана ақылды
болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі –
ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғанышың, інің
сүйенішің, қарыңдасың қанатың екенін ұмытпа.
Қарт:--Балам жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Бала:-
-Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейрімді әке.
Қарт:--
Жоқ балам, әке қанша мейрімді болса да ананың жөні бөлек. Ашты тоқ,
жоқты бар ететін – АНА.
Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?
Бала:-
Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.
Қарт:-Жоқ
балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің
нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді,
қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді.
(Енді оқушыларға сұрақ қояды)
Қарт:-Адамның ақылы қайда, балаларым, кім айтады
екен?
Оқушы: Ханның ақылы тағында, әкемнің ақылы жанында,
ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы
жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.
Қарт:- Адамға ақыл беретін кім, балаларым?
Оқушы: Адамға ақыл беретін – ата-ана, ұстаз, досың. Ата-
ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.
Қарт: «Өмірде не жетім?» деген сұраққа өзім жауап
берейін.
Өмірде жеті жетім бар.
1. Өмірде ата –анасы жоқ болса, бала жетім.
2. Халқына сенімсіз болса, халқы жетім.
Ханы ақылсыз болса, халқы жетім.
3. Суы жоқ құдық- жетім.
4. Досы жоқ жігіт –жетім.
5. Шәкіртсіз ұстаз жетім.
6. Қызы жетесіз болса, ана – жетім.
7. Ата – ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім.
Иә, балалар, сендер ата – ананың тәрбиесін бағалап өскен
боларсыңдар. Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата- аналарыңды сыйлай
біліңдер! Әумин!
Сен ата-ананың қарызын ақтау ісіне дін деңгейінен қарамасаң да,
адамгершілік, ақыл-ой, парасат биігінен қарағын. Сені жан-ділімен
жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-ананың көңілін қалдыратындай іс
жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені
кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын
да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрмет етсін десең, сен де
ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де
соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс
ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты
ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі
тілегі қабыл болғаны.
6. Ана туралы хадистер(слайд
9)
7. Балалға және ата-аналарға
сұрақтар қою. (слайд 10,11)
АЛТЫН
ДІҢГЕК
Немесе ұлт болашағы – ұлағатты
отбасы
Отбасы — адам баласының алтын
діңгегі, тұлғалық негізі қаланатын өмір сүру және даму ортасы.
Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы —
ата-анасы. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Ұрпаққа берілетін
тәрбие ісі де отбасының беріктігімен тығыз байланысты. Әр
отбасындағы бала әртүрлі тәрбие алады. Тәрбиенің сыншысы да,
бағалаушысы да – халық.
Бәрі
бесіктен басталған…
Қай заманда да тәрбие мәселесі халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап
келген іс-әрекетінің жиынтығынан құралып, іріктеп алған озық
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңірумен,
қалыптастырумен айналысып келеді. Отбасын қоғамдық тәрбиенiң қандай
саласы болса да алмастыра алмайды.
Ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған
қарай бағыт-бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше.
Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты.
Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы –
бақытты отбасы.
Мектеп – тәрбие
ордасы
Қоғамдағы болып жатқан барлық жағдайлар міндетті түрде сол қоғамды
құрайтын әлеуметтік институттарға ықпалын тигізіп жатады. Сондай
институттардың бірі — мектеп. Мектеп қоғамның айнасы тәрізді.
Қоғамдағы болып жатқан оң да теріс, барлық құбылыстар айнаға түскен
бейнедей мектеп өмірінен де көрініс табуда.
Мектеп тәжірибесінде ата-аналармен жұмыс істеудің жаппай топтық
және жеке формалары мен әдістері пайдаланылады. Олардың барлығы
ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, отбасы мен
мектептің өзара әрекеттестігін нығайту, отбасының тәрбиелеу
әлеуетін күшейтуге, сондай-ақ, ата-аналарды бала тәрбиесіне тартуға
бағытталады. Мектеп бүгінгі күн талабын ескеріп, ата-анамен
жұмыстың жаңа форматын енгізіп отыр.
Мектептік бағдарламаның мақсаты: отбасы саясатын қалыптастырудың
негізгі қағидаларына, отбасы берекесіне, отбасылық тұрмыс салтын
нығайту және дамытуға негізделеді. Осы тақырыпты тәрбие
жұмыстарында қамтуда қазіргі кезде «Білім беру жүйесіндегі 2012-2015 жылдарға
арналған тәрбие кешенді іс-шаралар жоспары»
қабылданды.
Әкенің орны қашанда
бөлек
Әкенің алақаны мен ана жүрегінің
жылуы – бала үшін таптырмас байлық. «Ұлдың ұяты – әкеге, қыздың
ұяты – шешеге»,- дейді халық даналығы. Олай болса,
Қазақстандағы отбасылық саясаттың жүзеге
асырылуына елеулі үлес қосатын әкелердің де орны
бөлек.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отбасылық
саясат тұрғысындағы басымдықтардың бірі ретінде Қазақстанда балалар
мен жастардың тәрбиесі ісінде ерлердің белсенділігін жоғарылатуға,
ерлер мәртебесін нығайтуға, отбасында және қоғамда әке рөлін
көтеруге, әкелердің қоғамдық ұйымдарының мемлекеттік органдармен
тұрақты әлеуметтік ынтымақтасуын дамытуға бағытталған әкелер
қоғамдық қозғалысының жүйесін ұйымдастыру міндетін қояды.
Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа, шаңырақ
иесі — әкеге жүктеледі. Әке тәрбиесінің орны бөлек. Анасы кейде тым
еркелетіп жіберсе, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып жатады.
Сонда әке мен ана бала үшін қиындықты бірге көтереді. Қатал,
қажыр-қайраты мол, еңбекқор, адал әкелерге жауапкершілік жүктеуіміз
керек, замандас құрбылар.
Бұл істе Ақсақалдар кеңесінің, Ардагерлер кеңесінің әлеуетін
пайдалана отырып, әкелердің қоғамдық қозғалысын кеңірек дамытуымыз
қажет.
Мектептерде бұл жұмыстар қосымша курстар, сынып сағаттары арқылы
дәстүрлі мәдениетті, үлгілі қазақстандық отбасының оңтайлы имиджін
насихаттауды тірек ете отырып, жалпы құқықтық білім беру шеңберінде
дәрістер арқылы да жүргізіледі.
Атырау қаласы, Жылыой, Махамбет аудандарының мектептері өмірінде
әкелер рөлін арттыру, әкелер мәртебесін көтеру бағытындағы
жұмыстардың белсенділігін, Құрманғазы ауданында «Мектеп
оқушыларының отбасы» картотекасын жасау туралы бастамасын атап
айтуға болады.
«Әкелер қоғамдық кеңесінің» жұмысы бір жылмен шектелмейді, жалғасын
табатын болады. Алдағы уақытта «Әкелер қоғамдық кеңесін» тұрмысы
жайсыз отбасылар, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар, құқық
бұзушылықпен есепке алынған балалармен жұмыс жүргізуге тартатын
боламыз.
«Әкелер қоғамдық кеңесінің» жұмысын мектеппен ғана шектеуге
болмайды, бұл – қоғамның барлық саласына ер-азаматтардың қатысуын
енгізуді қажет ететін ауқымды мәселе. Мектептен бастау алған игі
бастама мекемелер мен кәсіпорындарда жалғасын тапсын деген ұсыныс
береміз.
Басты құндылық –
отбасы
Облыстың білім беру ұйымдарында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас
Ассамблеясының жариялауымен 1994 жылдың 15 мамырынан бері
мерекеленіп келе жатқан Халықаралық отбасы күнін «Алтын ұям —
мекенім» тақырыбымен атап өту дәстүрге айналған.
Бұл күнге арналған мерекелік шараларды жыл сайын жаңаша форматта
түрлендіріп отыратын болсақ, оның
маңыздылығының да күшейе түсетіні
анық.
«Мен және менің отбасым» сайысы, «Жыл отбасы» байқауларын өткізу
барлық аудандарда дәстүрге еніп келеді. Биылғы жылы мектептерде
отбасы күніне арнап қалалық, аудандық турнирлер өткізуді енгізіп
отырмыз. Сондай-ақ, сәуір айында отбасылық тәрбиеде әкенің
мәртебесі мен рөлін жоғарылату мақсатында өткізілетін іс-шараларды
кеңінен насихаттау, озық іс-тәжірибелерді тарату бағытында облыстық
«Ең үздік сценарий» байқауы ұйымдастырылды.
Отбасы құндылығы – мемлекет ұстанып отырған басты саясат.
Кейінгі кезде қалыптасқан «Тәрбие мектептен басталады» деген
көзқарастың орнына тәрбие отбасынан басталуы керек деп ойлаймын.
Себебі, ең бірінші балаға жауапты – ата-ана.
Екіншіден,
күнделікті қоғамдық ақпараттар көзі бала бойына
адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіруге үлес қосып жатса, артық
етпейді.
Үшіншіден,
бала еліктегіш, теріс қылықтарға тез үйірсек
келеді. Теледидарда түрлі бағдарламалар мен фильмдерден
зорлық-зомбылықтың небір түрі көрсетіліп, бала тәрбиесіне өлшеусіз
зиянын тигізуде.
«Бала тәрбиесі – басты байлығың, Кешіксең көретінің қайғы-мұң», —
деп қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде
ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып,
отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын
болсақ, Абай өзінің 10-шы қара сөзінде: «Әуелі балаңды өзің
алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды
алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен
көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды
сынайды.
Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де
күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Өз ата-анасын
сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей
біледі, қашанда үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен
қамқорлық таныта біледі.
Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын сөз еткенде,
оны үш топқа бөліп қарастыруға болады:
1. Баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар
көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы
іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай,
мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға
үлгі көрсетеді.
2. Өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай
тәрбиелеу керек екенін білмейді. Мұндайлар – ата-аналардың басым
көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі
мүмкін.
3. Балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді,
мұғалімдерге қарсы тұратын төменгі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты
көп болмағанмен, «қиын» балаларды қалыптастыратын отбасылар.
Бүгіндері қаптап кеткен компьютер ойындары, кафе, бар, би алаңдары
және газет бетінде, түнгі сауыққойлық мекемелерде, үйдегі көгілдір
теледидардан балалар көрмейтін (атыс-тартыс) көріністер көрсетіліп,
темекі мен арақты жарнамалау оқушылардың көңілін алаңдатып отырғаны
жүрегімізді ауыртады. Балалар еліктеп, соған бет бұра бастады.
Түнгі жүрістер көбейіп, ішімдік ішіп, есірткіге еліктеген мектеп
жасындағы оқушыларды көргенде кеудеңе реніш сезімі келеді.
Себебі, мектеп қандай жұмыс атқарса да, ұлттық үрдістерді естен
шығару, маскүнемдік, ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасулар,
үлкендер тарапынан қылмыстың көбеюі – бұның бәрі де бала үшін
берілетін жақсы жұмыстарға теріс
ықпалдардың көзі.
Ананың көңілі –
балада
Әлемдік ұстаз Платон: «Ұлды тәрбиелей отырып, жер иесін
тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты
тәрбиелейміз» —
деген екен. Ұл бала тәрбиелеу ісінде үлгі ретінде Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың нақты өмірін
сипаттайтын «Балалық шағымның
аспаны» атты көркем фильмін, халық қаһарманы, аты аңызға
айналған, ұлт тағдырының шын жанашыры болған батыр Бауыржанның
өнегесін, Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты»
романындағы бас кейіпкер Қайроштың
прототипі атыраулық Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың
тұлғалық бейнесін, елдік мәселелерге өз үлестерін қосып, өмірлік
тәжірибелерімен бөлісіп, көрген-білгендерін ортаға салып, ой қозғап
жүрген, немесе келер ұрпаққа өмірлік тәжірибесімен
үлгі болған азаматтардың да өмірі – парасаттылықтың
нышаны.
Алайда, сөз жоқ, ұлттық болмысымызды сақтауда әйел-ананың да орны
бөлек. Тіліміз бен ділімізді сақтау тұрғысында бесікті қолдан
шығармай, аялап тербету – әйел-ананың қолында. Бұл іске зор
қоғамдық көзқарас пен қоғамдық ықпал ауадай қажет. Қазақ тілі үшін
ұрандап жүрген азаматтардың балалары қазақ мектебінде оқымаса,
үйінде қазақша сөйлеспесе, ұлттық болмыстың өзегін қайдан
тарқатамыз… Сондықтан да, тәрбиенің қайнар уызын бала ата-анадан
алуы керек деп ойлаймыз. Шоқан мен Абайдың бойына ұлылықтың дәнін
сепкен аналары Айғаным мен Зерені, Елбасымыз
Нұрсұлтандай азаматты дүниеге әкелген Әлжан ананың өмірін ғибрат
ету де қажет.
Қалай десек те, ұлттық болмысымызды сақтауда отбасының орны
бөлек.
Шаңырақтағы ата, ана, бала үштағанының үйлесімді дамуы мемлекеттің
іргетасының берік болуына қызмет етеді. Ана мен баланың өмірі мен
денсаулығын барлық ер-азамат, бүкіл қоғам, күллі ел болып қорғау
арқылы жаны сау отбасын қалыптастыра аламыз. Берекені көктен
тілеме, бірлігі мол көптен тіле.
Жастық – жаңалық, қарттық – даналық. Ұяда көргенді ұшқанда іледі.
Осы ұлағатты сөздер мазмұнында үлкен ата-аналық парыз
бар.
Тақырыбы: “Баланың бас ұстазы – ата-ана”
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін
түсіндіру;
оқу-тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге асыру үшін ата-аналардың
белсенділігін көтеру және ынтымақтастықты нығайта отырып, отбасы
мен мектеп арасындағы байланысты күшейту.
Әдісі: Сұрақ – жауап, пікірталас, ой бөлісу.
Көрнекілігі: Слайдтар.
Әр адамның бойында күн шуағы бар, тек оған жарқырауға мүмкіндік
беру керек. Сократ
Баланың жақсысы – қызық,
Жаманы – күйік.
Абай
“Баланы 5-ке дейін патшадай көтер,
15-ке дейін құлындай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла.”
Барысы:
1.Кіріспе. (ІІ тоқсан қорытындысы)
2. Баяндама:«Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері»
3.Педагогикалық ойын «Кім мәреге бұрын жетеді?»
4. «Баланың бас ұстазы – ата-ана» (пікірлесу)
5. «Миға шабуыл» стратегиясы.
6. Психологиялық тренинг.
І Кіріспе:
— Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі «Баланың бас ұстазы —
ата-ана» атты отырысқа хош келдіңіздер! Сіздермен бас қосып пікір
алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою,
білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала
тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелері болса, ойымызды
ортаға салғалы отырмыз.
Алдымен, сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында «Шаттық
шеңбері»
тренингін өткізгелі тұрмын. Ал, құрметті ата–аналар, қолымыздан
ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Мен сіздермен кездескеніме өте
қуаныштымын. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп
атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар.
Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге
тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды
сыйлай білуге үйренеміз.Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық,
шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана
қуанып, күлкімізді сыйлайық. Әр ата–ана өзін өзінің атына екі-үш
сын есімін қосып таныстыру.
Енді өткен ІІ оқу тоқсанының қорытындысына тоқталып өтейін.
5«А» класында барлығы 18оқушы бар.Оның қызы-10, ұлы-8.
Жалпы класс құрамы жақсы.Кластағы білім сапасы 78% .
Оқу озаты-8, оқу екпіндісі-9.
Жекеленген пәндерден білім сапасы мен оқушылардың және кластың
жетістіктері туралы айтылады, слайдтар арқылы тақтада
көрсетіледі.
ІІ. «Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері» Баяндама .
“Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың
табиғи құқығы, әрі парызы”
Қазақстан Республикасы Ата Заңы, 27-бап, 2-тармақ.
“Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен
немерелері алдындағы жауапкершілігін ата-аналар күнделікті есте
ұстауға тиісті”
“Қазақстан 2030” бағдарламасы
ІІІ. Педагогикалық ойын. «Кім мәреге бірінші жетеді?»
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен). Сіз не айтасыз?
Қалай қолдайсыз? (балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші
жетуге тырысады). (Тамаша! Жарайсың құлыным! Сенсіз мен не істер
едім? Өте жақсы! Мақтанашым менің! Қандай тамаша! т.б.).
І V.Бүгінгі «дөңгелек үстел» мынадай сұрақтар төңірегінде
өрбиді:
1.Отбасындағы бос уақытты қалай пайдаланасыздар?
2.Балаңыздың досы кім, оның қандай іс-әрекетін, қылықтарын
білесіз?
3.Білім сапасын көтеруде ата-ана ролі бар ма?
4.Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
5.Балаңыздың қандай пәндерге бейімділігін байқадыңыз.
6.Сізді ерекше толғандыратын қандай жағдайлар?
V. «Миға шабуыл» стратегиясы.» Бүгінгі тақырыппен байланысты, яғни
бала туралы мақал-мәтелдер айту.
VІ Психологиялық тренинг "Алтын дән"
Қорытынды
Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата-анаға байланысты
екенін талдадық, соның ішінде білім негізі — стандарт талаптарын
орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім
мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде
қажет.
«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру
арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.»
В.А.Сухомлинский
Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен
адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек
екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен
көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі
жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі
болу міндеті тұр
YII тур. Педагогикалық жағдаят. Сұрақтарға жауап беру. Бұл жерде
баға қойылмайды.
1. Баланы ұрған дұрыс па ?
2. Балаңыз сабақтан қайтқанда қалай қарсы аласыз?
3. Балаңыздың айтқаның әрдайым орындайсыз ба?
Ата-аналарға арналған сауалнама:
"Сіз қандай ата-анасыз?"
1. Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?
2. Балалардың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді
мойындайсыз ба?
4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе
аласыз ба?
6. Балаңыздың орнынаөзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай
айтасыз ба?
Шақырылған қонақтар:
1.Түркістан Әділет басқармасы АХАТ бөлімінің бастығы Құлахметов Нұржан Әлжанұлы.
2.АХАТ бөлімінің маманы Оңбаева Гүлнәр Төлегенқызы.
3.Түркістан қаласы әкімшілігі Жалпы бөлімінің жетекші маманы Төлеп Рақымжан мырза.
4.Үлгілі ата-ана: Сыздықов Әбдібек мырза.
Сыздықова Қыздаркүл ханым.
Сабақтың барысы
1.Тәрбие сабағын ашу. (сабақтың мақсатын, маңызын, әдістерін түсіндіру). Топ тәлімгері.
-
«Отан-отбасынан басталады» тақырыбында баяндама.
Топ студенті Оспан А.
-
Қонақтарға сөз беру.
-
Сұрақтар қою.
-
Көркем сөз оқу. «Ана туралы баллада» Құдайбергенова Г.(«Көңіл толқыны» күйі орындалады. Сыздықов Н)
-
«Ана жүрегі», «Сәби бақыты» бейнетаспасын көру.
-
Бейнетаспадағы сюжеттер туралы студенттер мен ата-аналар пікірлерін тыңдау.
-
Алтын сандық ойыны.(Студенттердің құқықтық сауаттылығын сынау және өз отанының тарихи-саяси жағдайларын, ұлттық салт-дәстүрлерін танып-білу тұрғысында сұрақтар). Жеңіске жеткен студент алтын сандық ішіндегі жүлдеге ие болады.
«Алтын сандық» ойынының сұрақтары
1.Неке және отбасы Заңының принциптері?
2.Неке және отбасы Заңымен реттелетін қатынастар?
3.Некелесуге тиым салынатын жағдайлар?
4.Ерлі-зайыптылардың жеке құқығы?
5.Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқығы?
6.Некені жарамсыз деп тануға кімдер талап қоюға құқығы бар?
7.Мемлекеттік биліктің бастауы кім, оны түсіндіріңіз!
8.1998жылғы ҚР Конституциясына қандай өзгертулер енгізілді және қандай мақсатпен?
9.Жеті қазынаны атаңыз!
10.Қызға ұрын бару салтын түсіндіріңіз!
-
Қазіргі қоғамдағы отбасылық мәселелер туралы көрініс. Топ студенттері. «Жұмбақ кейіпкерді» тыңдау.
-
Осыған орай қонақтарды қатыстыра отырып студенттер ойларын тыңдау.
-
Ән. «Қоштасқым келмейді». Топ тәлімгері Баймұратова Г.А.
-
Қыздардың дайындаған бұйымдарын көрсету.
-
Әке туралы ән. Асылбекова Д.
-
Үйге тапсырма беру.
Үйге тапсырма:
-отбасы тақырыбында өткізілген радио және телехабарларды көріп, тыңдап отыру;
-отбасылық басылымдардағы мақалаларды оқып отыру;
-театр қойылымдарына бару;
-ата-аналарымен пікірлесіп, ой бөлісу;
-бұқаралық ақпарат құралдарына өз ойларын білдіріп, мақалалар жазу;
-мектепте өтетін практика кездерінде осы мәселе төңірегінде тәрбие сағаттарын өткізуді жоспарлау немесе насихаттап отыру.
-
Келген қонақтарға алғыс білдіріп, мерекелік құттықтаулар жасау.
-
Қорытынды сөз. Сабақты қорытындылау.
Отбасында қоғамымызға жарамды мығым тәрбие беру арқылы, мемлекетіміздің дамып-өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.
Қалың жұрттың қаймағы бұзылмай, қазақ отбасының шаңырағы шайқалмай, алтын күн аспанында елдік туымыз мәңгі желбіреп, асыл мұраттарға жетелеген айбынды үніміз асқақтай берсін!
-
Ән ұранмен аяқтау.
Сабақтың барысы толығымен тыңдалды. Сабаққа заң факультетінің деканы, доцент Қ. Теңесбаев, тәрбие орталығының төрайымы Г.Тоққұлова, тәрбие орталығының инспекторы М.Асанова, «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., доцент К.Шеметаев, оқу ісі жөніндегі декан орынбасары, аға оқытушы К.Әшірбек, тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, құқық магистрі М.Молдалиев, ғылым ісі жөніндегі декан орынбасары, аға оқытушы С.Мұстафаев, «Азаматтық құқық, іс жүргізу» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., доцент Н.Батырбаев, студенттер деканы, заң факультетінің 4-курс студенті Н.Батырбаев және т.б. оқытушылар мен студенттер сабаққа қатысып отырды.
Сабаққа қажетті көрнекіліктер қолданылып, көгілдір экран арқылы «Ана жүрегі» және «Сәби бақыты» бейне таспалары көрсетілді. Сабаққа қатысқан қонақтарға сұрақтар беріліп, жауаптар алынды. Студенттер сабаққа белсенділікпен қатысты. Алтын сандық ойынына топ студенттері Құлжабаева Г, Қасимова И, Тәңірбергенова С қатысып өз білімдерін сынады. Нәтижесінде Құлжабаева Гаухар жеңіске жетіп, сандық ішіндегі «құсмұрын жүзік» және алқа, сырға сияқты қыздардың әшекей бұйымдарына ие болды. Және «құсмұрын жүзіктің» ертеде қазақта бұл жүзікті басы бос бойжеткен қыздар қолына тағатындығы да насихатталды.
Ал, «Жұмбақ кейіпкер» ролін топ студенті Байзақов Жанболат сомдады. Онда оның бір қыз балаға деген махаббаты, қатал әке үкімімен оған болашақта қосыла алмайтындығын немесе қыздың әкесі қызын өзінің қызметтес жолдасының баласына қосатындығын айтып, осы мәселедегі жігіттің тағдыры болмаса әке ұлы махаббат сезімін қалай таптауға барады? деген сауалдармен ортаның пікірі тыңдалды. Бұл пікір тұрғысында Қыздаркүл апай, Теңесбаев Қ, Төлегенқызы Г, Батырбаев Н, Құлжабаева Г өз ойларын ортаға салды. Тақырып тұрғысында әндер шырқалды. Атап айтсақ, топ тәлімгері Баймұратова Г, топ студенті Асылбекова Д, Құдайбергенова Г, Сыздықов Н өз өнерлерін ортаға салды.
Ата-бабаларымыз ұл мен қыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлген, мысалы, ер балаға сыртқы үй шаруашылық жұмыстарын мал бағу, егін ору, зергерлік өнерлерге үйретіп, отбасын асыраушы мұрагерім деп таныған. Ал қыз балаларды үй шаруашылығына бейімдеп, шай құю, төсек жинау, кесте тігу, құрақ құрау т.б өнерлерге әрдайым аналары, әжелері, жеңгелері үйретіп отырған. Міне, бұл дәстүр әлі де өз жалғасын тауып келетіндігін айтып, он саусасағынан өнер тамған топ студенттері мақтанышпен аталып, Қорғанбекова М, Оспан А дайындап келген қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды.
Сабақ соңында үйге тапсырмалар берілді. Сабаққа қатысқан қонақтарға алғыс білдіріліп, мерекелік құттықтаулар, естелік сыйлықтар жасалды. Сабақ барысы бейне таспаға түсірілді.
Сабаққа қатысқан қонақтарға берілген сұрақтар.
1. Ерлі-зайыптылардың бірі хабарсыз жоғалып кеткен жағдайда, егер ол қайта табылып, өзінің жұбайымен табысқысы келеді. Мұндай жағдайда некеге тұру қалай реттеледі? Бұрынғы некесінің күші сақталады ма?
2. Екі жас АХАТ органына некелесуге келді дейік. Жігіт бұрын азаматтық некеде тіркелген, бірақ ол туралы қалыңдығы бейхабар. Бұл заң бойынша ҚР «Неке және отбасы» заңының 11-бабына қайшы. Осы мәселелерді қандай деректерге сүйеніп шешесіздер?
3. Жалған неке дегеніміз не? Оның мемлекеттік реттелуі қандай дәрежеде?
4. АХАТ қандай орган, ол қандай қызметтер атқарады, жалпы бұл органның құқықтық-ұйымдастырушылық механизмі қандай?
5. Асыраушысынан айырылған балаларды тәрбиелеу, оларға әлеуметтік көмек беруде әкімшілік тарапынан қандай жұмыстар атқарылады?
6. Түркістан қаласы бойынша әйелдердің қоғамның саяси істеріне араласу деңгейі қандай дәрежеде және жалпы, әйелдің қоғамдық-саяси мәселелерге қатысуға өз пікіріңіз қандай?
7. Отбасы және әйелдер жөніндегі комиссияның негізгі қызмет істеу бағыттары қандай?
8. Отбасының егемендігі деген қандай ұғым немесе қазақта еншісін беру салты қазіргі таңда қандай роль атқарады?
9. Еншісін алған жаңа отбасына әулеттен басшылық жасап отыру керек пе немесе әулет ортасындағы ынтымақ-бірлікті сақтаудың қандай жолдары бар?
10. Сіздердің отбасыларыңыздың тұрақты, бақыттарыңыздың баянды болуының сыры неде?
11. Отбасындағы әлеуметтік теңсіздікті райландыру қандай бағытта жүргізілуге тиіс?
12. Отбасын құруда жастарға қандай ақыл-кеңестер беруге болады?
13. Отбасында бала тәрбиелеуде қандай қасиеттерді және мінез-құлықты ұстанған жөн?
14.Бел құда, бесік құда т.б. немесе қызды құда түсіп алу дәстүрлерінің қазіргі таңда отбасын нығайтуда қандай орны бар?
«ОТБАСЫНЫҢ СҮРЕТІ» тесті
Баланың ішіне тереңірек кіріп және ол қалай
тұрады, оны не мазалайды, ол нені армандайды, қоршаған әлемді,
отбасын және Сіздің өзінізді қабылдауы қалай екенін түсінгіңіз келе
ме? 4-5 –жастан бастап Сіз сүретті «Менің отбасым»-атты тест өткізе
аласыз. Балалар қоршаған әлемді үлкендер сияқты қабылдамайды.
Ерекше бала ұғынулары үлкендер түсінбейтін және қабылдамайтын,
эмоциялық реакцияларды шақырады. Баланың ішкі дүниесінде,
сыйыспайтын, кездейсоқ сияқты фантастикалық бейнелер, өз «теориясы»
құрылады.
Тестің мәні
Балаға қағаздың стандарттық парағын, түрлі-түсті қарындаштар
жиынтығын береді (жай қарындаш, қалам, өшіргішті бермесе дұрыс
болады), сосын: «Өз отбасынды сүретте»-дейді. Бірақ отбасы құрамына
кім кіретінің есіне салу керек емес, өзі қалай көрсе, солай салсын.
Егер бала сұраса кімді салайын деп, оған толық ерік берініз, тіпті
аңдарды салса да салсын, бәрібір сүрет жеткілікті ақпаратты болады.
Сүрет салып болғаннан кейін, жетекші сұрақтар қойыңыз: кім қайда
сүреттелді, отбасы мүшелері не істеп жатыр, кім қандай көңіл-күйде
және т.б.
Сүрет салуды бастау алдында
Баланың әдеттегі көңіл күйін байқаңыз. Бұл тапсырманы отбасылық
жанжалдан, ұрыстан және қайғы-қасіреттен кейін, беруге болмайды.
Әйтпесе Сіз сол мезеттегі баланың көңіл күйіне сәйкес ситуациялық
сүрет аласыз.
Тапсырма орындап жатқан уақытта баланың үстінде тұрмаңыз, бірақ
кейіпкерлердің және нәрселердің бейнелеу тәртібін білдірмей
байқаңыз.
Баланы сүреттеу кезінде түземеңіз («сен әкенді салуға ұмыттың»,
«құлақ, қолды сал, т.б.»)
Алған нәтижелерді баланың көзінше талқыламаңыз – бұл тест Сіз үшін,
Сіздердің ойлануларыңыз үшін.
Аса дәл ақпарат алу үшін, бірнеше күн аралығында 3-4 рет тест
өткізіңіз және сүретте жиі қайталанатын детальдарды анықтаңыз.
Сүретті «түсіндіру» кезінде зор маңызда болатыны, ол «түсініктеме
берушінің» дұрыс күйі, өз қиялын мен интуициянды қосу қажет.
Түсініктеме беру
Сүретте ештене кездейсоқ болуы мүмкін емес. Себебі бала заттарды
натураға қарап салмайды, ол өз эмоциясын және күйзелісін білдіреді.
Міне балалар шығармасының бірнеше мысалы.
1- сүрет.
Б
ұл сүретте бала өте астарлы отбасылық рольдің бөлу ерекшелігін
сезген. Мама – жанұя басы, онда бәрі үлкен – көздер, мұрын, ал
әсіресе ауыз. Бірақ мамасының көздері мұнды, және жүректе гүлмен
жабылған, қолдары жоқ, ол ештене өзгерте алмайды. Папасы мөлшер
бойынша (баланың қабылдауында) мамасынан көбірек кіші. Мамасының
бір жағында 12-жасар ағасы тұрып кеткен шашы бар және екінші
жағында, сондай бойдағы, ұқыпты, бірақ барлық түймесіне салынған
6-жасар сүретшінің өзі. Маманы тыңдауды тек папа жақсы көреді, ол
үшін онда құлақ та бар, ал балаларда ата-аналарын естімейтін
берікті қалаңбау бар.
2-сүрет.

Бұл сүретте де отбасы. Адам тұрмайтын, көп бос, терезелер саны бар,
үлкен үй. Шатырдың астында, тордың артында сүретшінің өзі тұрады.
«Мамам мен папам жұмыста, мен серуендеп жүрмін...». Сүрет авторын
төменде, машинаның қасында көруге тырысыңыз.
Балақай өзін таң қаларлық кішкентай, мүсәпір, жалғыз сезінеді,
дұрыс емес пе? Түрлі түсті гаммасы да мұнды: сұр түс басымды және
машинада кішкене жасыл түс бар (ол папасы кейде оны қыдыртады). Ал
зор «қолдар» – шатырдағы антенналар баланың үстіндегі тұрған, оның
сезімдерін басатын, оны жалғыздық пен үрей торына артына қамайтын
ата-анасын есіне түсіреді. Осындай сүретті көріп, баланың халі
нашар екенін, оған көмек қажет екендігін түсінесін.
3
-сүрет.
Ал мында бәрі де жақсы! Отбасы жиналған, жүздерінде күлкі, бәрі
бір- біріне қолдарын созып қолдап немесекөмектесіп отыр. Бала бәрін
жақсы көреді өзін де қоса, кіщкентай ұсақ детальдар, ашық түстер
көп. Сүреттен куаныш пен еріктің лебі келіп тұр
ИНТЕРПРЕТАЦИЯ ЕРЕЖЕСІ
1. Сүрет салып бітіргеннен соң баланы сұраңыз, «кім не екенін», кім
немен айналысады.
«мен ағамды салуға ұмытып кетіппін» или «әпкем симай қалды» -
сияқты ескертулер маңызды емес. Егер отбасынан біреу сүретте жоқ
болса, ол мынаны білдіреді:
• Осы адамға жағымсыз санасыз сезімдердің болуы. Мысалға, кіші
інісіне қатты қызғаншақтық; Бала өзінше ойлайды: «Мен інімді жақсы
көруім тиіс, ал ол менім ашуымды келтіреді, бұл жаман. Сондықтан
тіпті ештене салмаймын.».
Сүретте «ұмытылып қалған» адаммен эмоциялық жалғасу толығымен
жоқтығы. Бұл адам баланың эмоциялық дүниесінде жоқ.
2. Сүретте автордың өзі жоқ.
• Жақындармен қатысудағы қиындықтар:« Мені мұнда байқамайды», «Мен
өзімді, шеттетілген болып сезінемін», «Маған отбасында өз орнымды
табу қиын»
• Бала отбасынан «кетеді»: «Мені мұнда қабылдамайды, жарайды керек
емес, маған оларсыз да жаман емес.»
3. Сүретте – ойдан шығарылған отбасы мүшесі. Бала отбасында аяғына
дейін алмаған, сезімдердегі вакуумды толтыруға тырысады. Балалар
жиі шынында да үйде тұрмайтын, құстарды, жануарларды салады, ол
баланың біреуге керек және қажет екендігін ансауын маңыздайды,
демек, ата-аналар сүйіспеншілікте, мейірімділікте, еркелікте
мұқтажын қанағаттандырмайды.
4
. Бейнеленген кейіпкерлердің көлемі бала үшін оның
маңыздылығын көрсетеді (4-сүретті қара). Баланың ойлауынша, адам
тым үлкен болса, солайша ол белсенді екені. Жиі кішкентай балаларда
барлық дене бітімді орналастыру үшін қағаздың беті
жетпейді..
5. Қағаз бетіндегі баланың көлемі.
Егер бала өзің кішкентай қылып, беттің бұрышында орналастырып
салса, онда сол мезетте өте төмен өзін-өзі бағалауы, немесе, ол
өзін ең кішкентаймын деп санайды. Өзін-өзі жоғары бағалайтын
балалар өздерін ата-аналарынан да ірілеу, үлкен қылып сүреттейді.
(5-сүретті қара).
6.
Баланың сүреттегі орналасу орны, оның отбасындағы жағдайын
көрсетеді. Ортада, әке мен шешесінің арасында, немесе өзін бірінші
қылып салғанда, онда ол өзін үйде керек және қажетті екендігін
сезінеді. Егер бала өзін басқалардан бөлек сүреттесе, немесе өзін
ең сонында салса, онда ол қызғаншақтықтың, сәтсіздіктің
белгісі.
7
. Бейнелердің арасындағы қашықтық эмоциялық жақындықты немесе
керісінше қарым-қатынас үзілгендікті мәлімдейді. Фигуралар
бір-бірінен қаншама алыста болса, соншама олардың эмоциялық
бірікпеушілігі үлкен. Кейбір сүреттерде балалар бірікпеушілікті
сезінетіндерің, отбасы мүшелері арасындағы бос кеңістікке әртүрлі
заттарды (жиһаз, вазалар, ...), бөгде, ойдан шығарған адамдарды,
кіргізіп көрсетеді.Эмоциялық жақындық кезінде туысқандар бір біріне
тіпті жақын сүреттелген, олар қолдармен тиіп тұр. Бала қаншалықты
өзін бір отбасы мүшесінің қасына бейнелесе, соншалықты оның
жақындасу дәрежесі осы адамға биік болады және керісінше.
8. Отбасы мүшелерін бейнелеу реттілігі. Әдетте бірінші, бала өзін
не, не өз пікірі бойынша отбасындағы отбасы мүшесінің, ең
сүйіктісін, ең маңыздысын салады. Әдетте ең соңғы сүреттелген
туысқан өте төмен белсенділікте болады (ол баланың өзі де болуы
мүмкін).
9
. Қағазда фигураларды орналастыру
Зер салып қараңыз, сүретте кім жоғары, кім төмен орналасқан. Аса
биікте орналасқан кейіпкер, баланың пікірі бойынша, отбасында
көбірек маңыздылығы бар (тіпті егер ол мөлшер бойынша кішкене болса
да). Мысалы, егер бәрінен де жоғары қағазда теледидар бейнеленсе
немесе тіпті алты айлық қарындасы болса да, онда ол баланың
сезімінде дәл осылар қалған отбасы мүшелерін «басқарады» (6-сүретті
қара).
10. Балада мазасыздықты туындыратын, кейіпкер немесе нәрсе.
Қарындашты қатты басумен бейнеленеді, немесе қатты штрихтелінеді,
оның нұсқасы бірнеше рет, айналдыра жиектеледі, бірақ бала мұндай
кейіпкерді аса көрінбейтін де қылып «дірілдеген» сызықпен
сүреттейтіні де болады.
11. Дене мүшелері.
Бас.
Бұл – маңызды және өте бағалы дене мүшесі. Ой, ептілік – баста.
Отбасының ең ақылды, ойшылын бала үлкен баспен сүреттейді. (7-
сүретті қара).
К
өздер.
Тек қарау үшін ғана емес, олар уайымды да білдіреді. Кейіпкердің
үлкен, кен ашылған көздері баламен мазасыз, тынышсыз, көмекте
мұқтаж ретінде қабылданады. (8-сүретті қара). «Нүкте» немесе
«сызықша» көздері бар кейіпкерлер – өздерінің ішінде жылауға ішкі
тыйым салуды ұстайды (яғни, адам тұйық, түйсіксіз немесе саналы
түрде, өз эмоцияларын көрсетпейді, жиі теріс).
Құлақтар.
Бұл – сынды және тіпті кез келген өзін туралы ақпаратты қабылдау
органы. Үлкен құлақтары бар кейіпкерлер айналасындағыларды
тыңдайды.Егер құлақтар тіпті де болмаса, онда адам ешкімді
тыңдамайды, ол туралы айтқандарды ескірмейді (9-сүретті қара).
Ауыз.
Сүретте ауыз – «шабуыл органы», ауызбен агрессияны білдіреді,
ұрыссады, тістейді, ренжиді.Үлкен немесе/және штрихтап тастаған
аузы бар кейіпкер қауіптің көзі болып қабылданады.Егер тіпті аузы
болмаса, ол нүкте, сызық түрінде салынса – адам өз сезімін
жасырады, сөздермен айта алмайды немесе басқаларға ықпалы
тимейді.
М
ойын.
Бастың сезімдерге деген өзін-өзі бақылау мүмкіндігін символмен
көрсетеді. Мойны бар адам өз сезімдерін басқаруға қабілетті (жиірек
ол үлкен адам).
Қолдар.
Қолдар функциясы – жабысу, қосылу, айналадағы адамдармен
қарым-қатынаста болу, яғни әрекет жасау қабілеті. Қолдарда
саусақтар көп болған сайын, кейіпкер күшті болады. Қолдың ұзындығы
оның көпшілдігін айтады, қысқа қолдар ішкі дәрменсіздігін,
жасқаншақтығын, қатынас жетіспеуін білдіреді. (10-сүретті
қара).
Аяқтар.
Жұруге, тірек үшін, қозғалу еркіндігі үшін керек. Аяқта
тіреу орны көбірек болған сайын, кейіпкер нық және сенімді жерде
тұрады.Оң аяғы - отбасы ақиқатынан тыс тіреуді білдіреді, сол аяғы
– отбасындағы (11-сүретті қара).
12. Сүреттің түрлі түсті гаммасы – сезім палитраның индикаторы. Ең
жақсы көретін түстермен бала отбасындағы ең жақын мүшелерін, өзін
салады, жақсы көрмейтін түнеріңкі түстер баланың жақсы көрмейтін
адамдарына қалады. Жалпы түрлі түсті палитраға назар аударыңыз:
жарқын түстің басым болуы жақсы көңіл күй туралы айтады, ал
түнеріңкі түстер, мазасызданғанға және жабырқанқығанға көрсетеді
(егер, әрине, қара түс бала үшін сүйікті болмаса). Мамалар
әншейінде әдемі көйлекпен, шашында шаш тұтқышы бар болып
бейнеленеді, ұсақ детальдардың көбі бар, шаштың түсі де ерекеше
болуы мүмкін, мұқият детальдар салынады, себебі бала өз махаббатын
көрсетеді. Балалар өз-өздерін бағалап сайма-сай мұқият сүреттеп,
әдемі киіндіріп салады. Баланың барлық жақын және сүйікті
туысқандары сияқты, сүйікті әкесі де сәнді,
13.
Бала тек өзін салады, барлық қалғандарды салуға «ұмытып», бұл оның
өзі өзін отбасы мүшесі екенін сезбейтінін айтады. Баланы отбасында
шеттейді, сәтсіздік пен эмоциялық проблемалар оны басады. Дене
бітімі кішкентай болуы мүмкін, парақтың бұрышында «тығылып» қалған,
қараңғыда, жағып тастаған бетпен. Бірақ болады, өзін-өзі бағасында
көтермеленген бала тек өзін, өз маңыздылығын көрсету үшін
сүреттейді. Ол мұқият киімнің, жүзінің детальдарын сүреттейді,дене
бітімі өте үлкен, жарқын.
13.Сүреттегі Күн – қорғау және жылылықтың символы. Бала мен күннің
ортасында болатын, адамдар мен нәрселер– ол өзін қорғалдым деп
сезінуге, энергия мен жылулықты пайдалануға кедергі болатындар.
(12-сүретті қара).
14. Ұсақ детальдердің көптігі, жабық детальдар (шәрпы, түймелер)
баланы оларға жібермейтін тыйымдар, құпиялар туралы
білдіреді.
Астана қаласы, №64 мектеп-лицей психологі
Мұханбаева Жарқын Балмұханқызы
Семинар-тренинг
«Мен сені түсінуге тырысамын…»
Мақсаты: Бала тәрбиесінде
ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына
өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту;
баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой
салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың
ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Қажетті құрал жабдықтар: семинар бағдарламасы,
шарлар, бала тәрбиесіне арналған жаднама , «Таяқтау оңай, тәрбиелеу
қиын», «Бала нені білсе жастан, ұядан — өле өлгенше соны таныр
қиядан», кестелер, тірек сигналдары, т.б.
Сабақтың түрі: семинар-тренинг
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!Бүгінгі сіздердің
назарларыңызға ұсынылғалы отырған «Мен сені түсінуге тырысамын…»
семинар-тренингке қош келдіңіздер! Бүгін біз мектебімізге өздерінің
ой-пікірлерін бөлісуге тікелей осы тақырыпқа қатысы бар маман
иелерін қонаққа шақырып отырмыз.
Шақырылған қонақтар:
1. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Жусупова Гүлжамиля Ілиясқызы
2. Мектеп инспекторы:Шамаева Ғалия Төлегенқызы
3. Әлеуметтік педагог: Байтукенова Эльмира Дәуренбекқызы
4. Ата-аналар комитетінің төрайымы: Қуатбекова Меруерт
Малдыбайқызы
5. 7-8 сыныптардың әр сыныбынан 2-ден ата-ана және 24 оқушы
Сіздермен бас қосып пікір алысумыздағы мақсатымыз – ата-ана мен
мектеп озара байланысты одан әрі жақсарту. Алдымен бір-бірімізбен
танысып алайық. («Есімдер аллитерациясы» жаттығуы жүргізіледі)
- Есіміңіз кім-Балаңыздың есімі- Балаңыздың жағымды қылығы
(ата-анасы)
Жүргізу барысы:
1.Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»». Баяндамашы:ата-ана
төрайымы Қуатбекова Меруерт Малдыбайқызы.
2.Баяндама төңірегінде пікір алысулар және ата-аналарға сұрақтар
қойылып, мәселелер туралы айтылады.
3.Дәріс.Тәртіп бұзу немесе қылмыс. Оқушыларға құқықтық білім
беріледі. Заңды құрметтеуге, білуге дағдыландыру,оқушының тәртіп
бұзғандағы жауапкершілігі немесе заңға тартылуы сөз болады.Мектеп
инспекторы: Шамаева Ғ.Т.
4. «Жанұя бақыты» жаттығуы Психолог: Муханбаева Ж.Б.
5. «Диаграмма құрастыру» жаттығуы Психолог: Сатыбалдина М.Б.
6. Жаднама тарату.
7.Қорытындылау. «Тілек шамы» жаттығуы
Психотренинг
«Жанұя бақыты»
Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы
түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге
көмектесу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық
жұмыс.
Қажетті нәрселер: ақ қағаздар (А4) фломастерлер,қалам,май
шам,ватман қағаз, шар.
Тренинг бағдарламасы:
Психолог: Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен
тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол,тәрбие
процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып,
ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
«Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты
:«Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана баласымен бірлесе
отырып, отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына
отбасы бақыты сөздер арқылы жеткізу керек.
Ол қандай жанұя?» деген сауал бойынша өз ойларыңызды
білдірсеңіздер.
«Диаграмма құрастыру» жаттығуы

діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының

айналары сөзсіз
Нұсқау: Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, оқушының, ата-ананың
бір күндік диаграммасын құру.
Ата-анаға:
1. Ұйқыға
2. Мектепке
3. Отбасымен қарым-қатынасқа
4. Үйірмеге
5. Достарына
6. Үй шаруасына
7. Жалғыз болуға
Диаграмманы қорытындылау
VІ.Қорытындылау.
«Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен
балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға,
жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың,
жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ,
оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы,
ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын
бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына
шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп,
тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да
осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты
қорыту.
ҚАДІРЛЕҢДЕР
АТА-АНАҢЫ
Мақсаты:
а)
білімділігі; Бала бойына сүйіспеншілікті ,
жылылықты ұялату,ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен
қыз болуға тәрбиелеу;
ә)дамытушылығы; Халқамыздың тәлім- тәрбиесінің
ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен,ата ақылымен
берілетіндігін,өзіндік ұлттық қасиетімізді балалар бойына
дарыту.
б)
тәрбиелілігі; отбасы мүшелері арасындағы
бауырмалдық,

Көрнекілігі: жадынама, нақыл
сөздер
Сабақ
барысы: 1. Ұйымдастыру

Мұғалім: Енді осы тақырыптағы мақал
мәтелдерге кезек берейік.

1 Ал енді сіздер осы
тұрғыда не айтар едіңіздер?

2 Қала баласы мен ауыл
баласының арасында айырмашылық болады
ма?
3 Теледидарды қазір
балалрымыз көз алмай көреді, компьютерге , тағы да басқа
техникаларға аса мән береді. Олардың не көріп жатқанына біз мән
бере бермейміз. Ол баланың психикасына осының бәрі әсер етеді деп

Мұғалім:Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы
үй – базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс
берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы
азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін
тәрбиеге тікелей байланысты.
4. Ата-аналар туралы дана сөздер
оқушылар дайындаған.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты: "Ардақта ана-ананы"

шағым қалдыра аласыз