тәрбие сағаты "Әсемдік әлемі" 8 сыныптарға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тәрбие сағаты "Әсемдік әлемі" 8 сыныптарға

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әсемдік әлемі" тәрбие сағаты үлкен сынпарға арналған оқушыларды әсемдікке, сымбатты болуға т,б, тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ



















Тақырыбы:

«Кітап - біздің досымыз»















Өткізген : Мағзұмова Т.М. 8 «Б» сынып









Өскемен 2021



Тақырыбы: «Кітап - біздің досымыз»
Мақсаты: Кітап туралы мағлұмат беру, кітапты күтіп, таза ұстауға үйрету.
Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Кіріспе
Біз бүгін балалар, осы жерге не үшін жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін үлкен тақтадағы жұмбақты шешейік.
Қабат - қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.( Кітап)
«Кітап - біздің досымыз»
І. кезең «Кітап - ғажап дос»
ІІ. кезең «Кім көп біледі?»


Тәрбиеші: Кітап - ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап - ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап - ақылдың кені. Кітап - бар білімнің бастауы. Кітап - барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты ғалым болған адамдарда дүние жүзінде аз емес.
Кітап: Мен адамның досымын. Менің атым - кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді.
Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспаханаға жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Баспаханаға жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп ауыл - ауылға, қала - қалаға таратады. Міне, мен енді сенің қасында тұрмын. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен сенің сенімді досыңмын!


Артикуляциялық жаттығу.

«Күрекше»

Тіл босаңсытылады, жалпақ күйге енгізіледі де, төменгі ерін үстіне қойылады. Осы қалыпта бірнеше секунд ұстап тұру керек.(3рет)


І. кезең «Кітап - ғажап дос»
Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние - мүлкі
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жайып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой - өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Түлекті тәрбиелер кітап - мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
ІІ. кезең «Кім көп біледі?» Ойынын ойнайық ( мақал - мәтелдер айтылады.)
1. Кітап - асыл қазына
2. Оқу - білім бұлағы,
Білім - ырыс қазығы.
3. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
4. Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
5. Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
6. Оқу түбі тоқу.
7. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
8. Оқу инемен құдық қазғандай.


Тәрбиеші: Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап - адал пейіл, асыл дос. Қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады.
Бөбектерім оқы, ойна,
Оқу - білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.


Сергіту сәті:

Орынымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз бір дем алайық.


Келесі: «Тапқыр болсаң, шешіп көр» Ойынын ойнайық (жұмбақтар жасырылады.)
1. Ұсынған қойнынан
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің. Бұл не? (Кітап)
2. Білімнен мол сый асы,
Балалардың ұясы (мектеп)
3. Білімнің жолбасшысы
Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім)
4.
Айғағы жоқ, айтары көп,
Айтқанынан қайтары жоқ (кітап)

Қорытындылау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2021
867
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі