Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
тәрбие сағаты: Астанама 20 жыл,Сарысуыма 90 жыл
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Астанама 20 жыл Сарысуыма 90 жыл
Қ.Р мемлекеттік ән
ұраны.
Армысыдар
ардақты
ағайын!,Құрметті
қонақтар!,
Қадірлі
отандастарым!
Біз бүгін мемлекетіміздің символы, асқақ
абыройымыздың айғағы болған Астанамыздың мерейлі
тойына және сарысу ауданыынің 90 жылдық мерей
тойына жиналып
отырмыз.
Астананың 20 жылдығы – ел өміріндегі аса ірі
тарихи оқиға, Қазақстан халқының мерейлі
мерекесі.
Біз ғасырлар тоғысқанда тәуелсіз жаңа
мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз –
Астананы салдық. Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен
Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті. Бұл ұғым қарыштап даму
мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты. Біздер,
қазақстандықтар, Астананы асқақтату арқылы дүние жүзінде өзімізді –
келешегі кемел, әлеуеті қуатты мемлекет екенімізді
таныттық.
Той құтты болсын,
ағайын! Кешті бастамас бұрын құтықтау сөз кезегін
ауыл әкімі Нұрлан Оңғарбекұлына және мектеп директоры Асқар
Ақатайұлына береміз.
Шашу биі : Нұай мен
Аяулым
Осыдан 24 жыл бұрын, 1994 жылдық 6 шілдесінде
Парламент қабылдаған шешім шын мәнінде тарихи да тағдырлы шешім
болды. Бұл шешім тәуелсіздіктің алғашқы жемістері ғана емес, жас
мемлекетіміздің тұңғыш жеңістерінің де бірі
еді.
Осы 20 жылдың ішінде әлемге танылған Астана Қазақстанды да әлемге әйгілі етті. Сарыарқа төсінен бой көтерген Астана бүгінде еліміздің мақтанышына, даламыздың көркіне айналып отыр.
Ән: «Астана»
Айғаным
Қазіргі кезде Астана біздің келешегімізге
қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы
ғана емес, ұлттық рухымызды ұйытып отырған рухани ордамызға да
айналып отыр.
Жасампаздың істерде жасқанбай, ата - баба
аманатына адалдығын
танытты.
би : қуырақ барби
Гүлмарал
... Өркениет көшіне еркін қосылған ұлт
ретінде білімділікте, біліктілік те, жүректілік те көрсетті. Сын
сағатта сыр бермеді
халқымыз.
Сол үшін де мен ел - жұртыма ризамын,
алдарыңызда иіліп тағзым
етемін.
Бүгінгі таңда Сарысудың 90 жылдығы аудан бойынша тойланып жатыр, ән айтылып би биленіп, түрлі спорттық жарыстар сурет тер біліім жарысы болып жатыр.
С
А
Р
Ы
С
У
Ы
М
Баяндама
-Әрине, бұл – Астана.
Ендеше, Астана туралы бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік.
Астана қаласының негізі 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында
қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекііністен бастау алады.
Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 жылы
қала мәртебесі берілді. 1863 жылы Ақмола округ, 1868 жылы уезд
орталығына айналды.
Еліміздегі тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола
облысымен бірге қаласы да елеулі өзгерістерге ұшырайды. 1960 жылы
26 желтоқсанда тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қала
атауы Целиноград болып өзгертілді. 1997 жыл 20 қазанда Республика
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан
Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол
қойды.
1998 жылы 6 мамырда Елбасының
жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып
аталды және Елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10
шілде де Қазақстанның жаңа Елордасы – Астананың тұсауы кесілді.
Бүгінде жас қала Астана мәдени дамудың жаңа сәулеттенуінің үлгісіне
айналды. Астана күн санап жаңарып, жасылданып келеді. Ортасын қақ
жарып өтіп жатқан Есіл өзені тіршілігіміздің күре тамыры іспетті,
Астана қаласының озық архитектуралық жаңаруы барлық
қазақстандықтарды жаңару жолына шақыруда үлгі көрсетуде. Біз
Астанамыз арқылы мақтанамыз. Биылғы тәуелсіздігіміздің 20
жылдығымен тұтас келген Астананың 13-ші мерейлі тойы ерекше аталып
өтті. Оның өсіп-өркендеуі сөз жоқ, мемелекетіміздің абыройы. Осы аз
уақыт ішінде Астана сыртқы келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат
жайып, сырттан келгенді де, іштен барғанды да тамсандыратын ғажайып
қалаға айналды.
Астана болған 13 жылда 647 тұрғын үй кешені, 87әкімшілік ғимарат, 30-дан аса денсаулық сақтау нысаны салынды. 37 мектеп пен балабақша, 18 мәдениет ошағы, 24 спорт сарайы пайдалануға берілді. 51 өндірістік кешен тұрғызылып, 20 саябақ ел игілігіне жарауда. 20-дан астам көпір іске қосылған.
Кезекті «Айгөлек » балалар
легеріне береміз
«Бәйтерек»
монументі.
Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, ең шыңында шишадан түзілген
керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метр, салмағы
1000 тоннадан асады. Заманауи қаланың көркем бейнесін ашып отырған
көрініс кешені 97 метрді құрайды. Ол ел ордасы Алматыдан Астанаға
1997 жылы ауысты дегенді білдіреді.
«Хан
шатыры»
Астанадағы «Хан шатыры» - Елбасының идеясы бойынша ағылшын
сәулетшісі Норман Фостердің сызған жобасы. Кешеннің төбесінде үлкен
антенна бар. Бұл антенна - сәукеленің үкі тағатын жері, эстетикалық
жағынан сымбаттылық береді. Бұл-100 метрлік ғимараты «Sembol» деген
түрік фирмасы салған.
«Нұр Астана»
мешіті.
Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған
негізгі күмбезінің биіктігі-43 метр, одан өзге 25 кіші күмбездері
бар, биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің
сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз
оқи алады.
«Тәуелсіздік
Сарайы»
Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта ескі мен
жаңаның үйлесімділігі бойынша жасалған бірнеше зал бар. Мәселен,
3082 адамға арналған Конгресс-залы, 268 орындық Рәсімдеу залы, 220
орындық Баспасөз орталығы мен 678 адамға арналған сахна мен
мейрамхана орналасқан. Екінші қабат қолөнер және этнография,
археология және антропология галереясына арналған. Оның ішіндегі
археология залында Алтын адам, Сармат батыр, Барел аттары, құпия
жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі жәдігерлермен
таныс боласыз. Үшінші қабатта Астана қаласы тарихының мұражайы
орналасқан.
1-оқушы: Ақмола небір тарих
көрген қала,
Арқада Ақмола боп өнген қала.
Тілгенде темір төсін темір түрен,
Жалаулап жаңа қауым енген қала.
2-оқушы: Астана - ару қала,
аппақ қала,
Көрінген көкжиектен асқақ дара,
Кемедей Нұқ пайғамбар үміт артқан,
Жаңарды жаққұттайын ұлттық сана.
3-оқушы: Астана - арман қала,
Бағы бар жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Астана - сұлу қала,
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да.
4-оқушы: Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның
Мақтанышы астанам.
Қарыштап алға бас қадам
Отанымның жүрегі,
Елорда – менің Астанам.
5-оқушы: Астанам - бағы биік асқарымсың,
Астанам - мәңгі жарық аспанымсың.
Астанам - пейіш қала, ел арманы,
Астана қайда жүрсем мақтанышым.
6-оқушы: Астана шапағаттың шуағындай,
Астана махаббатың тұрағындай.
Астанам - періштелер мекенісің,
Астанам Қазақстан тұмарындай.
«Дыбыстар сөйлейді»
стратегиясы бойынша оқушылар 26-дыбыстан тұратын «Арқа төсіндегі
ару қала – Астана» сөйлемді жаза отырып, Астана туралы мәлімет
береді.
А – Астана - жастардың қаласы.
Р - республиканың орта тұсында орналасқан.
Қ - Қысы өте аязды, суық болатын қала.
А - Алғашқы атауы – Ақмола.
Т - Теңіз, Қарасор, Балықты
көл, Қыпшақ көлдері бар.
Ө -
Өнерпаздардың «Шабыт», «Евразия» фестивальдері ашылды.
С - сәулетті жапон сәулетшісі Кисе Куракова жоспарымен жасалды.
І - Іргесі 1830 жылы қаланды.
Н - Нұра өзені ағады.
Д - Даму қарқыны бойынша 1-орында тұр.
Е- Елбасының игі бастамасымен зәулім ғимараттар салынды.
Г- Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті - білікті жас
мамандар болашағы.
І- Ірі өзендері – Есіл, Нұра.
А-
Алғашқы адамдары ашель-мустьер заманында алғаш қоныстанған.
Р- Рамстор ірі сауда орталығы қазір өмір талабына сай жасалған.
У- Уран, алтын, боксит, мыс, көмір, кварц құмдары т.б. пайдалы
қазбалар бар.
Қ-
Қорғалжын қорығы батысында орналасқан.
А- Астана өмірі, тарихы жайлы Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты
кітабы бар.
Л- Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала.
А- Астанада «Отырар» кітапханасы орналасқан.
А-
Алтыншы шілде Елордамыз - Астананың туған күні.
С- Символы-Бәйтерек.
Т- Техникалық алмастың бүкіл қоры Астанада бар.
А- Астанадағы Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті
Ақмырза Рүстемов жобалаған.
Н-«Нұр - Астана» зәулім күмбезді мешіті бар.
А- Астана Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» халықаралық
конкурстарда «Бейбітшілік қаласы» аталды.
Хормен: Астана – жаңаның жаршысы, Тәуелсіздігіміздің
табысы.
Үнді биі: Ақмарал
Ән: «Жаса Қазақстан»
Ән: Музика пән мұғалімі: Жапан ағай «Туған жер»
Би: Бойтанова С. «Үнді»
Ән: Бастауыш пән мұғалімі: Ибәділдаева Ж «Астанам»
Би: «Балөбек » би тобы
Би: «Нұр» биі Сымбат
Қорытынды.
«Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын
тұғыры. Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық
еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны
да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де Мемлекет басшысы болды.
Сондықтан да Елбасы мен ел орда – егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан
бүгінгі Астана - тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен
сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі».
Осымен бүгінгі астананың 20 жылдығы, Сарысу
ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік кешіміз
аяқталды.
Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.