Материалдар / Тәрбие сағаты :"Ата заң- мәңгілік елдің берік тұғыры"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты :"Ата заң- мәңгілік елдің берік тұғыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата заң туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2020
630
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Конституция- біздің болашағымыз!

Мақсаты: 1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары және А.Құнанбаевтың 175 жылдығы туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Жүру барысы: І. Ұйымдастыру

Әнұраны

Көрнекілігі: Слайд,"Менің Отаным- Қазақстан" бейнероликтер.

Кіріспе әңгіме

Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар.
Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп - өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз бар. Қаншама қиындық көрсе де, қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан - кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата - бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата - бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

І – бөлім «Тәуелсіз елдің тұғыры – Ата Заң»

ІІ – бөлім « Ата Заңым – мақтанышым, қорғаным»
Бүгінгі тәрбие сағатымызға өз ой - пікірлерін ортаға салайық.

  • Ата Заңымыздың еліміздің арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың  бұлжымас бағдары екені, ол еліміздің алтын арқауы,  толағай табыстарымыздың бастау қайнары болып саналатыны атап көрсетілді.«Конституция-біздің асқақ абыройымыз» Конституция –кемел келешектің кепілі.  Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды.

  • Конституциясы – Қазақстанның Ата заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.

  • Конституция –біздің асқақ абыройымыз, Қарулы күштер –ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз!Біздің Негізгі заң –бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас.Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда.

  • Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995) Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі. Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.

  • Әрбір қазақстандықтың  Конститутциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды. Конституция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы-осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу.


2.Ұлы ақын,жазушы,қоғам қайраткері,қазақ әдебиеті негізін қалаған ағартышы Абай (Ибраhим) Құнанбайұлына 175 жыл

(1845-1904)

Абайдың сөзі- қазақтың бойтұмары.

...Абай- біздің ұлттық ұранымыз болуы керек.Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз.Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы,Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс...

Елбасы Н.Ә.Назарбаев


Абай Құнанбаев 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тау бөктерінде дүниеге келген.Әкесі-Құнанбай,анасы-Ұлжан.

Қазақ,орыс және бірнеше шығыс елдерінің тілдерін білген.Әлем және орыс әдебиетін тұңғыш рет ана тілімізге аударған.

170 өлеңі,56 аудармасы , 45 қара сөзі бар.

А.Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа оқу.

1- оқушы: Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

2-оқушы: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.

Мұғалім: Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік.
7 - бап 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тiлi.
9 - бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгiленедi.
14 – бап Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

27 - бап 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың етене құқығы әрі мiндетi.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.

29 - бап 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30 - ба 1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi
34 - бап 1. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.
36 – бап 1.Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

ІІ – бөлім « Ата Заңым – мақтанышым, қорғаным»
Мына сөздің байыбына тоқталайық
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз деп атап өтті» Н.Ә.Назарбаев.
« Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне қызмет еткен азамат мұратына жетеді демекші «Тәртіпке бас иген құл болмайды» Б.Момышұлы

«Балам бол, басқа бол – бәрінде заң біреу – ақ» Ж.Баласағұни
3-оқушы: Ата заң бұл бағалы 4- оқушы: Арайлы күнге жол аштың,
Барша халық қолдаған. Аманат болып атадан.
Осы заңнан табады Айбыны сенсің -Алаштың,
Әділетті жолды адам. Арымдай асқақ Ата-заң!

5- оқушы: Әнұраны елімнің, 6- оқушы: Кең жазық Отан мекенім,

Шақырады бірлікке. Сен де өсіп көктедім

Егеменді халқымның, Сені қорғау парызым

Болашағы бірлікте. Мұны біліп өтемін.


Қорытынды :

Міне, балалар! Өз міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп, оны дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, Қазақстан елінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!