Тәрбие сағаты. Атаның сөзі- ақылдың көзі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты. Атаның сөзі- ақылдың көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоспар бойынша өткізілген тәрбие сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Атаның сөзі, ақылдың көзі
Сабақтың мақсаты:
Жас жеткіншектердің бойына халқының қадір қасиетін сіңіріп, кішіге қамқор болуға, ата - бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу, ұнамды - ұнамсыз, әдепті - әдепсіз қылықтарды ажырата білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер, шарлар, Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би, Абай Құнанбаевтың, Н. Ә. Назарбаев суреті, слайдтар«Ана жүрегі» бейнеклипі,« Қарттар үйі» бейнеклипінен үзінді, көрініске қажетті құралдарды пайдалану.

Сабақтың барысы:
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар, ертеңгілігіміздің қадірменді қонақтары. Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада жүрген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі тәрбие. Ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берелік өсиет сөздер өте көп.
Ақылды қария – ағып жатқан дария дей отыра, бүгін сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылып отырған «Атаның сөзі, ақылдың көзі» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер Олай болса осында отырған аталарымыз бен әжелеріміздің мейрамы құтты болсын! Ертеңгілігімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры .....................ағайға береміз.


Ән: Асыл әжем- Диана мен Биязының орындауында


жүргізуші:

Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.


Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер?



Оқушылар жауабы тыңдалады.



1-оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.



2-оқушы: Үлкенге қарсы шықпа



3-оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.



4-оқушы: Атаға бөлінгендер адыра қалады.



Көпті қорлаған көмусіз қалады.



5-оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.



6-оқушы: Ауылыңда қария болса,



Жазып қойған хатпен тең.



7-оқушы: Кәрі келсе асқа,



Жас келсе іске.



8-оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.



9-оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария.



10-оқушы: Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.


Би: Қазақ биі


Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.

Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.

Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.



Ән: Аке туралы жыр


Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие. В. А Сухамлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл »,- деп айтқан.



Ән: КӨРКЕМАЙДЫҢ орындауында "Қос бәйтерегім"

Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде тау мүсін
Құрыштан құйған құдірет -
Қарттарым аман - саумысың.



Қарттар үйі туралы бейне клипті тамашалайық.


Жүргізуші:

«Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде


Ән: Көркемайдың орындауында "Қос бәйтерегім"


Жүргізуші:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға


Келе жатқан 5 қазан ұстаздар мерекесімен Никельтау орта мектебінің ұстаздар қауымы сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыларыңызда амандық, дендеріңізге саулық жұмыстарыңызға жеміс тілейміз.


Илияс:

Жақсы көрем апайды,
Күліп сабақ үйреткен.
Жақсы көрем апайды,
Ән салдырып, билеткен.
Жақсы көрем апайды,
Ашуы жоқ, айқайы.
Ашуланған апайға,
Ұл-қыз басын шайқайды.
Жақсы көрем апайды,
Бәрімізді тең көрген.
Қызықтырып сабаққа,
Білім нәрін тең бөлген.
Жақсы көрем апайды,
Әділ қойған бағаны.
Жақсы көрем апайды,
Үлгі ісімен бағалы.


Ән: Ұстазым менің

Жүргізуші:


Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!




























Атаның сөзі - ақылдың көзі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
3207
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі