Тәрбие сағаты "Аяулы анашым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Аяулы анашым"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты аналарымыздың мерекесі күніне арналған іс-шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:     Аяулы анашым.

 

Сабақтың мақсаты:      Оқушыларға ана пейілі мен махабатын сезіндіру, ананы ардақтай білуге тәрбиелеу.

Оқушылардың бойына ананы сыйлау, құрметтеу,өнеге тұту сияқты қасиеттерді сіңіру, үлкенге ізетті болуды қалыптастыру.

 

Көрнекілігі:  Ана туралы нақыл сөздер, суреттер т.б

Тәрбие сағатының барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылыарды сахна төріне тұрғызу.

2.Кіріспе.

Мұғалім сөзі

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі.

Армысыздар, қасиетті аналар

 

Құрметті   Ұстаздар, ата-аналар  ,қыздар сіздерді  алда келе жатқан 8-наурыз  халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік дендеріңізге саулық тілей отырып мектепалды даярлық тобы балаларының дайындаған «Аяулы анашым»атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

 Мұғалім сөзі:  Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?

Бала, бала ,бала деп

Түнде шошып оянған .

Түнұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған,

Бұл кім?

Балалар : Ана, Ана, Ана.

Мұғалім сөзі: Әрине ,бұл біздің аналарымыз. .Ана сөзін ауызына алмайтын адам баласы жоққа тән.Аналар қоғам өмірінеде алатын орны бөлек.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек берейік.

  Оқушы:                  Әлпештеген аялаған

                                  Ақ сүт берген апатайым

                                   Сәлем жазып бүгін саған

                                   Мейрамыңмекн құттықтаймын.

Оқушы:                   Айналайын анашым,

                                 Ақылы асқан, данасың.

                                 Балаң үшін не керек,

                                 Бәрін іздеп табасың.

Оқушы:                       Ақ анашым әппағым,

                                 Өзің жайлы таппағым.

                                 Өзің жайлы әнім де,

                                 Арнадым саған бәрінде.

Оқушы:            Ана дейміз бәрімізді аңқылдап,

                                 Ана дейміз жас сәби де жарқылдап,

                                  Ана деген бәйтерегі өмірдің,

                                  Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

Оқушы:                        Менің әжем әлі де,

                                  Ұқсамайды кәріге,

                                  Шәй қайнатып береді,

                                  Біздің үйдің бәріне.

 

Ән : «Қошақаным» әні орындалады

Мұғалім сөзі: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың күн нұры тастай мұзды да жібітеді.Сүйікті аналар, сіздерге  деген балаларыңыздың жылы лебізін қабыл алыңыздар!

ОЙЫН: «көзіңді жұм да таны»

Мұғалім сөзі:Ортаға ұш ананы шақырамыз.Көздерін шарфымен байлап, топ баланың ішінен өз баласын тауып алуды ұсынамыз.

 

Би:   «Қара жорға

                                                Аналарға мың алғыс

                                                Бізге өмір сыйлаған

                                                 Аналарды сыйлайық

                                                 Біздер үшін жан қиған.

 

Ендігі кезекте бейнетаспаны тамашалайық.

Оқушылардың аналарына деген ыстық лебізін, тілегін, фото суреттерімен дыбыс жазу бағдарламасы арқылы жазылған бейнені фильмді  тамашалайды.

Енді балалар аналарымызға арнап жапсыру сабағында жасаған  тілек жазылған сыйлықтарымызды тарту етеміз.

 

Ән: «Құттықтаймын мама туған куніңмен»

Үнді биі

 

Хормен:                             Ана-мақтан ,ана -жыр,

                                            Ана- бақыт, жанашыр.

 

Мұғалім сөзі:                      Балалар  анамызды құрметтейік

                                             Көңілін ешқашанда кірлетпейік

                                              Сабақты жақсы оқып, тәртіпті боп.

                                              Орынсыз ренжітіп, үндетпейік.

 

       Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды.Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді.Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс.Анасы бар адам бақытты. Ана деген кешірімді жан.Сенің барлық қылығыңды кешіреді ,аяйды.

      Құрметті аналар, қыздар! Сіздерді тағы да көктемнің мерекесімен құттықтаймыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2019
1263
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі