Тәрбие сағаты Аяулы анашым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Аяулы анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты бастауыш сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге арналған.8-наурыз аналар мерекесінде тәрбие сағаты ретінде қоюға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бозайғыр орта мектебі







Тақырыбы:

Аяулы анашым







Өткізген:Амангелді Айман



























Аяулы анашым

Мақсаты: ананың құдыретті де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру; мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.

Барысы:

Кіріспе.

Бала,бала, бала деп,

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған

Қолын қатты тигізбей,

Кір көйлек кигізбей,

Иісін жұрап анқытқан

Бұл кім?

Бәрі: – Ана.

Ана, Ана, Ана… Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді. Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?!

1) Бүгін – наурыздың сегізі.

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз-

Адамның

Анаға айтар лебізі.

2) Анасыз бір жоқ күнің,

Әжесіз бір жоқ күнің.

Ұсынамыз бүгін біз

Сөздің сұлу шоқ гүлін.

3) Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

4) Балапаным дейді әжем,

Балақаным дейді әже

Ұзақ күнге бүкшендеп,

Біздің қамды жейді әжем

5) Жақсы оқыған сабағын,

Балаға мен ағамын.

Біздер үшін Ананың

Бұлт баспасын қабағын

6) Сізден өскен балалар,

Батырлар мен даналар,

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар

Ән «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен»

7) Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым!

8) Айналайын, анашым,

Аялайсын, бағасың.

Менің үшін не керек –

Бәрін іздеп табасың.

9) Айналайын, анашым,

Жұмысына барасың.

Қайтып мені көргенше

Шын сағынып қаласың.

10) Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

11)Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.

Ән «Дастархан» орындайтын Төкен Назерке

11) Көктемде көңілді

Құстар кеп жатқанда.

Құлпыртып өңірді,

Гүл ектік бақтарға.

13)Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді

Анамызға мың алғыс!

14) Адал бол, – деп балдырған,

Әділдікке баулыған

Қуанышты күнде енді

Құттықтаймыз сіздерді!

15)Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын,

Анашымды сыйлаймын

16) Жан ана жарық күн жанарын

Бір сенде кендігі даланың.

Балаңды құшақтап сүйгенде,

Сеземін көктемнің самалын

Сахналық көрініс. «Әжесі мен Асия»

17) Әлемге тыныштық тілеген,

Жан ана жанына гүл егем.

Балалық жүректен айтылған,

Махаббат белгісі бұл өлең.

20) Сен жалықпай жетектеп,

Мен жаттыға жетермін.

Айтқаныңды екі етпей

Ақ сүтінді өтермін.

21) Асыл жан деп әлемде,

Ардақтаймыз ананы!

Ақын қосып өлеңге,

Суретін оның салады.

22) Әлпештеген, аялаған

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Ән»Анашым»

23) Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз

( Қыздарға сыйлықтар ұсынады)

Ұлдардың орындауында «Еркем-ай» әні

1) Ал, бастайық, бастайық

Қолға домбыра алайық

Аналарды құтықтап,

Мерекені бастайық.

2) Біздің қыздар әдемі,

Өздері сондай сүйкімді.

Біз оларды сыйлаймыз,

Шаштарынан жұлмаймыз.

3) Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлайық.

4) Ана – біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүрініз.

5) Мен қыздарды сыйлаймын,

Мен оларға тиспеймін

Тек қана анда-санда

Сабақты көшіремін.

24)Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден

Анаға сыйлаймыз.

25) Құрметіне кешенің

Тақпақ айтып береміз.

Шаттық толы әр күнін,

Мақтап айтып береміз

26)Сегізінші наурызда,

Құттықтаймыз ананы.

Теңеп оны жұлдызға-

Сый тартамыз бағалы!

(Аналарға сыйлықтар ұсынады)

Би «Қазақ вальсы»

- Болар күнде алаң,

- Жанашыр кім саған?

- Анам.

- Болсаң егер жаман,

- Кейитін кім саған?

- Анам.

- Таң қалғандай ғалам,

- Кім ең сұлу адам?

- Анам.

- Боташым дер саған,

- Кім сүйікті адам?

- Анам.

Ән«Айналдым ана деген»

Бірге: Бәрі жақсы ананың,

Бәрі де оның керек-ау…

Бірақ әрбір баланың

Өз анасы бөлек – ау!

Ән «Әрқашан күн сөнбесін!»

- Ана – отбасының тірегі. Барлық ана бейбітшілікті қалайды. Балаларының бақытты болуын қалайды. Біз аналарды сыйлаймыз, құрметтейміз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2019
547
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі