Тәрбие сағаты "Бабамыздан бізге не қалды?"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Бабамыздан бізге не қалды?"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бактыгереева Нурсауле Жанбулатовна

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданы

Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері

Тақырыбы: «Бабамыздан бізге не қалды?»

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: 1)ақпараттық. Халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушыларды ұлттық салт – дәстүр, әдет – ғұрып, ырым, тыйым сөздерді үйренуге және сыйлап құрметтеуге шақыру;

2)коммуникативтік. Ата дәстүр үрдісін ұстанғысы келетін кез – келген оқушының күнделікті танымдық қоржынын қомақтандыру, ой - өрісін ұштау;

3)проблеманы шешу.Ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеу.

Түрі: Жарыс сабақ

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, арнайы карточкалар, шарлар, плакаттар.

Жоспары: І – тур. Таныстыру

ІІ – тур. Сөз тапқанға қолқа жоқ

ІІІ – тур. Ойлан, тап

ІҮ – тур. «Сен білесің бе?»

Ү – тур. Ым – ишара

ҮІ – тур. Қолқа салу

Жүру барысы:

1 – жүргізуші: Салеметсіздер ме, аса қадірменді оқушылар мен ұстаздар!

2 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер! Бүгінгі өткелі отырған «Тапқыр достар!» атты іс – шараға қош келдіңіздер!

1 – жүргізуші: Бүгінгі «Тапқыр достар!» сайысының тақырыбы «Бабадан бізге не қалды?».

2 – жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайысымызды бағалайтын әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік:

Таныстыру

1 – жүргізуші: Олай болса, сайысымызға көшейік. Сайысымызды бастамас бұрын әр топтан бір оқушыдан келіп, алдағы конверттерді таңдасын. Бұл конверттердің ішінде топтардың аттары жазылған.

1 – жүргізуші: Асар бұл салт бойынша, көпшілік күш біріктіріп, бір – бірінің жұмысына қолқабыс көрсетеді.

2 – жүргізуші: Ерулік – қазақ санасында көше алмай жұрттан қалудан үлкен қорлық жоқ, қазақ қауымы көшкен күні – еруде кимейтін жақсы киімдерін киеді, көштегі жүк артқан түйеге кілем – кілемше,сырмақтарын оң бетін сыртына қаратып жауып салтанат етеді.

1 – жүргізуші: І – тур. Таныстыру

1. Топ капитанын сайлау

2. Топ мүшелерін таныстыру

3. Топ ұранын айту

Берілетін ұпай саны: 50 балл

Уақыты: әр топқа 2 минуттан беріледі


2 – жүргізуші: ІІ – тур. Сөз тапқанға қолқа жоқ

Шарты: Әр топ 4 әріптен таңдайды. Қазақ ырымдары бойынша сұрақтар қойылады. Қатысушылар 3 минут ішінде таңдалған әріптер бойынша жауап береді.

Ұпай саны: әр шамаға келетін жауапқа 10 балл

Уақыты: әр топқа 3 минуттан беріледі

І – тапсырма:

  1. Үйдің өз сәбиі үйге «ассалаумағалейкум» деп кірсе,

ол үйге көп кешікпей қонақ келеді.

  1. Нанның қиқымын жесе,

бай боласың дейді.

  1. Баланың желкесінен сүйсе,

кесір болып өседі.

  1. Жолаушыға «қайда барасың» демейді,

«жол болсын» дейді.

  1. Балықтың құйрығын ұстаса,

ауға балық түспейді.

  1. Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса,

ол үйде той болады.

  1. Ойынға ашуланған адамның,

басы таз болады.

  1. Аспаннан ағып түскен жұлдызды көргенде,

жұлдызым жоғары дейді.

  1. Сәбиге көз тимес үшін,

күйе жағып қояды.

  1. Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт,

жұмаққа барады.

  1. Бала алғаш жолға шыққанда,

той жасайды.

  1. Сәби көзін ашып ұйықтаса,

жары сұлу болады.

  1. Таңдай жесе,

шешен болады.

  1. Тамақ үстіне келген адамға үй иесі,

«мақтап жүреді екенсің» деп риза болады.

  1. Қыдырып келген баланы,

құр қол шығармайды.

  1. Қолды жуғаннан кейін,

оның суын сілкілемейді.

  1. Шашалған адамға,

«мал қап» дейді.

  1. Еркек әйелдің киімін кимейді,

жаулығын салмайды.

  1. Жас адамдар «басым ауырады» десе,

«басыңа бас қосылады» дейді.

  1. Тіл ұшын жесе,

сүйрелеңдеп сөйлей береді.

ІІ – тапсырма:

  1. Мал төлдеп жатқанда,

балалар асық ойнамайды.

  1. Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса,

елге белгілі азамат болып өседі.

  1. Жас балаға бұғана ұстатпайды,

бойы өспей қалады.

  1. Мал төлдеп жатқанда,

мал бермейді, сатпайды және айырбастамайды.

  1. Әңгіме кезінде түшкірсе,

шын айтқаны.

  1. Үйге кешке не түнде келген адам,

«кеш жарық» деп кіреді.

  1. Көзге теріскен шықса,

саусақ арасынан қол шығарады.

  1. Кешке ақшаны қолға бермейді,

ақша болмайды.

  1. Дастарханды қолмен сүртуге болмайды,

дастарханның ырысы кетеді.


  1. Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса,

қонақ келеді дейді.

  1. Егер сәби аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса,

болашақ батыр, кемеңгерліктің белгісі.

  1. Жұма күні кір жума –

әруақтар ренжиді.


  1. Бала ортан жіліктің майын жесе,

ата-анаға мейірімсіз болады.

  1. Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса,

«көзің тиеді» деп түкіртеді.

  1. Несібесі көп, дастарханы мол болсын деп жаңа үйдің босағасын,

маймен майлайды.

  1. Жиенді ұрса,

қолы қалтырайды деген ырым бар.

  1. Алыс жолға шыққан адамдар,

үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.

  1. Біреудің үйі өртенсе,

оның арты жақсылық болады деп ырымдайды.

  1. Бас киімді теріс қаратып кию,

жаман істің белгісі.

20.Өреден жас құрт алып жесе,

жаңбыр жауады.


1 – жүргізуші: ІІІ – тур. Ойлан, тап.

Шарты: 1) Экранда сөз берілген, алдымен сол сөздің мағынасын ашу.

2) Берілген сөзден бірнеше сөздер құрау.

Ұпай саны: Дұрыс жауапқа – 10 баллдан беріледі

Уақыты: әр топқа 2 минуттан

«Ауызбастырық» - Біреуді сөзбен жығып, ұтып оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда немесе өткір әзіл тастағанда ұтылған адам өзінше әлгі сөзді басқа адамға таратпау үшін береді.

2 – жүргізуші: ІҮ – тур. Сен білесің бе?

Шарты: экрандағы 1-ден 9-ға дейінгі ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап беру.

20

20

20

30

30

30

40

40

40

Уақыты: Ойлануға 1 минут

20(сол) – Шашу дегеніміз не?

Қуаныш, айғақ ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр

20(оң) – Сыйлық

20(орта) – Егіз құда сөзін қалай түсінесіз?

Қазақ халқы егіз ұлдарына келесі бір ру, сүйек, тайпаның егіз қызына құдалық сөйлесетін салт бар.

30(сол) – Сыйлық

30(орта) – Жеті атаның әкеден жоғары қарай таратылуы

Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата

30(оң) – «Күйеуаяқ» сөзін қалай түсінесіз?

Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін өз үйіне апарып салады, ата – енесі күйеу баласына ірі мал атайды.

40(сол) – «Қынаменде» сөзінің мағынасын табыңыз?

Ұлттық ғұрпымызда салтанатты көңілді кештердің бірі

40(орта) – жеті ғаламды атаңыз

Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан, жер, жер асты

40(оң) – Базардан келіп құйысқан,

Тарамай шашым ұйысқан.

Келіп, кетіп жүріңдер,

Сағындырмай туысқан – деген өлең жолдары қай салтқа тән?

Сыңсу


1 – жүргізуші: Ү – тур. Ым – ишара

Шарты: Алдарыңа берілген конвертте 12 тыйым сөздерді сөйлемей, қимыл – қозғалыспен, ым – ишарамен көрермендерге көрсетіңіздер. Оны көрермендер қандай тыйым сөздер екендігін табу керек.

Уақыты: әр топқа 2 минуттан беріледі

Ұпайы: Дұрыс жауапқа 10 балл

І – топ:

  1. Суға түкірме

  2. Тамақты баспа

  3. Үй айнала жүгірме

  4. Шашыңды жұлма

  5. Бетіңді баспа

  6. Тізеңді құшақтама

  7. Адамды санама

  8. Үйде ысқырма

  9. Кісіге саусағыңды шошайтпа

  10. Орынсыз күлме

  11. Қолыңды төбеңе қойма

  12. Табаныңды тартпа

ІІ – топ:

  1. Бас бармағыңды тістеме

  2. Кіндігіңді көрсетпе

  3. Үйге жүгіріп кірме

  4. Адамды айналма

  5. Тырнағыңды тістеме

  6. Бүйіріңді таянба

  7. Айды қолыңмен көрсетпе

  8. Маңдайыңды, басыңды ұрма

  9. Құлағыңды қасыма

  10. Көзіңді жыпылықтатпа

  11. Сыпырғышты тік қойма

  12. Үлкеннен бұрын сөйлеме


2 – жүргізуші: ҮІ – тур. Қолқа салу

Шарты: Жеңген топ, жеңілген топқа қолқа салады.


Қорытынды:

1. Жеңімпаз топты анықтау

2. Оларды марапаттау

3. Сыйлықтар үлестіру

Осымен, бүгінгі «Тапқыр достар» сайысымыз өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңызға рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
643
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі