Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: Байқоңыр- әлемдік космонавтика бесігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық білім беру мекемелерінің ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ермекбаева Жанар Омирбековна

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Өнер мектебінің хореография сыныбының мұғалімі

12 - сәуір Ғарышкерлер күні



Сабақтың тақырыбы: Байқоңыр-әлемдік космонавтика бесігі
Сабақтың мақсаты:
1) XX ғасырдың 2 - шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру.
2) Жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, к
ұрметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу.
3) Fылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн
,ұрпақтар сабақтастығын дамыту .

Сабақтың көрнекілігі: Ғарышкерлер суреттері, Байқоңыр – ғарыш айлағы суреті, планеталар моделі, видеофильмдер «Қазақ ғарышкелері туралы қызықты деректер» https://youtu.be/CLZzJRPTgNE, «Арнайы хабар». Ғарыш ғаламаты. https://youtu.be/yV9NnveiyFA, «Зымыран қалай ұшады?», «Күн жүйесі» анимация

1.Жүргізуші: Армысыздар ата - аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағының Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю. А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. 12 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді. Биыл міне сол жұлдызды сәтке 60 жыл! Байқоңыр – ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді.

Қарақат:Алыс көктен,Айға жеткен,

Марстан да алыс жайға,Ғарышқа да келеміз.

Жарқылдатқан,Жалын атқан.Жалындатқан ұл-қыздар!

Жас болаттар,Қос қанаттар,Космонавтар жұлдыздар.

Ғарышкерлер мекені-Қазақ жері Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді-Ғажап жерім-Байқоңыр!

2.Жүргізуші: Казiргi кезде Байкоңыр халықаралық ғарыш аймағына айналды. Бұл алаңнан АҚШ, Франция, Үндiстан, т. б. мемлекеттердiң ғарышкерлер мен ғарыш кемелер ұшырылды.
Ғарышкерлер ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Солардың ішінде біз мақтанышпен айта алатын қазақстандық батырлар да бар. Олар қасиетті қазақ жері «Байқоңырдан» ғарышқа аттанған Тоқтар Әубакиров,Талғат Мусабаев, Айдын Айымбетов!. Биыл ғарышкер Тоқтар ағамыздың ұшқанына 30 жыл толып отыр.Мерекелік « Байқоңыр-әлемдік космонавтика бесігі» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

1Жүргізуші: Сабақтың мақсаты:
1) XX ғасырдың 2 - шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру.
2) Жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, кұрметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу.
3) Fылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн,ұрпақтар сабақтастығын дамыту .

/ән: «Байқоңыр»/

2.Жүргізуші/ «Ұрпақтар сабақтастығы:Жамбыл атаның батасы»/ рольдік қойылым. Авторы Мами орталау мектебінің директоры Марат Курманкулович

Жамбыл ата: /Елнұр/Балаларым, батырларым мақтанам

Сендер үшін жырымды мен ақтардым.

Жүз жасаған жүректегі жырларым,

Арналады Тоқтар, Талғат,Айдыным.

Ғарышпенен байланыстым сендермен

Бүкіл елім дамыды ерлерменен.

Бүкіл әлем таныды өздеріңді,

Тереземіз тең болды елдерменен.

Жүз жетпіс беске келіп отырмын,

Ризамын өздеріңе, арнап өлең шақырдым.

Әңгімеңді айта отыр балаларым,

Тұңғыш ғарышкер, Тоқтар шырақ батырым.


Тоқтар Әубакиров:/Ерасыл/ Алдымен амандасып алайын

Ақсақалым аппақ болған самайың.

Ғарыш жаққа барым келдім ататай,

Арқаладым елдің жүгін,арманын.

Халықтың ұлы ақынысыз атамыз,

Сізбен бізде мақтанып шын жатамыз.

Мен өзіңе сиынамын ататай,

Қабыл болсын әрқашанда батаңыз.

Ал батырлар қол жайыңдар қанекей,

Жұрт қуанып отыр бізге әнекей.

Ата Сізден бата аламыз дегендей,

Келді Талғат,Айдын балаларың мінекей!

Талғат Мусабаев:/Дидар/Ассалаумағалейкум Жамбыл ата

Қабыл болсын бізге берген ақ батаң.

Өзіңе сыйынуға келгенде,

Тебіреніп кетті жүрек, терлеп жотам.

Көкке өрлеп мәртебеміз биіктеді,

Батырымыз деп бізге елде сенеді.

Елді жырмен танытсаңыз әлемге,

Біз таныттық ғарышқа ұшып бәріміз

Айдын Айымбетов:/Илияс/Ата міне амандасып басымды иіп,

Мауқымды басам менде сүйіп тұрып.

Жырыңызды жаттаймыз, батаңызды,

Сөзіңізді тыңдаймыз ұып тұрып

Жамбыл ата: /Елнұр/Тәуелсіз елге жырларым

Арнап міне жырладым.

Тәуелсіз ел жасай бер!

Ғарышкер мына ұлдармен! /Әумин бәрі қол жаяды, бет сипайды//би билеу/

Жүргізуші: Ғарышқа бір шолу жасасақ
1Жүргізуші:
Лайка - ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3 - қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы Спутник - 2 ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен 5 - 7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стрестің салдарыннан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан - ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт сүру керек болатын.
Кеңес одағының ғалымдары Лайкамен бірге екі итті жаттықтырған болатын. Олар: Белка және Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканы ұшырылуынан біраз жылдар алдын ала комиссия құрылып нақты шараларды анықтап отарды.
Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.

2Жүргізуші: Адамдар ғарышқа ұшуды армандайтын. Бiрақ ол қолдан келместей көрiнетiн. Ғарышқа 1961 жылы 12 сәуiр күнi тұңғыш рет Юрий Гагарин ұшты. Қазақтан ғарышқа бiрiншi болып ұшқан - Тоқтар Әубакiров. Бiз қазақ ғарышкерi Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовты да мақтан етемiз.
1991 жылы Тоқтар Әубакiров Қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7тәулiк 22сағат, 12минут, 40секунд ғарыш кеңiстiгiнде болған Тоқтар Әубакiров тұнғыш қазақ ғарышкерi атанды

Назгул:
Тұңғыш ғарышкер
Жазира бар ма мына далама тең!
Ғарышқа сол даламды ала кетем.
Аспанның сәуiрдегi сан жолында
Ақ жолы Гагариннiн ала бөтен.
Осы жол қайқаң етiп
Аспанға бiр
Атылған асқақ шыңдай
Асқанда қыр,
Сақина жасап ұшып
Мұзбалақтар,
Қонады төңiректi басқанда iңiр.
Арай: Ел де - ана,
Тарих та - ана,
Өлең де - ана,
Анамыз - мынау байтақ ғалам - дала.
Есiмi Бостандықтың,
Табиғаттың –
Бәрi ана,
Анаң барда алаңдама!
Салбырап парашютте ноқат – денем,
Ақырын
Жер – Анаға тақап келем.
Тамаша!
Шырқап келем,
Жырғап келем!
Немене опат деген!
Апат деген!

Дина:
Қайран, Жер!
Қадiрлi ана!
Аяулы ана!
Калықтап келiп қалды - ау таяу балаң.
Өскен жер,
Басқан жерiм,
Туған өлке
Қондым кеп көгалына баяу ғана.
Бас иiп, ғарышың мен көгiң демде,
Оралдым,
Жүзiм жарқын,-
Көңiлден де! -
Оралдым жеңiспенен,
Жатты Жерiм
Мәз болып перзентiнен жеңiлгенге.
Фируза:
Салқында,
Сабаңа түс,
Қызған каным!
Көк иiскеп жата кеттiм,
Қызғанбағын!
Тұра тұр,
Қаусырмасын парашюттың
Ағытып жiберейiн,
Қызғалдағы
м
Видеофильм

1Жүргізуші: Ғаламшарлармен танысайық. Зумда
Дина: Жұлдыз - газдан тұратын аспан денесi. Ол өз куаты нәтижесiнде өзі жарық шығарады. Бiрнеше мың градус температураға дейiн қызып тұрған аспанның жарық денесi. Жерге ең жақын жұлдыз – Күн.
Алтынай: Күн - Балқыған ыстық газды жарқырап тұрған өте үлкен шар. Күн мен жердiң ара қашықтығы 150 млн. шақырым. Күннiң бетiндегi температура – 6000 мың градусқа тең. Күннiң жылуы мен жарығы адам, өсiмдiктер, жануарлар үшiн өте қажет. Күннiң төңiрегiнде Жердi қоса есептегенде 9 iрi аспан денелері айналып жүредi. Олар ғаламшар (планета) деп аталады.
Әлия: Ғаламшарлар - адасушы жұлдыз деген сөз. Ғаламшар – өздiгiнен жарық шығармайтын салқын денелер. Ғаламшарлардың жұлдыздан айырмашылығы өздiгiнен жарық шығару мүмкiншiлiгi жоқ, күн сәулесiнiң шағылысуынан жарқырап тұрады.

Мерей: Меркурий /қазақша аты Болпан немесе Кіші Шолпан/Күнге ең жақын планета- Сондықтан оны бақылау қиын.Меркурий өлшемдері жағынан өте кіші.Өте баяу айналады. Бір тәулігі Жердің 176 тәулігіне тең.Бетінде температура күндіз +300С болса түнде -200С. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады.Атмосфера жоқ.Аспаны қараңғы.Жұлдыздар Болпаннан жарық көрінеді
Назгул: Шолпан – Күннен 108 млн. шақырым қашықтықта орналасқан 2 - шi ғаламшар. Аудан жағынан Жерден сәл кiшi. Күндi 225 тәулiкте айналып өтедi. Шолпандағы температура +464 градус. Мұнда бiрде бiр мақұлық өмiр сүре алмайды.
Қарақат: Марс – 4 - шi ғаламшар. Оның диаметрі Жерден 2есе кiшi. Күндi 687 тәулiкте айналып өтедi. Марстың 2 серiгi бар – Фобос және Деймос. Серiктер Марсты айнала қозғалумен қатар Kүндi де Марспен бiрге айналып өтедi.
Фируза: Юпитер - Күн жүйесiндегi 5 - шi ең үлкен ғаламшар. Диаметрі жағынан Жерден 11, 5 есе үлкен. Күндi 11, 9 жылда айналып өтедi. Юпитердiң 16 серігi бар. Соның iшiнде Ганимед Күн жүйесiндегi ең үлкен серiк.
Арай: Сатурн – 6 - шы ғаламшар. Ғаламшардың ерекшелiгi сансыз көп тастардың кесектерiнен, мұздан және шаң - тозаңнан тұратын жалпақ жарқыраған сақина тәрiздi болып келуi. Диаметрі Жерден 9, 5 есе үлкен. Күндi 29, 5 жылда айналып өтедi. Айналасында 17 серiгi бар.
Дина: Уран – 7 - шi ғаламшар 18 ғасырда ашылған. 1781 жылы нeмiс астрономы Вильгелм Гершель ашты. Оның күннен алыстығы соншалық, күннен бөлiнiп шыққан жылуды Жерге қарағанда 400 есе кем алады. 15 серiгi бар. Күндi 84 жылда айналып өтедi.
Әлия: Нептун – 8 - шi ғаламшар. 1846 жылы ғылымға белгiлi болды. Оны француз Урбен Леверье жаңа ағылшын Джон Адамс ашты. Құрылымы жағынан уранға ұқсас.
Назгул: Плутон – Күн жүйесiндегi ең кiшкентай және ең алыста орналасқан ғаламшар. Күннен 6млрд. шақырым қашықтықта орналасқан. Күндi 247, 7 жылда айналып өтедi. Ғаламшардың жалғыз серiгi Харон 1930 жылы американдық астроном Клайд Томбо ашты.Кәзіргі кезде ергежейлі планета деп тауып 9шы ғаламшардан алынып тасталды.
Комета – Құйрықты жұлдыз. Тастардан, шаң - тозаңдардан араласқан алып мұздардан тұрады.
Қарақат: Жер - Күннiң санағындағы 3 - шi ғаламшар. Күннiң айналасындағы өзiнiң жолын жер секундына 30 км жылдамдықпен өтедi. Жер бетiнiң жалпы ауданы 510 млн. км. кв. оның 70%- ы су, қалған 29%- iн құрлық алып жатыр. Бiздiң өмiр сүретiн ортамыз - Жер плaнeтасы. Ғарыш әлемiн көру үшiн зымыранмен ұшу кажет. Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер ғарыш әлемiндeгi өзгерістердi суретке түсiрiп зерттейдi. Оны жерге хабарлап отырады. Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киiмдер киедi. Скафандр деп аталатын киiм - ғарышқа ұшуға лайықталған киiм.

Аяулым: Ай – жердiң табиғи серiгi, оған ең жақын аспан денесi. Ай – бiздiң ғаламшарымыздың жалғыз серiгi. Айдың диаметрi жердiкiнен 4 есе кiшi. Сағатына 28000км жылдамдықпен ұшатын ғарыш кемесiнен Айға 13сағат 43минутта жетуге болады. Күн және оны айналып жүретiн ғаламшарлар мен олардың серiктерi күн жүйесiн құрайды. Сансыз жұлдыздардың жарқырап көрiнетiнiн және көрiнбейтiнiн жинақтап адамдар ғарыштық кеңiстiк деп атайды. Ғарыш кеңiстiгiнде шек жоқ. Ғарыштағы қашықтық өлшемi үшiн көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бiрлiк ретiнде алынады. Жарық секундына 300 мың км. жылдамдықпен таралады. Ол жерге Айдан 1, 3 секундта, Күннен 8 минуттан астам уақытта жетедi.
Қорытынды: 1Жүргізуші:Тұңғыш қазақ ғарышкерлерi.
Алыста туып өскен бала жатты
Зымырап көктi тiлiп бара жаттым.
Менiреу, мылқау әлем ортасына
Арманын алып келдiм адамзаттың,
Мен, адал азаматпын!

2Жүргізуші:
Ей, жарандар, қарандар
Космостан бар досқа!
Әлемге сәлемдi жолдаймын,
Тыныштықты, тыныштықты қорғаймын.
Жер - Ана, неткен көркем ыстық едiң,
Есiме Ұлы Отаным түстi менiң.

1 Жүргізуші:
Жасампаз жұртым жебеп тұрған кезде
Қашанда батыл да - мен, күштi де - мен.
Есiме түстiң, елiм
Көңiлi бар халықтың көкте бүгiн,
Алыстан айбынды үнi жеттi елiмнiң,
Жар салар ‘тату бол’деп бар әлемге
Отанның бейбiтшiлiк кептерiмiн.

/от шашу мен кептер/

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!





3


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2021
932
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12