Материалдар / Тәрбие сағаты «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 12-САБАҚ 10–сыныптар: «Өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білу құқықбұзушылықтардан аулақ болуға қалай көмектеседі?»

Тәрбие сағаты «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 12-САБАҚ 10–сыныптар: «Өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білу құқықбұзушылықтардан аулақ болуға қалай көмектеседі?»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 12-САБАҚ 10–сыныптар: «Өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білу құқықбұзушылықтардан аулақ болуға қалай көмектеседі?»
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:



Сабақтың тақырыбы:

1.Тақырыпқа байланысты тележобалар мен деректі фильмдерді талқылау.

«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

12-САБАҚ

10–сыныптар: «Өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білу құқықбұзушылықтардан аулақ болуға қалай көмектеседі?»


Сабақтың мақсаты:

Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Қауіпсіздік мақсаты :

Сабақтың мақсаты: оқушылардың өз құқықтары мен міндеттері туралы

түсініктерін тереңдету.

Қауіпсіздік міндеті

Негізгі міндеттері:

1. Оқушыларды өз құқықтары мен міндеттері туралы заңнамамен таныстыру.

2. Әр оқушының құқығы мен міндеттері бұзылған жағдайда жедел қызметтер

мен қолдау орталықтарына жүгіну қажеттігін түсіндіру.

3. Өз құқықтарын мен міндеттерін білу және оларды қорғауды оқушыларға

үйрету.

Дәйексөз

Әділетте берік болсаң аяғың таймайды!

Құндылық

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

Құзыреттілік: қоғамға қызмет

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Әртүрлі қима-қағаздар арқылы топқа бөлінеміз.

1-топқа «», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «» тобына бөлемін.

Ой қозғау

Қылмыстық кодекс дегеніміз не?

Қылмыстың белгілері қандай?

Кәмелетке толмағандар қандай жағдайларда жауапқа тартылады?

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Оқушылар

дың пікірі тыңда


Компьютер








Сабақ басы (13 мин)












ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ


2 САБАҚ. «ҚАЗАҚСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ

ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ»

Материалдар мен ресурстар:

Жедел қызметтер мен қолдау орталықтарының нөмірлері бар үлестірме

материал.

Сабақтың барысы

1. Кіріспе

Бала құқықтары туралы құжаттармен таныстыру.

Бала құқықтары туралы конвенция – адамзат баласының туған кезінен 18

жасқа толғанға дейінгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін халықаралық

құқықтық акт. Бала құқығы туралы Конвенцияда балалардың кім екендігі

түсіндіріледі, сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелері

тізіліп көрсетіледі. Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың бәрі бірдей

маңызды және оларды балалардан бөлек қарастырумүмкін емес.

Бала құқығын қорғауКонвенциясы – 1989 жылы20 қарашада қабылданды.

Конвенцияның 54 бабында өктемдік көрсетуден қорғау, отбасы өмірінің

тыныштығын сақтау, пікірін еркін білдіру көрсетілген. Қазақстан осы заңнамаға

сәйкес 2002 жылы 8 тамызда «ҚазақстанРеспубликасындағы баланың құқықтары

туралы» заңы қабылдады.

2. Негізгі бөлім(6 минутқа дейін)

Қазақстан осы заңнамаға сәйкес 2002 жылғы 8 тамызда «Қазақстан

Республикасындағы Бала құқықтары туралы» заңды қабылдады.

Балалардың құқықтарын қорғау туралы ереже:

- өмір сүру құқығы, аты-жөні, азаматтығы және т.б.;

- әл-ауқатты отбасылық өмір құқығы;

- баланың жеке басының еркін дамуын қамтамасыз ететін құқық;

- денсаулық сақтау құқығы;

- білім беру және мәдени даму құқығы;

- төтенше жағдайларда баланы қорғау құқығы.

Әңгіме

Баланың құқығын бұзу деп нені айтуға болады?

Кәмелетке толмағандардың құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгінуге

болады?

3. Қорытынды

«Анонимді жазу» жаттығуы. Оқушылар өздерінің немесе

айналасындағылардың құқықтары бұзылды деп санайтын оқиға туралы хат жазады.


Оқушылар тыңдайды


«Құқық» ойыны

Оқушылар тақырып бойынша ситуациялық оқиғаны қағазға түсіріп, бір-біріне

лақтырады. Келесі оқушы жазбаша хатты оқып, жағдайдан шығудың жолын

ұсынады. Мысалы: «Мен спортпен шұғылданғым келеді, бірақ ата-анам

университетке түсуге дайындалу керек деп мүмкіндік бермейді. Мен не істеуім

керек?»


 

Пайдалы сілтеме:

https://youtu.be/JIwsVsEjArI?si=mnyX6siV55UTkvvt





















Ортасы (20 мин)


Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Мектепте көптеген үйірмелер бар сабақтан тыс уақыттарда мектепішілік үйірмелерге қатысуларыңды сұраймын.

«Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды.


Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.


































«1-топ» топ

1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)

3. Ақырын жүріп... (анық бас)

4. Асыл тастан ... (өнер жастан)

5. Тура биде ... (туған жоқ)


«2-топ» топ

1. Ұрлық түбі ... (қорлық)

2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)

3. Әдепті бала ... (арлы бала)

4. Тәрбие ... (отбасынан басталады)

5. Әділ істің ... (арты игі)




1-оқушы: 10 бап

Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы


2-оқушы:

Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.


3 оқушы: 9-бап

Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы.

Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.


https://www.youtube.com/watch?v=-M4oCA_r2gg



Тақырыпқа байланысты тележобалар мен деректі фильмдерді талқылау.


Соңы



5минут



Ой-пікір алаңы

«Әділет» тобына

Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

«Ақиқат» тобына

Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі

Ой-пікір алаңы

«Әділет» тобына

Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

«Ақиқат» тобына

Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?


Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі


презентация



















ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Айымгуль
21 Қараша 2024
1465
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі