«Ардақты Ана, аяулы қыздар-бәрі де
Сіздерге арналады»
Сыныбы: 5
Тақырыбы: «Ардақты Ана, аяулы қыздар-бәрі де Сіздерге
арналады» Мақсаты: Ер балалар бойында нәзік
жандарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; Мерекелік кештерді
ұйымдастыра білуге дағдыландыру;
Жұрт алдында өздерін ұстай
білуге баулу.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық
сөздер жазылған плакаттар,
шарлар.
Түрі: тәрбие сағаты
Темерлан:
Мади жылда 365 күн бар, соның
1 күні яғни 8 наурыз күні әлемдегі нәзік жандар күні екен
де...
Мади:
А-а-а, 364 күні нәзік емес
жандардың күні, яғни біздің, менің о-о-о-о
Темерлан:
Қой енді сонша қуанғаныңа жол
болсын. Ұят емес пе, жұрт алдына шығып алып мені ұялттың ғой. Бүгін
мақтануыңның реті жоқ, аналарымызсыз дүние қараң, қыздарсыз дүние
сәнсіз. Дұрыстал, бүгін екеуімізге жауапты іс жүктелді, соны
ойдағыдай атқарайық. /екеуі орындарында айналып
түседі де бастайды/
Жүргізуші-Темерлан:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, ардақты аналар және
аяулы қыздар!
Сіздерді келе жатқан 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын,
сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді
осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама
ұлы сезім жатыр десеңізші.
Жүргізуші-Мади:
Сезім мен қасиетті, бар махаббат
пен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін
қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының
барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл
аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі
«Ардақты Ана, аяулы қыздар-бәрі де Сіздерге
арналады» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге
арнаймыз.
Темерлан:Бүгінгі мерекеге күліп келген
Көкшетаудың
қарлы-мұзды көшесімен асығып жүріп келген
Мади: Гардеробқа киімін іліп келген
Аналарымыз үйдегі жұмысын
сырып келген,
Қыздарымыз таңғы ұйқысын қиып
келген,
Темерлан: Бір
қызық боларын біліп келген
Ах,
бүгін күлейін деп екі жеңін қолтығына дейін түріп
келген, көрермендер
Мади: Аналарымыз бен қыздарымыз
жиналысқа емес, мерекеде бастары қосылған екен
.
Біздің бағдарламаның
көрерменге залы толғалы бері
Темерлан: 5 А сынып
болғалы бері
Адаммен жаман құсап амандаспай
Адаммен адам құсап амандасқанымыз жөн емес
пе,
Мади?
Екеуі
хормен: Саламатсыздар ма ханымдар мен
ханшайымдар!
Мади: Не
деген амандасу мынау
Темерлан: Бүгінгі кеште
қалжыңнан басқа сөз айтпайтын
Күлкіге үйір
Тілі сүйір
Мади: Қауымды өнерге қарқ қылатын
«Біздің жігіттер» тобының
дайындаған мерекелік тартуын тамашалауға хош
келдіңіздер.
Сынып іші:
Расуул: терең ойда, сынып ішінде ерсілі - қарсылы
жүр. (Сол кезде Нұрсұлтан кіріп келіп)
Нұрсұлтан: - Расуул
, неге көңілсіз жүрсің?
Расуул : -
Е - е, Нұрсұлтан
, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай
өткізсек екен деген ойдамын.
Нұрсұлтан -
Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп,
құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен
тақпақ айт……
Расуул :-
Жо - о, жоқ! Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе?
Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!
Нұрсұлтан:-
Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы
сөздер ақындардың өлеңдерінде. Балалар да дайындалып жүрген, оларды
шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік.
Арғын : -
Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.
Мади : -
Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты «Ана» туралы ән
айтайық.Әнсіз
болмайды.
«Анашым» әні
орындалады.
Мектеп директорының
құттықтауы/бейнекөрініс/
Ер балалар өлеңдерін
оқиды.
Расуул:
8
Наурыз 2012 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын
ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар
көктегі!
Б.Мади:
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей
жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің
айлары!
Нұрсұлтан:
8
Наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Барлық халық аман болып елімде
8
Наурызға жете беріңіздер келес
Темерлан:
Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр
асып.
Ару қыздар
нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр
шашып.
И.Мади:
Құттықтаймыз аналарды,
қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі
көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
Арғын:
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана
табады, аялайды бағады.
Сол
үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы
Көрініс
Немересі:
-Апа, апа. Ауылға кино
түсірушілер келіпті.
Апасы: Келсе
қайтейін
Немересі: Келсе қайтейін несі, апа?
Келсе келісу керек.
Апасы: Е, мейлің, келсін. Не көрмеген
бас мынау (басын тоқылдатып
қояды) Оны да
көрейік.
Немересі: Апа, рас айтасыз
ба?
Апасы: Рас айтпағанда, анау Кәкімнің
кемпірінің іші күйсін, мені мына жәшіктен
көріп.
Режиссер: Апа, амансыз
ба?
Апасы: Аманбыз, өзің қай
баласың?
Режиссер: Мен режиссермін,
ауылда кино түсірмек едік. Апа дайынсыз ба?
Еш қиындығы жоқ
/мазмұнын түсіндіріп жатқан
көрініс, дауыс жоқ, оператор өз дайындығын жасайды, камераға
түсіруші өзінікін)
Немересі: Апа, басыма
кірпіш түсті, басым ауырып барады./жайымен айта
салады/
Апасы: /ұршықпен жүн иіріп
отырады, немересі келгенде ұршығын тастап, немересінің басын
ұстайды, әрлі-берлі қарайды.
Не дейді? Не болды құлыным?
Қайдағы кірпіш? Кәне басыңды көрсетші.Көзіңе қарап жүрмейсің
бе?
1. Жай
айтылады
2. Қайғылы, мұңды, зарлы
айтылады.
3.Күлкілі
айтылады.
4. Тез
айтылады.
5.Баяу
айтылады.
Ойын
ойнату.
1.Тілек
айту
2. Би
билеу
Қыздарға сыйлық
беру.
Мұғалімнің құттықтау
сөзі.
Мади: :
Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім
мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең
алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де,
ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда
салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды.
Анаға осыдан артық бақыттың
керегі жоқ.
Темерлан:
Демеңіз біз
өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз
жерге таяп қалды.
Қош болып
тұрыңыздар көріскенше
Осымен
концертіміз аяқталды.