Тақырыбы «Бастауышым- балбұлағым»
Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназия Қарағанды қаласы
Өткізген: Нухридинова Жумакуль Диханбаевна
2017 сәрсенбі 17 мамыр
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шаттық сыйлаған төрт жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз:
Әнұран қойылады
І
жүргізуші:Алина
Қарағым оқу оқы ,босқа
жүрме!
Ойынға құр қаларсың көңіл бөлме
Оқымай ойын қуған балаларға
Жолама шақырса да қасына ерме – деп Мағжан ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Бастауышым балбұлағым » мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
ІІ жүргізуші:Расул
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
І жүргізуші Алина
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4- сыныптарды ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
ІІ жүргізуші: Расул
Сіздердің алдарыңызда тұрған 4-«Б» сынып оқушылары осыдан төрт жыл бұрын алты жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.
Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап»Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары , «Озат бала» , «Әнші, биші балапан», «Кішкентай күз аруы», «Наурыз аруы», «Толағай »жеңімпаздары, Абай,Мағжан оқуларынан мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
І жүргізуші: Алина
Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.
Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.
ІІ жүргізуші Расул
Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,
ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Олай болса, өнерлі оқушыларымызды ортаға шақырайық!
І-жүргізуші Алина
Жыл командасының иегері алғыр баламыз Айдос Нұрбекті ортаға шақырайық
Нұрбек
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
ІІ жүргізуші: Расул Енді, сыныбымыздың сүйкімді де алғыр ақылды тапқыр оқушысы Адияны қарсы алыңыздар
Адия
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
І жүргізуші:
Алина Енді сыныбымыздың ғылыми жобаның 1–ші орын иегері Жәңгірді ортаға шақырайық
Жәңгір
Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
ІІ жүргізуші:
Расул Енді сыныбымыздың сөзге шешен тапқыр озат оқушымыз Мединаны қарсы алыңыздар
Медина
Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Мың алғыс саған мектебім /3 рет бәрі қосылып /
І жүргізуші:
Алина Дұрыс айтасың Расул ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің, әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.
ІІ жүргізуші:
Расул Олай болса Махмұт Мариям, Муканова Адия Гусманова Айым алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайды!
І жүргізуші:
Алина
Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық Ортаға
1 оқушы :Диас Т
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
2 оқушы: Ануар Т
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
3 оқушы: А. Ералы
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
4 оқушы: Б. Дайана
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын киелі.
Қанат қаққан білім алып иеді.
5 оқушы: М.Нұрбек
Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
6 оқушы: Ә.Айша
Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
7 оқушы: Б. Диас
Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
8 оқушы: А. Назым
Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
ІІ жүргізуші:Расул
Олай болса Бекен Айым қасиетті мектебімізге арнап
«Аяулы мектебім» әнін шырқайды! Ән: Аяулы мектебім.
І жүргізуші: Алина
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Расул ?
ІІ жүргізуші:Расул
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
І жүргізуші:
Алина
Дұрыс айтасың Расул ,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
ІІ жүргізуші:
Расул
Олай болса Баянбек Естай, Бесекеева Дайана ұстаздарымызға арнап «Ұстазым » әнін шырқайды! /Ортаға алғаш білім берген өз мұғалімімізді гүлмен қошеметтеп алып шығамыз
І жүргізуші:
Алина Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен.
Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
9 оқушы:Дәніел
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
10 оқушы: Бекен Айым
Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
11 оқушы: Сайлау Төлеухан
Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.
12 оқушы:Диана
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
13 оқушы: Ерасыл
Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
14 оқушы: Алима
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
15 оқушы: Ануар
Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
16 оқушы: Дайана
Нұр құйған санасына зейіндінің.
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.
17 оқушы: Нұрлан Нұрдәулет
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.
18 оқушы: Ахметова Назым
Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
19 оқушы: Жангир
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .
Бәрі : Мың алғыс сізге ұстазым ! 3рет хормен
І жүргізуші:
Олай, болса Қаламан Алима ұстаздарымызға арнып арнап «Ұстазым әні» әнін шырқайды! қарсы алыңыздар Қаламан Алиман »
ІІ жүргізуші:
Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
І жүргізуші:
Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
ІІ жүргізуші:
Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
І жүргізуші:
Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа ! хормен барлығы
Құрбыласпыз,
Тұрғыласпыз,
25-міз бір
сыныппыз,
Күлімдейміз,
Бір бақшаның
гүліндейміз,
Талантымыз,
Қанаттымыз,
Жақсы оқимыз,
Сабақты біз.
Ортаға әнші қызымыз
Қаламан Алиманы шақырамыз қарсы алыңыздар Ән Аяулы мектебім
Сынып оқшылары ортаға шығады Хор « Мектебім »
1оқушы :Жәнгір
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
2 оқушы: Алима
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
3 оқушы:Дәніел
Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
4 оқушы:Адия Муканова
Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
24 оқушы:Төлеухан
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.
25 оқушы: Медина
Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
26 оқушы : Нұрдәулет
Бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
27 оқушы : Диана
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
хор Мың алғыс саған сыныбым 3 рет
І-жүргүзуші Алина
Расул Енді, сыныбымыздың өнерлі оқушылары қойылым көрсетеді Көрініс «Екілік »
ІІ-жүргізуші Расул Ән «Жау ,жау ,жаңбыр»
1-жүргүзуші Алина
Вокалды ұлдар тобы «Жалқаубек» әнін шырқайды
І-жүргізуші Алина:
Жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырған ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі сол ата-аналарымыздың арқасы.
ІІ-жүргізуші Расул:
Біздің ата – аналарымыз ұстазымызбен бірге оқып, шыдамдылық танытып көп еңбек етті. Бала тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз үшін мың да бір рахмет!
І-ші жүргізуші Алина
Ыстық – ау кім –кімге де әке деген,
Суыққа шалындармай мәпелеген
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген – дегендей әкенің орны бөлек.
ІІ-ші жүргізуші: Расул
Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Хормен «Әкемізге мың алғыс»
І-жүргізуші Алина:
Ұлдар тобы ӘН «Болайықшы осындай»
ІІ-жүргізуші Расул
Әр ана өз баласын мейірімді болса екен деп, жақсы оқып елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың» - деген. Алайда анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін.
Қыздар тобын ортаға шақырамыз
1-Жүргізуші Алина:
Дүниеге әкелген ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын аман болшы анашым!
ІІ жүргізуші:Расул:
Иә, дұрыс айтасың Алина. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
Анамызға мың алғыс /3рет хормен/
Вокалды қыздар тобының орындауында «Қуыршақтар» әні
І-жүргізуші :
Осы 4 жыл бойы өз білімдерін бойымызға сіңіріп, еркелігімізді көтеріп, санамызға білім нәрін құйған, әр пән ұстаздары да бар. Осы ұстаздар еңбектерін неге айтпасқа.
Ануар :Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Айгүл,Нұргүл апайлар тәлімі
Сәулелісін шашқан жарықтай.
Айдос Нұрбек :
Әкеміздей мейірімді құшақ ашып,
Гүлнұр апай бізге шуақ шашып .
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп
Барамын болашаққа қадам басып.
Қаламан Алима:
Көрмеген артық күліп, артық жүріп,
Шәкірттеріңді баулыдың өнерліғып
Қоштасамыз біз бүгін, Айдар ағай
Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.
Нұрдәулет :
Кейде жайлы мінезіне қызығасың,
Кейде ашусыз мінезіне табынасың
Күліп жүрер үнемі Толқын апай
Жан жүрегін қашанда ұғынасың.
Ералы :
Дене шынықтыру сабағы мектептің
Денемізге саулықты сепкен кім?
Жанайдар ағай бас иеміз сізге де,
Жүгіруді талмай бізге үйреткен
Бекен Айым :
Өзге тілді үйретіп, қызықтырып,
Тілімізді орысша жүр ұқтырып.
Қарлығаш апай, Мадина апай сіздерге
Рахмет айтып, бас иеміз иіліп.
І-жүргізуші Алина :
Көңілдері марқайып бір қалсыншы
Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.
Трио тобын қарсы алыңыздар Медина Айдос Нұбек Алина
Ән « Алғашқы ұстаз»
ІІ-жүргізуші Расул :
Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспадағы айменен таласатын.
Өнеріне көркі сай келіп тұрған
Билері бар өзіне жарасатын.
Сыныбымыздың бишілері ортада өнерін көрсетеді.
Би « Көктемгі романс »
Ортада әнші қызымыз Медина «Бала тілегі» әнімен
1-жүргізуші Алина:
Біздер бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу,математика,дүниетану,орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік.
Естай Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл- білім үйреткен.
Әдебиеттік оқу пәнін оқыдық ,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Әдебиеттік оқумен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.
****** ******* ******* *******
Дайана Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы
************** **************
Төлеухан : Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.
5-шіге барған соң,
Айжан апай бағалар
Берік Диас :
Ой жіберсең бәріне ,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.
ІІ-жүргізуші Расул :
Көрініс «Дәптер жоқ»
БИ Брейк Данс көше биі ортады Естай мен Ералы
1-жүргізуші Алина:
Ән Ертегілер Назым Ануар Айым Естай
І-жүргізуші Алина:
:Үйренеміз жалықпай,
Орыс тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Мадина апай тәлімі
Сәулелісін шашқан жарықтай.
Орыс тілінен алған өнер көрсету
ІІ-жүргізуші Расул : Из чего же из чего же әні
І-жүргізуші Алина: Буратино әні
І-жүргізуші Алина
Үйренеміз әрқашан ,
Ағылшын тілін жалықпай
Тіл үйреніп ,ән айтып,
Қуанамыз шарықтай ,
Айгүл апай Нұргүл апай тәлімдерін
Ұмытпайық жалықпай
І-жүргізуші Алина: ән «Көңілді балалар»
ІІ-жүргізуші Расул :
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
ІІ-жүргізуші Расул : Вальс Балалар да бірге шығады.
І-жүргізуші Алина
Мектеп директоры Базыл Жангелді Сағынтайұлы құттықтау сөзі /Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхин Айдар Тұрсынбайұлына сөз береміз./
Қорытынды сөз
Міне, алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмәмдап, ортаңғы буынға көшкелі отырсыңдар. Қаумалаған көпшілік, ата-аналар, ұстаздар қауымы- сендер не білді, нені үйренді, білім мен тәрбиені қалай меңгерді деп сынай қарап отыр. Міне балалар сендер осы сыннан сүрінбей өттіңдер.
Мұғалім: Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе, 4 сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін.
Ал ата-аналарға айтарым: қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын дегім келеді.
Алдарыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман есен болыңдар,- деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз.
1-жүргізуші Алина Хор .«Қош бастауыш мектебім »
Қарағанды-2017 жыл
20
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Бастауышым -балбұлағым"

шағым қалдыра аласыз